Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Геометрия. Сыныбы: 8 «а»
Сабақ №38 |
Күні: |
|
Сабақ тақырыбы: |
Пифагор теоремасы. Есептер шығару. |
|
Сабақтың мақсаттары: |
а) Білімділік: Оқушыларға Пифагор теоремасының тұжырымдамасын түсіндіру, дәлелдемесін меңгерту, тарихы жайлы мағлұматтар беру, есептер шешуде қолдана алуды үйрету. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, еске сақтау және ойлай қабілеттерін дамыту; б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз еркімен жұмыс жасауға, есеп шығаруға дағдыландыру, алға қойған мақсаттарына үнемі жетіп отыруға тәрбиелеу. |
|
Оқыту нәтижелері: |
- Пифагор теоремасын айтып бере алады; - теореманы сызбаға сәйкестеп өрнектеп жаза алады; - теореманың дәлелдемесін түсіндіре алады; - теореманы қолдана отырып есептер шығара алады; - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. |
|
Көрнекілігі: Сызу құралдары, интерактивті тақта. |
||
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: |
Оқушының орындай-тын іс-әрекеттері: |
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру; ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. б) сынып оқушыларын 1-2-3-4 нөмірлі топтарға санау арқылы бөлу. Көшбасшыларға бағалау қағаздарын үлестіру. |
Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. |
|
ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу. 2.1. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп өту. 2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту. Топтарға сұрақтар беру: 1) Сүйір бұрыштың косинусы дегеніміз не ? 2) Сызбамен көрсетіп өрнектеп жазып көрсетіңдер?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
ІІІ. Сабақ материалын қысқа түрде еске түсіріп өту.
Пифагор теоремасы: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең.
IV. Топтық жұмыс жүргізу. №235. Тікбұрышты үшбұрыштың с гипотенузасы мен а катеті берілген. Екінші катетті табыңдар. 3)а=0,5, с=1,3.
Шешуі: Пифагор теоремасы бойынша Жауабы: 1,2 . №239. Тік төртбұрыштың қабырғалары 60 см және 91 см. Оның диагоналын табыңдар. В С Шешуі: Пифагор теоремасы бойынша А Д Жауабы: 109 см №247 есепті топпен шығарту.
№249 есепті топпен шығарту. Талантты оқушылардың белсенділіктерін қолдана отырып топтарға орындату. |
Оқушылар өз топтары ішінде тапсырманы орындау бағытында жұмыс жүргізеді.
Топтық жұмыс.
Оқушылар өз пікірлерін көрсетеді.
Топтық жұмыс. |
|
V. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру: ІІ тарау, §1, 1.3. тақ, №246, 1-6 сұрақтарға дайындалу.
VI. Оқушыларды бағалау. (көшбасшының бағаларын ескеру). |
Топ көшбасшы-сының бағалауы. Оқытуды бағалау. |
|
Математика пәнінің мұғалімі: Сапарғалиев М.Т.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.