§ 8. Қазіргі заманғы
дербес
компьютердің
архитектурасының
даму үрдісі
Жоспар
Компьютер ұғымы
Компьютер түрлері
Компьютер элементтері және олардың
атқаратын мақсаттары
Компьютер ұғымы
Компьютер (ағылш.
Computer – «есептегіш») –
есептеулерді жүргізуге,
және ақпаратты алдын
ала белгіленген алгоритм
бойынша қабылдау, қайта
өңдеу, сақтау және
нәтиже шығару үшін
арналған машина.
Компьютердің түрлері
Компьютер бірнеше түрге бөлінеді және әр
компьютерге сәйкес арнайы программалық-
ақпараттық құрылым болады.
Компьютер
Дербес компьютер (ДК)
Тасымал компьютер (ТК)
Қалта компьютер
Планшеттік ДК
Дербес компьютер (ДК)
Дербес компьютер -
компьютердің қазіргі уақытта
ең кең тараған түрі болып
табылады.
ДК-дің минимум тізіміне
мыналар жатады:
1. жүйелік блок;
2. монитор;
3. пернетақта;
Тасымал компьютер (ТК)
Тасымал компьютер – жеңіл, ықшам,
жұқа экранды ДК.
Халық арасында тараған аты –
ноутбук.
Ноутбуктардың басты ерекшеліктері
жеңіл салмақтылығында және
көлемінің ықшамдылығында.
Батареямен жұмыс істейді және
жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он
бес сағат аралығына тең.
Қалта компьютерлер
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып
кететін шағын тасымал
компьютерлер.
Жиі жеке сандық көмекші деп
аталады.
Қалта компьютерде
пернетақтаның орнына сенсорлық
экран жаблықталған, оны
саусақпен немесе перамен (қаламға
ұқсас құрал) басқаруға болады
Планшеттік ДК
Бұл тасымал және қалта
компьютерлерінің қасиеттерін
жинақтаған тасымал ДК-лер.
Белгілі операциялық жүйелер
орнатылған:
◦Android (Google);
◦BlackBerry Tablet OS (англ.) (BlackBerry);
◦iOS (Apple);
◦Open webOS (LG Electronics);
◦Sailfish OS (Jolla);
◦Tizen (Intel / Samsung);
◦Windows RT (Microsoft).
Компьютердің элементтері
Кез-келген дербес компьютер келесі құрылғылардан
тұрады:
Қосымша элементтер
Негізгі элементтер
1. Жүйелік блок
2. Монитор
3. Пернетақта
4. Тышқан
1. Принтер
2. Сканнер
3. Модем
4. Ақпарат тасымалдаушылар
Жүйелік блок келесі элементтерден тұрады:
а) Процессор
ә) Басқару құрылғысы
б) Арифметикалық-логикалық
құрылғы
в) Регистрлер (реттеуші тетік)
г) Компьютердің жадысы.
д) Қатқыл дискілер
Монитор
Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын
ақпаратты бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Қазіргі уақытта оның мынадай түрлері қолданылады:
1. Ақпаратты шығару түріне қарай:
◦алфавитті-сандық (алфавитті-сандық ақпаратты ғана бейнелейтін дисплей);
◦графикалық (векторлық, растрлық);
2. Құрылымына қарай:
◦ЭСТ – электрондық сәулелік түтікше негізінде (1-сурет);
◦СК – сұйық-кристалды дисплей (2-сурет);
◦Плазмалық – плазмалық тақта негізінде (3-сурет);
1-сурет
2-сурет
3-сурет
Пернетақта
Пернетақта (Клавиатура; keyboard) – компьютерге
мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған
құрылғы.
Пернетақтада бірнеше түрлі пернелер бар. Оларды
мынадай санаттар бойынша жіктеуге болады:
• Әріптік-цифрлық пернелері : бұлар әріптер мен сандар
пернелері.
• Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі
үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (")
сияқты пернелер.
• Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер,
Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады.
Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-
қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін
басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол
қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді.
Процессор
Компьютердің басты элементі оның миы немесе процессор болып
табылады.
Процессор дегеніміз – корпусқа орнатылған, өлшемі бірнеше квадрат
миллиметр болатын электрондық схема. Ол барлық есептеулер мен
ақпараттық өңдеуді секундына бірнеше миллион операция
жылдамдықпен орындайды.
Компьютер процессордың жылдамдығымен сипатталады.
Процессор жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц)
өлшенеді.
Процессордың құрамына мыналар кіреді:
1. басқару құрылғысы;
2. арифметикалық-
логикалық құрылғы;
3. процессор жадысының
регистері
Процессордың даму
хронологиясы
Шыққан
жылы
Маркасы
1982
1985
1989
1993
1997
1999
2000
2007
2008
286
386
486
Pentium
Pentium II
Pentium III
Pentium IV
Core 2 Quad
Core i7
Тактілік
жиілігі
(МГц)
8-20
20-60
66-100
100-300
300-450
500-1000
1000-3400
2400-2667
2667-3333
Оперативт
і жады
1-2 Мб
2-4 Мб
4-8 Мб
8-22 Мб
16-32 Мб
32-128 Мб
128-800 Мб
8 Гб
24 Гб
Басқару құрылғысы
Басқару құрылғысы компьютердің барлық
құрылғыларының жұмыстарын мынадай
программа бойынша басқарады:
• жадыдан программаның кезекті командасын
және барлық амалға қатысатын сандарды
шақырады;
• оларды арифметикалық-логикалық құрылғыларға
бағыттап, алынған нәтижені жадыға жібереді;
Арифметикалық-логикалық
құрылғы
Арифметикалық-логикалық
құрылғы мәліметтерді өңдеуге
арналған.
Ол арифметикалық және
логикалық амалдарды орындайды
да аралық немесе соңғы нәтижені
еске сақтау құрылғысына жібереді.
Ең алғашқы арифметикалық-
логикалық құрылғыны ойлап
тапқан – Джон фон Нейман.
4-биттік АЛҚ схемасы
Регистрлер (Реттеуші тетік)
Процессор регистрі – негізгі немесе аралық
мәліметтерді, не олардың бөліктерін
сақтауға арналған және машиналық
командаларды орындау кезінде
пайдаланылатын, мөлшері бір немесе екі
машиналық сөз болатын процессор ішіндегі
жады ұяшығы.
Компьютердің жадысы.
Жедел жады
Жедел жады – бұл өзгеретін
ақпаратты сақтауға арналған
құрылғы.
Бұл компьютердің жұмыс
жадысының көлемін, яғни бір
мезгілде орындалатын
программалардың саны мен өлшемін
анықтайды.
Жады энергияға тәуелді жұмыс
істейді. Компьютер өшірілгеннен
кейін ондағы ақпарат жойылады.
Компьютердің жадысы.
Қатқыл дискілер
Қатқыл дискілер – бұл ЭЕМ-ныда (электрондық
есептеуіш машина) ақпараттарды, программаны
және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған
құрылғы.
Бұл дискілер жиі винчестер деп аталады.
ДК-де қатқыл дискілер жүйелік блокта орналасады.
Винчестер бір немесе бірнеше маталл дискілерден
тұрады.
Қатқыл дискіде қозғалтғыш оқу/жазу бас тетігі мен
электрониканы басқару құралы бар.
Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне
сыйымдылық, беріктілік, өнімділік жатады.