Рабочая тетрадь по казахскому языку 6 класс
Оценка 4.9

Рабочая тетрадь по казахскому языку 6 класс

Оценка 4.9
Контроль знаний
doc
русский язык
6 кл
01.10.2017
Рабочая тетрадь по казахскому языку 6 класс
в данной тетради отображены все материалы и задания по темам для работы в классе, что позволяет детям и учителю совместно и индивидуально выполнять задания. в данной тетради отображены как лексические так и грамматические задания позволяя детям закрепить новый и пройденный материал.в данной тетради отображены все материалы и задания по темам для работы в классе, что позволяет детям и учителю совместно и индивидуально выполнять задания.
рабочая тетрадь.doc
ҚАЗАҚ ТІЛІ  (қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің  6­ сыныбына арналған  көмекші құрал)                                                                           1 Түсінік хат Қазақ   тілінің   жаңа   бағдарламасында:   «Білім   берудің   негізгі   саласында   қазақ   тілін оқытудың   мақсаты   –   қазақ   тілінің   қоғамдық­әлеуметтік   мәнін   түсінген,   тілдің   қызметін жүйелі   меңгерген,   коммуникативтік   біліктілігі   дамыған   дара   тұлға   даярлауға   мүмкіндік туғызу» деп көрсетілген. Бұл ­ өмір талабы. Осыған орай жасалған әдістемелік құрал орыс мектептерінің 6 ­ сынып оқушыларына, мұғалімдеріне арналған.  Құрал үш аядан тұрады. Берілген аяларда тіл дамыту материалдары топтастырылған. Осы оқу құралы стандартқа сәйкес бағдарламаға қосымша ретінде негізделіп құрылды: ­ тілдік   білім   жүйесін   танып   біле   отырып,   оларды   сөйлеу   әрекеттерінде қолдану, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистіқ құрылымын функционалдық сипатта танып білу; ­ ­ қазақ тілінде сөйлеу құзырлығын қалыптастыру;  тілдің қарым­қатынастық қызметін  меңгеру. Қосымша   құралға   төмендегідей   грамматикалық   материалдар:   үндестік   заңы,   екпін, күрделі   зат   есімдер,   жай   септеу   мен   тәуелді   септеу,   көмекші   есімдер,   етістіктер, етістіктердің   шақтары,   етістер,   тұрақты   сөз   тіркестері,   жалғаулар,   сөйлемнің   бірыңғай мүшелері т.б. енген. Берілген   жаттығулар   оқушының   алған   білімдерін   қайталап,   еске   түсіріп,   практика жүзінде бекітеді. Оқушылар қарым­қатынастық тілдік материалды оқып үйренеді: сөйлеу мәдениетін игереді, қоршаған ортаға байланысты, өзінің қызығушылығына   байланысты өз ойын еркін жеткізе біледі, сурет бойынша, көрген кинофильмдер, мультфильмдер топтамасы бойынша,   айтылған,   оқылған   әңгімелер   бойынша,   өз   пікірін   айтады,   өз   көзқарасын дәлелдейді. Оқулық оқушылардың өз деңгейінде қарым­қатынас әдебінің нормаларын меңгеруге,  күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін қолдана білуге, тілді үйренуге қызығушылығын  арттыруға көмектеседі. 2 Мазмұны             Сенің отбасың қандай? І модуль. Менің отбасым.Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті  6 Кім немен айналысады?   8 9 Менің әкем мен шешем  11 Менің ағам    12 14         15 16           18 19 21 22                   25               23                            25 26 28 30 31 32 33 34 35 37 38 39 40 42 43 45  46   48 50 51 53 54 Аялдамада    Менің досым    ІІ модуль Менің достарым.Сенің досың бар ма?  Құрбылар   Досымның келбеті      Достық туралы мақал­ мәтелдер   ІІІ модуль. Менің достарым.Мен дүкенге қалай барамын Азық түлік дүкенінде Көкөністер дүкенінде  Әмбебап дүкенінде Кітап дүкенінде Базарда Тапқыр достар (Ойын сабақ) Ұлттық валюта   Ақша тарихы   Банк тарихынан  Ақша – төлем құралы  Апта күндері  Уақыт қанша болды?  Сабақ қашан басталады?  Менің туған күнім   Туған күн кешінде  Досымның туған күні  Досыма тілек    І модуль. Астанамен танысу. Атамекенге саяхат  Қазақстан астаналарының тарихы туралы    Тұңғыш Президент   Астана – бәйтерек»  Астанаға саяхат.   Астана­ арман қала. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні  3 ІІ модуль. Көлік түрлері. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 56 57 Көлік географиясы    58 Мен мектепке немен барамын?  59 Бағдаршам  Жолда жүру ережесі    61       62 Нәтиже сабақ «Қауіпсіз жол»  63 Теміржол вокзалы  Әуежайда   65 66 Су көліктері  67 Ойын сабақ «МАИ қызметкері»   Нәтиже сабақ. Көлік  69      ІV модуль. Менің сүйікті кейіпкерім  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 70 71 Менің сүйікті кинофильмім   72 Менің сүйікті мультфильмім  Менің атым – Қожа   73 74   Наурыз мерекесіндегі кейіпкерлер   75 Шығыстың қос жұлдызы  Бауыржан Момышұлы   77 V модуль. Мен мектептемін 78 79 Мектепте не істеймін?   80 Мектеп өмірі  Мектеп үйірмелері  81 82 Қазақ тілі сабағында   Менің сүйікті заттарым   83 Ұлттық  тағамдар ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 85 86 Ұлттық ойындар.  Мектеп асханасы 88 Қолданылған әдебиеттер .................................................................  89 4 І модуль Менің отбасым 1­ сабақ Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті Сөздік  ұзын ойлы­ высокого роста           шашы бұйра­ волосы кудрявые  аққұба­ белолицая                           еңсегей бойлы­статный әдемі­ красивая                                еңгезердей­ крупный, рослый әжім­ морщины                                пұшық танау­ маленький нос тұлғасы­ туловище                           ашық жүзді­ с бледноватым, худощавым лицом                                                           талғаммен­ со вкусом                      келбетті­ красивй,  представительный қалың­ густые                                   пісте танау­ курносый                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              5 1 – тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар, өзара сөйлесіңдер. ­ Сәуле, сенің әкеңнің бойы қандай? ­ Менің әкем орта бойлы адам, Саша, сенің әкеңнің бойы ұзын ба? ­ Жоқ менің әкем аласа бойлы, ал анамның бойы ұзын. ­ Менің анам керісінше өте аласа адам, мен анама ұқсаймын. ­ ­ ... ...   Адамның сыртқы келбетін суреттейтін сөздер: Мұрыны     ­  үлкен, таңқы, пұшық, жалпақ, қыр Еріні  ­ жіңішке, қалың, томпақ, қызыл, алқызыл Көзі   ­ үлкен, қысық, қой көзді, қоңыр, қара, көк Шашы  ­ қалың, бұйра, ұзын, қысқа,қолаң, қоңыр, ақ Бойы  – ұзын ,қысқа,аласа, орта,сұңғақ Маңдайы ­ кең, тар, ашық Денесі  – толық, арық, денелі, ірі,нәзік  Беті  ­ аққұба, қара торы, сары,  2 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аударыңдар және мазмұнын айтып беріңдер.  Мәтінге ат қойыңдар. Менің атам еңсегей бойлы адам. Оның шашы қалың, сақалы аппақ. Мұрыны қоңқақ, көзі қысықтау. Әжем орта бойлы, аққұба адам. Ол ұзын көйлек киіп, ақ орамал байлап жүреді. Әкемнің бойы ұзын, кең иықты. Көзі үлкен, қара. Анам қара торы, келбетті адам. Анам талғаммен киінеді. Әпкем Анар анама тартқан қара торы. Көзі үлкен әрі қара. Шашы ұзын, қалың. Таңқы танауы өзіне жарасып тұрады, еріні жіңішке, алқызыл. Орта бойлы. Ал ағам қыр   мұрынды, қалың қара қасты, еріндері томпақ. Шашы бұйра әрі жирен. Өзі орта бойлы. 3 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңдар. 6 Мой отец высокого роста. Моя мама очень красивая, у нее добрые глаза.  У моего брата волосы русые. У него глаза голубые. У моей сестры волосы длинные и густые. У дедушки борода седая, брови густые, глаза карие. Мой младший  брат маленького роста.   Есте сақтаңдар! Тәуелдік жалғау Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті, қатысты) екенін білдіреді. Сөздер жекеше және көпше түрде тәуелденеді. жақ І ІІ ІІІ Оңаша тәуелдену Ортақ тәуелдену жіңішке Менің әжем Сенің әжең  Сіздің әжеңіз Оның әжесі жуан Менің отбасым Сенің отбасың Сіздің отбасыңыз Оның отбасы жіңішке Біздің әжеміз Сендердің әжелерің Сіздердің әжелеріңіз Олардың әжелері жуан Біздің отбасымыз Сендердің отбасыларың Сіздердің отбасыларыңыз Олардың отбасы            4 – тапсырма. Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жазыңдар Үлгі: Менің шешемнің көзі көкшіл. Настя... шаш... ұзын. Аға...  бой... сұңғақ. Әже... шаш... ақ. Бауыр...көз...  үлкен.  Айжан... мұрын...  қыр. Сен... шаш... қысқа ма? Ол... қас... қандай? Зәуреш... шаш... қап­ қара, иығына дейін келеді. Диманың көз... көк, қас... қалың, ерін... қызыл. 5– тапсырма. Төмендегі сөздерді бірінші жақта тәуелдеп жазыңдар. Үлгі: Менің інім Іні, қарындас, тіс, қол, шаш, танау, көз, құлақ, ата­ ана, бойы, қас, әпке. 6 – тапсырма. 5­ тапсырмада берілген сөздерден сөйлем құраңдар.  Үлгі: Менің інімнің қасы қап­ қалың.  7– тапсырма. Туысыңның сыртқы келбетін сипаттап жазыңдар. Менің анамның                                                      Менің анам бойы ____________________,                           ____________________бойлы денесі _____________________,                       ________________________денелі көзі_______________________,                       _________________________көзді мұрыны ___________________,                      __________________________мұрынды еріні______________________,                        _________________________ерінді маңдайы _________________,                        ________________________ маңдайлы шашы _____________________,                   ___________________________ шашты қасы___________________,                            __________________________қасты 2 ­  сабақ Кім немен айналысады? Сөздік кәсіп­промысел, занятие               шұлық­ носки қызмет­ работа, служба                 оқу озаты­ отличник сурет салды­ нарисовал                 шұғылдану­ заниматься  жаттау­ выучить наизусть        7 1 – тапсырма. Диалогты аяқтаңдар. ­ Сенің атың кім? ­ ... ­ Отбасыңда неше адам бар? ­... ­ Әкең немен айналысады? ­... ­ Шешең кім болып жұмыс істейді? ­... ­ Атаң немен айналысады ? ­... ­ Әжең немен  айналысады? ­... ­ Ағаң не істейді? ­... ­ Сен немен  шұғылданасың?  2 ­ тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Біздің отбасымыз үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі  ағам, апам, қарындасым және мен.   Атам   мен   әжем   зейнеткерлер.   Әкем   тіс   дәрігері.   Оның   өз   емханасы   бар.   Анам бухгалтер, банкте жұмыс істейді. Екі ағам – студенттер. Екеуі де Қарағанды Мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Апам мұғалім. Қарындасым он жаста. Ол төртінші   сыныпта   оқиды.   Мен   алтыншы   сыныпта   оқимын.   Мен   оқу   озатымын. Қарындасымның сабағына көмектесемін.Мен спортпен шұғылданамын. 3 – тапсырма.Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар. 1.Ол   ғылыммен   шұғылданады.   2.Ағам   мәдениет   министрлігінде   қызметкер.   3.Атам газет оқып отыр. 4.Әжем шұлық тоқумен айналысады. 5.Балалар аулада доп ойнап жүр. 6.Анасы   асүйде   тамақ   әзірлеп   жатыр.   6.Шолпан   сабағын   оқып   отыр.   7.Айназ   Астана қаласындағы Еуразия университетінде оқиды.  Есте сақтаңдар! Болымсыз етістік Іс­ әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке –ма,  ­ме,   ­ба,   ­бе,   ­па,   ­пе  жұрнақтарының   немесе  жоқ,   емес  сөздерінің   тіркесуі   арқылы жасалады. 8 Сөздің соңғы дыбысы Сөздің соңғы буыны Жұрнақтар   үнді Дауысты   немесе дауыссыз й,л,р,у Ұяң   дауыссыз   дыбыстар немесе үнді дауыссыз м,н,ң Қатаң дауыссыз дыбыстар Жуан Жіңішке Жуан Жіңішке Жуан Жіңішке  ­ма ­ме ­ба ­бе ­па ­пе 4­ тапсырма. Болымсыз етістіктің жұрнағын жалғап жазыңдар (–ма/­ма, ­ба/­бе, ­па/­ пе).  Жаз                         сыйлас                           байла Сез Оз  Төз Нан таран сүрті                         бас қайт                               жу  тұр  кес  төк бер тос    сөйле күт                                әкел                           көр                                                                                                            5­ тапсырма Үлгі бойынша сөйлесіңдер.     ­ Сіз спортпен шұғылданасыз ба?        ­Жоқ мен спортпен шұғылданбаймын, кесте тігумен шұғылданамын.                                             Менің әкем мен шешем 3­абақ Сөздік  кәсіпкер­    предприниматель              жүргізуші ­ водитель         сатушы ­ продавец                                 қатал – строгий, требовательный  дәрігер ­ врач                                          мейірімді ­ добрый  етікші­ сапожник                                   ән салу ­ петь                                                                                                                                                                                                                                             Есте сақтаңдар! Септік  жалғауы Қазақ тілінде жеті септік жалғауы бар.  Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Сөздер жекеше және көпше түрде септеледі. 9 1 2 3 4 5 6 7 Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Кім? Не? Кімнің? ненің? Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Көмектес септік Кіммен? Немен? ­ның;­нің;­дың;­дің;­тың;­  тің ­ға;ге,­қа;­ке;­на;не ді;­ды;ты;ті; ны; ні; н ­да;де;­та;­те;нда;­ нде ­нан;­нен;­дан;­ ден;­ тан;­ тен ­мен;­бен;­пен 1– тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар. Менің әкем мен шешем Менің әкемнің аты Қайрат. Ол 42 жаста.  Әкем – филолог, институтта сабақ береді. Шешемнің аты Раушан. Жасы 40­та. Ол ауруханада дәрігер. Әкем бос уақытында спортпен айналысады. Ол кітапты көп  оқиды. Әкем сенбі күндері кешкісін бізбен щахмат ойнайды, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Әкем қатал, тәртіпті жақсы көреді. Анам асүйде   дәмді тамақтар   дайындайды.   Анам   ән   салғанды   ұнатады.   Демалыс   күндері   мен   анама   үй шаруасына көмектесемін. Анам өте мейірімді, ақылды адам. Алексей, сенің әкең  кім болып жұмыс істейді? 2­ тапсырма. Диалогты оқып, үлгі бойынша сөйлесіңдер. ­ ­ Менің әкем етікші, ал сенің әкең кім? ­ Менің әкем кәсіпкер. ­ ­ ­ ­ Менің анам дәрігер, балаларды емдейді, ал сенің анаң кім болып жұмыс істейді? ­ Менің анам сатушы.  Саша, ол немен айналысады? Ол жарнамамен айналысады. Ал сенің анаң не істейді? 3­тапсырма.   Берілген   сөздерге   ілік   септігін   жалғап,   сөз   тіркесін   құрап   жазыңдар, оқыңдар. Үлгі: баланың анасы. 10 Бала, інім, көршісі, аға, Сәуле, Саша, дос, ғарышкер, сәулетші, суретші, құрылысшы. 4­тапсырма. Керекті жалғауды қойып жазыңдар. Менің әке...  жақсы адам. Оның төрт немере... бар. Олардың екеу... – ұл бала. Біздің ана... – аспаз. Сенің әже... қандай адам? Оның әке... кім? 5­тапсырма. Төмендегі пікірлермен келіспеңдер.        Айжанның отбасы онша үлкен емес. 2. Ардақтың ағасы ­ инженер. 3. Арайдың апасы тұрмыста. 4. Әселдің мамандығы ­  филолог. 5. Майраның бауыры мектепте оқиды.  6­тапсырм. Берілген сөздерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар. Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес балалар балалар_____ балалар_____ балалар_____ балалар_____  балалар_____ балалар_____ інің інің_____ інің_____ інің_____ інің_____ інің_____ інің_____ 4­ сабақ Менің ағам Сөздік талапкер­ сдесь:абитуриент               әңгімешіл­ любитель рассказывать,беседовать  сыпайы­ вежливый, учтивый             студент­ студент  жаттығу­ упражняться                       оқушы­ ученик әзілқой­ шутник                                  басшысы­ сдесь: староста адал­ здесь: честный                         белсене араласады­ активно участвует       қойылым­  спектакль                                             1­ тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.                                                                               Менің   ағамның   аты   Марат.   Ол   жиырма   жаста.   Оның   бойы   ұзын,   арықша   келген.                                                Күлгенде аппақ тістері ақсиып тұрады, ол өте ашық әрі әзілқой. Қарағанды экономикалық                                                      университетінің қаржы факультетінде үшінші курста оқиды. Ағам университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Ол өз тобының басшысы. Достарына адал,әрі жанашыр. Ағам   бос   уақытында   маған   сабағыма   көмектеседі.   Кейде   демалыста   екеуіміз   бірге демаламыз.   Кинотеатрға   немесе   қазақ  драма   театрына   барып   қойылымдар   көреміз.   Мен ағамды қатты сыйлаймын.                               11 2­ тапсырма. Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын жалғап, сөз тіркесін құрап  жазыңдар.        Шаш, көз, ағам, туыстарым, досы, университет, қолы, қала, орталық, театр, көл, апайы           3 ­тапсырма. Жұптастырыңдар  және тексеріңдер. Ағам                                         бардық Достары                                    ағасы Әлішердің                                сабырлы Мұражайға                               көп 4­ тпсырма. Суретке қарап, «Менің  ағам» тақырыбына әңгіме жазыңдар.                                                              5­ сабақ Сенің отбасың қандай? Сөздік тату ­ дружный                                     ынтымақты­дружный  сыйластық­ взаймоуважение              шағын­небольшой  үлкен­ здесь: взрослый                       келісу­ прийти к соглашению  түсіну – понимать                               жайдары­ приветливый, веселый ренжісу­рассориться      1­ тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.                                                                                                                                                                                                                               12 ­ Жанар, отбасы мүшелері қандай болуы керек деп ойлайсың? ­ Отбасындағы адамдар бір­ біріне өте жақын, туыс адамдар болғандықтан тату  болуы керек. ­ Оны қалай түсінесің? ­ Мысалы, ағасы інісіне, інісі ағасына сыйластықпен, жанашырлықпен қарау ерек. ­ Кейбір отбасында апалы­сіңілі немесе апалы­ бауырлар көп ренжісіп, бастары  сыйыспайды ғой? ­ Иә, меніңше, олар туыстық дегенді түсінбейді. ­ Мүмкін, олар бала болған соң солай істейтін шығар.  ­ Әйтсе де, бір үйдің балалары бірін­ бірі сыйлап, жақсы көрулері керек, бауырмал  болулары керек. ­ Мен сенің ойыңмен келісемін,  сыйластық бар жерде туыстық бар. 2­тапсырма . Суретке қарап, әңгіме құраңдар.                3­тапсырма. Бос орынды керекті сөздермен толықтырыңдар. Досымның інісі_____________. Менің қарындасым________________. Менің отбасым________________. Диманың анасы_________________.  Катеринаның атасы мен әжесі__________________________. Керекті сөздер: үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым адамдар. 4­тапсырма.  Берілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңдер. Үлгі:  ­ Айдын, сенің отбасың тату ма? ­ Иә, менің отбасым тату. ­ Жоқ, менің отбасым тату емес. ­ Айша, сенің ағаңның мінезі жайдары ма? 13 ........................................................................... ............................................................................ ­ ­ Егор, сенің інің сені сыйлай ма? ­ ­ Марат, сен қарындасыңның сабағына  көмектесесің бе? ­ ­ Алдияр, сен ата­анаңды тыңдайсың ба? ­ ................................................................................................ ................................................................................................ 5­тапсырма. Берілген сөздерден сын есім жасаңдар.    Білім, сапа, бауыр, төзім, ықылас, көңіл, сана, ашу. 6­тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.             Маған ақыл беретін Әжем менің асыл жан Сипап жақын көретін, Құлыным деп басымнан. Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді. Ертегі айтып беретін, Әжеме ешкім жетпейді 1­ сабақ                                                  Аялдамада Сөздік Кешіріңіз­извините                                                   бұл жерден­ отсюда аялдама – на остановке                                             жету ­добраться                        үлкен­  пожилой                                                       жол ақы – оплата за проезд жолаушылар көлігі­пассажирский транспорт 1­ тапсырма. Диалог бойынша сөйлесіп үйреніңдер.                                                                                                                                                                                                                                 ­ Еркін, сен мектепке келу үшін нешінші автобусқа отырасың? 14 ­ Мен  сабаққа келу үшін  __________ отырамын. ­ Мектепке дейін неше аялдама бар? ­ Мектепке дейін  ___________ аялдама бар. ­ Сен жолаушылар көлігіне  ___________ төлейсің бе? ­ Жоқ, менде оқушылардың  ______________ бар.     2­ тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Аялдама.          Марат мектепке бару үшін үйінің  жанындағы аялдамаға барады. Аялдама  үйіне жақын  орналасқан. Аялдаманың  маңы тап­ таза. Жанында  өсіп тұрған  үлкен ағаштар жазда көлеңке, қыста пана  болады. Аялдамада орналасқан  шағын  дүңгіршекте газет, журналдар сатылады.  Бұл жерден мектепке дейін  бірнеше  автобус жүреді. Марат  сабағына ешқашан  кешіккен емес. ­ қа;­ке;­ га;­ға ­ нан;­нен;­ дан;­ден 2­ тапсырма. Сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлем құраңдар. Үй Аялдама Дүкен Бағдаршам  Көше Жолайрық 3­тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қойып жазыңдар.  Сен нешінші  ____________  отырасың? Кешіріңіз қазақ драма театрына дейін қандай  ___________  баруға болады? Келесі  _____________  түсіңіз. Аялдаманың жанында ________________  бар. 3­ тапсырма. Тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Зада мен Айша  аялдама... кел... . Олар мұражай... бара... . Мұражай екі аялдама...  кейін  орналасқан.  ІІ модуль Менің достарым 1­ сабақ Менің досым Сөздік ермегі ­ интерес                              мінез­ характер  жасы­ возраст                                 шұғылданады­ заниматься чем­н.     айналысады­ заниматься чем­л.   ең жақын­ самый близкий сенімді­ верный, надежный            15 1­тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, өзіңіздің досыңыз туралы әңгімелеңдер. Менің досым Жарылғап – менің досым. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Жасы он бірде. Ол өте  сыпайы, тәрбиелі бала. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз. Жарылғап екінші қатардың бірінші  партасында отырады. Мен үшінші қатардың үшінші партасында отырамын. Жарылғап  сабақты жақсы оқиды, оқу озаты. Ол спорпен шұғылданады. Сыныптастары оны жақсы  мінезі үшін сыйлайды. Кей кезде екеуіміз сабаққа бірге дайындаламыз.  Бос уақытымызды  да бірге өткіземіз. Біз құмда сурет салумен айналысамыз. Жарылғап менің ең сенімді, ең  жақын досым. 2­тапсырма.  Үлгіге сүйеніп берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңдар. Үлгі:    Дос.              Досымның мінезі ашық.                                               Досымның ашық мінезі маған ұнайды. 1.Сабақ              1. Айналысады               1. Жақын 2.                         2.                                      2. 3.                         3.                                      3. Есте сақтаңдар! Қатыстық сын есім  Қатыстық сын есімдер – зат белгілерінің басқа бір заттың қатысы арқылы анықталуы. Қатыстық сын есімнің негізгі белгілері: Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден  жасалады: мал+ды ауыл, бала+лы үй. 3­тарсырма. Мына –лы;­ лі; ­ды;­ді;­ты;­ті жұрнағының тиісті формасын жалғаңдар. Көрік, қала, сәт, тау, көлеңке, дене, дәм, сақал, тал, күш 4­тапсырма. Сын есімдерге сұрақ қойыңдар. Оның әжесі менің әжем сияқты кәрі емес. Бақша алмасы өрік сияқты тәп­тәтті. Қазір  жұмыстың нағыз қызған кезі. Кішкентай досым домбырада шебер ойнайды. 16 Сенің досың бар ма? 2­сабақ  әрқашан – всегда, постаянно              бірге­ вместе                                               ақылдасу­ советоваться                        танысу­ знакомиться, познакомиться       Сөздік 1­ тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.                                                                                                                                                                                                                               ­  Арман, мен сені досыммен таныстырғым келеді.  ­ Сенің досың кім? ­ Менің досымның аты Александр. ­ Ол неше жаста? ­ Ол менің құрдасым, жасы он екіде. ­ Немен шұғылданады? ­ Екеуіміз таэквондоға бірге барамыз.Ол домбыра үйірмесіне де барады. ­ Ол ән айта ала ма? ­ Ән де салады, мен оған қазақ әндерінің жинағын тарту еттім. ­ Жарас, сенің досың өнерлі екен. ­ Дима сенің досың бар ма? ­ Иә менің досым бар, оның аты Дарын. ­ Ол неше жаста? ­ Ол менен бір жас үлкен, он үш жаста. ­ Досың қайда тұрады? ­ Ол Семей қаласында тұрады. ­ Сендер жиі хабарласып тұрасыңдар ма? ­ Иә, біз интернет желісі арқылы күнде хабарласып тұрамыз. ­ Сырласатын, ақылдасатын досың болған қандай жақсы, солай емес пе, Дима?! ­ Дұрыс айтасың, Арман!     2­тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.   Айдос пен Арман кішкентай күндерінен бері айырылмастай дос. Олар мектеп  табалдырығын бірге аттаған.Айдос пен Арманның шын достығын мына бір оқиғадан көруге  болады.   Күн өте ыстық еді. Бір топ бала суға түспекші болады. Олардың арасында Айдос пен  Арман да бар еді. Айдос  суға түсті. Айдостың батып бара жатқанын Арман сезеді. Ол  айқайлап балаларды көмекке шақырды. 3­тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Сен нешінші сыныпта оқисың? 17 2. Сенің қасыңда кім отырады? 3. Сенің досың бар ма? 4. Оның аты кім? 5. Ол немен шұғылданады? 6. Сенің досың сабағын қалай оқиды? 7. Сен ше? 8. Бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер? 9. Сен досыңды  не үшін сыйлайсың? 4­тапсырма.  Достарыңа сипаттама беріңдер. Есте сақтаңдар!        Ауыспалы  мағына – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы  мағынасынан өзге мағынада қолданылуы.       Ауыспалы мағынаның     негізі тура мағынадан алынады. Мысалы: терең ой, өткір көз, ашық мінез, сыр шерту.                         5­тапсыра.  Сөздерге  сәйкес қосымшаны жалғаңдар және одан сөйлем құраңдар. ­мен ­пен ­бен ­қой ­кеш ­паз а/ қала ә/ автобус б/ өнер ­нікі ­дікі ­тікі 6­тапсырма. Ауыспалы мағынада тұрған  сөздерден сөйлем құраңдар.  Істің басы, қолдың кірі, таудың етегі, бұлақтың көзі. 7­тапсырма. Мақалдың мағынасын ашыңдар. 18 Адал болса досың жақын, еркелейтін немерең жақын. 3­тапсырма Құрбылар Сөздік құрбы –подруга, сверстница                  мақтан ету­ гордиться  оқу озаты­ отличник                               үлкенді сыйлау­уважение к старшим жұбы жазылмау­ не расстаются                                                                                                                                                                                                                                1­тапсырма.  Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар қойыңдар.  Сәуле мен Бақыт – дос. Олардың мінездерінде ұқсастық көп. Екеуі де ибалы,  тәртіпті. Олар – үздік оқушылар. Сәуле бірінші болып аталса, Бақыт екінші кезекте тұрады.  Олар үлкенді сыйлайды. Сыныптастары оларды мақтан етеді. Қос қыздың жұбы  жазылмайды.  2­тапсырма. Көп нүктенің орнына  берілген сөздерден қатыстық сын есім жасап   жазыңдар. (Мейірім, білім, ән, көңіл, шын, күз) Сәуленің мінезі... . Менің құрбым өте ... . Бізге ... ұстаздар сабақ береді. ... досың  болған  қандай жақсы. ... күн шуағын төгіп тұр. Достарың шетінен ... екен! 3­тапсырм.  Етістіктің тиісті жалғауын жалғап, сөйлемді аяқтаңдар.  1) Менің досым қыдыру...............жақсы көреді. 2) Құрбым кино көру.............ұнатады. 3) Сыныптастарым сапар шегу............үйренген. 4) Жаңа достармен танысу....................... мүмкіндігі туады.  19 4­ тапсырма. Құрбыларыңа мінездеме жазыңдар. 4­сабақ Досымның келбеті Сөздік келбет – черты лица, облик                    қолаң шаш­ с густыми черными  волосами пісте мұрын­ маленький нос                  бойшаң­ высокорослый шындық­ истина                                      аласа бойлы­ низкого роста шыншыл­правдолюбивый                      аңтарылып тұру­ растеряться беттеген­ направился ­ Данияр, менің досыммен танысып  1­тапсырма. Диалогты оқып, жалғастырыңдар.                                                                                                                                                                                                                                ­ Менің атым Данияр, танысқаныма  қой, аты Иван!  қуаныштымын! ­ Мен де қуаныштымын? ­ Иван, сен қай қалада тұрасың? ­ Мен Астана қаласында тұрамын. ­ Екеуің қалай таныстыңдар? ­ Біз жазғы демалыста, балалар  лагерінде таныстық. ­ Еркіннің саған қандай қасиеті  ұнайды? ­ Ол өте шыншыл әрі бауырмал. ­ Оның ән айтатынын білесің бе? ­ Иә, ол қазақтың  дәстүрлі әндерін  тамаша орындайды!   2­ тапсырма. Мәтінді оқып,  мазмұнын айтып беріңдер. Шыншыл Ораз. Ораз бен Арман есік алдында ойнап жүр.   Екеуі   допты   әрі   тепті,   бері   тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды.   Бір   кезде   қатты   тебілген   доп қораның   ішіне   кіріп   кетті.   Ораз   добын іздей   бастады.   Қараңғыда   допты   әрең тауып алды. Сыртқа беттеген . Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.  ­Қорықпа.   Сүтті   мысық   төгіп   кетіпті дейміз, ­ деді Арман. ­Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым   деп,   шындықты   айтамын,   ­   деді Ораз. 20 3­тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңдер. ­Ораз бен Арман не істеп жүр? ­Олар допты қайда дәлдеп соқты? ­Ораз нені іздей бастады? ­Ол нені қағып кетті? ­Ораз қандай бала деп ойлайсың? Арман ше? 4­тапсырм. Керекті сөздерді қойып жазыңдар. Менің ... көп. Серік деген досым ..., ... . Сабағын да ... оқиды. Ал Ерасыл деген  досымды өзім де ... . Бірде күндегі әдетімізше, сабақтан ... қайттық. Алдымызда бір бала ...  жеп барады екен. Сонда Ерасыл жүгіріп барып, әлгі ... балмұздағын ала қашты. Мен қатты ... . Кейде ол қараптан­ қарап ... бастайды. Оны тез ұмытып кетеді. Мүмкін жаратылысы ...  шығар. Кейін ... деген ойдамын.  (Түсінбеймін, тәртіпті, жанжал, сыпайы, жақсы, досым, балмұздақ, бірге, түзелер,  баланың, ұялдым, сондай) 5­тапсырма.  Мақал­ мәтелдерді оқып, мағынасын түсініп алыңдар. Сын есімдерді  тауып олармен сөйлем құраңдар. 1. Сыпайы сырын сақтар. Әдепті арын сақтар. 2. Үлкенді сыйласаң, Кішіге сыйлы бласың. 3. Жаманның тілі ащы, Көк мияның гүлі ащы. 5­ сабақ Достық туралы мақал – мәтелдер 21 Сөздік басыңа келер­ то же может случиться и с тобой.       дау­ тяжба, спор  қашып құтылу –убегать, избегать                                жан пида­ жертвовать  жолдас болу­ дружить іздеу­ искать қолдас­ здесь: поддерживающий Қандай мақал­ мәтелдер білесіңдер? 1­тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.                                             ­                                                                               ­ Мақал – мәтелдер қандай тақырыптарға бөлінеді?                                                ­ Мақал­ мәтелдің авторлары бар ма?                                                      ­   2­тапсырма. Мақал – мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, мағынасын  Халық ауыз әдебиеті туралы не білесің?   түсініңдер. 1. Жолдасы көптің қолдасы көп. 2. Досы көпті жау алмайды. 3. Жаман дос ­  көлеңке, Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың. Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың.          4.   Жақсы дос үшін жан пида. 3­тапсырма. 2­ тапсырмадағы мақал­ мәтелдерден сын есімдерді табыңдар.  4­тапсырма. Мақал­ мәтелді оқып, өз ойларыңды білдіріңдер.  1. Жаман жолдастан таяғым артық. 2. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. 3. Жаман досыңды алма,  Жақсы досыңнан қалма. 5­тапсырма. Суретке қарап әңгіме құраңдар. 22 ІІІ модуль.  Дүкенге барамын. Сауда жасаймын.Ақша. 1 сабақ Мен дүкенге қалай барамын Сөздік сауда орталығы­ торговый центр әмбебап дүкені­ ЦУМ себет­ корзина баға, құн­ цена кепілдік­ залог   1­ тапсырма. Диалогты оқып, қайталаңдар. Ұқсас диалог құрып, сөйлесіңдер. ­ Кешіріңіз, азық­ түлік дүкеніне                                                                                                                                                                                                                                қалай баруға болады?  ­ Көшенің арғы бетіне өтіңіз.  ­ Иә, ол жерден қалай табамын.  ­ Көшенің оң жақ  бұрылысында  дүкен орналасқан.  ­ Сізге үлкен рахмет!  23 2­ тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар. Дүкенде. Біздің үйдің жанында азық­ түлік дүкені бар. Онда түрлі тауарлар сатады. Дүкенде «Ас атасы   ­   нан»  деген   мақал   жазылған.   Дүкеннің   оң   жағында   ­   ет,сүт,   айран,   май,   ал   сол жағында – ұн, қант, күріш, нан сатады. Орта тұсында көкөніс пен жеміс­жидектің барлығы сатылады. Олар: картоп, сәбіз, қызылща, алма, алмұрт, жүзім. Дүкенге адамдар көп келеді. Дүкеннің іші үлкен әрі таза.  3­тапсырма. Жазыңдар және оқыңдар. Үлгі:     Мен барайын Сен бар                           Сендер барыңдар Ол барсын Біз барайық Сіз барыңыз                  Сіздер   барыңыздар                      Олар барсын Сатып ал, өлшеп бер, әкел, алып кет, алып қал, сатып әпер, 4­ тапсырма. Сөйлем құраңдар және оқыңдар.                               Үлгі:  ­Апай, маған дүкенді көрсетіп жіберіңізші.                                            ­ Жоқ, мен көрсете алмаймын. Басқадан сұра.  5­ тапсырма.Сөйлемді толықтырыңдар.       Мен дүкеннен   ...    сатып   алу  Мен кітап дүкенінен  …   сатып алу. Алмаз  кеңсе тауарлары дүкенінен  ... сатып алу.    Марат әмбебап дүкенінен ... сатып алу.    Сен  дүкеннен ...сатып алу  2 сабақ Азық түлік дүкенінде Сөздік сөрелер­ полки тамақ түрлері­ виды еды сатушы­ продовец   1­ тапсырма.Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңдер.                                                                                                                                                                                                                                        ­ Сәлеметсіз бе?  ­ Сәлеметсіз бе? Сізге не керек? ­ Сіздерде қанттың бағасы қанша? ­ Қанттың бағасы жүз сексен теңге, неше килограмм аласыз? ­ Екі килограмм өлшеңіз. ­ Тағы не аласыз? ­ Ақмаржан күріші болса, бір килограмм аламын. ­ Ақмаржан күріші жоқ, бізде бар күріштің де сапасы жақсы, өзі таза. ­ Жақсы, содан беріңіз. ­ Басқа не аласыз? ­ Бір литр айран және сүт, бір бөлке нан да беріңіз. ­ Жақсы, барлығының құны сегіз жүз сексен сегіз теңге болды. ­ Жақсы, мінекей мың теңге. ­ Айырмасы жүз он екі теңге. ­ Сау болыңыз! ­ Рахмет, сау болыңыз! 2­ тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар. Асыл мен Марат жексенбі күні азық­ түлік дүкеніне барды. Олар келесі аптаға  жететін азық – түлік сатып алмақшы. Аналары оларға алатын азық­ түліктің тізімін жазып  берген еді. Екеуі арба алып,дүкен сөрелерінің орналасу ретіне қарай аралап жүр. Сөрелерде  азықтың бірнеше түрі бар.  Асыл бірден кәмпиттер орналастырылған сөреге барды. Ол өзінің жақсы көретін «Маймақ аю» кәмпитін алды. Марат сүт тағамдары орналасқан сөреден сүт,  айран, ірімшік алды. Балалар келесі сөреден шұжықтың бірнеше түрін таңдап алды. Көкөніс, жемістер бөліміне барып пияз, картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, алма, алмұрт сатып алды. Марат  пен Асыл бар керектерін бір дүкеннен алғандарына қуанды. Есте сақтаңдар! Үстеу       Іс­ әрекеттің мезгілін, мекенін, сын­ қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейді.    Үстеулер  қашан?  қайда?  қалай? қанша?  қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.  Мысалы: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келеді.   3­ тапсырма. Мына үстеулерді екі топқа бөліңдер (түбір, туынды)  төмен, кейін, әдейі, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр. 4­ тапсырма. Сөреден, ірімшік,шұжық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар. 5­ тапсырма. Себетте не бар? Сөйлем құраңдар. 3 сабақ Көкөністер дүкенінде Сөздік                                                                                                                         қызылша ­ свекла             үйілу­ много асқабақ   ­ тыква              ығы­ жығы­ суетиться анар      ­ гранат               сөре­ полки                                              1­ тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.                                                                                                                                                                                    ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­ Сіз бүгін қай дүкенге барасыз? ­ ­ Дүкенннен не сатып аласыз? ­ ­ Көкөніс дүкені қай жерде орналасқан? ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.10.2017