Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№61 бөбекжай- бақшасы» МКҚК
«Ұлыс күні – Наурыз!»
Мектепалды даялық «Салтанат» тобы
Тәрбиешілер: Г.К.Даулетова
Қостанай 2021о.ж
Ұлыс күні – Наурыз !
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді халайық! Қош келдіңіздер құрметті бүлдіршін балалар, қонақтар. Наурыз мерекеміз құтты болсын! Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті. Наурыз күні қар немесе жаңбыр жауса «Нұр жауды» «туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Наурыз күнінің бір ерекшелігі - бұл күн ағайынның көрісуімен басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесуден қалыптасқан дәстүр бар. Ендеше ортаға құрметті қонақтар балаларды шақырайық.
(екі жақтан балар келіп, төс қағыстырып, қол алысып амандасып, құшақтасып көріседі де орындарына отырады)
Бекарыс : Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Таймас: Уағалейкумассалам!
Ұлыс оң болсын!
Пәле-жала жерге енсін!
(Екі бала төс қағыстырып
қапсыра құшақтасып амандасады)
Ибрахим: Ұлыс
бақты болсын !
Нияз:
Бірге болсын!
Ислам: Әр
күніміз жақсы болсын !
Барлық бала: Достығымыз берік болсын !
Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы, Наурыз салтанаты!
Той құтты болсын көрермен қауым! Жаңа жыл барлығымызға молшылық әкелсін – деп, думанды Наурыз мерекесін бастаймыз.
Ал балалар тұрмайық,
Тойымызды бастайық! деп тақпағын айтуға ортаға балаларды шақырамын:
Тақпақ: Нияз, Малика, Ясмин, Дінмұхамед, Фатима
Жүргізуші: Балалар естисіңдер ме осында аттылардың дыбысы естіледі, бізге қонақ келе жатыр ғой деймін, балалар кележатқан қонағымызды қарсы алайық.
Қожанасыр:
Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң
болсын ағайын!
Бай:
Әр күніміз жақсы
болсын!
Наурыз тойын бой жазбай
Жаңа жылды қарсы
алайық!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қадірменді қонақтар!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Төрлетіңіздер!
Бүгінгі мерекені бірге тойлатайық, ән айтып, жырдан күміс шашайық.
Бай: Әрине, бұл күні қар еріп, құстар сайраған күн болғандықтан бұл күні бұлбұлдай шырқап көңілімізді көтерейік.
Қожанасыр: Иә, бүгін күн мен түннің теңелген күні, жердің жаңарған күні. Келіңдер балалар өнерді ортаға салып тамаша бір ән салайық.
Ән: «Достық әні»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өнерлерің өрлесін. Қожанасыр байқаған боларсың бүгінгі наурыз мейрамына біздің балалар қандай дайындықпен келгенін. Үстеріне киген киімдері қандай әдемі! Мүмкін «Сән үлгісі» сайысын өткізіп, ортаға сайысқа қатысамын деген балаларды шақырайық. Сіздер сайыста әділ баға беріп, жеңімпазды анықтап берсеңіздер.
Қожанасыр: Әрине, бүгінгі мерекенің ең үздік сәнгерін анықтап береміз.
Жүргізуші: Ендеше ортаға жеребиімізді тастап, сайысқа қатысатын балалардың реттік санын анықтап алайық.( қобдишаның ішінен оралған қағазды өздері таңдап алады)
Жүргізуші: Ендеше аруларымызды орналастырып алайық!
Сан алып орын орнына тұрғызу.
Олай болса бүгін байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. Мен қазақтың қызымын. (таныстыру және киіміне атау беру)
2. Қыздырға әсемдік жарасады.( Сән үлгісі-жүріп мода көрсетеді)
Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
Қожанасыр: Балалар бір орнымызда отырып шаршаған болармыз, бойымызды жазып, мына тойда көңіл көтеріп бір ойын бастайық.
Бай: Бастасақ, бастайық ! мен қоржынымнан арқанды шығарып, арқан тартыс ойынын ойнайық.
Қожанасыр: Оу, Байеке бұл ойын менің ең жақсы көретін ойыным ғой. Ойнап, ойын шартын балаларға бір көрсетейік.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Тойда қызық өнер бар
Сіздерге арнап дайындаған,
Ертегіміз тағы бар.
(ертегі қойылымы)
Ертегі: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Қожанасыр: Байеке кел тағыда бір ойын ойнайық, балаларды ортаға шақырайық.
Бай: Қандай ойын ойнаймыз?
Қожанасыр: «Асық ату»
Ойын: «Асық ату»
Жүргізуші: Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым!
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің. /дей келе келесі кезекті әнге берейік:/
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, тағы тақпақтарды тамашалайық:
Тақпақтар: Даниял, Ислам, Алмаз, Ибрахим, Таймас.
Жүргізуші: Ақ түйенің қарны жарылған күн
Үлкен-кіші асығып,
Бұл тойға бәрі ағылған күн дей келе барлығын «қаражоға» биіне
шақырамын.
Би «Қаражорға»
Жүргізуші: Батамен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер, дегендей,
Байеке өзіңізден бата күтеміз.
Бай:Көл жиналып тамшыдан,
Теңіз толсын қансыған,
Құт-береке кетпесін,
Диқан менен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын,
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын.
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз,
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз.
Әумин.
Бай: Балалар өнерлерің аса берсін! Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. Біз де басқа
балаларға барайық. Сау болыңдар.
Балалар қоштасады.
Жүргізуші: Осымен бүгінге «Ұлыс күні Наурыз!» атты мерекеміз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.