Б ұ л ж и н а қ т а қ ы с м е з г і л і н д е г і ұ й ы м д а с т ы р ы л атын бақылаулар жинақталған.Қыс
Қыс
1: Ауарайын бақылау.
Бақылау
Жансыз табиғатта балаларға қыс жөніндегі өзгеріс туралы түсінігін
қалыптастыру.
Желтоқсанда ең қысқа күн, күннің көзі сирек қонақ, ауарайы
бұлыңғыр, жиі қар жауады, бірақ ол ерімейді. Бірақ қар терең емес, одан
түскен жапырақтар және құрғақ өсімдіктер көрінеді. Ауаның температурасы
нөлден төмен.
жылытпайды, ең күшті аяздар тұрады, барлығы қармен жабылған, ағаштарға
қырау тұрады.
Қаңтарда күн көбейеді,айқын жарқырайды, бірақ күннің көзі
Ақпанда күшті жел соғады, боран болады: ақпан айының соңында күннің
қосылғаны байқалады, ең алғашқы мұздар пайда болады, күннің көзі жан
жағына шуағын шашады.
Қыс табиғатының әсемдігіне, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге талаптандыру.
Жаңылтпаш
Қыс қыспаса қыс па,
Құс ұшпаса құс па?
Ырым
Қыс жылы болсажаз салқын болады.
Өлеңдер
«Қыс» А.Құнанбаев.
Қимылды ойын.
«Кегліні құлат»
Кегліні құлата отырып, клюшка көмегімен нысанаға шайбаны лақтыра білуді
бекіту. Белсенділікке тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан демалыс орнын тазарту.
Өзінің ісәрекетін жолдастарының ісәрекетімен келістіру, ұжымда
тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету.Еңбек ету ынтасына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
«Ауарайы»сөзіне анықтаманы ірікте»
(Қарлы, аязды, суық,күн шуақты, желді және т.б.)
Тапсырма. Балаларға қар бетінде жүріп өтуді және аяқ астында қалай
сықырлайтынын тыңдауды ұсыну.
Өз бетінше ісәрекетіӘр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.
2. Қар басуын бақылау
Бақылау
Балаларға қар басуы жөнінде түсініктеме беру. Қар басуы кезінде бұлттардың
пайда болатынын түсіндіру, айнала қараңғыланады және қар түсе бастайды;
аспаннан жапалақтанған тасқыны ұшқандай сезіледі (ұлпа, ақ, жеңіл).Жан
жағымыз қозғалысқа толған және тыныштық .Қар, жүн көрпесі секілді, жерді
қымтайды.
Қар кесектелген немесе жеке қиыршақталған секілді жауып тұр ма, соны
ажырата білуге үйрету. Сөйлей білуді, ойлауды, елестетуді дамыту.Жансыз
табиғаттың құбылысына қызығушылығын тәрбиелеу.Ауарайы әсемдігіне
эстетикалық қарымқатынасты тудыру.
Жұмбақ.
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер.
(қар)
Болжау
Қар түссекүн жылынады
Жаңылтпаш
Қыста боран борар, қар борар,
Қыздар шәлі орамал оранар.
Өлең.
«Алғашқы қар» А Оразақын.
Қозғалыстағы ойын
«Қармен аулау білу»
Балаларды қардан айналудан,(ортада) шектелген алаңнан қозғала білуге
үйрету.Нысанаға қарды ата білуге бейімдеу. Ойын ережесін айқын орындауға
үйрету.
Еңбек қызметі
Қардан қарлы дуал жасау
Өз бетінше шана, жәшіктер, ағаш күректер дайындау.Қоғамдық жұмыс
уақытында бірбіріне кедергі келтірмеу.Қиыншылықтарды жеңе білу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
« Қар қиыршықтарын қарастыр»
Тәжірибе.балалар қар қиыршықтарын қарастыруда.
Қорытынды. Барлық әр түрлі қар қиыршықтарында сәуле саны бірдей.
Қармен тәжірибе.Стаканға қар салып топқа алып келу.Балалардың қардың қасиеті жөніндегі ойларын ұлғайту және дамыту.Өз
бетінше қорытынды жасауға үйрету. Әуесқойлығын және қызығушылығын
дамыту.
Өз бетінше ісәрекеті
Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және құруға талаптандыру;
дербестілігін және бастамашылығын көтермелеу.
Бақылау
3.Желді бақылау.
Балаларға қыста желдің суық өткір екенін түсіндіру.
Флюгер түтіннің бағыты ағаш бұтағының қозғалысы бойынша желдің
күштілігін анықтауға болатынын үйрету.
Қысқы желдің жазғы желден ерекше белгілерін ажырата білуге үйрету.
Жұмбақ
Бір нәрсе көрінбейді бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.
(жел)
Өлең.
«Желдің түсі қандай»?» М.Алимбаев.
Қозғалыстағы ойын
«Екі аяз»
Икемділігін дамыту, қозғалыстағы ойынға қызығушылығын арттыру және оны
ойнай білуге үйрету. Өз бетінше рөлдерді бөлу талабына тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан жолды тазарту
Балаларды балабақша ауласындағы жолдарды тазартуға және сыпыруға
үйрету; Еңбек құралдарымен қолдана білуін нығайту, оларды тазалықта және
тәртіпте ұстау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
Тәжірибе. Желдің күштілігін анықтау.
Әр түрлі белгілері бойынша (жел бар ма, күшті, әлсіз) желдің күштілігін
анықтауға балаларды жаттықтыру, қай бағытта екенін анықтау.
Тапсырма. Желдің қалай ысқыратынын тыңдау.
Қадағалауын дамыту.«Жақсынашар»
Табиғаттағы қарамақайшылығын, құбылыстың біркелкі еместігін, жанды
және жансыз өзара байланысын, тілді дамытуды, ойлауды, көре білуге үйрету
(желдің ықпалымен өтіп жатқан өзгерістерді, жағдайларды атау ұсынылады,
жағымды және жағымсыз) .
Өз бетінше ісәрекеті
Балалардың ойында бірбірімен араласа білуін, өз әрекетімен қылықтарын
білдіре білуін, өз пікірінде тұруын жетілдіру; өз қатарының ұсынысымен
келіспеушілігін көрсете білуін дамыту.4.Аспанды бақылау.
Бақылау
Балалардың көк аспан жөніндегі ойпікірлерін байыту (таза, тұтастай
бұлттармен жамылған). Аспан қыс басында тұтастай бұлттармен жамылғанын
атап өту. Қыс аяғында айқынкөк, өте әдемі болады.
Балалардың жансыз табиғат жөніндегі пікірлерін ұлғайту.
Жұмбақ.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
(аспан)
Қозғалыстағы ойын
«Ұйымдастырушылар»
Бірбірінің қолдарын алып, шеңбер бойынша қозғала білуге үйрету; спорттың
көрсетудегі қозғалыс түрі бойынша шеше білу және оны атау. Ойынға
қатысуға ынтасын тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Бақшаның қатарларын қармен толтыру.
Жүйекте өсетін өсімдікке құрметпен қарауға және нақты қызығушылыққа
тәрбиелеу, еңбек мәнділігін түсіндіру (тұқымның үсіп кетпеуін, көктемде өсім
болмайтынын).Еңбек ету талабына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
«Жұмбақты шешу»
Қыста жансыз табиғат жөніндегі білімін балаларға нығайту,ойлауды,
шығармашылық белесті дамыту.Өз бетінше ісәрекеті
Табиғат жағдайын есепке ала, дәлізде сабақ және ойын үшін жағдай құру.
Жағымды тәртіпті қалыптастыру.
5.Күннің көзін бақылау.
Бақылау
Қысқы мерзімде күннің көзін бақылауды жалғастыру.
Қыс басында күннің көзі сирек қонақ екенін атап өткен жөн (бұлыңғыр,
бұлтпен жабылған, жоғары көтерілмейді, жылытпайды). Қыстың ортасында
күннің көзі айқын, жоғары көтеріледі, бірақ жылытпайды. Қыстың аяғында
күннің нұры жылулық шашады, күннің көзі жоғары,күн ұзарады. Қадағалауды,
әуесқойлықты, көңіл бөлуді дамыту; жансыз табиғат құбылысы жөніндегі
білімін нығайту. Таңертең,күндіз және кеш бейімделуі бойынша күннің көзі
жолдарын ажырата білу. Күннің жоғары тұрғанына көңіл бөлу керек.
Жұмбақ.
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
(күннің көзі)
«Хоккеистер»
Қозғалысты ойынды өз бетінше ұйымдастыруға бейімдеу, топқа бөліну, ойын
тәртібін сақтау. Балалардың бірбірімен араласа білуін жетілдіру.
Еңбек қызметі
Қар тоқтатуға дайындық. Жөндеу
Тәрбиешімен балалардың бірігіп еңбектенуіне тәрбиелеу. Еңбек мазмұнын
ұлғайту, әр баланың еңбекке жүйелі қатысуын қамтамасыз ету.Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
«Күннің тұрған жағдайы және биіктігі анықталды»
Нақты өлшем көмегі кезінде балаларды күннің тұрған жағдайын өлшеуге
үйрету.
Өз бетінше ісәрекеті
Тұрақты балалар бірлестігін нығайтуға талаптандыру.
Дербестілігін және бастамашылығын көтермелеу.
6. Терең қар жамылғысының тереңдігін бақылау.
Бақылау.
Балалардың көңілін бөлімшенің қай жерлерінде қалың қар жатқанына
бөлу.Балаларға қаншалықты терең екенін білуін ұсыну.Ұзындығының шартты
өлшемімен адамдар метрді орнатқанын түсіндіру.Балаларға метрді көрсету
және әр жерде қар жамылғысының тереңдігін өлшеу; қалың қарды күрекпен
кесу, қардың қалыңдығымен бөлігіне көңіл бөлу.
Жұмбақ.
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көктеде емес жерде де емес
Жігіттер көңіл қойып ойлаңыздар.
(жауған қар).
Қозғалыстағы ойын
«АязҚызыл мұрын»
Алаңның қарамақарсы жағына жүгіруді нығайту, ойын тәртібін сақтау
(қолың тиген жерде қатырып тастаған жерде тоқтайды).Ойында достықты
және өзара көмекті көрсету.
Еңбек қызметіГүлзарда қар тоқтатуды орнату
Қар тоқтату жөніндегі пікірді ұлғайту(қарды тоқтатады, жел соққанда),
оларды орнатуда тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орнатуға үйрету,
бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
Ашық орынға қарағанда, неліктен шарбақтар мен қуыстарда қар қалың
болатынын балаларға ойлануды ұсыну.
Қорытынды. Бұл орындарда желмен ұшып кетпей, тұрып қалады.
Өз бетінше ісәрекеті
Қазіргі ойындарда өз құрдастарымен 23 рөлді ұстайтын, ойында бірлесуге
талаптандыру, рөлді бөлу, ойын әрекетін орындау, жалпы ойын барысына
сәйкес әрекет ету.
7. Тайғанақты бақылау.
Бақылау.
Тайғанақтың пайда болу жолдарын түсіндіру. Тез жылынғанда аяз соғады,
одан кейін болатын құбылыс тайғанаққа айналады. Ауа температурасы мен
судың агрегаттық жағдайы арасындағы байланысты түсіндіру. Тайғанақ бұл
мұздың қалың беті, жер қабатында құрылатын. Тайғанақпен қалай күресуді
айту. Тайғанақ кезінде өзін дұрыс ұстай білуді үйрету. Көргені жөнінде айту
және бақылауда ынтасын дамыту.
Қозғалыстағы ойын
«Ұзын жол бойынша»
Мұз жолы бойынша тайғанақтау кезінде тепетеңдікті сақтауды үйрету.
Жарыстарға қатысуға тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Жолға құмды төгу
Жолға құмды төгуде еңбектің мәнділігін балаларға түсіндіру. Өз еңбегінің
нәтижесінен қанағаттанушылық сезімін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер
«Өлі табиғаттың қысқы құбылыстарын ата»Табиғаттың қысқы құбылыстары туралы балалар білімдерін анықтау.
Тапсырма. Түрлітүсті мұздықшаларды қарау.
Мұз сипаты туралы балалардың түсініктерін бекіту (аязда су мұзға айналады,
мұз қатты, тайғақ,мөлдір, нәзік).
Өздігінен қызмет.
Ойын кезінде балалардың бірбірімен қарымқатынасын жетілдіру,
құрбыларының қылықтарына өз көзқарастарын білдіру, өз ісқимылдарымен
амалдарын негіздеу.
8.Ағаштардағы қырауларды бақылау.
Бақылау.
Қыраудың пайда болу процесі туралы түсінік беру. Қар еріген кезде, күрт
суық түскен және ауарайы жылыған кезде айналаны қырау басқаны туралы
балалардың назарын аудару, ағаштарға, орындықтарға және басқа заттарға.
Қырау – бұл мығым шық. Түнде жердің үстіндегі ауасы салқындайды.
Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға
айналып мұзды кесек болып қатады және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі
қысқы құбылыстарын көру, қысқы қардың сұлулығына тандануға балаларды
үйрету.
Ырымдар.
Желтоқсанда қырау мол болады, қар көп түседі, суықтар күшейеді мол егін
орылады. Ағаштарға қырау тұрса аспан көк болады.Түнде қырау болса күндіз
қар жаумайды.
Қозғалыс ойындары.«Бірінші бол»
Белгі бойынша ісәрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз
орнына тұру) және қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет
отырыптұру және т.б) жылдам және еппен ісәрекет жасау.
Еңбек қызметі
Жолға су төгу үшін қарды нығыздату.
Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету;
ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбылар
әрекеттерімен келістіруге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер
Тапсырма. Күн шыққан кезде ағаштардың қырау жамылғанын көру. Күннің
көзінде қырау жылтырайды.
«Қырау» сөзіне эпитет таңда.
Эпитеттерді таңдауға үйрену, балалар сөздігін байыту.
Өздігінен қызмет.
Балалар ойындарының тақырыбы мен мазмұнын жетілдіру және байыту; өз
пікірін айтуын жетілдіру, өз құрбылары пікірлерімен келіспеу, олардың
рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын
жетілдіру.
9. Шыныдағы қарды өрнектерін бақылау, қадағалау.
Бақылау
Шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру.
Жылы сулы булар салқын терезелер шыныларына отырып бірбірімен
біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау
бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және
құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Жұмбақ.
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).Ырым.
Егер терезелердің екі әйнегі де буланса аяз күшейе түседі.
Қозғалыс ойындары.
«Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халық ойыны) «Қасқұлақтан» тығылып алаңда
бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол
адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті.
Ойында өз әрекеті мен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Еңбек қызметі.
Жолға су құю.
Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құюды үйрету. Еңбек етуді
тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
«Шыныдағы қысқы ертегі»
Балалардың шағын ертегіні құрастыруда талаптануын мадақтау, көргендерін
айта білу (керемет жапырақтар, ғажайып гүлдер, өрнектер). Алдын –ала
болатын қызметке қызығушылығын арттыру.
Өздігінен қызмет.
Ойында өз әрекетімен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
10. Бұрқасынды бақылау.
Бақылау.
Бұрқасын туралы түсінікті қалыптастыру. Қатты жел, бұрқасын болған кезде
аязды ауа соғады да, жүру қиындайды, бұлт күнді жауып әрбір жерде қарлы
бұрқасын соғады.
Егер қар құйындатса – бұл табиғат құбылысы бұрқасын болып аталады.Мақал.
Бұрқасын мен қарлы боран ақпанға келіп қонды.
Ырым.
Қыста бұрқасын болсажазда жауыншашын болады.
Қозғалыс ойыны.
«Қарлы әткеншек»
Берілген қарқында қолдарынан ұстап шеңбер бойынша жүре білуін бекіту
(жылдам, баяу, басқа жаққа және т.б.). Ойында жинақылық пен дербестілікті
тәрбиелеу.
Еңбек қызметі.
Балаларды балабақша ауласындағы телімдерде жолдарды сыпыруға және
тазалауға үйрету. Телімдегі тәртіп пен тазалықтан разылық сезімін
қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
Тәжірибе. Шарбақ. Пен күркелердің маңында омбылар болатынын анықтау.
Қорытынды.Шарбақ пен күркеге жел соққан.
«Бұрқасын кезіндегі өзгешіліктерді ата».
Өз ойларын айта білу, сөзін, ақылын дамыту, білімін бекіту.
Өздігінен қызмет.
Бала қоғамы өмірінің ұйымдастыру формасы ретінде ойынды дамытуына,
бірқалыпты балалық ойын бірлестігінің пайда болуына және нығайтуына,
балалардың өзара қарымқатынастарын қалыптастыруына, сондайақ ойындық
бірлестігінің болуына себеп болу.
11. Бұрқасынды бақылау.Бақылау.
Қысқы табиғат құбылысыбұрқасынмен балаларды таныстыру.
Қатты жел соғып жер үстіндегі қарды айналдырса және шалғайды жаба түссе
бұны бұрқасын деп айтады және балаларға түсіндіру. Егер бұл уақытта қар
жауса және омбылар пайда бола бастаса жолға шығуға болмайды. Адасып
және үсіп кету мүмкін. Бірақ бұрқасын таза күндерінде де қар жаумай да бола
береді.
Жұмбақ.
Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
(боран).
Ырым.
Соғып тұрған бұрқасын емес, аспаннан жауып тұрғанды қар дейді. Егер
күннің жанында тұман болсабұрқасын болады.
«Бұрқасын»
Тізбекте тұру, қарлы құрылғылар арасында жүре білу, тізбекті бұзбай жүру,
білімдерін бекіту, әріптестеріменісқимылдарын келісе білуіне үйрету.
Еңбек қызметі.
Еңбек мазмұнын кеңейту, жануарларды әр сайын күтуін қамтамасыз
ету.Адал еңбек етуге тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
«Бұрқасын қандай?»
«Бұрқасын» сөзіне анықтама беруге балаларды үйрету.
Өздігінен қызмет.
Балалардың өзіндік ұжымын дамыту негізінде қарымқатынастың жақсы
формаларымен топтамаларын пайдалану. Белсенді балалар өз құрбыларының
ынталарын баспауын қадағалау, жасқаншақтарға ұялшақ балалардың
ойнауына көмектесеміз.12 Әр түрлі күн райына қарай қардың өзгеруін байқау.
Байқау.
Жылымық кезінде қар жабысқақ болады, қардан ойыншық аққала істеуге
болатынына балалардың көңілін аудару керек, ал аязды күндері қар
үгітіліп , құрғап тұрғанда ештеңе істеуге болмайды,
Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың қасиеті өзгеретінін байқап
отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру.
Болжау.
Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен
жуын.
Мақалмәтел.
Қыс қандай болса, жаз да осындай.
Ойындар.
«Кім озды?»
Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету. (кім бұрын жылжиды, кім
бұрын озады сол жеңіске жетеді) Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне
қуануға үйрету, дағдыландыру.
Еңбекке баулу.
Ауа райына байланысты қардың өзгеруіне көңіл бөлуді жалғастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе жұмыстары. (қар қандай екенін айт).
Қар туралы балалардың білімін қадағалап, сөздік қорын кеңейту. Қар қалың,
түкті, күн көзіне жарқырайды, жабысқақ, құрғақ.
Тәжірибе. Қардың қасиеттері.
1. Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады.
2. Қарды сумен суарсаң, одан қаршық жасауға болады. Қар дымқыл әрі
жабысқақ,
Қортынды. Бұдан біз қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде
болатындығын байқадық.13. Күннің ұзақтығын байқау.
Күннің ұзақтығын белгілеу., сосын келесі байқауда күн ұзақтығы,
ұзақтығынын артуын белгілеу. Қыста күн әуелі қысқарды, одан соң ұзарады.
Балалардың сөздік құрамын өзінше дұрыс құру, кеңейту, табиғатқа
қызығушылығын арттыру.
Мақалмәтел
Егер жұмыс болмаса, кешке дейін күн де ұзақ.
Болжам.
Желтоқсанда күн өте ерте қараңғыланып, кеш жарықтанады.
Қимылды ойын.
Тарту.
Қалың қар үстінде сақина жасау. Әркім қасында тұрған баланы белгі
бойынша өзіне тартып қалады. Балаларды күшті болуға, шыдаммен ойын
ережесін бұзбауға тәрбиелеу.
Еңбекке баулу.
Ағаштан түскен тұқымды жинау. Еңбек түрін арттыру, әр баланың еңбекке
жүйелі қатысуын қамтамасыз ету.
Дидактикалықө ойындар. Тәжірибе жұмыстары.
«Қыс туралы мақалмәтелдерді еске түсіру»Балалардың қыс айлары туралы
және табиғат көріністері туралы білімдерін біртұтастандыру; Балалардың
халықтық өнерге деген махаббатын ояту.
Өзіндік жұмыс.
Балалардыңойын уақытында бірбіріне деген қарымқатынасын түзету,
қылықтарымен істерін айқындау, өз көзқарасында тұрақты тұру; құрдасының
ойы мен өзінің ойының келіспеушілігін, оның ойыншықтарды, рөлді және
міндеттерді бөлісудегі қимыл ісәрекеттерін сыпайы түрде аңғарта білуін
дамыту.14. Қар жауғаннан кейінгі ағаштардың жайы қандай?
Бақылау.
Қар жауғаннан кейін ағаштың қалпы қандай әдемі екеніне балалардың
көңілін аудару.
Кішкентай ағаштар үшкір дөңгелек тебетейге оранды, кейбір ағаштың
бұтақтары бұғының мүйізі сияқты, кейбіреуі тоқыма жіп сияқты, мақталы шар
сияқты. Балаларды ағашты күтуге үйрету. Қар басқан ағаш бұтақтары
майысып тұрады, ол қалың қарды ақырындап түсіру керек екенін түсіндіру.
Балаларды табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз сөзінен алған әсерлерін
айтуға үйрету.
Мақалмәтел.
Желтоқсанда қыс ақ мамық төсейді. Ал аяз өзен арқылы көпірлер
тұрғызады.
«Ақ аю» (ойын)
Әртүрлі бағытта балаларды жүгіруге, жылдам қозғалысқа үйрету.
Еңбектену бағытында.
Бұтақтарды қардан сілкіп тазарту.Қай ағаш жасырынды, соны тап. Балаларға
ағаштардың әртүрлі екендігін ажыратуды үйрету. Олардың эстетикалық
танымын байыту.15. Ағаш пен бұталарды бақылау (ағаштар: терек, қайың, шырша,
гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана,жұпаргүл, сарықараған, шие)
Бақылау.Балалардың назарын ағаштардың және бұталардың сыртқы түріне
аудару (жапырақ жоқ), жапырақсыз ағаш бұталарының аспан түстес екендігіне
назар аударту. Ағаштың
сыртқы түрлерін ажырата білуге жаттықтыру (ағаштың пішіні, бұтаның
орналасуы, тамырдың түрі мен сыртқы пішіні) ағаштың: терек, қайың, шырша,
гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана,жұпаргүл, сарықараған, шие.
Балаларға аяз кезінде ағаш бұталарының жұмсақ және тез сынғыш болатынын
түсіндіру. Балаларды
ағашқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көркем
сөз. «Қарағай»
Тау баурайы жағалай
Биікбиік қарағай.
Оқтай түзу бойлары,
Шымыр өскен баладай.
Жұмбақ
Жазда жатсаңкөлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рақат табады. (ағаш)
Болжамдар: Егер жаңғақ шыршаның астыңғы жағында өссе ерте суық
түседі деген белгі, егер жоғары өссеқыстың соңы суық болады.
Ағаштан алма толық түспейінше қыс болмайды.
Тақпақ
«Қыс келбеті» М.Әлімбаев
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,Ширатады етіңді.
Қимылды ойындар.
«Шаңғы жарысы» Дыбысқа деген ісәрекетті бекіту (шанада отырып,
аяқпен итеру; ішінен жатып, қолмен итеру).Дене шынықтыру сабағында алған
білімдерін іс жүзінде қолданып, жарыстарға қатысуға ынталандыру. Еңбек
әрекеті
Ағаш және бұта түптеріне қарды үю. Ағаш және бұта түптеріне қарды үю
және еңбектің маңыздылығын білуге үйрету.Жақсы ынтамен еңбектенуге
тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибе.
«Ағаш па әлде бұта ма?»
Балаларға суреттеу арқылы ағаш па әлде бұта ма екенін тапқызу.
Тапсырма. Аязды күндері ағаштың жарылуын тыңдау.
Өз бетінше ісәрекет.
Алдынала ойын тақырыбына келісіп, рөлдерді бөлу, 34 адамнан тұратын
ойын топтарында бастапқы орналастырылған пәндік жағдаяттарды
ұйымдастыру.
16.Құстарды бақылау (сарышымшық, бозторғай, сауысқан, торғай,
көгершін)
Бақылау
Балаларға қыстайтын құстар туралы түсінікті нақтылау және бекіту.
Құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай
ажырата білу( көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың
қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету(сауысқанның қадамы
үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершінде жиі, ұсақ қадамдар
т.б.).Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар
ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады.Құстарды жақсы көріп,
оларға көмек бере білуге тәрбиелеу. Құстарға қыста азық табу қиын
болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін
түсіндіру. Ұяда құстар өздерін қалай ұстайтындарын бақылау.
Көркем сөздер «Қарлығаш»
Ауламызда бау бүрлеп,
Шешек атып жайнайды.
Ақ тамағы бүлкілдеп,
Қарлығаштар сайрайды.
Жұмбақтар
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (қарлығаш)
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,Өнеріне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Неге олай аталады?
Сарышымшыққар түскенде сарышымшық ұшып келеді.
Көгершін «көк» сөзінен шыққан.
Ырымдар:
Сарышымшық үйге ұшып келсежақын арада қыстың түсетіні.
Бозторғай қыста ән салсаонда қар еріп, жер батпақ болады.
Егер торғай шөпке тығылса аяз немесе боран.
Тақпақтар «Сауысқан»
Айналасын бақылап, Сабынды тасып тауысқан,
Көргендерін тақылдап. Бұл құстың аты сауысқан.
Хабарлайтын ол қай құс, Таниды үлкен,кіші де,
Шақшақ етіп шақылдап? Көрсе де оны алыстан.
Қозғалыс ойындары
«Үкі» Ойын барысында өз іс әрекеттерін қарсыластарымен келісе білу
қабілеттерін дамыту.Белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.
Еңбек әркеті
Құстарды тамақтандыру
Қыста құстарға далада тамақ беруге баулу.Берілген тапсырмаға жауапты
болу: өз еңбегіне қанағаттана білу.
Дидактикалық ойындар. Эксперименттер және тәжірибелер.
«Сипатта ,біз шешеміз»
Белгілері бойынша суреттеп, күрделі зат есімдерді қолданып үйрену.
Тапсырма. Қай жыл мезгілдерінде құстар ұясына ұшып келеді? Түрлі құстар
қандай тағамдарды қалайды?
Өз бетінше жұмыс:
Балаларға өз рөлдерін және қарсыластарының рөлдерінің мазмұнын есте
сақтай білуді үйрету; ойын барысында балаларға 23 рөлде ойнауға баулу;
бағыну, басқару, теңдікқарымқатынас ережелерін білу.17.Қардағы іздерді бақылай білу
Бақылау
Қарда түрлі іздердің қалатынын, соның ішінде құстардың ізі ерекше
болатындығын айыра білу: құстардың ізі крест сияқты, әр құс әр түрлі із
қалдырады; адамның да іздері әр түрлі, түрлі жақтарға бағыттайды:
машинаның ізі де әр түрлі және т.б. Жансыз табиғат жайындағы білімін бекіту;
балалардың сөйлеу тілдерін дамыту.
Көркем сөз
Ойын ойнап ,міне біз,
Қыс қызығын көреміз.
Шанаға да мінеміз,
Шаңғыны да тебеміз.Жұмбақ
Мен кетемін, ол қалар. (із)
Тақпақтар « Алғашқы қар» Т.Мұратұлы.
Көктемгі шие гүлі ме, Қарғалар көкте жай ұшып,
Сала ма еске мақтаны. Бірінен –бірі озбайды.
Қар жауып тұрды түнімен, Ағаштар үнсіз майысып,
Күн шыға барып тоқтады. Сынып бір кете жаздайды.
«Қар», Т.Шопашов
Жауды,міне,қар аппақ, Қазақ жерісәніміз,
Қазақ жерібағымыз. Мәуесі мол бағымыз.
Қойнауынан мөпмөлдір, Саясында жетілер,
Сусындайды жанымыз. Балдай бала шағымыз.
Қозғалыс ойындары
«Нысана» Оң және сол қолмен желдетіп, көздеп лақтыру кезінде қалыпты
жағдайды сақтай білу. Ойын барысында балаларды шапшаңдыққа, икемділікке
баулу.Қызығушылықтарын арттыру. Еңбек
қызметі.
Ұяны тазалау
Өз беттерінше және жауапкершілікпен ұяны тазалап, еңбектерін бағалай
білуге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Эксперименттер және тәжірибелер
«Іздің құпиясын кім тез табады?»
Қашықтықты бағыттай білу, зеректілік қабілеттерін бекіту.
«Не себепті құстардың ізі, үзілетіндігін түсіндіру» (құстар ұшады,қанатын
және құйрығын ашқандықтан қарда басқа із қалдырады).
Өз бетінше ісәрекет:
Ойын барысында балалар өзара қарымқатынас жасау арқылы норманы және
ережені меңгеру қабілетін ояту(жүргізу мәдениеті, достық, ұжымдық
түсінушілік).
18. Өзенді бақылау
Бақылау
Қыстың басындағы су құбырлары жайлы түсініктерін анықтау. Бірінші көлдің
жиегінде мұз пайда болады, ол жұқа, тез ерігіш; содан кейін барып барлық су
құбырлары қатады.Қыс ортасында: көлді толығымен қалың мұз басады;
көлдегі мұз үстімен адамдар жүреді, балалар коньки тебеді; мұздың үстін қар
басады, мұз астында балықтарға өте қараңғы, олар аз қозғалады. Кейбір
жерлерде ойылған ойықтарды көруге болады, ол жерлерде балықшылар
отырады. Судың астында ауа аз, балықтар ойықтың үстіне шығып дем
алады.Балалардың өздерінің көргендерін ашық кең көлемде айтуларын талап
ету. Көркем
сөз Суөмірдің нәрі. «Көл»С.Мәуленов.
Балалар көл орнатты,
Өзенді бұрып алып.
Жағасын орман жапты,
Өсті гүл бүрін жарып.
Жұмбақ
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Кереметау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты. (өзен)
Мақалмәтелдер
« Бұлт өзеннен су алса ғана жауады».
Тақпақ
«Сырғанақ» Б.Жақып (20 бет,хрестоматия.Айн.қ.орта.)
Біз тебеміз сырғанақ, Ақ шанамыз зырлайды,
Таудан төмен сырғанап. Ақ қар оны шыңдайды.
Бір шанада екеуіміз, Біреу шаңғы тебеді,
Құламайды екенбіз. Құйындатып келеді....
Қозғалыс ойындары
«Өзенге жүгіру» (дағыстан ұлттық ойыны)
Берілген дабыл бойынша әр түрлі қимылда жүгіру(ұсақ, кең адыммен, аяқты
екі жаққа жіберіп жүгіру, секіру арқылы жүгіру).Жаттығу жұмыстарына деген
қызығушылықтарын ояту, қимыл қозғалыстарын жақсарту.
Еңбек қызметі.
Қар ойыны: Қар тақырыбындағы білімін бекіту; берілген тақырып бойынша
құрылысты қаруландыру; табиғи материалдарды қолдану арқылы
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Дидактикалық ойындар.Эксперименттер және тәжірибелер.
Тәжірибе. Мұз және оның құрылымы.
Мұзды көріп, құрылымын анықтау(суық,қатты, тайғанақ).
Мұз салынған ыдысты топқа кіргізу, мұзды ұстатып көрсетіп, ерігенше
бақылау.
Өз бетінше ісәрекет
Ойынды ұйымдастыру кезеңі (бастапқы және жүру барысы)рөлдермен
байланыстыра отырып балалардың танымдылық қабілеттерін арттыру,бір
біріне көмек көрсету,қиындықтан алып шығу.19.Аула сыпырушының еңбегін бақылау
Бақылау
Қардың көп түскенін, бірақ біз одан еш қиындықсыз өтетінімізге назар аудару.
Бұған бізге аула сыпырушы көмектесті.Балалардан аула сыпырушының жаздағы жұмысқа қарағанда қыстағы
жұмысының ерекшелігі неде екенін сұрау.Аула сыпырушының қар тазалау
кезіндегі саймандары жайында білімдерін бекіту.
Үлкен адамдардың еңбектері туралы білімдерін кеңейту. Адамдардың
еңбектерін сыйлап, еңбектенуге тәрбиелеу.
Көркем сөздер
Еңбекқуаныш,жалқаулықайырылмас азап.
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа
бөленеді.Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам
өмірде құрметке бөленеді.
Мақалмәтелдер
Еңбек етсең ерінбейтояды қарның тіленбей.
Ердің атын еңбек шығарады.
Ер дәулетіеңбек.
Тақпақ
«Болайықшы осындай...», А.Меңжанов.
Жақсы бала еңбекшіл, Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған.
Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүл толады. Жақсы көрер бар адам.
Еңбекшіл осындай, Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досымай. Болайықшы, досымай.
Қозғалыс ойындары
«Кім күшті» (қазақтың ұлттық ойыны)
Жаттығу жасау барысында еңбектенужолдасыңның өзіңе қарай тартылуы;
дұрыс отыруын қадағалау. Жолдасыңның жетістігіне, жеңілісіне көңіл аудара
білу.
Еңбек қызметі
Аула сыпырушыға көмек
Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Еңбек мәдениетін қалыптастыру
(құралдарды қолдана білу, жұмыс орнында тәртіпті қадағалау).
Дидактикалық ойын. Эксперименттер және тәжірибелер.
«Ұқсасұқсас емес»
Балаларды белгі бойынша заттарды топтастыра білуге үйрету (құралдары,
түрі, белгісі).
Өз бетінше ісәрекет
Біріккен ойындарда өз тәртібіне жауап беруге тәрбиелеу,ойын әрекетін
ұйымдастыруға талпыну.
20.Қардың астында өсетін өсімдіктерді бақылауБақылау
Балаларға жазда өсіп, қазір қардың астында қалған өсімдіктерді
ұқыптылықпен қазып алуды ұсыну.Қардың астындағы шөпті
бақылау.Кішкентай жасыл өсімдіктердің жерге жабысып жатқандығын,
олардың жұқа және нәзік екендігін бақылау.Таныс өсімдіктерді анықтай
білуге ұмтылдыру. Қар өсімдік тұқымының үсімеуінен және оларды
қорғайтындығын қалыптастыру.Табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Аппақ қыстың бораны, Аяз шымшып алады,
Аппақ қыстың бояуы. Боран мен жел болады.
Ақ көрпеге орайды, Туған жердің ақ қысы,
Ақ қыс байтақ даланы. Ақ құшағын жаяды.
Мақалмәтелдер
Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Ертегі
«Аяз атаны күткен бала». С.Оспанов.
Қозғалыс ойындары
«Біз көңілді балалармыз»
Алаңның қарамақарсы жағына жүгіріп шығу, бірбірін итермеу, ойынның
шартын сақтау( ескертуден аулақ болу).Балаларды ойын талабына сай
шапшаңдыққа, икемділікке баулу.
Еңбек қызметі
Кіші топтағы балаларға алаңдағы қарды тазалауға көмектесу.
Балаларды балабақша ауласында қар тазартып, қарды сырып,жүретін жол
қалдырып, тазалық сақтауға үйрету.
Дидактикалық ойындар. Эксперименттер және тәжірибелер
«Боладыболмайды»
Танымдылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәжірибе.Аулаға шыққанда екі ыдысқа су құйып алып шығу.Бір банканы
қардың үстіне қойып, екінші банканы қардың астына көміп тастау.Қай
банкадағы су бірінші қатады?
Қорытынды: ауадағы су бірінші қатады.
Өз бетінше ісәрекет
Балаларды ойын барысында ойыншықтарын айырбастауға, тақырыпқа сай
түрлі материалдар арқылы ойын құрастыру; балалардың өздері дайындаған
ойыншықтарды қолдану.21. Адам таситын көліктерді бақылау
Бақылау
Адам таситын көліктерді бақылауға алу білімдерін кеңейту. Оларға
автобустың арнайы тротуарға жақын аялдамаға тоқтайтынын түсіндіру.
Адамдар көлікті арнайы алаңда күтеді, егер алаң болмасаонда тротуарда
күтуі керек.Көлікке міну және түсу тек қана аялдамада рұқсат етілетінін
білу.Көлікшілердің жүру ережесін бекіту.
Көркем сөз «Жолың болсын!»
Атам шықса сапарға.
–Жолың болсын! –дейді апам.
Апам шықса сапарға:
Жолың болсын! дейді атам.
–Жолың болсын! дейді олар,
Үлкенге де кішіге.
–Жолың болсын! дейді олар ,
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым
Қуат барын, күш барын.
–Жолың болсын! –айтамын,
Алыс жолға шықса кім!
Жұмбақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)
Мақалмәтелдер
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Тақпақ «Автобус» Е.Елубай.
Автобус іші көңілді, Автобус алға зырлайды,
Көлік қой ол сенімді. Бағытынан еш аумайды.
Вокзал, театр, мектепке Зыр айналар дөңгелек,
Жолаушылар мінгізіп, Көлік ол бізге ең керек.
Асығар тез жетпекке.
Қозғалыс ойындары
«Шұңқырға сыпыру» (өзбек халқының ұлттық ойыны)
Көлденеңнен сыпырып, сыпырып жатқан жолақты баспауға үйрету; өздерінше
командаға бөлу( санау немесе қызығушылықтары бойынша); ойын ережесін
сақтау(команда ойыншысы бір реттен сыпырады).Шағын топта үйрету.
Еңбек қызметі
«Қардан сырғанайтын тау жасау»Аталған тақырып бойынша құрастыра білуге үйрету; еңбек құралдарын
пайдалану( күрек, шелек).Өз еркінше жолдастарына көмек бере білуге
тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибе
«Жақсыжаман»
Балаларға өз қылықтарын бағалап, көлік ережесін сақтай білуге үйрету.
Өз бетінше ісәрекет
Балаларды ойынға керекті құрылыс заттарын жасауға үйрету(үй, пароход
және т.б.) Ойынның мазмұны мен тақырыптарын кеңейту және дамыту.22. Баяуборасынды бақылау
Бақылау
Жансыз табиғаттағы қыстың белгілерімен танысу(қазылған жер).Қыстың суық
күнінде жолда қар борасыны болады, ауаға қатты жел көтеріліп, жолды ақ
борасын басады. Айдама қарды қырманнан ойшыққа, бос жерлерге
апарады. Балалардың сөздік қорларын молайту.
Көркем сөз
Боран гулеп соғады, Қайсар қалай тоңады? Мақта,мейлі.
Айналаны орады. Аяғында саптама, Мақтама.
Баста тымақ, Өзіңе дәл,шақ қана. Қайсар бейне атамдай,
Үстетон. Қолда қамшы,астында ат. Қой қайырған
шопандай. Тақпақ «Қысқы
кеш» А.С.Пушкин. Кешкі боран
көкті бүркеп, Тозған лашық қамысындай,
Қарды үйіріп соқты үдей. Суылдайды кей уақыт.
Жас баладай өксиді кеп, Түн қатқан бір жолаушыдай,
Кейде ұлып бөрідей. Қағады әйнек бей уақыт.
Қозғалыс ойыны
«Пятрасқа киім керек» (литваның ұлттық ойыны)
Қысқы киім атауын атай білуді бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту(киім
атауларын есте сақтау), дабылға назар аудару (ортаға тұрған кезде бос орынға
тұру).Нақтылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Таушыққа су құю
Су құрамы туралы білімін бекіту( аязды күндері ол қатып қалады).
Тәрбиешіге көмектесуге тәрбиелеу; өз еңбегіне жауапкершілікпен қарау.
Дидактикалық ойындар. Эксперименттер және тәжірибелер
Тәжірибе. «Борасын күшін анықтау»
Жел күші арқылы борасынды анықтау жаттығулары.
Өз бетінше ісәрекет
Ойын түрін анықтау арқылы өз бетімен жұмыс істеу қабілетін анықтау.Ойын
әркеттерін қалыптастыру және дамыту белсенділіктеріне тәрбиелеу.23.Мұзды бақылау
БақылауАуа температурасының күрт өзгеруіне байланысты судың қатты
күйге айналуын анықтау, балаларға не себепті ауа температурасы өзгергенде
судың қататындығын түсіндіру.
Мұз бұл –қатты суқұрамы екендігін түсіндіру;мұз медицинада тағамды
салқын қалпында сақтап тұруға қолданылады.Мұз құрамы тұнық, суық,
қатты екендігін атау.
Өз жауаптарын анық қалыптастырып айтып, сөздік қорларын молайту ; қысқы
су құбырларының сұлулығына сүйсіне білуге тәрбиелеу.Суды табиғаттың
негізгі көзі ретінде ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Көркем
сөз
Дала аппақ, жапалақтап
Қар жауып тұр тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (мұз)
Жаңылтпаш
Мұз үсті
Ізі түсті.
Қыз құстай ұшты.
Қозғалыс ойындары
«Мұзды аулаға кіргіз»
Таяқшаның көмегімен мұзды берілген бағытта сырғанату.Спорттың басқа да
түрлерімен таныстыру.
Еңбек әрекеті
Табиғат бұрышында құсты тамақтандыру
Табиғат бұрышында құсты өз беттерінше тамақтандыруға үйрету
(тамақтандыру, суларын ауыстыру).Табиғат аясындағы құстарды аялай білуге
тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер«Жер! Су! Ауа! От!»
Балаларға сөздердің дұрыс дыбысталуын үйрету (тәрбиешімұз, бала
су,тәрбиешіқұс, балаауа, тәрбиешіот және т.б.)
Тәжірибе. Мұздың еруі.
Қорытынды жасап, сараптай білуге үйрету; тәжірибесінен алған қуанышты
аша білу.
Өз бетінше ісәрекет
Балалар ойын барысында бірбірімен араласа білуге, өз ойларын айта білуге,
қарсыласының ойымен келіспеушілік ойын білдіруді қалыптастыру.
24.Қылқанжапырақты ағаштарды бақылау
Бақылау
Қылқанжапырақты ағаштарды еске түсіру. Шырша мен қарағай ағаштарын
ажырата білу. Шырша ағаштарының бұтағы бүкіл бойға ,жоғарыдан
төменге салпылдап өседі;түбіріқара;қылқанбірбірден өседі;жаңғақкөп
өмірсүргіш,дөңгелекше тәрізді. Жаңғақтың тұқымы бар.
Білімдерін анықтау, қарағай мен шырша – үнемі жасыл түсті, қыста да сол
түсін сақтайды. Шырша мен қарағай қылқанжапырақты ағаш.
Ағаштардың ерекшелігі мен белгілерін және ұқсастықтарын айыра
білу,салыстырған сөздерін нақты жеткізу.
Көркем сөз
Күн мұңайып тұр бүгін,
Қыс ызғары келеді
Жұмбақтар
Жаңа жыл күні Ағаштардың көркемі,
Төріңде тұрар. Мәңгі жасыл бұтағы.
Басқа күні Мекен ғып тау өлкені ,
Өскен жерінде тұрар. (шырша) Кәусар ауа жұтады. (шырша)
Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мізбақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жапжасыл боп тұрады. (қарағай)
Болжамдар
Егер жаңғақ шыршаның төменгі жағында өссеаяз ерте түседі, ал егер жоғары
өссеқыстың соңы суық болады.
Тақпақ «Қарағай»Тал, қарағай көк өрім,
Айдын көлің,өзенің,
Қар жамылған асқар тау,
Байтақ дала –өз елің.
Қозғалыс ойындары
«Ловишкиелочки»
Алаңда қозғалып жүру, «Бір, екі, үшұста» дегенде бәрі алаңға жүгіреді,
қағып алуға тырысады.Бірбіріне көмек беруге тәрбиелеу(шыршаны елестете
отырып бәрі бірбіріне қарап тұрады).
Еңбек әрекеті
Ағаштың қасына түскен бұталарды жинау
Балаларға алаңда жүрген кезде қоқысты жинап отыру(ағаш жанындағы
бұталар), содан кейін арнайы орынға апаруға үйрету.Өз ойларын
жолдастарының ойларымен келісе білуге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер.
«Не оңай?»
Барлық заттарды айыра білуге үйрету(не жеңіл: жаңғақ па, тас па
т.б.)Ойлау,елестету қабілеттерін дамыту.
Өз бетінше ісәрекет
Ойынға өз беттерінше тақырып таңдап үйрену, қоршаған ортаны жақсы
жақтарынан көрсетіп,алған білімдерін көрсете білу.25.Бұлт пен тұманды бақылау
Бақылау
Қыс кезіндегі табиғат көріністері туралы білімдерін кеңейту; қыс мезгілінде
аспанды жиі бұлт басады; ақырын қар жауа бастайды. Байқампаздықты
арттыру.
Көркем сөз
Ақ киімді, денелі,ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үстібасы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жұмбақтар
Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын.
Қыраттарға шөлдеген. (бұлт)
Аспан түйді қабағын,
Сұр пердесін керді де,
Жапты жердің табанын. (тұман)
Сұрғылт түтін,
Бүркесе маңайды,
Адастырар талайды. (Қарлы бұлт)
БолжамдарҚыста тұман төмен болса ызғарға. Тұман түссекүн жылынады.
Қыста тұман жолақтармен болсажылылыққа, ал жазда –жаңбырға.
Қозғалыс ойындары
«Жаяу көкпар» (қазақтың ұлттық ойыны)
Қуысу арқылы жүгіруді бекіту (көкпарға дейін жүгіріп, мәреге келу); ойын
ережесін сақтау (киімнен ұстауға,итеруге,дөрекілікке рұқсат жоқ).
Батырлыққа, күштілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Ойын үшін қардан жасалған құрылыс (ұшақ, қалашық, машина)
Біріккен ісәрекет арқылы жақсы көңілкүй сыйлау; құрастыру қабілетін
дамыту, құрылыс жасау үшін конструктормен жұмыс жасау.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
Тәжірибе. «Қандай құрылым?»
Қардың, судың, мұздың құрылымын салыстыру, қатынас ерекшеліктерін
анықтау.
Суды, мұзды, қарды мұқият қарау. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын тауып,
қайсысы ауыр екенін салыстыру(су ма мұз ба, су немесе қар,қар немесе
мұз).Бұлардың бәрін біріктірсе не болады?(қар немес мұз ериді); біріктіргенде
қалай өзгеретінін салыстыру: су мен мұзды (су мөлдір, суық болады, көлемі
көбейеді, өйткені мұз ериді) қар мен мұз (бірікпейді). Өз
бетінше ісәрекет
Ойынға керекті құралдармен жабдықтап үйрету; ойын барысында табиғи
заттарды қолдануды үйрету(су, құм т.б.).
26.Қар тазалайтын машинаны бақылау
Бақылау
Адамдардың еңбегін жеңілдету үшін түрлі техниканы қолданады; адамдарға
оның тиімді екенін көрсету.Қар жауғаннан кейін қардың көп болатынына
назар аудару.Қолмен қарды тазалау өте қиын және көп уақыт кетеді. Сол
себепті адамдар қар тазалайтын машина ойлап тапты, олар тез жұмыс
істейді,машиналар да қарды тиеуге үлгермей кешігіп келіп жатады. Қарды
машинамен қырманға апарады. Ол көктемде еріп, өсімдіктің өсуіне ылғал көп
болады.
Көркем сөз
Шоферлардан аңқиды
Жанармай сіңген шаң иісі.
Жұмысшыдан аңқиды,
Машинаның май иісі.
Жұмбақ
Құс ұясы секілді,
Үйшігі бар биікте.
Өрілген қос кекілді,Тұрар мойын иіп те. (машина)
Ол бензинді сүтше ішеді,
Тез арада сыпыра алады,
Қарды жолдан тазартып,
Жолдарға топырақ себеді. (Қар тазалаушы көлік)
Мақалмәтелдер
1.Еңбек түбі –береке.
Көптің түбі –мереке.
2.Жан қиналмай, жұмыс бітпес.
Талап қылмай, мұратқа жетпес.
Жаңылтпаш
Боран болар, боран борар,
Боран борар, жол орар.
Қозғалыс ойындары
«Таяқпен сыпыру» (қалмық ұлттық ойыны)
Көрсетілген бағыт бойынша таяқпен сыпыру қабілеттерін бекіту (сырғанақ
тебетін жерге, сырғанақ тебетін жерден соңына дейін) Топтарындағы
жолдастарының жетістіктері мен істей алмаған істерін уайымдамай, қолдай
білуге тәрбиелеу.
Еңбек әрекеті
Түрлі түсті мұз айдынын жасау
Судың құрамын бекіту ыдыстың формасын қабылдап, аязда қату. Өз
беттерімен берілген тапсырманы орындау( суды керек түске бояу, пішінін
келтіру);бастаған істі соңына дейін жеткізу(жұмыс орнын жинаустолды
сүртіп, шашылғанды жинау және т.б.)
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
«Арнайы атауы бар машинаның атауын кім көп біледі?» Арнайы атауы
бар машинаның атын атай білу қабілеттерін дамыту.
Өз бетінше ісәрекет
Таңдалған тақырыпқа сай ойын барысында ойыншықтарды айырбастап,ойын
көмегімен құрастырып, түрлілігін анықтай білуге үйрету.27.Көшені бақылау
Бақылау
Қалада көп көшенің бар екенін, олардың атауы әр түрлі екендігін үйрету және
балабақша қай көшеде орналасқандығын білу.
Балабақша жанында қандай мекемелер орналасқандығын айыра білу.(дүкен,
дәріхана, банк, почта,колледж, кітап баспасы және т.б.). Барлық жерде
адамдар жұмыс істейді, әрқайсысы істеген жұмысы басқаларға жақсы және
ыңғайлы болғанын қалайды. Есейгенде олар да жұмыс істейді, ол үшінбалаларға көп оқу керектігін ескерту қажет.Адамдардың еңбектеріне
сыйластықпен қарай білуге үйрету.
Көркем сөз
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (милиционер)
Жұмбақ
Үйден басталады,
Үймен аяқталады. (жол)
Қозғалыс ойындары
«Бос орын»
Әр түрлі бағытта бірбірімен жарыса отырып жүгіруге үйрету (біреуіоңға,
басқасысолға), ортаны тез айналып, бос орынға келіп тұра қалу. Тез жүгіруге
баулу.Ойын талаптарын орындауға үйрету.
Еңбек қызметі
Алаңдағы құралдарды қардан тазарту(сырғанайтын жер, алтыбақан
және т.б.).
Өз беттерімен алаңдағы құралдарды қардан тазартып, бастаған істі аяғына
дейін жеткізуге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
«Не істейміз, кім боламыз?»
Бала бойынан жақсы көретін мамандықты, қимылқозғалыс арқылы кім
болғысы келетіндігін көрсете білуін бекіту.
«Мұздағы оюлар»
Тапсырмаға деген шығармашылық және эстетикалық сезімдерін дамытып, қар
бетіне боялған мұздардан әшекей салуға деген қызығушылықтарын
ояту.Топтың ең үздік әшекейі атты сайысқа қатысуға деген талаптарын
арттыру.
Өз бетінше ісәрекет
Балаларға өз рөлдерін және қарсыластарының рөлдерін біліп, 23 рөлде
кезекпен ойнап; бағыну, басқару, теңдікқарымқатынас ретінде рөлдік ойын
ережесін білу.
28. Отырғызылған гүлдерді табиғат бұрышына қою,
гүлдерді бақылау.
Бақылау
Балалар бойына бөлме гүлдері,олардың атаулары білімін кеңейту .Бөлме
өсімдіктерін күту; бөлме өсімдіктерінің негізгі талаптары бөлімін
бекіту,негізгі белгілері туралы мәлімет беру( шіріген, жапырақтары сарғайған
және т.б.) , суарудың қосымша түрімен таныстыру.Бөлме өсімдіктерін жақсыкөру, оларды күту, тірі ағза сияқты сөйлесуге тәрбиелеу. Көркем сөз
Өсімдік – тірі организм. Ол өседі, гүл жарады, жеміс береді, қурайды.
Өсімдіктің тіршілігі үшін жарық, жылу, ауа, су, топырақ және қоректік
заттар керек. Өсімдік оларды тамыры арқылы сумен алады.
Тыйым сөздер
Гүлді үзбе. Көк шөпті жұлма,көктей соласың.
Жұмбақ
Үйі де жоқ,күйі де жоқ .
Бірақ
Жауыннан да
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,суыққа да
Шын шыдайды
Шешуін айта ғой,
Балалар білсін жайды. (өсімдіктер)
Тақпақ «Су құям гүлге» Қ.Сауғабаев
Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
«Менің тереземнің алдында», «Огонек» Е.Благинина.
Қозғалыс ойыны
«Қара сиыр» (қазақтың ұлттық ойыны)
Дабыл бойынша тығыз орта құра білу дағдысын бекіту,ойын ережесін
сақтау(ойыншының жанына бір затты тығу, дабыл бойынша затты іздеу, тапқан
адам қарауылдайды, қалғандары оны алып қоюға тырысады). Шынығуды,
ептілікті, төзімділікті дамыту. Еңбек
әрекеті
Гүлді суару, жапырақты жуу.
Балаларды өз бетінше тәрбиешінің берген тапсырмасын орындауға
үйрету(гүлді суарып, жапырақтың шаңын сүрту).Өсімдікке ұқыптылықпен
қарап, уақытында күте білуге бағыттау.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
«Гүл дүкені»
Бөлме өсімдіктерін атын атамай суреттей білуге үйрету.Тілдерін дамытып,
сөздік қорларын молайту.
Өз бетінше ісәрекет
Ойында балалар өз ісәрекеттерімен қарсыластарының істеріне келісуін
дамыту.29.Көпірді бақылау
Бақылау
Көпірмен таныстырып, көпір мен көпірдің арасында жол бар екендігін
ұғындыру.Көпірдің құрылысы жайында түсіндіру(тіреуіші, жанжақты
құрылымы)бар;жүру белгісі(автокөлікке, жаяу жүргіншілерге, бәріне ортақ).
Көркем сөз
Жазда айдында жүзеді,
Қыста үмітін үзеді. (қайық)
Жұмбақ
Өзеннің қос жағасын,
Жалғастырып жол жатыр.
Тура өтіп шығасың,
Су кештірмес қол шатыр. (көпір)
Қимылды ойын Қысқы
Дабылға байланысты ісәрекет жасай білу дағдыларын бекіту(аяққа шаңғы
кию); кезекті адыммен жүру, кезекпен оң және сол аяқпен сырғанау; шанада
отырып сырғанау, аяқпен итеру.Тапқырлықтарын, батырлықтарын айтып
мадақтау.
Еңбек әрекеті
Көпірге құм себу
Берілген тапсырманы жолға құм себуді өз беттерінше орындауға үйрету. Білу
және еңбектену талабына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
«Көпір неден жасалған?»
Балаларға көпірдің қандай материалдан жасалғанын үйрету(тас, бетон,
ағаш,құрыш)
Өз бетінше ісәрекет
Ойын ойнау барысында белсенділіктерін арттыруға тәрбиелеу.30.Қыс соңында баған түбінде орналасқан шеңберді бақылау
Бақылау
Балалардың назарын қыс соңында ағаш жанында пайда болған қарлы
шұңқырға аудару.Балаларға баған түбінде орналасқан қарға күннің көзі
түскен кезде қардың еритінін , баған түбінде шеңбердің бар екендігін
түсіндіру.Бұл көктем мезгілі жақындады деген алғашқы белгі.Өз зерттеулері
бойынша тәрбиешінің берген сұрағына жауап таба білу дағдыларын тәрбиелеу.
Көркем сөз
Табиғат – өмір мәні,
Табиғат – өмір сәні.
Болжамдар
Егер ағаш түбіндегі еріп жатқан қардың шеті тікшіл болса көктемнің салқын
болатындығы,жайпақ болса көктем ұзақ болады.
Тақпақ Аппақ қар жауа бер,
Риза ғой саған ел.
Боратты ау бораным,
Қайратын қарай гөр.
Біз батыл баламыз.
Жылы үй қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан.
Аққала саламыз.
Қозғалыс ойыны
«Кім шапшаң?»
Белгіленген жерден шаңғымен жүре білуді қалыптастыру. Жарыстарға
қатысуға деген талаптарға тәрбиелеу;достық сезімдерін ояту, топтағы
жолдастарына көмек беруге тәрбиелеу.
Еңбек әрекеті
Табиғат бұрышына жуа отырғызу.
Балаларға табиғат бұрышына жәшікке жуа отырғызып үйрету,жуаның
құрамында ағзаға пайдалы дәрумендердің барын білу. Өсімдіктерді табиғиіс
әрекет қатынасы ретінде қарауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер
«Күннің көзі түсіп тұрған бағанды ағашты, қолмен ұстап көру»
Шешім. Баған жылы , сондықтан ағаш айналасындағы қарлар ериді.Өз бетінше ісәрекет
Қарымқатынас және ойын барысында балаларға өлшемді және ережені
(тәртіп мәдениетні, достық, ұжымдық қарымқатынасты) меңгерту