Компьютерлік графика – суреттерді және 3D моделдерді арнайы компьютерлік программамен жасау, өңдеу, сонымен қатар қоршаған ортаның түрлі фотосуреттерін, бейнелерін өңдеу кезінде программалық жасақтаманы пайдалану.
Графикалық редактор– графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, өңдеуге мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты өңдейтін программа. Графикалық редакторда әр түрлі түспен, қалам және тінтуір көмегімен сурет салынады.
Графикалық редактордың екі түрі кеңінен қолданылады: растрлық (нүктелік) және векторлық.
Пиксель әртүрлі түстерден тұрады. Онда түстер қалай қалыптасады? Компьютерлік графикада түсті қалыптастырудың бірнеше модельдері бар, олардың көмегімен кескінді мониторда немесе басқа электрондық құрылғыда көрсетуге болады. RGB (Red, Green, Blue) түсінің қалыптасу моделіне көңіл бөл, аралық түстер үш негізгі түстердің үйлесімі арқылы қалыптасады: қызыл, жасыл және көк.
Түстер 0-ден 255 дейінгі реңк пен қанықтылық мәндерінде және 0-ден 240 дейінгі жарықтылық мәндеріне ие болады.
Растрлық кескіндерді жасауға арналған көптеген графикалық редакторлар бар. Олар пайдаланушының кәсіби деңгейіне байланысты құралдар жиынтығымен ерекшеленеді.
Растрлық графиканың ең көп қолданылатын программаларының бірі – Paint графикалық редакторы. Paint графикалық редакторы Windows жүйесінің
Стандартты программасына кіреді.
Paint графикалық редакторы – суреттер салуға, өңдеуге, сақтау-ға, қағазға басып шығаруға, растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған редактор.
Paint редакторын іске қосу үшін: Іске қосу (Пуск) ⇒ Барлық программалар (Все программы) ⇒ Стандартты (Стандартные) ⇒Paint командасын орындау қажет.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.