Поурочные планы по физике 7 класс
Оценка 4.9

Поурочные планы по физике 7 класс

Оценка 4.9
Лекции +1
doc
физика
7 кл
10.02.2017
Поурочные планы по физике 7 класс
Поурочные планы по физике 7 класс
Публикация является частью публикации:
саб 13.doc
7 сынып                                                                                                                            ______________ Сабақтың тақырыбы:  Санақ денесі. Қозғалыс салыстырмалылығы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға механикалық қозғалыстуралы ғылыми негізінде түсіндіру.                   2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білімін әр түрлі әдіс­тәсілдер арқылы дамыту.      3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдіс­тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, арбаша білеу, электрондық оқулық. І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарды тексеру. ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық. Сабақтың барысы: 1. Қозғалыс деген не? 2. Санақ денесі туралы не білесің? ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.   А) денелерді салыстыру. Ә) механикалық қозғалыс. Санақ денесі – бұл салыстырмалы түрде барлық қалған денелердің орны қарастырылатын дене. Санақ денесін еркін түрде таңдайды. Не тиімді болса, сол санақ денесі бола алады: Жер, ғимарат, автомобиль, жылу кемесі және т.б. Дененің (мысалы ұшақтың) қозғалатындығы немесе қозғалмайтындығы туралы төрелік айту үшін алдымен санақ денесін таңдау керек, ал содан кейін қарастырылатын дененің таңдалынған денемен салыстырмалы түрде орны өзгере ме, осыны анықтау керек. Сол кезде дене әлде бір санақ денесімен салыстырмалы түрде қозғала алады және бір мезгілде басқа басқа санақ денесіне қатысты қозғалмайды. Мысалы, пойызда отырған адам темір жол полотносына қатысты қозғалады, бірақ пойыз вагонымен салыстырғанда тыныштықта тұрады. Жерде жатқан тас Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрады, бірақ Күнге қатысты (Жермен бірге) қозғалады. Аспандағы ұшақ бұлттарға қатысты қозғалады, бірақ ұшқыштың орындығында отырған адамға қатысты тыныштықта тұрады.  Міне сондықтан, санақ денесін көрсетпестен, берілген дене қозғала ма жоқ па, ол туралы айтуға болмайды. Санақ денесін көрсетпестен сендердің кез келген жауаптарыңның мағынасы болмайды. Қазір сендер отырған ғимарат тыныштықта тұр ма? Бұл сұраққа жауап санақ денесін таңдауға байланысты. Егер санақ денесі Жер болатын болса, онда, иә, тыныштықта тұрғаны. Бірақ егер санақ денесі ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан автомобиль болса, онда оған қатысты ғимарат қозғалатын болады.  Б) санақ жүйесі. Г) Қозғалыстың салыстырмалылығы. ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру. 1. Қозғалыс деген не? 2. Механикалық қозғалыс деген не? 3. Мысалдар келтір. Әр оқушы өздері өз ойларынан мысал келтіреді. V. ДК. Жаңа сабақты бекіту. Дайындық сұрақтарына жауап береді. VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген есептерді тексеремін, жекелей әр қатардан бір оқушыны тексеремін, олар басқа  оқушыларды аралап тексереді. VII.ДК. Оқушылар білімін жан­жақты тексеру. А) 7 тапсырманы орындау, оқушылар ауызша жауап береді. (оқулықта бар) Ә) Өтілген сабақтың сұрақтарына оқушылар жекелей жауап береді Физикалық терминдерді ағылшын тіліне аудару 1. Санақ денесі 2. Салыстырмалылық VIІI.ДК.Үйге тапсырма. Өзін­өзі тексеру сұрақтары.____________________________________

Поурочные планы по физике 7 класс

Поурочные планы по физике 7 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017