Сабақ жоспары
Оценка 4.9

Сабақ жоспары

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
3 кл
31.03.2017
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз! 3-сынып Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: достық қарым-қатынас әрекеттері, татулық, бірлік Сабақ мақсаты: Балалардың дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; - достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Көнекіліктер: суреттер , сөзжұмбақ, таратпа материалдарТақырыбы: Дос болайық, бәріміз! 3-сынып Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: достық қарым-қатынас әрекеттері, татулық, бірлік Сабақ мақсаты: Балалардың дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; - достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Көнекіліктер: суреттер , сөзжұмбақ, таратпа материалдар
Өзін-өзі тану 3-сынып Дауенова Г.З.doc
Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы ОЖББМ. Күні: 20.12.  № 15 Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз! Құндылық:  Дұрыс әрекет   Қасиеттер: достық қарым­қатынас әрекеттері, татулық, бірлік Мұғалім: Дауенова Галима Зинатуловна   Сынып: 3  Оқушылар саны: 15 Сабақ мақсаты: Балалардың дұрыс әрекет   құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері:       ­ татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын  түсіндіру; ­ достық қарым­қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ­ достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру кезеңі.  Сабақ барысы: 5Т ережесін еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. 2.Сабақтағы жағымды күйге келу Тыныштық сәті:            “Нұрға бөлену” Ресурстар: (материалдар, дерексөздер) Интербелсенді тақта қолдану  ­Activztudio,  үнтаспа, оқулық,  сөзжұмбақ, достар  қалташасы, қоқыс  жәшігі, гүл  гүлтелері Ескертулер (әдісі, уақыты) 3 минут            Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ   ­   қолыңызды   айқастырмаңыз.   Қолыңызды   тізеңізге   немесе үстелге   қоюға   болады.   Көздеріңізді   жұмуларыңызды   өтінемін. Елестетіп   көріңіз:   Күн   нұры   сіздің   төбеңізден   өтіп,   кеудеңізге қарай   бойлап   барады.   Кеудеңіздің   орта   тұсында   гүл   түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен   тілек   ­   қалауыңызды   шайып,   жүрегіңіздің   қауызын   ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол   біртіндеп   күшейе   түсуде.   Оймен   осы   нұрды   қолдарыңызға түсіріңіз.   Сіздің   қолдарыңыз   нұрға   бөленіп,   сәуле   шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Бойыңыздағы осы нұрды барша адамдарға­туыстарыңа, таныстарыңа   бағыттаңыз,өйткені «Сіз Нұрсыз! Сіз Нұрлысыз!». достарыңа,   3.Үй тапсырмасын тексеру  Ө. Тұрманжанов «Күштісің енді сен»,­ деді   өлеңі          1. Бірінші бала неге жылады? 2. Тасты неше бала көтерді? 3. Осы мәтіннен өзіңе қандай үлгі аласың?  4. Балалар алға қойған мақсатқа қалай жетті?  5. Мәтіндегі балаларды неліктен шынайы достық деп айтмыз?  6. Өз өміріңде бірлесіп жасаған істерің туралы айтып берсеңдер? 4. Дәйек сөз.   «Татулық­ достық кепілі»                                          Халық даналығы тақтада жазылып   тұрады   5. Әңгімелеу (мұғалімнің сыйы) Әңгімелеп айту Өздігінен өзі       Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік   алдын   тазалауға   кіріседі.   Көрші   үй   жаққа   қарап   еді,   үйге барар жолы жасалынып дап­дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден   жарты   сағатқа   ерте   тұрады.   Далаға   шығып   қараса, көрші   үйдің   есік   алды   баяғыдай   тазаланып   қойылыпты.   Үшінші күні   болса,   қар   кешегіден   де   көп   жауған.   Бірақ   бұл   жолы   да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып   қойылғанын   көреді.   Көршісімен   кездескен   сәтте, Арман   тура   сұрайды:   «Сен   есік   алдындағы   қарды   қалай   ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап­таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп­кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен­ өзі тазаланып, осылай болады», – дейді. 6. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ­топ» Сұрақ:Көршісінің есігінің   алды   неге тап­таза болып тұрады екен? (өйткені,достары көп)   Әуенмен   қимыл­ қозғалыс 7. Шығармашылық жұмыс: 1­тапсырма ұжымдық 1. Д а 2. О й ы н р ы н 3. а С ы қ у 4. Т ә ғ Ы м 6. Қ ы с 5. с о е л с і з д і к 1.Ерекше қабілетті адам (дарын) 2.Қызығына тоймайсың (ойын) 3.Сүйек ойыны (асық) 4.Елдігімізді білдіретін мереке (тәуелсіздік) 5.Қыста сойылатын мал (соғым) 6.Ұстасаң қолың тонады    Бұл қай кезде болады? (қыс) 2­ тапсырма топтық жұмыс ­ «Шынайы достық» ­Алдарыңдағы   гүл   күлтелерінде   түрлі   сөздер   жазылған,   соның ішінен   шынайы   достықты   білдіретін   адамгершілік   қасиеттерді, достығымызды әрі қарай нығайту үшін ішінен тауып, мына қалтаға жариялап отырып салайық.  (салады) ­Ал қандай сөздер қалды? Осы ешкімге ұнамайтын сөздерді мүлде жүрегімізден   шығарып,   жыртып­жыртып   қоқыстарға   арналған жәшікке тастаңдар Мұғалім:­   Шын   достар   уәдесінде   тұрады,   ойындары,   сөздері жарасады,   бір­бірін   ренжітпейді,   қуантқысы   келеді,   бір­бірінің көңіліне   қарайды.   Осы   айтылғандар   татулық   белгісі,   сондықтан шын   достыққа   татулық   арқылы   қол   жеткізуге   болады.   Бүгінгі дәйек сөзіміздің мағынасы да осында  Барлығымыз бірге дәйексөзді айтып жіберейік­  «Татулық­ достық кепілі» 8.  Топпен ән айту.  Біз өмірдің гүліміз                                               Сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев                                      Әнін жазған Б.Ғизатов қоқыс тастайды   жәшігіне ұлдар­1­сөзін, қыздар­соңғы сөздерді айтады және керісінше Зеңгір көктем  Нұрын төккен  Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдары өскен Біз өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа  Шақырады әніміз. Тыныштықта, Нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз. 9.   Үйге   тапсырма:  «Менің   достарым»   тақырыбында   қысқаша әңгіме жазып келу. 10. Қорытынды: Тынышталып дем аламыз. Бүгінгі сабақтан алған жақсы   әсерлеріңді   жүректерінде   сақтап,   өмірде   қолдана   білуге шақырамын. Сабақ аяқталды. Баршаңызға рахмет!

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017