Шығармашылық жұмыс
Оценка 4.9

Шығармашылық жұмыс

Оценка 4.9
Работа в классе
doc
воспитательная работа
6 кл
17.02.2017
Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс 1-топ Дүние, әлем, қорашаған орта, өмір сүру, ризашылық, мектеп, білім, отбасы сөздерін қатыстырып бірнеше сөйлемдер құрастыру. 2-топ Менің мақтан тұтатын адамым анам, өйткені... Менің мақтан тұтатын адамым ұстазым, өйткені... Мен үшін өмір қымбат, әрі қызықты өйткені... 3топ Жағдаяттарды шешу. 6-сынып оқушысы Жандос мектептің алдынан өте қымбат тұратын сотка тауып алады. Жандос жан-жағына қарап, не істерін білмей қалады. Мына сотканы тауып алдым деп мұғалімге берейін десе мені ұрлады деп айыптаса не істеймін деп абыржып, мазасызданды.
Фарида Армысың кең дүние.doc
Сабақтың тақырыбы Сыныбы Сілтеме  Жалпы мақсаттары Түйінді идея  Негізгі мақсат Нәтиже Қолдынылатын әдістер Өзін­өзі тану пәнінің мұғалімі Ф. Спатаева 2016­2017 оқу жылы  Армысың, кең дүние!   6 «Ә» Мұғалімге арналған Нұсқаулық  Мұғалімге арналған әдістемелік құрал 6­сынып Оқушыларға «Дүние», «Әлем» ұғымы  туралы түсінік  беру.  Оқушылардың әлемді  жағымды  қабылдай  білу сезімдерін   дамытуға,  өмірдің мәнін түсініп,  өз  орнын  таба  білуге  ықпал  ету. Ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. Көп қырлы, сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең  дүние­ әсем, шексіз әрі мәңгі. Ақ көңіл, таза ниетпен кең  дүние келбетін толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін  түсініп, орнын табуға көмектеседі.  Оқушылардың   ұйымшылдық,   береке­бірлік,   татулық туралы түсініктерін кеңейту;  Өз   ойын   дұрыс   жеткізе   білу,оның   мән­мағынасын түсіну, жүйелі сөйлей білуге  үйрету;   Оқушыларға «Дүние», «Әлем» ұғымы  туралы түсінік беру.    Жеке, сынып бойынша жұмыс жасау нәтижесі жоғары  болады. Диалогтік оқыту, АКТ пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау,  ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;   Мұғалімнің іс­әрекеті                                                                   Топқа бөліп, ой қозғау. Тақырыпқа қызықтырып бағыттау.                                               Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтау. Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге  бағыттау.                                                                                        Оқушының іс­әрекеті                                                                     Топтарда жұмыс жасау.  Мәтінмен өздері танысу. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралау.  Жеке кейіпкерлерді талдап, олардың іс­әрекетін зерттеу. Ой қорытып, оны дәптерге жазу. Топтық жұмыс Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару. Ынтымақтастық  атмосфера құру. Қызығушылықты ояту. Амандасып алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз! Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз! Біз  өмірдің гүліміз, Жаман жолды баспаймыз. Ақылды, нық сеніммен, Болашаққа аттаймыз.  «Ақ көгершін»  өлеңін айту. Сөзі Н.Баймухамбетовтікі, әні  А.Жұбановтікі Оқушылар ән айтады, дайындаған көгершіндеріне тілек  жазып бір біріне сыйлайды. Әңгімелесу  «Ойланайық, пікірлесейік»  айдары  әңгімелесу   өткізу  мақсатында  ұсынылады.  Дүниенің кеңдігін қалай түсінесіңдер? «Дүние», «Әлем», «Қоршаған орта», деген ұғымдарды қалай  түсінесіңдер? Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні қандай? Мәтінмен  жұмыс   «Бұлбұл,  жарғанат  және   қарақұрт»  ертегісін  оқып,  мазмұнын  талдау.   Оқу  ақпараты оқушылардың  әлем, дүние туралы   түсініктерін  толықтырады.  Шығармашылық жұмыс 1­топ Дүние, әлем, қорашаған орта, өмір сүру, ризашылық,  мектеп, білім, отбасы сөздерін қатыстырып бірнеше  сөйлемдер құрастыру. 2­топ Менің мақтан тұтатын адамым анам, өйткені... Менің мақтан тұтатын адамым ұстазым, өйткені... Мен үшін өмір қымбат, әрі қызықты өйткені... 3топ Жағдаяттарды шешу. 6­сынып оқушысы Жандос мектептің алдынан өте қымбат  тұратын сотка тауып алады. Жандос жан­жағына қарап, не  істерін білмей қалады. Мына сотканы тауып алдым деп  мұғалімге берейін десе мені ұрлады деп айыптаса не істеймін  деп абыржып, мазасызданды. Дәптермен  жұмыс  2 – тапсырманы  орындау.  Оқушылар барша  әлемді,  кең  дүниені  қалай   қабылдайтындарын   бір – біріне  тілек   арқылы  білдіреді.  Тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап,  көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге  түсірейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл­күйіміз  көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымызда, болатынына  сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер сақталып,  іс жүзіне асырылсын.»  Маған ұнады... Маған ұнамады... Мен ойландым... Келесіде мен қалаймын... Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін стикерға  жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек » Рефлексия Бағалау Тексерілді Өзін­өзі тану пәнінің мұғалімі Ф. Спатаеваның 2016­2017 оқу жылында ІІ жартыжылдықта өткізген ашық сабағына өзіндік талдау          26.01.2017 ж. 6 «Ә» сыныбымен «Армысың, кең дүние!» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың   мақсаты:   Оқушыларға   «Дүние»,   «Әлем»   ұғымы     туралы   түсінік беру. Оқушылардың әлемді  жағымды  қабылдай  білу сезімдерін  дамытуға, өмірдің   мәнін   түсініп,     өз     орнын     таба     білуге   ықпал     ету.   Ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. Сабақтың   негізгі   мақсаты:   Оқушылардың   ұйымшылдық,   береке­бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. Сынып іші жеткілікті жарық болды. Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгеріміне байланысты отырғызылды. Сабақ ІІ ауысымда 3­сабақта өтті. Пәнаралық байланыс жүзеге асырылды. Тапсырмалар оқушылардың жас  ерекшелігі мен жеке қабілетіне байланысты берілді. Ұйымдастыру кезеңінде  оқушыларды 3­топқа бөлдім. Бір­бірімізбен амандасып, жақсы тілектер  айттық. «Ақ көгершін» әнін айтумен сабақты бастадық. Мәтінмен жұмыс ««Бұлбұл,  жарғанат  және   қарақұрт»  ертегісін аудиодискодан тыңдатып,  мазмұнына  талдау жүргіздік. Ертегі бойынша оқушылар бірнеше сұрақтарға  жауап берді. Шығармашылық жұмыс кезінде әр топқа әртүрлі тапсырма  бердім. Дәптермен жұмыс кезінде берілген 2­тапсырманы  орындады.Тапсырманы орындап біткен оқушылар жазғандарын, ауызша оқып  шықты.  Сабақтың әр кезеңінде оқушылар жеке өз пікірлерін айтып, белсене қатысты. Әсіресе   3­топ   оқушыларының   жағдаяттардың   шешімін   дұрыс   тапқаны барлығымызға   жақсы   әсер   қалдырды.   Ал   1­топ   оқушыларына   сөздерден сөйлем құрастыру берілген. Бірақ құраған сөйлемдерінің мағынасын толық аша алмады. Сабақтың соңына қарай «Тыныштық сәтін» өткіздім. Құстардың, судың сылдырының дауысын аудиодискодан тыңдаттым. Оқушылар өздерін табиғат аясында жүргендей сезінді. Оқушылар   білім,   дағды,   деңгейіне   қарай   «Екі   жұлдыз   –   бір   тілек»   әдісі арқылы топ басшылары бағалады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін әр оқушы жеке стикерға жазу арқылы білдірді. Сабақ жаңа технология әдісі «Кембридж бағдарламысы» бойынша өткіздім. Өз мақсатына жеттім. Пән мұғалімі           Ф. Спатаева «Д. Қонаев атындыға орта мектеп» КММ Армысың, кең дүние! Күні: 26.01.2017 ж. Сыныбы: 6 «Ә» Пән мұғалімі: Ф. Спатаева 2016­2017 оқу жылы

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017