Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации
Оценка 4.6

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Оценка 4.6
Рабочие тетради
doc
чистописание
Взрослым
04.04.2017
Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации
«Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді» Н.Ә.Назарбаев Адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін рухани азық - кітап. Ежелден қоғамдағы кітаптың маңызы мен атқаратын рөлі аса жоғары. Ал бүгінгі техника мен электрониканың дамыған заманында кітаптың маңыздылығы одан әрі арта түсті. «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстан мемлекеттік саясатының басымдығы» екені айқын. Осы бағытты ұстанған республикамыздағы кез келген мәдениет және білім ошақтары жастар бойындағы өнер мен білімді ұштастырып дамытуды басты мақсат етіп отыр. Абай атамыз: «Адамдықтың басты қасиеті – өнер, білімге ұмтылу» деген өсиетін қалдырған болатын. Жас буынның кітап оқу, іздену, танып-білу қасиеттеріне ие болуы маңызды. Сонымен қатар, қазіргі жастардың өз тарихынан, тамырынан қол үзіп қалмауын да ойлау керек.«Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді» Н.Ә.Назарбаев Адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін рухани азық - кітап. Ежелден қоғамдағы кітаптың маңызы мен атқаратын рөлі аса жоғары. Ал бүгінгі техника мен электрониканың дамыған заманында кітаптың маңыздылығы одан әрі арта түсті. «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстан мемлекеттік саясатының басымдығы» екені айқын. Осы бағытты ұстанған республикамыздағы кез келген мәдениет және білім ошақтары жастар бойындағы өнер мен білімді ұштастырып дамытуды басты мақсат етіп отыр. Абай атамыз: «Адамдықтың басты қасиеті – өнер, білімге ұмтылу» деген өсиетін қалдырған болатын. Жас буынның кітап оқу, іздену, танып-білу қасиеттеріне ие болуы маңызды. Сонымен қатар, қазіргі жастардың өз тарихынан, тамырынан қол үзіп қалмауын да ойлау керек.
ERNAR_kitap Мон.doc
Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации Алматинский Полиграфический колледж «Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді» Н.Ә.Назарбаев Адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін рухани азық   ­ кітап. Ежелден  қоғамдағы кітаптың маңызы мен атқаратын рөлі аса жоғары. Ал   бүгінгі   техника   мен   электрониканың   дамыған   заманында   кітаптың маңыздылығы одан әрі арта түсті.  «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстан мемлекеттік саясатының басымдығы»   екені   айқын.   Осы   бағытты   ұстанған   республикамыздағы   кез келген мәдениет және білім ошақтары жастар бойындағы өнер мен білімді ұштастырып дамытуды басты мақсат етіп отыр. Абай атамыз: «Адамдықтың басты қасиеті – өнер, білімге ұмтылу» деген өсиетін қалдырған болатын. Жас буынның   кітап   оқу,   іздену,   танып­білу   қасиеттеріне   ие   болуы     маңызды. Сонымен   қатар,   қазіргі   жастардың   өз   тарихынан,   тамырынан   қол   үзіп қалмауын да ойлау керек.  Өзіндік биік, таза, рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Адам кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап   арқылы   ол   халыққа   жан­дүниесін   ашып,   оң­солын   ажыратады,   сана­ сезімін жетілдіріп, түйсігін оятады, ақылын кеңейтеді. Өз жанынан шыққан еңбекте   автордың     бүкіл   өмір   тынысы,   жүрегінің   иірімдері,   мақсат мүдделерінің бір көрінісі жатады. Кітап – барша ғылымдардың бастауы, онда еңбек   те,   бейнет   те,   қасиет   те   бар.   Кітап   біздің   алға   ұмтылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.  Елбасы жыл сайынғы өз жолдауында жастарға кітап оқудың маңызы мен қажеттілігіне   тоқталып   өтеді.   Н.Ә.   Назарбаев   жастардың   кітапқа   деген қызығушылығын арттыруды ешқашан да кейінге шегеруге болмайтынын баса айтты. Жастарды кітапты аялап, құрметтеп, кітапқа адал болуға шақырады. Классик   жазушы   Максим   Горький     өз   бойымдағы   барлық   ең   жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын деп өтті. Т. Хейердалдың «Ақылды кітап адамзаттың болашаққа қарап ілгері басқан жолында, қандай да болсын кедергіні жеңуіне көмектеседі» деген тамаша сөзі бар. Кітап біздің ең сенімді досымыз.   Одан   бар   сырымыз   бен   сұрағымызға   жауапты   таба   аламыз. Сондықтан, кітапты аялайық, қастерлейік, кітапқа адал болайық!  Ғылыми жаңалықтар әр он жыл сайын шамамен екі есе артады және әлбетте   мағлұматтар   да   олармен   қоса,   бірнеше   есе   артады.  Бұл   көп мағлұматтардың әлемде миллиондаған тұтынушыға жеткізілуі үшін жоғары жылдамдықты   арнайы   байланыс   жүйелері   қажет.   Жер   серіктері,   интернет, радио, теледидар, басылымдар және кітап секілді құралдар әлемнің түкпір­ түкпіріне   бұл   мағлұматтарды   жеткізудің   міндетін   атқарады.   Бірақ   қазіргі әлемнің ғылыми және технологиялық дамуының жылдамдығы сонша артқан, бір ғылыми жаңалық және оны қолдану уақыты күннен күнге азаюда. Өткен шақта, бір үлкен жаңалықтың қоғамдық қолданысқа айналуына 150 жыл уақыт керек еді, бірақ ХХ ғасырдың соңғы жылдары бұл уақыт өте азайды. Интернет желісі арқылы мақалалар да, кітаптар да жазылып, оқылып жатыр. Бірақ, біздің байырғы заманнан келе жатқан әдеби мұра – кітаптарды оқитын азаматтар жоқтың қасы. Заманның дамығандығы соншалық, қарапайым, бірақ, ұлы нәрселерге қызығушылық жойылуда. Досынның   шексіз   болғаны   қандай     бақыт!   Жабыққанда   жұбатар,  қуанғанда   сол   қуанышты   өзіңмен   бөлісер   жанды   қашанда   іздейсің.   Шын жанашырыңа   бар   сырыңды   ақтарып,   бірге   жылап,   бірге   күліп,   мәңгі ажырамасқа   серт   етесің.   Бірақ   біз   қанша   тырыссақ   та,   әйтеуір,   күндердің күнінде сол достық жолының екіге бөлінетіні анық. Немесе бұрынғыдай жиі­ жиі көрісетін сағым мезеттер артта қалып, тек қана сирек келетін сағыныш хаттарына жұбанатын сәттер де болады... Дегенмен, сені мәнгі қолдап, қол ұшын   беретін,   сені   түзу   жолға   салып,   жол   сілтейтін,   сені   ешқашан ренжітпейтін, өзімен бірге қызықтырып, кейде, тіпті жылатып та алатын шын досыңның  барын ұмытпаған жөн. Ол кім дейсіз бе? Жоооқ. Оның жаны жоқ. Бірақ жаны жоқ болса да ол – бір күні одан теріс айналып, жалғызсыратып тастап   кетсең   де   саған   өкпелемейтін...сені   еш   алдамайтын   дүние...сенің рухани байлығың – кітап. Кішкентай ғана данышпан... Қазіргі кезде кітап басып шығаратын баспаханалар өте көп. Дегенмен, сол   баспаханаларда   маман   болып   жүрген   баспагерлерді   дайындайтын   оқу орны   біреу   ғана.   Қазақстан   бойынша   полиграфиялық   өнімдерді   басып шығаратын мамандарды даярлайтын жалғыз колледж – Алматы полиграфия колледжі.   Бұл   колледждің   тарихы   тереңде   жатыр.   Сонау,   40   жыл   бұрын іргетасы қаланған  кәсіптік лицей бүгінде республиканың білім ордаларының арасында орнығып, бекем оқу орнына айналған. Соңғы жылдары полиграфия саласына   сұраныс   жоғары,   қызығушылық   та   артып,   өндіріс   орындары көбейген.   Алматы   полиграфия   колледжінің   өзінен   жыл   сайын   бірнеше түлектер   жұмысқа   шақырылады.   Полиграфия   саласында   мықты   мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны оқу­тәжірибеге қажетті барлық машиналармен, аппараттармен жабдықталған.

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации

Роль книги в сохранении духовного наследия и повышения интеллектуального потенциалаи нации
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017