Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Оценка 4.9
Иллюстрации +1
pptx
музыка +2
11 кл +1
26.01.2018
Презентация представляет материал из жизни и творчество великого акына Абая Құнанбаева. Материал предназначен для старших классов, студентов учебных заведении. В презентации вы увидите автобиографию акына и его произведения, отрывок из разных стихов, слова назидания, сравнение с другими писателями. Презентация очень интересная.
абай қ.pptx
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Қысқаша шолу
1845 - 1904
Ұлы ақын,
композитор,
философ,
саясаткер,
ағартушы,
қазақтың реалистік
жаңа жазба
әдебиетінің негізін
қалаушы.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер
әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы
алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX
ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданыныңаға
сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта
жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық,
әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас
Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай
тарихқа енді.
Құнанбай
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Қысқаша шолу
Ұлжан
Абай әжемен бірге
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей
облысының Шыңғыс
тауларында Қарқаралының аға
сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші
әйелі Ұлжаннан туған.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын
ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3
ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-
бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара
деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай,
Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі
момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр
мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
«Шынжыр балақ, шұбар төс
Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...»
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі
әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп,
абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-
жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы
Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл
Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл
медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін
еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен
беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай,
білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран,
шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен
танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты
ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші
жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша
түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра
алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы
аяқталады.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге
шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына
араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай
әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-
сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық
қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік
теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық,
кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын
түсінді.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-
Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-
жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А.
А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың
саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ
Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық
көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар
еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың
ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды
бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен,
Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз
мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өмірбаяны
1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл
шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға,
Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл
жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа
хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай
өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”)
бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж.
аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен
таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін
“жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен
жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған.
Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман,
Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен
Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген.
Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Шығармалары
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»)
бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән»,
екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке»,
«Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар
аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы —
«Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен
кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы
қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
өз жанынан шығарған төл өлеңдері
ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері)
өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған
өлеңдері
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Шығармалары
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп
бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін,
адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-
бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де
қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп
тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу
арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі
хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге
айналдырады.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Шығармалары
Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық
көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы
көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының
экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен
қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл
демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы
ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды
мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің —
сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды.
Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп
жазады.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Шығармалары
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге
бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге
қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына
айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік,
дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік,
мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ
баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай
өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі
екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан
көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-
әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өлеңдері
Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.
Ақылға сыймас ол алла,
Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт ол қуа.
Ақыл мен хауас барлығын
Білмейдүр, жүрек сезедүр.
Мұтәкәллимин, мантикин
Бекер босқа езедүр
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өлеңдері
Адамның кейбір кездері
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлыттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сыя, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Өлеңдері
Антпенен тарқайды
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.
Анттасып алқайды
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.
Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.
Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап-дайын көрмеске.
Таласып тарқайды
Ақшадан төрт-беске.
Бірлікaті шайқайды,
Араз боп өнбеске.
Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.
Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.
Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.
Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Қара сөздері
Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп
қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып,
жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер
несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп,
алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам
ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы
дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін
жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп
әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда
қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе
болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді»
дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып
па?
1
6
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Қара сөздері
3
1
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар :
әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші
— сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану
керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт
қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші -
ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез
болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері:
уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір
қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу
секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды
тоздыратұғын нәрселер.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
4
5
Қара сөздері
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен
дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып
сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп
келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де
ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай
білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке
қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден
біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым,
сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім.
Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да
жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие
болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт,
махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым,
сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара
алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді
сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
Презентация по казахской литературе на тему "Абай Құнанбаев" (11 класс, казахская литература)
Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша
әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі
жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын
мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз
тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық
күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды
Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан
шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін
немесе образ үшін пайдаланады.

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.