Үш тілді меңгеру жарқын болашақтың кепілі.

  • Раздаточные материалы
  • docx
  • 07.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бұл материал үш тіл туралы баяндама. бұл баяндамада үш тілді меңгерудің жолдары, ерекшеліктері жазылған. қазіргі таңда елбасымыз айтып жатқандай үш тілді меңгеру бұл біздің жарқын болашағымыздың кепілі болып саналады. баяндама барлық студенттерге және де оқытушыларға арналған. баяндаманың өзектілігі оның нәтижелігінде.доклад
Иконка файла материала Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі .docx
Үш тілді меңгеру  ­ жарқын болашақтың кепілі  Сугурова Әсел Нұғыманқызы  Атырау энергетика және құрылыс колледжі Ағылшын тілі пәнінің ІІ санатты  оқытушысы   мәдени     іске   жобаны   асыруды кезең­кезеңмен         Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі,тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне,   оның   мемлекеттілігінің   нығаюына   тікелей   қатысты   мәселелер   болып табылады.        Қазақстан   халықтары   тілдерін   дамытудың   стратегиясы   үш   негізгі   мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – камуникативтік қызыметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.        Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда қалыптасқан тарихи факорларға байланысты қоғамда негізінен қазақ­ орыс тілділігі басымдыққа ие болған. Ресей қашаннан бері біздің көршіміз,біздерде ұзақ  уақыттан бері ортақ мәдениет,ортақ тарих болып келді және қазіргі таңда Қазақстанда орыс тілін сақтап қалу біздің мемлекетіміз арасында көп ретте сауда,дипломатиялық және мәдени байланыстарды қалыптастыруға тиімді жағдай жасайды.          Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым­қатынас   тілі   және   ағылшын   тілі   –   жаһандық   экономикаға   ойдағыдай   кірігу   тілі.   Яғни мемлекеттік   тілді   дамытамыз,   орыс   тілін   қолдаймыз   және   ағылшын   тілін   үйренеміз.                Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген   мемлекеттер   мен   халықтар   өзінің   коммуникациялық   және   интеграциялық   қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай­ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде   еркін   сөйлей   де,   жаза   да   білетін   қазақстандықтар   өз   елінде   де,   шетелдерде   де   бәсекеге қабілетті айналады.               “Үштұғырлы   тіл”   идеясының   үшінші   құрамдас   бөлігі   –   ағылшын   тілін   үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып­үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек.               Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар,   ол   мемлекеттік   тіл   –   қазақ   тілі.   Тұғыр   сөзі   діңгек,   қазық   деген   мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан­жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан­жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық   секілді   қадалады.   Бірақ   кейбіріміз   үштілділік   үдерісі   жөнінде   басқаша   көзқарас танытып жатамыз.   Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. тұлғағаБірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.         Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі ­ әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік   тіл   –   ұлт   тілі.   Мемлекеттік   тілде   сөйлеу   ­   әрбір   Қазақстан   азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек.         Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу ­ ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны ­ аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни   қазақ,   ағылшын,   орыс   тілі   қатысқан   үштілділік   сөйлермендерін   дайындау   кезек күттірмейтін   мәселе.   Мәселені   түбегейлі   шешу   үшін   Қазақстанның   жоғары   оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақтілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін  үштілділікке   ыңғайлап   қайта   дайындаудан   өткізіп,   оларға   үштілділік   маманы деген құжат табыс еткен жөн.          Соңғы  деректерге  сүйенсек,  Қазақстанда  98  амеркандық   пен  81  ағылшын   тұрады, амеркандықтардың   78­і   ағылшынның,   71­і   өз   ұлтының   тілін   меңгерген.   Бұл   күллі тұрғынның 1 пайызын құрайды. Ұлт деңгейінде алсақ,  ағылшын тілін меңгергендердің тең жартысын жергілікті қазақтар құрайды. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін меңгерген қазақ саны – 53 743, бұл – ұлт арасындағы үлкен көрсеткіш және күллі қазақтың 0,7 пайызы деген сөз.           Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дәлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп   отырған   мәселенің   маңыздылығының   қаншалықты   қажет   дәрежеде   екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты.                   Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген  ұлы  тіл екендігіне еш күмән жоқ.   Назарбаев  жастарға әрқашан ерекше  назар аударатынын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа ұрпаққа өсиет айтты: "Егер жақсы өмір сүргілерің   келсе,   отбасыларың   мен   балаларыңды   асырағыларың   келсе,   кәсібилігі   үшін құрметке лайық болатын білімді әрі кәсіби адам болуларың керек. (...) Мектептер салынып жатыр, Қазақстанда мұндай мектептер болмаған. Қазақстандық жастар әлемнің 25 үздік университеттерінде оқып жатыр. Елімізде 750 жаңа мектеп салынды", ­ деді Президент. Ол қазіргі заман жастарының кем дегенде үш тілді білуі керектігін айтты. "Ата­аналар балаларына білім беруге ұмтылуы тиіс. Үштілділік міндетті!" ­ деді Назарбаев. Ол әлемде орасан зор ғылыми және техникалық оқулықтардың ағылшын тілінде шығатынын және оның барлығының қазақ тіліне аударыла бермейтініне тоқталды. Президенттің айтуынша, жастар қазақ   тілін   мемлекеттік   тіл   ретінде,   орыс   тілін   ұлтаралық   қарым­қатынас   үшін   және ағылшын   тілін   халықаралық   ретінде   тануы   керек.   "Мәселен,   Швейцарияда   таксидің   әр жүргізушісі   бес   тіл   білуі   тиіс.   Мұның   өзі   ештеңе   емес,   жастар   меңгеруі   тиіс",   ­   деді Мемлекет басшысы.  Назарбаев   бағдарламалардың   жас   мамандарға   қайда   жұмыс   істеуді   (қалаларда   немесе ауылдарда) өзі таңдауға мүмкіндік беретінін ескертті. "Қазақстанда жұмыс істегің келсе, жұмыссыз   болу   мүмкін   емес.   Ал   егер   жұмыс   істегісі   келмесе   ­   мұндайларды   қайта тәрбиелеп Президент. шығару керек",   ­       дедіБіздің елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп,  өз тілдерінде  сөйлей  алады. Бірақ,  Үш тұғырдың қатарына  төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі Қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге   танылып,   жер   жүзінде   бейбітшілік   үстемдігін   жасай     аламыз.   Билік   үш   тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп, мемлекеттік тілдің бірінші болып дамуын қадағалайды. Бұған ешқандай күмән болмауы керек.                           Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесі көре алады. Мемлекеттік тіл ­ мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге аса береді: басқару, ақпарат,   білім   беру   мен   тәрбие   ісі,   ғылым   мен   техника;   қоғамдық   ғылымдар, жаратылыстану   мен   нақты   ғылымдар,   техникалық   және   қолданбалы   ғылым,   экономика салаларында,   ғылымның   жалпыға   ортақ   салаларында,   бұқаралық   ақпарат   құралдары саласында,   іс   жүргізу   саласында;   мемлекеттік,   қоғамдық­саяси,   мәдени   мекемелер   мен ұйымдарда;   дене   тәрбиесі,   спорт,   туризм,   денсаулық   сақтау   мен   емдеу   мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым­қатынаста; әскери­патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін   республикалық,   халықаралық   құрылтай,   конференция,   мәжіліс,   жиындар   т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады. Тағы қайталап айту керек, «Үш тұғырлы тіл» саясаты мемлекеттік тілді өшіруді емес, өсіруді, дамытуды көздейді.            Іс   жүзінде   тілдердің   үштұғырлылығы   идеясы   бәсекеге   қабілетті   Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін   үш   тілді   білу   әркімнің   жеке   дамуының   міндетті   шарты   екендігін   әрдайым   есте ұстауды қалап отыр.ə ə ə ə ə ə ə ə ə ə Ə       Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым­қатынас   тілі   ж не   дүние   жүзіне   кең   таралған   тіл   болып   танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ­ның алты ресми тілінің біреуі.  Дамыған   отыз   елдің   ішіне   кіру   үшін   б секеге   қабілетті   жан­жақты дамыған маман дайындауға көп м н берілуде. «Ағылшын тілі бізге  лемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда  лемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 %­ы ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Біз олармен қандай тілде сөйлесеміз? Үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», — деді Елбасы Н. . Назарбаев [8]. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға  лемнің ең үздік ЖОО­да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде   т жірибе   жинауға   мүмкіндік   береді.   Сонымен   қатар,   бұл ə лемнің  р түкпірінде к сіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым­қатынас жасаудың   маңызды   талабы   болып   табылады.   Бірнеше   тілді   меңгерген азаматтардың өз елінде де, шетелде де б секеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.   Қазіргі   уақытта   қазақстандық   қоғамда   ағылшын   тілін   білу   жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге   болады.   Т жірибе   көрсеткендей,   тіл   –   м дениеттің   кілті,   ұлттық бірліктің   жалпы   механизмі,   ұлттың   леуметтік   құрылым   болуының   басты құралы.   «Тілі   бірдің   –   тілегі   бір»,   «тіл   тағдыры   –   ел   тағдыры»   екендігін жадымызда   ұстай   отырып,   ел   бірлігінің   негізі   –   тіл   бірлігіне   қол   жеткізу жолында қызмет ету – парыз», — дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып­білуге деген қызығушылықтары   мен   ұмтылысын   арттыру   арқылы   олардың   Отанға   деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен м ңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз болып табылады» — деп жалғастырады осы отандық ғалым ə ə ə əАтырау энергетика және құрылыс колледжі