08.09.2020ж
Сабақтың тақырыбы:
Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы Оқу мақсаты:
6.1.1.1екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;
6.1.2.1сандардың қатынасы ұғымын меңгеру;
6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу;
6.5.2.1екі санның қатынасын оқу және жазу;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
- екі санның қатынасын түсінеді;
- сандардың қатынасы ұғымын біледі; - берілген қатынасқа кері қатынасты таба алады; - екі санның қатынасын оқи және жаза біледі.
Ой-түрткі:
С-1: Жай бөлшек дегеніміз не?
С-2: Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз?
С-3: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосып азайтамыз?
С-4: Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
С-5: Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
С-6: Бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
Бөлшектің негізгі қасиеттері.
а ac a a c a
; . b bc b b c b
Егер бөлшектің бөлімінде алымында нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, немесе бөлсек, онда бөлшектің мағынасы өзгермейді.
Екі шаманың өлшемдерін бөлінді түрінде салыстыру үшін «қатынас» ұғымын қолданады.
АНЫҚТАМА.
Екі санның бөліндісі түріндегі өрнек сол сандардың қатынасы деп аталады.
ав;а
в
Мұнда а және в қатынастың мүшелері деп аталады.
а - қатынастың алдыңғы мүшесі, в - қатынастың соңғы мүшесі.
Оқылуы: «а санының в санына қатынасы немесе а - ның в - ға қатынасы»
Негізгі қасиеті:
Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.
Мысалы: 10:12=5:6.
Кері қатынас:
Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады. Мысалы, 3 қатынасы 5 қатынасына кері қатынас.
5 3
Оқулықпен жұмыс
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.