«...Адамзат үшін
ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауында он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын.
Озық технологиялар
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты маман әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды кәсіптік адамгершілік рухани азаматтық және басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалімнің басты мақсаты - қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Кез-келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компонеттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып табылады, Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттеріннің білімін бағалауы, оқу барысында шешуші роль атқарады. Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданылып жүрген В.Зенковтың «Дамыта оқыту», Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» сыни тұрғысынан ойлау, Н.Оразақыновтың «Сатылай кешенді ойлау», М.Жанпеісованың «Интерективтік-модульдік оқыту». Білім алушыларымыз дүниенің кез-келген жерінде білім алуға , қызмет атқаруға қабілетті, жаңа технологияларды және тіл меңгеру қабілеті жоғары, белсенділікке қабілетті болуға тиіс. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз. «Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.