Ө р м е к ш і т ә р і з д е с т е р к л а с ы п р е з е н т а ц и я с ы с а б а қӨрмекшілер тәріздес класы
Сабақтың тақырыбы:
Өрмекшітәріздестердің
жалпы сипаттамасы
және көптүрлілігі
Мақсаты:
• Өрмекшітәріздестерге сипаттама бере
отырып, олардың құрылысы, қоректенуі,
тыныс алуы, көбеюі туралы түсінік беру.
1 кезең “Ұйымдастыру”
• Оқушылармен амандасу, түгендеу.
• Сабақты қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік
жасау;
• Сыныпты шаяндар мен өрмекшілер түрлері
арқылы топтарға бөлу;
• Психологиялық тренинг: шаттық шеңбер арқылы
бірбіріне тілек айту;
• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасы “Топпен талда”
• 1.Шаянтәрізділердің қандай түрлерін
білесіңдер?
• 2.Олар немен тыныс алады?
• 3.Шаяндардың көкірегінде неше жұп
аяқтары бар?
• 4.Олар қалай зәр шығарады?
• 5.Олардың ұзын мен қысқа мұртшасы
қандай қызмет атқарады?
• 6.Олар қандай жерлерде мекендейді?
2 кезең (білу)
• 1.Өрмекшіні әдемі деп айтуға келе ме?
Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде
қандай ассоциациялар қалыптасады?
2.Неліктен адамдарда өрмекшілер
жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?
3.Әрқайсыңызға өрмекші қандай
жамандық көрсетті? Қолдарыңызды
көтеріңіздер.
4.Өрмекші жайында не білгілеріңіз
келеді?
3 кезең (түсіну)
• Арахна жайындағы аңыз
Ежелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.
Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі
өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі
болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.
Әй, Паллада, …
Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,
Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,
О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түкке
тұрмас,
Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,
Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна!
Айтқанындай Арахна Афинаның кілеміне парапар келетін кілем тоқып шығыпты. Бірақ оның
құдайларды сайысқа шақырған такаппарлығы, өркөкіректігі үшін, Афина оның шеберлігін
мойындамай, Арахнаны жазалайды.
Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,
Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.
Бәрі сенен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.
Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:
Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді.
Міне осындай аңыз. Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан.
Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады.
Өрмекшілердің көптүрлілігі
Мәтінмен жұмыс
• 1.Өрмекшілердің тіршілігі,
құрылысы
• 2.Олардың тыныс алуы,қоректенуі,
дамуы
• 3.Өрмекшілердің көптүрлілігі,
тыныс алуы, зәр шығаруы,көбеюі
4 кезең (қолдану)
Дұрыс жауаптарын (+.) жауаптарымен белгілеңдер
1) өрмекшілердің денесі баскөкірек және құрсақтан тұрады .
2) өрмекшілердің дене жабыны 4 қабатты.
3) өрмекшілердің зәр шығару түтігімальпигий түтігі мен сатанбез .
4) жабынында улы, өрмек тоқитын бездері болады .
5) өрмекшітәріздестердің 50 мыңдай түрі бар.
6) барлық өрмекшілер қос жынысты .
7) олар шыбын, көбелек т.б. қоректенеді .
8) өрмекшілерді 4 жұп жүретін аяқтары болады .
9) өрмекшітәріздестер – жыртқыш, паразит .
10) өрмекшілердің қаны қызыл болады .
11) өрмекшілерде ауды аталық өрмекші тоқиды .
12) өрмекшілердің аузы соруға бейімделген .
13) өрмекшілерде жұтқыншақ дәм сезу мүшесі .
14) өрмекшітәріздестерге кене жатпайды.
Дұрыс жауаптары
• 1) +
2)
3) +
4) +
5)
6)
7)+
8) +
9) +
10)
11)
12)+
13)+
14)
5 кезең (талдау)
• 1. Синквейн құрастыру (бес жолды өлең)
1. Зат есім (кім? не? Мысалы: Ана)
2. Сын есім ( қандай? Мейірімді, ақылды)
3. Етістік (не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді)
4.Ойды түйіндеу (Ағайын алтау, ана –біреу )
5.Синоним (Адам)
• 2.Бейнетаспа қарау (өрмекшілер өмірі)
6 кезең (жинақтау)
• Тест жұмыстарын орындау
Тест жауаптары:
1-В
2-В
3-Б
4-Б
5-В
6-Ә
7-В
8-Ә
9-Ә
10-Б
Үй тапсырмасы
• Параграф № 46оқу
• Өрмекшілер тақырыбына реферат
дайындау
Рефлексия
к
е
ы з, б і р т і л
д
л
к і ж ұ
Е