• 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
• 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
• Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар.
ән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.
санды 7 ге кобейту жане болу.doc
Уақыты: 15.12.09
Класс: 3 «Ә»
Мұғалім:
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Санды 7ге көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты:
7ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7ге
бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай
отырып, 7ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен
байланыстыра отырып, ойөрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен
әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге
баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдістәсілдер: түсіндіру, сұрақжауап, ізденушілік, ойансұрақтар.
ән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге
Сабақ барысы
1.Алғашқы ұйымдастыру.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз,
Ш уайымды білмейміз!
сәтт»лік!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың
дәптерлерін жинап алыптапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы
есеп береді.)
Санды 6 ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша
есептеулер.
« Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
8163
6*3 = 18
4569 6*9 = 54
8864 6 *8 = 48
2504 5*4 = 20
Басқа қандай теңдіктер шығарып алуға болады? Енді мынадай
сұрақтарға жауап беріп көрейік:
Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды екен. 6 күнде шамамен қанша
адым жасайды? 30 000*6= 180 000 Еңбекқор жәндікті білеміз бе? Иә, құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді
жердің астына тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы
мүмкін?
6 * 20 000 = 120 000
Ал , осы 6 цифры туралы не айтар едіңдер? (өлең, мақал, мәтіннен
үзінді)
3. Сабақтың мақсатын хабарлау .
Балалар, бүгін санды 7 – ге көбейту, бөлу жағдайларын
қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері
болмақ:
Адамның басшысы ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
Сынаушысы халық..
Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой
елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ,
мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам
қазақ 7 санын – киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз
емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?
Негізгі түсінік
Оқушылар 7 санына байланысты өз
білетіндерін жазады.
Қосымша түсінік
Жеті нота – жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.)
Жеті
күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі)
Жеті нан пісіру.
Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран
бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Ата, бала,
немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
Жеті қарақшы
Жеті керемет ( Египет пирамидасы, Вавилон аспалы бағы, Зевс
мүсіні, Родос алыбы, Александрия манары, Артемида храмы,
Галикарнас мавзолейі), Тәуке ханның 7 жарғысы, Жетіген аспабы,
Жетісу, Жеті ғалам, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк,
жеті қат жер, т.б. Ал өздерің 7 цифрына байланысты не айтар едіңдер? (балалар
жауабы)
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер, ел –
жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер
көп емес».
4.Түсіндіру.
Көбейту дегеніміз бірдей қосылғыштардың қосындысы.
7*7 = 7*6+7 = 49
7*8 = 8*6+8 =56
7*9 =9*6+9 =63
7*10 =10*6+10 = 70
49 – болмасын соғыс.
56 – оқы есеп шартын.
63 – жинап алдық бойға күш.
70 – біз бітірдік үлкен іс.
Бөлу амалымен өрнек құру.
49:7 =7
56:7 =8
63:7=9
5. Оқулықпен жұмыс.
87 – бет.№2 Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
1тонға – 7тері
7 тонға ? тері 63 тері 7құлақшынға ? тері ? тері
Қалғаны? тері
Ш: 63 – 7*7 = 14
Ж: Шеберханада 14 тері қалды. Ж: Барлығы 26 тері.
Қалды – 12 тері
Ш: 7*2+12 =26
1 құлақшынға – 2 тері
Ұқсастығы теріден тігіледі, 2 амал.
Айырмашылығы тон – құлақшын, қалғанын – барлығын табу.
№3. Өрнектер құрып, мәнін табу. Тақтада талдана отырып 4 оқушы
шығарады.
9*7 =63
63:9 = 7
63: 7=9
7*9 = 63
№4 ауызша орындалады. Қай өрнектер 7 – ге көбейту кестесінде
кездеседі?
6.Сергіту сәті «Компьютер ойнайық».
3
5
4
Х 6
8
7
№6. Математикалық диктант түрінде орындалады.
7 – ге 21 мен 7 – нің бөліндісін қос.
7 мен 21 – дің қосындысын 7 есе кеміт.
7 –ге 49 бен 7 –нің бөліндісін қос.
№7. Көрнекілік арқылы орындалады. Қандай сандардың көбейтіндісі 24 –
ке тең болады?
4*6
222224
8*3
24
12*2
24*1
7.Шығармашылық тапсырма:
Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? – деп сұрады. Атасы : Егер менің
жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 –ге кемітсең, 2 шығады. Менің
жасым нешеде екенін таба ғой, депті. Талғаттың атасы неше жаста?
Х : 7 – 7 =2
Х : 7 =2+7
Х : 7 =9
Х = 7*9
Х = 63 Ж: Атасы 63 жаста.
8.Сабақты қорытындылау:
Негізгі түсінік
Қосымша түсінік Оқушылар
жаңа ұғымдарын жазады.
сабақта алған
Қадір Мырзалиевтің «Жеті» өлеңін оқу.
9.Оқушылар білімін бағалау.
10. Үйге тапсырма: №5 мысалды орындау, 7 – нің көбейту кестесін
жаттау
3 – класта математика пәнінен ашық
сабақ
Тақырыбы: « 7 – ге көбейту, бөлу»
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Санды 7-ге көбейту, бөлу. 3 - сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.