«Қазақ тілі сабағын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер»
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.
Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ОҚУШЫЛАР!
Сәлеметсіз бе, құрметті ҰСТАЗ!
Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып,
Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны»
бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық.
Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз.
Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
Жетістік
Денсаулық
жақсы баға
Сәттілік
махаббат
биік шың
мейірім
Сиқырлы таяқшалар әлемі әдісі
Сыныптағы оқушылардың әрқайсысы сиқырлы таяқшаларға есімдерін жазады. (еркелетіп айтатын есімдерін де жазуға болады. Мыс: Мариша, Томи) Егер тыңдаушыларды таныстыру мақсатында қолданатын болсаңыз, таяқшаларды жинап алып жұпқа бөліп алыңыз. 2 минут уақыт ішінде әр жұп бір-бірі туралы ақпарат жинайды Белгіленген уақыт аяқталған соң, сіз қолыңыздағы таяқшаларды таңдау арқылы кезекті тыңдаушыларыңызға бересіз. Осылайша бір-бірін таныстырады. Күнделікті оқу барысында сабақтың басынан соңына дейін оқушылардан жауаптар алу мақсатында қолдануыңызға болады. Таяқша арқылы жауап берген оқушылардың есімі жазылған таяқшаларды бөлек шығарып отырасыз. Міне, осылай жұмыс соңында бүгінгі сабақта кімдерді және қанша оқушыңызды қамтығаныңызды біліп, келесі сабағыңызға жоспар жасайсыз. Кей кезде осы әдіс арқылы балаларға білдіртпей есімі жазылған таяқшаны ауыстыруға болады. Сіздің тарапыңыздан берілген сұрақтың жауабын мысалы: сабаққа көп қатыспай отырған Айтуарды тұрғызып сұрағыңыз келді, бірақ сыныптағы басқа оқушыларыңыз қол көтеріп отыр. Осы кезде оқушылардың есімдері жазылған сиқырлы таяқшаларын таңдау арқылы сұрайтыныңызды ескертесіз де біреуін таңдайсыз. Таңдаған таяқшаңызға Ильястың есімі шықты делік, бірақ сіз көрсетпей Айтуардың есімін айтып жұмысыңызды әрі қарай жалғастыра бересіз. Топтық жұмыстарда да бұл әдістің көмегі өте көп. Әр топ өз есімдері жазылған таяқшаларын ортадағы ыдысқа салып қояды. Белгілі бір тапсырманы орындап болған соң, ортадағы таяқшаны таңдау арқылы сабақ сұрайтыныңызды айтасыз. Осы кезде оқушылардың арасында «сен айт, мен айтам» деген талас болмайды. Барлығы дайындалып бірлесе жұмыс жасайды. Келесі топтың жұмысына кері байланыс беру үшін де осы бағытпен жұмысты жалғастыра бересіз. Тиімділігі: Жауапкершілік артады, сынып түгел қамтылады, кейбір оқушылардың бойындаға «Мені» жойылып, басқа баланың ойымен санасуды үйренеді.
ҚазБСҚА жанындағы лицей оқытушылары яғни ұстаздар құрамы, оқушыға да, оқытушыға да ыңғайлы және тиімді «Белсенді үлестірмелі материал» құрастыру арқылы сабақты балаға тиімді және жетік меңгерте аламыз деген ойдамыз.
Әсіресе қазақ тілі сабағында БҮМ күнделікті сабақта әр оқушының алдында болса, оқушы жаңа тақырып бойынша түсінбеген жерін осы БҮМ ішінен түсініп оқып, емлелерге сүйене отырып тапсырманы жеңіл орындай алады.
Белсенді үлестірмелі материал
Осы жерде айтайын деп отырғаным «Белсенді үлестірмелі материал» ішінде глоссарийді (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі сөздік қор) сабақта қолданудың бірден-бір тиімділігі осыда, яғни әр оқушы алдында осындай қосымша БҮМ болуы қажет. Оқушы аудара отырып сөз тіркесін құрап, сөздік қорын көбейтіп үйренеді.
Қане балалар әдеттегідей жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін құрап көрейік
Салауатты өмір, тәрбие береді, спорт ойындары, ұлттық ойындар, жетістікке жету, спорт түрлері, күнделікті спортпен шұғылдану қажет т.б.
Сөзден сөз тіркесі әдісі
Glossary
Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
Салауатты | Здоровый образ | Healthy lifestyle |
Өмір | Жизнь | A life |
Күнделікті | Повседневно | Every day |
Қолданыс | Употребление | Use |
Жетеді | Достигать | Reach |
Тәрбие | Воспитание | Upbringing |
Береді | Дает | Gives |
Спорт | Sport | |
Ойындар | Игры | Games |
Күрес | Борьба | Fight |
Жарыс | Соревнование | Competition |
Алаң | Площадь | Square |
Тор | Клетка | Cell |
Қызықты | Интересная | Interesting |
Ерлікті | Мужесто | Courage |
Түрі | Вид | View |
Тапқырлық | Находчивость | Resourcefulness |
Маңызды | Главное | The main thing |
Жетістік | Достижение | Attainment |
Ұлттық | Национальные | National |
Шұғылданасың | Занимаешся | Doing |
Қажет етеді | Требует | Requires |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.