"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
математика
9 кл—11 кл
02.02.2019
Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер. 10 сынып оқушыларына арналған, математикалық логика пәнінен, Мектеп оқушылары үшін қиындық тудыратын тақырыптың бірі болып табылады, есептердің шығарылу жолдарын ашып көрсетілген. физика пәнімен байланыстыра отырып шешілген есептер, математикалық жолмен шешуге де болатынын көрестілген, теңдеу құрып шешуге болатыны көрсетілген.
Мат логика 10 сынып.docx
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы.
«Балдәурен – Шымкент» РОСО – ның математика пәнінің
мұғалімі Алиханов Жасулан Жанабекович.
10 – сынып.
Математикалық логика бағдарлаушы курс.
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Қозғалысқа берілген мәтінді есептерді логикалық жолмен шығарып үйрену.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қозғалысқа берілген мәтінді есептерді логикалық жолмен шығара
алады.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру;
Жаңа сабақ;
Есептер шығару;
Қорытындылау;
Үйге тапсырма;
Бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі:
«Әр ұлттың амандасуы»
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Президентіміздің
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Жаһандағы
заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасының 5міндетінде Отандық
мәдениет 6 тілде сөйлеуі тиіс деп атап көрсеткенін негізге ала отырып,
сабағымыз әр елдің амандасу салтымен басталады.
Қазақтар – қол алысып, төс қағысады;
Итальяндықтар – «құшақтасады»;
Бразилиялықтар – «бірбірінің иығын қағады»;
Македониялықтар – шынтақпен;
Никарагуалықтар – иықпен амандасады;
Австралиялықтар шапалақпен амандасады. Жаңа сабақ жоспары:
Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтіндік есептердің негізгі
кампоненттері;
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептердің негізгі түрлері;
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығаратын кездегі негізгі
ұйғарымдарды білу;
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарудың негізгі жоспары.
Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтіндік есептердің негізгі
кампаненттері:
Жүрілген жол ( S )....................S ¿V∙t ;
Жылдамдық ( V )..................... V=S
t ;
Уақыт ( t ).................................. t=S
V .
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептердің негізгі түрлері:
Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс;
Шеңбер бойындағы қозғалыс;
Өзендегі қозғалыс;
Аралықтағы қозғалыс.
Бұл қозғалыстардағы барлық берілетін шамалар бірдей бірліктер жүйесінде
болу керек.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарған кезде мынадай
ұйғарымдарды білу қажет:
Егер қозғалыс туралы арнайы айтылмаған болса, онда қозғалысты
бірқалыпты деп есептейміз;
Жылдамдықты оң шама деп қарастырамыз.
Қозғалыстағы денелердің бұрылуы және жаңа қозғалыс режиміне ауысуы
лездік деп қарастырамыз.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарудың негізгі жоспары: Есеп шарты бойынша белгісіз шаманы (жылдамдықты ) х деп
аламыз;
Есеп шарты бойынша қай шама ( жолды ) белгілі екенін
анықтаймыз;
Үшінші қалған шаманы ( уақытты ) белгісіз шама арқылы ( t=S
V
) өрнектеп аламыз;
Есептің шартын ескере отырып үшінші шаманың қалай
өзгеретіндігін ( өседі, кемиді, т.с.с ) көрсететін теңдеу құрамыз.
Есептер шығару
№1. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір – біріне қарама – қарсы екі пойыз
шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші пойыз екіншісінен 1 сағат кеш
шығып, екінші пойыз жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген.
Әр пойыздың жылдамдығын тап.
Шамалар
Қозғалыс
1 пойыз
2 пойыз
S ( км )
V ( км/сағ )
t=S
V ( сағ )
450
х+5
450
х+5
450
х
450
х
Жалпы
900
1 сағат аз
№2. Темір жол бойындағы екі станцияның ара қашықтығы 120 км. Бірінші
поезд бұл ара қашықтықты екіншісіне қарағанда 50 минут тез жүріп өтеді,
бірінші поездың жылдамдығы екінші поездың жылдамдығына қарағанда 12
км/сағ – қа артық. Екі поездың да жылдамдығын табыңдар.
Шамалар
Қозғалыс
1 поезд
V ( км/сағ )
S ( км )
t=S
V ( сағ )
120
х+12
2 поезд
120
х
120
х+12
120
х
50 минутқа кем №3. Саяхатшы бір қаладан екінші қалаға 40 км/сағ жылдамдықпен барып, 60
км/сағ жылдамдықпен кері қайтты. Егер барлық жолға 8 сағат уақыт кетсе,
екі қаланың ара қашықтығы қандай?
№4. Ара қашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде қарама – қарсы бағытта
трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып 4 сағаттан
кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?
№5. Егер автокөлік 840 км жолдың асфальт төсеген бөлігін 80 км/сағ
жылдамдықпен, ал құм төсеген бөлігін 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп,
барлығы 12 сағат уақыт жұмсаса, онда жолдың құм төсеген бөлігіне қанша
уақыт жұмсады?
№6. Теплоход белгілі бір жылдамдықпен 72 км жол жүруі керек еді. Ол іс
жүзінде жолдың бірінші жартысын белгіленгеннен 3 км/сағ – қа кем, ал екінші
жартысын 3 км/сағ – қа артық жылдамдықпен жүріп өтті. Теплоход барлық
жолға 5 сағат уақыт жұмсады. Теплоход қанша минутқа кешікті?
№7. Тау самалынан Шымкент қаласына қарай автомобиль 60 км/сағ
жылдамдықпен жүрді, қайтар жолдағы жылдамдығы 40 км/сағ болды. Егер
автомобиль барар және қайтар жолға 4 сағат жұмсаса, онда автомобиль Тау
самалынан Шымкент қаласына қанша уақытта жеткен?
№8. Порттан бір мезгілде екі пароход шықты: біреуі солтүстікке, ал екіншісі
шығысқа қарай. Екі сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 60 км – ге тең
болды. Олардың жылдамдықтарының біреуі, екіншісіне қарағанда 6 км/сағ –
қа артық болса, әрбір пароходтың жылдамдықтары қандай?
№9. Тасбақа өзенге дейін 4 сағ жорғалап барады, сол 4 сағаттың әрбір келесі
сағатында алдында жүрген жолындағыдан екі есе аз жол жорғалап отырды.
Егер оның барлық жүрген жолы 90 м болса, онда ол алғашқы бірінші
сағатында қанша жол жүргенін тап?
Сабақты қорытындылау (Мұғалімнің түйінді ойы)
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс
жасалады.
Үйге тапсырма №9 – есеп Бағалау
"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
"Қозғалыстағы жылдамдыққа берілген мәтінді есептер." 10 сынып, математикалық логика
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.