Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;
Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;
Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;
Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;
2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;
Мақсаты:
1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке
қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату
арқылы білімдерін қорытындылау;
2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты
өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды
өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық
есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін
тиянақтау;
3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға
қамқор болуға тәрбиелеу;
4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе
білуге үйрету.
Таңғы жиын:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жинаған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қай қалада тұрамыз?
Қазақстан Республикасының
елбасы кім?
Қазақстан Республикасының
рәміздерін ата?
Балалар сендер ертегі тындағанды жақсы
көресін дерме . Кандай ертегі білесіндер
айтыңдаршы .Ендіше балалар біз қазір
ертегілер еліне саяхат жасаймыз
Ол үшін біз 1бір,2екі,3 үш деп санаймыз.
Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?
Қандай ертегі еліне келдік?
Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?
Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден
көмек сұрайды?
Қарлығашқа не көмектеседі?
Дәуіт қандай дос?
Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Кім көктем туралы тақпақ біледі?
Көктемде қандай құстар ұшып келеді?
Құстар туралы кім тақпақ, мақалмәтел біледі?
Дидактикалық ойын:
«Құстарды ажыратып, орналастыр»
Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшыпұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш болып ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып тоқиық.
Балалар қандай ертегі еліне келдік?
Жыл басына қанша хайуанаттар таласқан?
1 жылда неше ай бар?
12 айды кім атап береді?
12 жылды кім атап береді?
Жыл басын ең бірінші көрген кім?
Енді балалар тышқан деген сөзді буынға
бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау
жасайық.
Ең алдымен сөйлем құрайық.
Неше сөзден құралып тұр?
Неше буын бар?
Дыбыстық талдау жасайық.
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Шаршағанымызды басып, мына жердегі
кедергілерден қоян, аю,тиін,түлкі,қасқыр
жануарлар тәрізді өтейік.
Ешкі:
Менің лақтарымды қасқыр
босатпай жатыр,
егер тапсырмаларымды
орындасаң ғана босатамын
дейді.
Ал, мен тапсырмаларды
орындай алмай отырмын.
Тапсырмалар.
1.1ден 10 ға дейін тура және
кері санау.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дидактикалық ойын:
«Жоғалған санды тап»
3.Жетіспейтін сандарды жаз ?
4.Кім санамақ біледі?
5. Ауыр және жеңіл, сұйық және
сусымалы заттарды ажырат.
6. Қандай таңбаларды білесің?
7.Мына суреттер қандай
пішіндерден құралған?
Логикалық есептерді шеш:
1.Жанжаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Артынан кетті екеуі,
Тығылды сонда нешеуі?
2.Ағаш басында сегіз торғай отыр,
оның үшеуі ұшып кетті.
Барлығы қанша қалды?
Қасқыр: Жарайсыңдар,
сендер барлық
тапсырмаларды белсенді
орындадыңдар, мен
лақтарды босатамын.
Ешкі риза болып,
қоштасып кетеді.
Балалар кілемшеге
отырып, психологиялық
жаттығу жасап
шаршағанымызды
басайық.
Психологиялық жаттығу:
Кәнекей, балалар шөпке отырайық, көзімізді
жұмайық (құстардың, судың дыбысы
естіледі).
Не естіп тұрсыңдар?
О, қандай әдемі салқын жел соғып тұр.
Сездіңдер ма? (балалардың бетіне
желпеуішпен желдету).
Кәне, терең демалып, тыныс алайық. Таза
ауа сезілді ма? (балаларға хош иіс сездірту).
Енді көзімізді ашайық.
Орманның таза ауасы, құстардың дыбысы
сендерге ұнады ма?
Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз қайда саяхат жасадық?
Бірінші қандай ертегіге кездестік?
Онда қандай тапсырма орындадық?
Екінші қандай ертегіге кездестік?
Онда қандай тапсырма орындадық?
Үшінші қандай ертегіге кездестік?
Онда қандай тапсырма орындадық?
Өз сезімдерімізді қалай білдірдік?
Жақсы қатысқан балаларды мақтап,
мадақтау.
Қоштасу шеңбері!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Саусаламат болайық.