«Prezi ортасында онлайн презентация құру»
Prezi — бұл тізбексіз құрылымда интерактивті мультимедиялық презентация құруға арналған веб-сервис. Prezi сервисінде масштабтау (обьектілерді үлкейту және кішірейту) технологиясының маңызы зор. Веб сервистің интернет адресі www.prezi.com.
Бағдарламаның басты ерекшелігі – презентацияның барлық обьектілері бір бетте орналасады және жеке обьектілерге динамикалық масштаб арқылы қатынауға болады. Веб сервистің бірнеше нұсқасы бар:
1. Публикалық – 100МБ
2. Қолданушылық – 500 МБ
3. Кәсіптік – 2000МБ
Бұл нұсқалардың айырмашылығы серверге ақпарат жүктеу сыйымдылығы болып табылады. Публикалық нұсқасы толықтай тегін. Ал қалған нұсқалардың өз алдына бағалары бар.
Prezi интернет сервисімен жұмыс жасау үшін төмендегідей басты этаптарды есте ұстау қажет:
• Сайтқа тіркелу;
• Жеке кабинетке кіру;
• Жаңа презентация құру;
• Редактордың толық мүмкіндіктерін пайдалану;
• Дайын презентацияны жүктеу;
Сайтқа тіркелу веб бетінде қолданушы аты-жөнін, электронды поштасын және құпия сөзін енгізу қажет. Сол электронды пошта мен құпия сөз арқылы сервисті қолданушы болашақта еркін пайдалана алады. Ары қарай жаңа презентация құру мүмкіндігін алады. Редакторға мәтін, сурет, диаграмма, әр түрлі фигуралар, символдар және видео қоюға болады. Сурет пен видеоны тікелей интернеттен немесе компьютерде сақталған суретті редакторға импорт жасауға болады. Дайын презентацияны компьютерге жүктеп, кез келген компьютерде (интернетке қосылу маңызды емес) аша алады.
Қорыта келгенде, сабақты компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін әр оқытушы ұтымды пайдалана білсе, білім сапасы қажетті деңгейге артады деп ойлаймын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.