Презентация музыка пәнінен "Ел еркесі Ақан сері"тақырыбында 3 сынып
Оценка 4.8

Презентация музыка пәнінен "Ел еркесі Ақан сері"тақырыбында 3 сынып

Оценка 4.8
Аудио +4
музыка
3 кл
28.03.2017
Презентация музыка пәнінен "Ел еркесі Ақан сері"тақырыбында 3 сынып
Сабақтың жоспары Пән: Музыка Сынып: 3 Күні: _________ Сағат саны: 1 Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақан сері жайлы қысқаша дерек білу Дамытушылық: Әнге деген құштарлығын арттыру Тәрбиелік: Өнегелі істерін өсиет ету,насихаттау Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдістері: Әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: сурет, домбыра Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау 2. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ақан сері 1843-1913-ақын,әнші,композитор.Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген.Ақан серінің шын аты-Ақжігіт.Халық оны Ақан сері атап кеткен.Қазақ халқында өзі ақын,өзі домбырашы,өнерлі жігіттерді сал –сері деп атап кеткен.Сал –серілер елден ерекше кейініп,бастарына үкі тағып,жүйрік ат мініп қастарына бір топ өнерлі әнші жігіттерді ертіп жүретін болған. Ақан серінің үшізге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты болған.Қараторғай деген қыран бұркіті,соңына ерген алғыр тазысы болған.Атақты Сайдалы байға ас беріледі.Осы аста ат бәйгесі болады.Бәйгеге үш жүзден астам ат қосылады.Ақан серіде Құлагерін дайындайды.Құлагерді бұл бәйгеде бірінші келеді деп ешкім ойламайды.Өйткені Құлагер бәйгеге қопағанда сәйгүлікке ұқсамайды екен. Ат жарыстың алдында Құлагерді атбегілер:Мынау шабатын атқа ұқсамайдығой,-дейді.Сонда Ақан сері :Аттың жүйрігін бәйге көрсетер,-деп.Құлагерін жетектеп жүріп кетеді. Бұл бәйгеде Құлагер үш жүз аттан озып,бірінші келеді.Сонда Ақан сері Құлагердің маң-маң басқан жүрісіне арнап Маңмаңгер атты әнін шығарған. Осы астан кейінгі Сағынайдың асында Құлагерге қастандық жасалады.Ақан серінің оған арнаған әні халық арасында Құлагер атанып кетеді.Ақан серінің:Құлагер,Маңмаңгер,Сырғақты,Сырымбет,Балқадиша,т.б.көптеген әндері бар Музыка тыңдайық:Ақан серінің\ Маңмаңгер\ әнін тыңдау Ән орындайық: Балалық шақ әнін орындау Жаңа сабақты қорыту: Ойланда айт ойыны. -Сен ат бәйгесін көрдің бе? -Сен өзің ат бәйгесіне қатысарма едің? -Ақан серінің шын аты кім? -Құлагердің мінезі қандай? -Бәйгеге қанша ат қосылып еді? -Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарған? Үй тапсырмасы. -Ақан сері жайлы мәлімет оқу. -Балалық шақ әнін жаттау.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017