Презентация по казахскому языку на тему«Уақытты текке өткізбе" (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Оценка 4.8
Работа в классе +1
docx
воспитательная работа +1
8 кл
10.01.2018
Уақытты текке өткізбе
Тез хабар бер «101»-ге.
Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.
-Өрт сөндіру құралдарын салу.
-Суретті плакаттар.
-«Өртке қатысты»жаднамалар.
-Лозунгтер.
Жүру-барысы. І. Өтетін оынды безендіру, жасақтау.
І.2.Балалардың дайындығын пысықтап, киімдерін ретке келтіру.
І.3.Қажетті көрнекі құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.
ІІ.Сайыстың басталуы.
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Мектепішілік « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.
( Екі топ ортаға келеді.)
Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін.
Төрайымы.
Мүшелері:
ІІ.1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу.»
«Алау» тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске жетесің!»
«Жалын » тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»
Төс белгілерін алмастырады.
2. «Кім тапқыр?» сұраққа жауап беру.
Жалын тобына:
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
Алау тобына:
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
3. «Тез әрі епті » ойыны.
Шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.
АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
4. ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.
Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.
Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.
Жалын тобына:
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Бір үйде тұрады екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Жалт-жалт етер,
Жалмап кетер. (от)
-Қалпағы бар, Жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ. ( шәйнек)
Алау тобына:
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
-Желден желігеді,
Судан шегінеді. (от)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
5. «Ептілер» ойыны.
-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
( слайд арқылы сурет көрсетіледі)
6.«Алғашқы жәрдем» көрсету.
-сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.
7. Жағдаяттар
Алау тобына:
-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)
Жалын тобына:
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )
Алау тобына :-Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің...
Жалын тобына:- Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?
8.Ойын
Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып, командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.
кітапхана.docx
САБАҚ: Қазақ тілі
Сабақ
Күні:
Сынып: 5сынып
Бөлім атауы:
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың түрі
Жүзеге асатын оқу
мақсаттары
Сабақтың мақсаты
Жетістік критерий лері:
Дескриптор
Тілдік міндеттер
Құндылықтар
Осыған дейін меңгерілген
білім
Мектеп: №110 З.Хусанов атындағы ЖОМ
Мұғалімнің атыжөні: Cалметова Гулчехра
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Әлемдегі ірі кітапханалар
Ірі кітапханалар
Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы.
А5 Сенімді және еркін жауап беру
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып,
жинақы мәтін жазу.
Барлық оқушылар:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану
негізінде ірі кітапханалар жай лы толық ақпарат бере білуге үйрету.
Лексикалық тақырып аясында болымсыз етістік тудыратын
атын, етін, йтын, йтін, ар, ер, р, мақ, мек, пақ, пек, бақ, бек
жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгерту..
Көптеген оқушылар: презентация бойынша берілген сұрақтарды адам
бойындағы қасиеттермен байланыстыра отырып дәлелді түрде жауап
береді
Кейбір оқушылар:
Диалогты сауатты құра алады
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат
береді, сыныптастарымен тілдеседі.Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):
қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ірі кітапхана ларды
басқаларға таныстырады, сипаттайды.Оқушының жоғарғы
жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды,
қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.
Берілген суреттер мен сөздерді байланыстырады
Ойын жүйелі жеткізеді
Сұрақтарға дәлелді жауап береді
Диалогты сауатты құрады
Талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым, ғылым, жетістік
«Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым».
«Өз қадірің өз байлығың».
Болымды, болымсыз етістіктер
Жоспарланатын
уақыт
Сабақтың басы
3 минут
Жоспар бойынша орындалуы тиіс ісәрекеттер
Дереккөздер
Сәлемдесу.
Сыныппен амандасу. Сыныпты төменде берілген суреттер
арқылы мозайка әдісімен топқа бөлу
Мына берілген суреттер мен сөздердің арасында қандай
байланыс бар?
Үлестірме
материалдары Суреттер бойынша әңгіме
Сабақтың ортасы
10 минут
https://prezi.co
m/paab
wr5s8yf/prese
ntation/
Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын
ояту мақсатында «Галереяны шарлау» әдісін қолданып,
тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер іледі. Суреттердің
астында
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау
критерийлерімен таныстырады
Топтық жұмыс. https://prezi.com/paabwr5s8yf/presentation/
(Презентация мәтіні оқушыларға таратылып беріледі).
Тапсырма. Оқушылар презентациямен танысқаннан кейін
берілген сұрақтарға жауап береді?
Мәтінмен танысу алдында біз сендермен жаңа сөздермен
жұмыс жүргіземіз.
Мұғалім оқиды,оқушылар хормен қайталайды.
Кілтключ
Кітапхана қорыбиблиотечный фонд
инабаттывежливый
өз істерін свои обязанности
келіп тұрамынприхожу
жүйелісистемный
анықтама справка
дайындалуғаготовиться
пайдалануғапользоваться
керекті нужные
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын» 1. Сөздікпен
жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы рыпқа
қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.
Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.2. Мәтіналды
жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға
ма шықтандыру үшін 1тапсырманы орындатады.Ә)
Оқылым. Жазылым. Сөйлесім. Оқулықтағы 2тапсырманы
орындатады.Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3 20 минут
тапсырманы орындата ды.3. Тілдік бағдар. Болымсыз
етістік тудыратын атын, етін,
йтын, йтін, ар, ер, р, мақ, мек, пақ, пек, бақ, бек
жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгертеді.4.
Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп,
дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4тапсырманы
орындатады.Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты
қабылдауға ма шықтандыру үшін 5, 7тапсырманы
орындатады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру
үшін 6тапсырманы орындатады.
5. Сергіту сәті. «Әлемдегі ірі кітапханалар»Тыңдалым.
Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу
жүргізеді.Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.Оқылым.
Жазылым. Тілдесім. Әр суретке жазбаша сұрақ дайындайды,
диалог құрады.Оқылым. Жазылым. Болымсыз етістік
тудыратын ған, ген, қан, ген жұрнақтары мен «емес»
көмекші етіс тігін пайдаланып, сөздерді болымсыз етістікке
айналдырады.Болымсыз етістік тудыратын атын,
етін, йтын, йтін, ар, ер, р, мақ, мек,
пақ, пек, бақ, бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін
меңгереді.Тыңдалым.
Оқылым. Мәтінді оқиды, дұрыс оқуға машықтанады.Айтылым.
Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, бір
сөйлемге әртүрлі сұрақ қояды.Жазылым. Мәтінде айтылған
кітапхана лар туралы ақпаратты салыстырады.
Сабақтың соңы
Бағалау критерийлері
7 мин
Сенімді және еркін
жауап береді
Дескрипторлар
Ойын жүйелі жеткізеді
Берілген суреттер мен сөздерді
байланыстырады
Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9
тапсырманы орындатады.Оқулықтағы 10тапсырманы
орындатады.
Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім
оқушыларды үш топқа бөледі, тақырыпқа қатысты бір сөз
береЖазылым. Айтылым. Болымсыз етістіктерді табады,
жасалу жолдарын түсіндіреді, болымды етістікке айнал
дырады.Диалог құрады.Әр оқушы берілген сөзге бір сөз
қосып, соңында тақырыпқа қатысты бір мәтін құрастырады
Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бірбірінің
жұмысын тексереді.
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Сұрақтарға дәлелді жауап береді
Диалогты сауатты құрады
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға
көбірек қолдау көрсету үшін не
істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай тапсырма беруді көздеп
отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың
ақпаратты қаншалықты
меңгергенін қалай
тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТмен байланыс
Құндылықтармен
байланыс (тәрбиелік
элемент)
Берілетін тапсырма, күтілетін
нәтиже, қолдау, берілетін уақыт,
қолданатын дерек көздеріне
Тапсырмалардың өзара
байланысты болуына баса
назар аударылады.
Пәнаралық байланыс –
тарих, география.
Отбасы құндылықтары. байланысты бөліп оқыту.
Топта бірлесіп оқыту.
Оқушының барлығы Оқушылардың
көбісі
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары
жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сыныптағы оқу атмосферасы
қандай болды? Дифференциацияны
жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланғануақытымды
ұстандым ба? Мен жоспарыма
қандай өзгерістер енгіздім және
неліктен?
Жұмыс нәтижесі жетістік
критерийлері арқылы
бағаланады.
Отан – отбасынан
басталады.
Интерактивті тақта сабақ
материалдарын
демонстрациялау
мақсатында қолданылады.
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды
жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген
сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап
беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік
танытты.
Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері
жүзеге асты.
Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады.
Оқушылар отбасындағы қандай
заманауи дәстүр мен
мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде
ойланады.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1: таңдалған ресурс көздері
2:топтық жұмыс
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға
қатысты)?
1: жұптық жұмыс формасын қолдану
2: мәтінді бөліп беру
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу
үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Төл және төлеу сөзін жазуда қойылатын тыныс белгілері бойынша тәжірибе жұмысына көбірек көңіл
бөлу.
Презентация по казахскому языку на тему«Уақытты текке өткізбе" (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Презентация по казахскому языку на тему«Уақытты текке өткізбе" (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Презентация по казахскому языку на тему«Уақытты текке өткізбе" (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Презентация по казахскому языку на тему«Уақытты текке өткізбе" (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.