«Ғасырдың үздік кітабы»
Оқырмандар конференцияcы
1 жүргізуші: Махмутов Исабек
2 жүргізуші: Сарыбаева Әлия
Көрнекілік: 1. М.Әуезовтың «Абай жолы» романының 4 томы
2. М.Әуезов туралы естеліктер
3. Альбом-шежіре «Абай елі»
1 жүргізуші:
- Армысыздар, қымбатты достар!
2 жүргізуші:
- Қайырлы күн, сөз өнерін құрметтеуші қауым!
1 жүргізуші:
- Әдебиет-халықтың рухани байлығы. Қазақ халқы – өзге ұлттар сияқты атам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен көл-көсір фольклоры поэззисы, прозасы бар халық.
2 жүргізуші:
- Бүгін біз еліміздің қоғамдық саяси және мәдени өміріндегі аса бір айтулы оқиға – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалымы, кемеңгер ойшылы, туған топырамығымыздың біртуар перзенті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 110 жыл толу салтанаты және жазушының әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының жарық көргеніне 65 жыл толуын атап өтуге жиналып отрымыз.
1 жүргізуші:
- Бүгінгі «Ғасырдың үздік кітабы» аталатын оқырмандар конференциясының алғы сөзін кітапханашы Жайбергенова Фатима Андрейқызына береміз.
Кітапханашы:
Қадірменді ұстаздар, қадірменді тыңдаушылар!
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Ал, бала тәрбиесі ең әуелі ата – анадан, мектеп қабырғасынан басталса, тәрбиенің бәрін олар кітаптан алатыны анық.
Бүгінгі конференциясымыздың арқауы халқымыздың өткен тарихынан сыр шертетін, қазақ ұлтының өткен ғасырларда білімді, мәдениетті, өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін әдеби-тарихи мұра – қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы болмақ.
Бұл конференцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, туған тілді қастерлеу, рухани жан дүниені байыта түсу, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы арқылы өзінің абырой – атағын асқақтатып қана қоймай, қазақ халқының ұлттық қонысын, күллі түрік дүниесінің ортақ мәдениетінің бүкіл әлемге танытты. Өйткені, роман желісінен тек бір ғана ұлтқа емес, түп тамыры Орталық Азидан тараған, кезінде көшпелі мәдениеттің өркендеуіне,үлес қосқан талай тайпалардың атадан балаға мирас болып келеген ортақ тарихы жолының әзән аңғаруға болады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы – ғасырлық туынды, атадан балаға мирас болатын, әр қазақтың үйнің төрінің орын алатын қасиетті шығарма. Ендеше осы кітап туралы, оның құндылығы туралы оқырмандарға, яғни мектеп оқушыларына сөз кезегін беремін.
2 жүргізуші:
- Мұхатр Әуезов туралы түркмен халқының жазушысы Берды Кербабаев былай деп жазған «Тағдыр жан біткеннің бәріне талант бере бермейді. Тау граниттан, әр сортты, әр қилы көлемді жақпар тастардан құралғанмен, солардың ішінен алмазды өте сирек кездестіреміз.
1 жүргізуші:
- Оның бірі- Мұхтар Омарханұлы Әуезов оның үні ынта қойып ұйып тыңдайтын бұл бұлдың әсем даусындай әуезді еді, ол өз халқымен ел жұртының ғұлама білгірі, сөз зергері болды.
2 жүргізуші:
- «Әлем таныған әйел» оқитын 56 топ оқушысы Каракулова Жанылсын.
1 жүргізуші:
- «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқай шыннына шықты. Сөйтіп, 19-ғасырдың 40-50 жылдарын Мұхтар Әуезов Туған әдебиетіңіздің даму тарихында бұрын соңды көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес – дейді Ғабит Мүсірепов.
2 жүргізуші:
- «Бұл да аз, - дейді француз жазушысы Луи Аргон, - әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінен де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын».
1 жүргізуші:
- «Абай жолы»- роман эпопесының шығу тарихы. Оқитын 59 топ оқушысы Утебаев Талғат.
2 жүргізуші:
- Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттермен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерге тоқталып өтейк.
«Абай жолы» романының қасиеттілігі. Оқитын 58 топ оқушысы Айтжанова Аида.
1 жүргізуші:
- Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі туралы 59 топ оқушысы Оразов Уәлихан дайындаған «Абай – ұлы тұлға» тақырыбында бандамасын назарыңызға ұсынамыз.
2 жүргізуші:
- «Абай жолы» романның жастарға берер тәлім-тәрбиесі туралы мектеп психологы Бақыт Бөлекбаеваның «Абай рухани ізгіліктері» бандамасын назарларыңызға ұсынамыз.
1 жүргізуші:
- Көтеріп күз қайғыны тартар едім,
Болмаса құздан биік асқар ерің.
Әлемге қазақ дауысын таратып сен,
Далама даңқ берген асқар едің.
2 жүргізуші:
- Бағына, ел – жұртымның талайына,
Сен құсап туған едің Абайыма.
Халқымның мақтанышы, ардагері,
Атыңды бүркемекпін талай мұңға?
1 жүргізуші:
- Жырлаймын дірлетіп қаламымды
Тебірене және мақтан дала күллі,
Көтеріп асыл сөздің мұнарасын,
Дауылдап жазығында дана тынды.
2 жүргізуші:
- Сол сұлу мұнарадан сырлар тарап,
Жөнелер ғасырларға жыр арқалап,
Жұлдыздай қатар жанған төбемізде,
Асқардан Абай, Мұхтар тұрар қарап...
1 жүргізуші:
- «Абай жолы» жіне Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы зиялы қауымның жазған пікірлерімен танысу үшін 58 топ оқушысы Караева Балзираның дайындаған «Көңілемде қшпес бейне» атты баяндамасын назарыңызға ұсынамыз.
2 жүргізуші:
- Мұхтар Әуезовтің өзң ХХ ғасырдағы ұлттық ой-санамыздың, сөз өнеріміздің асқар биігі, әлем әдебиетіне қосқан халқымыздың үлесін таразылайтын өлшем. Мұхтар Әуезовті Бальзакпен, Толстоймен, Гетемен, Достоевскиймен, Тургеновпен, Шолоховпен салыстыру жиі кездеседі. Әлем әдебиеітінің алыптарымен қатар қою жағынан ал,анда, бұл дұрыста. Алайда, ір классик – қайталанбас дара тұлға. Мұхтар Әуезові, сонан кейін барып адамзаттың Әуезові.
1 жүргізуші:
- «Абай жолы» роман – эпопесы –қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жарты ғасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдаын, мідениетін, тұрмысын таныды.
2 жүргізуші:
- Халықтың азаттыққа, бақытқа деген арманы мен күрестерін алғы кезекке шығарып көрсету, бұрынғы мен бүгінгінің жанды жалғастығын сездіру мәселесінде де «Абай жолы» қазіргі заман әдебиетіне жақсы жаңалықтар қосты.
1 жүргізуші:
- «Ғасырдың үздік кітабы» оқырмандар конференциясын қорытындылау үшін кітапханша Фатима Андрейқызына береміз.
Кітапханашы:
- «Абай жолы» жай ғана тарих емес, ол көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен кешегі жайындағы терең толғаныс.
Мұхтар Әуезовтің өзі – ХХ ғасырдағы ұлттық ой санамызды, сөз өнеріміздің асқар биігі, әлем әдебиетіне қосқан халқымыздың үлесін таразылайтын өлшем.
Көрмеде – уакыт сынынан мүдірмей өтіп, адамзаттың ақыл – ойы, көркемдік даналығы туғызған ең үздік, ең таңдаулы шығармалардың қатарынан орын алған – Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы.
Ал, бұл альбом – шежіре қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың шығармашылығы мен өміріне қатысты оқиғалардан мол мағлұмат беретін Маңғыстау өңірі мен Семей қаласындағы тарихи ескерткіштер, табиғат көріністері, ежелгі өнерпаз елдің бүгінгі рухани, мәдени тыныс – тіршілгі жайында шежірелі сыр шертеді. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқымыздың бір туар перзенттерін дүниеге келтірген осынау құнарлы топырақ, қасиетті жермен жұртшылықты етене таныстырады.
Өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, ділін, әсіресе өткен тарихын пір тұтқан адам ғана – болашағы зор, көкірегі ашық, білімді, мәдениетті, өркениетті елдің азаматы болатындығына сенімдімін,
2 жүргізуші:
- Осымен «Ғасырдың үздік кітабы» оқырмандар конференциясы өз мәресіне жетті.
1 жүргізуші:
- Келесі кездескенше хош – сау болыңыздар.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.