Математика пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 141
Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: графиктік тәсіл
(4-сабақ)
1. Мақсаты:
a) формуламен немесе кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;
2. Өтілген тақырыпқа дағдыландыру тапсырмалары:
Шамалар арасындағы тәуелділіктің графигі сызықты беретін бір нүктеден, бірнеше нүктеден немесе шексіз көп нүктеден тұруы мүмкін.
1-мысал. Суретте А және В пунктінен шыққан жолаушының қозғалыс графигі кескінделген.
Берілген график бойынша жолаушының жүрген жолына кесте құрастырайық.
t (сағ) |
0 |
1 |
2 |
2,5 |
4 |
5,5 |
7,5 |
s(км) |
0 |
90 |
180 |
180 |
270 |
270 |
480 |
Демек, 2 мен 2,5 сағатта және 4 пен 5,5 сағаттарда жолаушының жылдамдықтары өзгермеген.
Шамалардың бірі екеуінің көбейтіндісі болып табылатын тәуелділіктер өмірде жиі кездеседі. 1-кесте түрінде біршамасын қарастырайық:
1-кесте
Көбейтінді |
Көбейткіш |
Көбейткіш |
Формула |
Жол (s) |
Жылдамдық(v) |
Уақыт(t) |
s=vt |
Жұмыс(A) |
Өнімділік(w) |
Уақыт(t) |
A=wt |
Құны(C) |
Бағасы(a) |
Тауар саны(n) |
C=an |
Тік төртбұрыштың ауданы(S) |
Ұзындығы(a) |
Ені(b) |
S=ab |
Заттың массасы(m) |
Тығыздығы( |
Көлемі(V) |
m= |
Ерітіндідегі заттың массасы(m) |
Концентрациясы(p) |
Ерітіндінің массасы(M) |
m=pM |
Шамалардың арасындағы өзара байланысты (шамалардың өлшем бірліктері өзара келісілген болуы тиіс) сипаттайтын формулалардың маңызды ерекшелігіне назар аудару қажет. Мысалы, егер ауданды есептеу формуласында ені – сантиметрмен, ал ұзындығы милиметрмен өлшенген болса, онда формула дұрыс болмайды.
1-мысал. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 150 мм және ені 8см болса, онда тік төртбұрыштың ауданын табыңыз.
Шешуі: S=a·b формуласын пайдаланып
есептейміз. Онда 150·8=1200 емес, 15·8=120
болу керек.
Яғни өлшем бірліктерді сәйкестендіру маңызды.
(150мм=15см)
3. Тапсырмалар.
№1. 1-суретте жеңіл мәшиненің 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалыс графигі берілген. График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Жеңіл мәшине 4 сағатта неше километр жол жүрген?
2) Жеңіл мәшине 210000 м қашықтыққа неше сағатта барған?
3) Жеңіл мәшиненің 70 км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жолмен (s) уақыттың (t) тәуелділігін көрсететін формуланы құрастырыңдар.
1-сурет
№2. 2-суретте берілген координаталық жазықтықтағы нүктелердің орындары бойынша кестелерді толтырыңдар.
2-сурет
Дәптер саны |
Бағасы |
Графиктегі нүкте |
3 |
150 |
|
7 |
350 |
|
5 |
250 |
|
2 |
100 |
|
1 |
50 |
|
№3. 2-суретте 6 сынып оқушылары «Туған елге саяхат» жобасы аясында мектеп автобусымен туған жердің тарихи нысандарымен танысуға шықты. Төменде олардың қозғалыс графигі берілген:
2-сурет.
График бойынша бос орынды толтыр:
1) Уақыт – ..... шама, ал жүрген жол – ..... шама.
2) Алғашқы бір сағатта ..... км жол жүрді.
3) Бірінші аялдаманы .... км жол жүргеннен кейін жасады. Екінші аялдаманы .... км жол жүргеннен кейін жасады.
4) Бірінші аялдаманың ұзақтығы – .... сағат. Екінші аялдаманың ұзақтығы – ..... сағат.
5) Соңғы жарты сағатта автобус жылдамдығы .... км/сағ болды.
6) Олар .... рет аялдама жасады.
№4. 3-суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген.
7-сурет.
График арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:
1) Жаяу адам қанша уақыт жолда болған?
Велосипедші ше?
2) Жаяу адам қанша жол жүрген?
Велосипедші ше?
3) Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрген?
Велосипедші ше?
4) Жаяу адамның 2 сағатта жүрген жолы велосипедшінің сонша уақытта жүрген жолынан неше есе кем?
4.Сілтеме:
1. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018ж, 157-159 беттер
2. Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018
3. https://youtu.be/4rIRyHaxSF0
4. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/shamalar-arasyndahy-taueldilik-taueldilikti-beru-tasilderi сілтеме бойынша
Әзірлеуші: Утегенова А.А., М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.