Сөйлеуді дамыту "Мен білімді баламын"
Оценка 4.8

Сөйлеуді дамыту "Мен білімді баламын"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Детсад
11.11.2021
Сөйлеуді дамыту "Мен білімді баламын"
Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.
Мен білімді баламын.конспект.docx

ТАҚЫРЫБЫ:

Мен білімді баламын

Білім беру саласы:Коммуникация        Кіші сала: Сөйлеуді дамыту

СЫНЫП-ТОП:  МДС

Күні: 25.10.2021

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсатты

Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту.                                                       

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

 

басталуы

 

 

 

 

 

 -Психологиялық дайындық

 Педагог:

- Балалар, көңіл күйлерің қандай?

Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ым-ишарамен, қимыл-қозғалыспен көрсетуді сұрайды.

Сұрақ-жауап

-Балалар қазір қандай мезгіл?

-Күзде неше ай бар? -Күзде қандай құбылыстар болады?

-Кім ,кәне ,күз туралы тақпақ біледі?

-Ал, көкөністер мен жемістер туралы кім біледі?

-Педагог: Өте жақсы.

Жұмбақ: Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.   (Мектеп)

- Сендер өте білімді екенсіздер.

- Балалар, білімді бала болу үшін не істеу керек?

- Сендер өздеріңді білімді баламын деп

айта аласыңдар ма?

Тақтадағы суретке назар аударыңдар, суретке қарап әңгіме құраңдар.

Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?  Мектепте оқитын балаларды кім дейміз?

Өздеріңнің аға, әпкелерің бар ма?

Олар қайда оқиды?

 

 

Ортасы

  Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суреттегі балалардың іс- Әліппе-дәптер

әрекетінің қайсысын жасай аласың, сол

суретті белгіле. Өзің белгілеген сурет бойынша әңгімелеп бер.

Көптілділік: үйрету - учить - to teach

Тіл ұстарту: (л, р)

Ла, -ла, -ла - ол білімді бала

Ла, -ла, -ла - салынып жатыр қала

Ла, -ла, -ла - жайнап тұр ғой дала

Рет, -рет, -рет - бала салды сурет

Тер, -тер, -тер - алып келдім дәптер

Дар, -дар, -дар - келді біздің қыздар

Тыр, -тыр, -тыр - біздің Қайсар батыр

 

 

 

 

Педагог балалардан оқу үшін қандай оқу құралдары қажет екенін сұрайды.

Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін оқу құралдары туралы әңгіме айтып береді.

Танысу - әңгіме

Оқу құралдары - дәптер, кітап, қалам, қаламсап мүлде бір-бірін танымайды екен. Райхан әже немересі Ләйлаға

сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап, қарындаш, қаламсап сатып алады. Сатушы оларды бір сөмкеге салып береді. Сөмке ішінде кездескен оқу құралдары бір-бірімен жөн сұрасып, танысыпты. Тіпті неден, не үшін жасалғандарын да айтыпты...

Педагог әңгіме желісін тоқтатып, ықылас білдірген балаларға оқу құралдарының атрибуттарын кигізіп,

қайсысы өзін қалай таныстыруы мүмкін диалогті сұрақ-жауап арқылы сахналап жалғастыруларын сұрайды.

(Балалар кітап, дәптер, қарындаш, қаламсап ретінде өздерін таныстырады.)

2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай заттарды салады? Сызықпен қосып көрсет.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Артық затты сыз. «Төртіншісі артық» ойыны.  Сергіту сәті:

 

4-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Ақыл азбайды, білім тозбайды. Күш - білімде, білім - кітапта.

Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер, түрлі

түсті қарындаштар

 

 

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды

марапаттайды.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан сумкені түсті қарындашпен бояуын

сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім - қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын - сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын - жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

 

 

 


 

ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын

ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын

Ортасы Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма

Ортасы Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.11.2021