Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен бірге кескіндерді де қашықтыққа жеткізу үшін (телевизия) пайдаланылады.
Кескіндерді қашыктыққа жеткізу принципі мынадай. Хабарлағыш станцияда кескін тізбекті электр сигналдарына түрлендіріледі. Содан кейін ол сигнаддар жиілігі жоғары генератор өндіріп шығаратын тербелістерді модуляциялайды. Модуляцияланған электромагниттік толқын хабарды алысқа жеткізеді. Қабылдағышта кері түрлендіру жүргізіледі. Жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістер детектирленеді де, жеткізілген сигнал көрінетін кескінге түрлендіріледі. Қозғалысты жеткізу үшін кино принципі пайдаланылады: бір-бірінен сәл ғана өзгеше козғалыстағы объектінің кескіндерін (кадрлерді) бір секундта ондаған рет береді (біздің телевизияда 50 рет).
лекция 43.doc
Лекция №1
Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен бірге кескіндерді де қашықтыққа
жеткізу үшін (телевизия) пайдаланылады.
Кескіндерді қашыктыққа жеткізу принципі мынадай. Хабарлағыш станцияда кескін
тізбекті электр сигналдарына түрлендіріледі. Содан кейін ол сигнаддар жиілігі жоғары
генератор өндіріп шығаратын тербелістерді модуляциялайды. Модуляцияланған
электромагниттік толқын хабарды алысқа жеткізеді. Қабылдағышта кері түрлендіру
жүргізіледі. Жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістер детектирленеді де, жеткізілген
сигнал көрінетін кескінге түрлендіріледі. Қозғалысты жеткізу үшін кино принципі
пайдаланылады: бірбірінен сәл ғана өзгеше козғалыстағы объектінің кескіндерін
(кадрлерді) бір секундта ондаған рет береді (біздің телевизияда 50 рет).
1сурет
Кадр кескінің электр сигналдар сериясына
түрлендіру иконоскоп (1сурет) жеткізуші
вакуумдықэлектрондық түтік көмегімен жүзеге
асырылады. Иконоскоптан басқа да жеткізуші
қондырғылар бар. Иконоскоп ішіне мозаикалы
экран орнатылған, оған оптикалық жүйенің
көмегімен объектінің кескіні проекцияланады.
Мозаиканың әрбір ұясы зарадталады, оның заряды
ұяға түсетін жарық интенсивтігіне тәуелді. Электрондық зеңбірек тудыратын электрон
шоғы үяға түскенде, әлгі заряд өзгереді. Электрондық шоқ мозаиканың бір жолының, одан
соң екінші жолының барлық элементтеріне ретімен сыпыра түсіп шығады, т.с.с. (барлығы
625 жол). R резистордағы ток күші, ұя зарядының қаншалықты күшті өзгеретініне тәуелді.
Сондықтан резистордың кернеуі кадр жолының бойындағы жарықталынудың өзгеруіне
пропорционал өзгереді.
Телевизиялық қабылдағышта детектирленгеннен кейін дәл әлгіндегідей сиганл
шығады. Бұл бейнесигнал. Ол вакуумдықэлектрондық қабыддағыш түтіктің —
кинескоптың экранында көрінетін кескінге түрленеді. Осындай түтіктің электрондық
зеңбірегі шоқтағы электрондардың санын (яғни сәуле түскен жердегі экранның, жарқылын)
басқаратын электродпен жабдықталған. Хабарлағыш түтікте электрондық сәуле
мозаикалық экранды қалай сыпыра шарлап шықса, дәл осы тәрізді горизонталь және вер
тикаль бұрушы катушкалар жүйесі электрондық сәулені барлық экранды сыпыра шарлатып
шығарады. Хабарлаушы және қабылдаушы түтіктердегі сәулелер қозғалысының
синхрондығы дербес синхрондаушы сигнаддар жіберу арқылы іске асырылады.
Телевизиялық радиосигналдар тек улътрақысқа (метрлік) толқын диапазонында ғана
жіберіледі. Осындай толқындар әдетте антеннаның тікелей көру шегінде ғана тарайды.
Сондықтан телевизиялық хабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды
жиірек орнатастыру және олардың антенналарын жоғарырақ көтеру керек. Мәскеудегі
Останкино телеорталығының мұнарасының биіктігі 540 м, ол радиусы 120 км атырапта
телевизия хабарларын еркін хабарлауға мүмкіңдік береді. Қазіргі кезде бұрынғы кеңес
Одағы телевизиялық желісінде бірнеше мың хабар таратушы станциялар жұмыс істейді,
олардың хабарларын 100 миллиондай телевизиялық қабылдағыштар (телевизорлар)
қабылдайды.
Телевизиялық қабылдаудың сенімді аймағы, әсіресе ретрансляциялық серіктерді
пайдалану нәтижесінде, үздіксіз арта түсуде.
Түсті телевизия барған сайын кең өріс алуда. Түсті кескін алу үшін негізгі түстерге
кескіннің (қызыл, жасыл, көк) сәйкес компоненттері тасымалданатын үш көру сигналының
берілісі жүзеге асырылады.
Біздің елімізде бірынғай автоматтандырылған байланыс жүйесі жасалуда. Ол үшін әр түрлі техникалық байланыс құраддары қолданылатын жана облыстар дамытылып,
жетілдірілуде.
Тіпті бертінге дейін калааралық телефон байланысы тек қана байланыстың ауа
желілері арқылы орындалатын, ал байланыстың сенімді болуына желілерге найзағай мен
мүз қатуының зиянды әсері болады. Осы кезде ондай байланыста автоматтандыру дәрежесі
өсіп, енді кабельді және радиорелелі желі кеңінен қолданылып отыр.
Байланыстың радиорелелі
желілерінде ультрақысқа
(дециметрлік және сантиметрлік) толқындар пайдаланылады. Осы
толқындар тікелей көріну шегінде тарайды. Сондықтан желілер
шағын қуатты радиостанциялар тізбегінен құралады да,
әрқайсысы сигналды көршілеріне, эстафета бойынша дерлік
жеткізіп отырады. Мұндай станцияларда биіктігі 6080 м
діңгектер бар, олар бірбірінен 4060 км қашықтықта тұрады.
2сурет
Ғарыштық радиобайланыс саласындағы жетістіктер
"Орбита" делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде
ретрансляциялық байланыс серігі пайдаланылады (2сурет). "Молния" сериялы байланыс
серіктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағат.
Сібір және Қиыр Шығыс аудандарын телевизиялық хабармен қамтамасыз ететін және
біздің еліміздің алыс аудандарымен телефонтелеграфтық байланысты іске асыруға
мүмкіндік беретін қуатты және сенімді жүйелер жасалынды.
"Радуга" сериялы жаңа байланыс серіктері орбитаға 36 000 км шамасындағы
радиуспен ұшырылады. Осы орбитада серіктің айналу периоды 24 сағатқа тең, сондықтан
серік ылғи да Жер бетінің бір ғана нүктесінің үстінде тұрады.
Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетшдіріліп
жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.
Қозғалмайтын кескіндерді фототелеграфпен жеткізу қай дәрежеге жеткенін мына
цифрлардан көруге болады: жылына фототелеграфией 10 мыңға дейін газет беті
жеткізіледі де, осылардың жергілікті орындарында 100 миллион данадан астам орталық
газеттер басылады. Телевизия біздің еліміздің барлық елді пункттерін қамтиды деуге
болады. Телевизияның бүкіләлемдік болатын күні де онша алыс емес.
Сандық технология. Заман ағымына орай, 2003 жылы сандық технология туралы ең
алғаш рет мәселе Голландияда қозғалды. Жапон мамандары «4000 тармақты жоғары
айқындылықты бейне жүйе» деп аталатын баяндама жасады. Баламалы телевизия ғасыры
аяқталуға жақын. Оның орнына сандық телевизия, ал, онымен бірге интерактивті (ІP TV)
телевизия келді. Келешекте интерактивті телевидение өз пайдаланушыларына басқа да
көптеген пайдалы қызмет түрлерін: бүгінгі интернетке қосылған компьютер мүмкіндік
беретін барлық процестерді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Айталық, ойындар,
радиотаратылым, караоке, анықтамалық ақпарат алу (телефон анықтамалығы, қаланың,
облыстың, мемлекеттің, әлемнің интерактивті картасы; пойыздардың, ұшақтардың ұшу —
жүру кестесі, валюта бағамдары, ауа — райы болжамы), ecommerse және тағы да басқа
осы сияқты интерактивті сервистерді енгізуге уәде береді. Шамамен әр адам өмірінің 23
жылы ұйқыға кетеді, оның ішінде ең кемінде 11 жылы экран алдында өтеді екен Теледидар
– тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал.
Радиотолқындар
Радиотолқындар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.