9 cынып информатика пәні мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары пайдалануға болады. Қауіпсіз техникасы ережесі туралы сабақ жоспары. Күнтізбелік жоспар бойынша бірінші сабақ . Информатика пәні мұғалімдеріне сабаққа қолдануға өте ынғайлы барлығы толық түсінікті жазылған анық шрифпен 14 қолдануға рұқсат. жақсы материал
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу
ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларды
операторы – FOR операторымен таныстырып,
дағдыландыру;
Паскаль тілінің параметрлі қайталау
программа құруға
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп
шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
WHILE қандай оператор?
WHILE операторының жалпы жазылу түрі қандай?
REPEAT қандай оператор? REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Жаңа материалды түсіндіру
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған
жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл
операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<цикл денесі>;
FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO
<цикл денесі>;
Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;
< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе
кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы
мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN
төмен, TO дейін . Егер қадам -1 – ге тең болса, онда операторда TO, ал
қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.
Program kosindi;
Var I, s: integer;
Begin s:=0;
FOR i:=1 TO 100 DO
S:=s+1;
Writeln (‘s = ‘ , s);
End.
Компьютермен жұмыс
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа
құрыңдар.
Program san;Var i: integer;
Begin
Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);
Writeln;
For i:=1 to 100 do
Write (i:4);
End.
№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын
программа құрыңдар.
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
End.
№3. 1- ден 100 –ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың
қосындыларын табудың программасын құру керек.
Program tak and jup
Var I, s, s1: integer;
S:=0; S1:= 0;
For i:=1 to 100 do
Begin
If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;
Writeln (‘ s=’, s, ‘ , ‘ , ‘s1= ‘, s1);
End;
End.
№4. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
Program kosindi;Var I, s:integer;
Begin
S:=0;
For i:=5 downto 1 do
S:=S+I;
Writeln (‘s = ‘, s);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
Цикл дегеніміз не?
Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?
Программаның нәтижесін қалай көреміз?
WHILE операторының жазылу үлгісін көрсет?
WHILE операторының орындалу тәртібі қалай?
REPEAT операторының жазылу үлгісін көрсет?
REPEAT және WHILE операторының айырмашылығы неде?
* FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?
Үйге тапсырма: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR