Презентация по казахскому языку на тему " Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі " (9 класс, казахский язык)
Оценка 4.8

Презентация по казахскому языку на тему " Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі " (9 класс, казахский язык)

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитательная работа
9 кл
13.01.2018
Презентация по казахскому языку на тему "  Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі   " (9 класс, казахский язык)
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9 Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі Сабақтың мақсаты : а)Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету; ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу, Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған. Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды Көне түркі дәуірі Орта түркі дәуірі Жаңа түркі дәуірі III, V - VIII ғасырларға тән Талас, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері - түркітану ғылымында тілдік, әдеби, мәдени маңызы ерекше жазба мұралар. Бұл ескерткіштер - сол кезеңдегі түркілер мәдениетінің биік деңгейін көрсетумен бірге, бүгінгі қазақ тілінің тарихынан мол мағлұмат беретін мөлдір бастауы мен қайнар көзі. Екі кезеңнен тұрады. 1. Қараханид кезеңі. Ислам мәдениетінің түркі әлеміне ықпал еткен кезеңі. Түркі әлемі кемеңгерлері әл-Фараби, Ж.Баласағұни («Құтадғу білік»), М.Қашқари ( « Диуани-лүғати-ат- түрк»), А.Йүгінеки ( « Һибат-уль-хакаик » ), А.Йасауидың («Диу- ани хикмет») әйгілі шығармалары. 2. Алтын Орда кезеңі. ХІІ-ХҮ ғасырларды қамтитын Хорезмидің « Мұхаббатнамесі » , Құтба ақынның «Хұсрау - Шырыны», Сайф Сарайидың « Гүлістан-би-түркиі » , Рабғузидің «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ жазбаларының бірі -«Кодекс куманикус» сөздігі жатады. Бұл кезеңдегі жазба туын- дылар араб әліпбиіне негізделген ескіше жазба тілдің қалыптасуына игі әсерін тигізді. XV ғасырдан , қазірге дейінгі кезең. Өзге түркі этностары сияқты қазақ елі де жеке ұлт ретінде мемлекеттік қалыптаса бастады, қазақ тілінің де ұлт тілі ретіндегі болмысы айқындалып, дами бастады. Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі қазіргі кириллица жазуын белгілі кезеңдерде төте жазу аталған (А.Байтұрсынов ұсынған) араб, кейін латын графикаларымен ауыстырған да тұстары болған. Жиырмасыншы ғасыр ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы ірі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен өзге тілдер сияқты қазақ тілінің дамуына да айрықша әсер етті. Ана тіліміз жан-жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ әдеби тілінің даму белестері айқындалды. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілрін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда. Жаттығумен жұмыс: 5-жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша берілген сөздерге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасаңдар. Білімді бекіту : Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма : 6-жаттығу
11сын.docx
Күні:                                   Пәні: қазақ тілі                           Сыныбы:9   Сабақтың  тақырыбы :  Қазақ тілі­қазақ халқының ана тілі         Сабақтың мақсаты : а)Қазақ тілі­ қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін  аяққа баспай   қашанда биік  ұстауға   үйрету;                                    ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін  қалыптастыру;                                             б)   Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу, Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі :                               сұрақ­жауап,шығармашылық іздену Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих Сабақтың барысы :                                             а)  Ұйымдастыру кезеңі :                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл  бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                                                ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :       Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.                                              б)  Жаңа сабақты түсіндіру.      Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ­ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып  қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл ­ мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып,  «Өнер алды ­ қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына  суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. Қазақ тілі ­ әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған  тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған. Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп,  уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық.    Түркі  тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды Көне түркі дәуірі III, V ­ VIII ғасырларға  тән Талас, Орхон­Енисей  жазба ескерткіштері ­  түркітану ғылымында  тілдік, әдеби, мәдени  маңызы ерекше жазба мұралар.  Бұл ескерткіштер ­ сол  кезеңдегі түркілер  мәдениетінің  биік деңгейін   көрсетумен  бірге, бүгінгі  қазақ тілінің  тарихынан мол мағлұмат  беретін мөлдір бастауы мен  қайнар көзі.  Жаңа түркі дәуірі XV ғасырдан ,  қазірге дейінгі  кезең. Өзге түркі  этностары сияқты  Орта түркі дәуірі Екі кезеңнен тұрады.  1. Қараханид кезеңі.  Ислам мәдениетінің түркі әлеміне ықпал еткен кезеңі. Түркі әлемі  кемеңгерлері әл­Фараби, Ж.Баласағұни  («Құтадғу білік»), М.Қашқари  ( « Диуани­лүғати­ат­ түрк»), А.Йүгінеки  ( « Һибат­уль­хакаик » ), А.Йасауидың  («Диу­  ани хикмет») әйгілі шығармалары.  2. Алтын Орда кезеңі.  ХІІ­ХҮ ғасырларды  қамтитын Хорезмидің  « Мұхаббатнамесі » , Құтба ақынның  «Хұсрау ­ Шырыны», Сайф Сарайидың «  Гүлістан­би­түркиі » , Рабғузидің  «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ  жазбаларының бірі ­«Кодекс куманикус»  сөздігі жатады. Бұл  кезеңдегі жазба туын­  дылар араб әліпбиіне  негізделген ескіше жазба  тілдің қалыптасуына игі  әсерін тигізді.  қазақ елі де  жеке ұлт ретінде  мемлекеттік  қалыптаса бастады, қазақ тілінің де ұлт тілі  ретіндегі болмысы  айқындалып, дами  бастады. Жаңа дәуірдің  бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі  есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі  қазіргі кириллица  жазуын белгілі  кезеңдерде төте жазу аталған (А.Байтұрсынов  ұсынған) араб,  кейін латын  графикаларымен  ауыстырған да  тұстары болған.     Жиырмасыншы ғасыр ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы ірі саяси­әлеуметтік  өзгерістерімен өзге тілдер сияқты   қазақ   тілінің   дамуына  да   айрықша   әсер   етті. Ана  тіліміз   жан­жақты   зерттеліп,   уақыт   талабына   сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ әдеби  тілінің даму белестері айқындалды.  Қазақ тілі  ­  қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар,  әлемдік тіл білімі зерттеушілрін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда. Жаттығумен жұмыс:   5­жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша  берілген сөздерге сатылай кешенді  морфологиялық талдау жасаңдар. Білімді бекіту :   Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма :    6­жаттығу

Презентация по казахскому языку на тему " Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі " (9 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку на тему "  Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі   " (9 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку на тему " Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі " (9 класс, казахский язык)

Презентация по казахскому языку на тему "  Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі   " (9 класс, казахский язык)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.01.2018