Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Прожектор
Дауыс: Мотор, Музыка, Бастаймыз!!! «Жұлдызды сәт» мега жобасы!!
«Жұлдызды сәт» мега жобасының қонақтарын қарсы алыңыздар!!
Видео «Красная дорожка»
Прожектор
(Ерқанат пен Нұрали кіреді)
1 бала(Ерқанат): Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай.
2 бала(Нұрали): Мен ол көзді танитын сияқтымын.
1 бала: Қой, ей, ол кім болды екен?
2 бала: Күнім деген сөзі
Ақын жырындай – әрине біздің апайларымыз.
1 бала: Бірақ апайларымыз қайда?
2 бала: Олай болса Ерқанат, бүгінгі қоштасу кешімізді бастамай отырып білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымыз Гульнар Төкенқызы мен Алия Мұратқазықызын ортаға шақырайық!
Екеуі тәрбиешілерді музыкамен кіргізеді
1 — жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты көрермендер!
2 — жүргізуші: Good day, dear guests!
1 — жүргізуші: Здравствуйте дорогие гости! Эфирде ең керемет, «Ақ бота» балабақша төрінде өткізілетін жобаның бірі, «Жұлдызды сәт» мега жобасы Экранда «Жұлдызды сәт» сөзі
2 — жүргізуші: Иә, расында да, көптен күткен кеште жетіп қалды. Бүгін ғажайып концертті бастаймыз!
1 — жүргізуші: Біріншіден, концерт, балабақшамен қоштасу кешіне арналады.
2 — жүргізуші: Екіншіден «Жұлдызды сәт» кешінде, әділ қазылар болмайды, өйткені балалар, соңғы финалға жетіп бүгін қорытынды өз өнерлерін көрсетеді.
1 — жүргізуші: Үшіншіден, концерт ең ғажайыпты! Себебі біздің балалар ең ақылды, дарынды жұлдыздар! Мектепте де солай болады деген сенімдеміз!
2 — жүргізуші: Ендеше «Жұлдызды сәт» концертін бастайық!
1— жүргізуші: Олай болса, балаларды қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді.
1. Ардақ тұтып үлкендерді, жібектей мінезі бар - С.Аружан
Ата жолын жалғамақ, жаңа белеске бет бұрған - Ерқанат
2. Жаман іске жоламайтын, досын бірге жүрген сыйлайтын -Абзал
«Ақ бота» балабақшамызда өнерімен танылған -Айзере
3. Үлгі етеміз әлі біз, жақсы оқушы болады - Нұрали
Өнерге қаққан қанатын, мақтанышы бақшамыздың - Рамина
4.Семсер қылыш білегі, қиналса да айтпайтын өтірікті - Мансұр
Ақтай білер ата-ананың үмітін, әділ сөзді сүйетін - Адия
5. Өзі салмақты, ақылды - Нұрмұхамед, анасының өкпе, бауыр жүрегі - Алуа
6. Өте зерек, өте жылдам - Даша
7.Ақылмен іс тындырған, нағыз нар жігіт -Мансұр
8. Биязы, мейірімді біздің , ақылды ұл - Азиз
Болмасын деп жамандық тілейді елге амандық, кілең бестік алатын - Айзия
9. Заман талабына сай сауатты, қызығатын еңбекке -Елхан
Өте нәзік салмақты - Шырын
11.«Ақ бота» балабақшамызда өнерімен танылған – Асия, Айару
12. Еліміздің тірегі, мақтанышы, болашағы – Аружан, Жанель
13. Ата-ана үмітін ақтайтын, мектепте жақсы оқитын – Исмира, Ақмаржан
14.Әрбір сөзі салмақты, ақыл толы сөзіне, арманына жетеді -Амина, Аружан.Ж
15. Ақылы тегін дария, анасының көз жанары –Мариам, Зере.
16. Өнерге қаққан қанатын, таңдайыңды қағарсың ешкімнен кем болмас – Алима, Нұрай.
Би: «Кружится вальс»
Ортаға Айару мен Адия шығады
Айару: Адия, сен осы жұлдыздар дегенді қалай түсінесің?
Адия: Жұлдыз - ол аспан әлеміндегі миллиондаған бірнеше жарықтар ғой.
Айару: Оны мен де білемін, бірақ адамдарды жұлдыздар деп айтуға бола ма?
Адия: Қыз балаға Жұлдыз, Жұлдызай деп ат қояды. Өнерлі адамға жұлдыз деп айтуға болады.
Айару: Ал, сен балабақшаны неге ұқсатар едің?
Адия: Мен балабақшаны, үлкен фабрикаға немесе зауытқа ұқсатар едім.
Айару: Ол неткен зауыт, сонда мұнда не істеп шығарады.
Адия: Мүмкін киімдер, мүмкін көрпе төсектер, мүмкін асыл бұйымдар, мүмкін қымбат жиһаздар.
Айару: Мүмкін, бұл фабрика - үйренетін әрі ойнайтын талантты балалар фабрикасы болар.
Адия: Ия, ол да мүмкін. Бұл жерде кішкентай жұлдыздар көл жүзіне самғар.
Барлығы: Біздің балабақша жұлдыздар фабрикасы.
1-жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
2-жүргізуші:
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бірге: Құтты болсын қадамдарын аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Ән «Біздің балабақша» (отырады)
1-жүргізуші: Бүгін біздің балабақшада премьера фильм - ол үш жылдан астам түсірілді. Режиссері де, актерлері де, ауысып жатты. Қазір осы фильмнін қызықты кадрларынан үзінді көресіздер.
2-жүргізуші:
Біздің фильм — бұл балалар.
Біздің фильм — бұл бақыт.
Қуанышты өткен күндер- ай.
Еске аламыз шіркін-ай.
1-жүргізуші:
Жылдар бойы түсірдік,
Қуаныш та өкініште болды.
Қоштасатын кез келді,
Актерлер-сахнаға, алға-балалар!
Тақпақтар (Ж.Аружан, Н.Мансур, Алима, Т.Мансұр, С.Аружан, Елхан, Абзал, Азиз, Мариам, Нұрай, Зере, Жанель)
(«Самбо» биіне киінеді - Шырын, Амина Қ, Даша, Рамина, Алуа, Айзия, С.Аружан)
1 — жүргізуші: Құрметті балалар,
Міне өсіп жеттіңдер
Осыдан 3 жыл бұрын
Білесіңдерме қалай балабақшаға келгендеріңді?
Айзере: Кадр бірінші «Ясли»
Көрініс: «Ясли» (банер)
Айзия: Жоқ біз келген жоқпыз,
Коляскамен жеткізетін.
Мамамнын алдына отырып,
Аяқ басып жүргім келмейтін.
Алима: Есімде күнде жылағаным,
Терезеге қарап анамды күткенім.
Арман болса соска емді,
Тамерлан памперс киді.
Даша: Білесіңдер ме мен құмнан,
Үлкен қалалар жасағаным.
Азиз: Жақсы көрдік ойнағанды,
Жақсы көрдік құшақтағанды.
Осындай тентек болдық,
Төбелестік аяқ пенен қолмен де,
Тіпті тіспен тістедік.
Жүргізуші: Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат –деп
балалардың биін тамашаланыңыздар!
Би «Самбо»
(Шырын, Амина Қ, Даша, Рамина, Алуа, Айзия, Алима))
1-бала: Кадр екінші «Білім»
Жүргізуші:
Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпасын деп әрқашан,
«Ақ бота» әнін саламыз.
Ән «Ақ бота»
Жүргізуші:
Бақшамызда бәрін үйретеді,
Мың бұралып билетеді.
Ойынменен ұғындырып,
Білімге сені жетелейді.
Қазір сендермен ойын ойнаймыз, білімдерінді тексереміз.
Ойын: «Көрші сандарды тап» (Рамина, Азиз), (Жанель, Азиз)
(«Алау» биіне киіну керек- Мариам, Жанель, Ж.Аружан, Исмира, Адия, Аружан.А )
Жүргізуші: Біздің балалар әртіс болғанды жақсы көреді. Балалар әртістер қандай болу керек? Олай болса, тағы да бір тамаша көріністі тамашалайық.
Көрініс «Опять двойка»
(2 орындық, газет, тазик, орамал, рюкзак, камера)
Елхан (режиссер):
Как же снять фильм?
Великий фильм !
О чем же он будет?
А, точно о школе !
А фильм то будет называться «Опять двойка!»
Девочка:
Кадр первый дубль один
(Отец сидит газету читает, мама стирается, оператор на камеру снимает)
Ерқанат: Мама я получил двойку
Исмира: Отец наш сын получил двойку
Н.Мансур: Как наш сын поучил двойку? Где мой ремень?
Режиссер: Стоп! Стоп! Стоп! Что то здесь не то! Точно надо что то по веселее!
Веселая музыка
Девочка: Кадр 1 Дубль 2
Сын:Мама я получил двойку
Мама: Отец наш сын получил двойку
Отец: Как наш сын поучил двойку? Где мой ремень?
Режиссер: Стоп! Стоп! Стоп! Что то здесь не то! Точно надо что то по спортивней!
Спортивная музыка
Девочка: Кадр 1 Дубль 3
Сын:Мама я получил двойку (сын шагает, приседание)
Мама: Отец наш сын получил двойку
Отец: Как наш сын поучил двойку? Где мой ремень?
Режисср: Стоп! Стоп! Стоп! Опять что то не то! Точно надо что то по трагичнее!
Трагическая музыка
Девочка: Кадр 1 Дубль 4
Сын:Мама я получил двойку
Мама: Отец наш сын получил двойку
Отец: Как наш сын поучил двойку? Где мой валидол?
Режиссёр: Стоп! Снято!
Жүргізуші:
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар деп - бүлдіршіндеріміз тек қана сіздерді қуанта берсін деген тілектеміз.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Жүргізуші:
Добрый детский сад, спасибо,
Много сделал ты для нас.
Очень жаль с тобой прощаться,
Но пора нам в первый класс.
Ән: «Мы теперь первоклашки»
Жүргізуші:
Бойда өскен, ойда өскен шат бәрі,
Барлығыда бақшамыздың мақтаны.
Еркелеген кешегі бал балдырған,
Ұл-қыз болды талап отын жандырған.
Би «Алау»
(Мариам, Жанель, Ж.Аружан, Исмира, Адия, Аружан А)
(Адия Ханшайым болуға дайын тұру керек)
Жүргізуші:
Десек те
уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын баршаңызға бағыштайды, - деп
бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын
тыңдайық.
Тақпақтар (Айару, Айзия, Асия, Нұрмұхамед, Нұрали, Шырын, Айзере, Ақмаржан, Ерқанат, Рамина, Қ.Амина, Даша, Алуа)
1 бала. Кадр үшінші «Ертегілер әлеміне саяхат»
Осы кездеь музыкамен Ханшайым(Адия) залға кіреді
Ханша: Шуламаңдар, тынышталып мені тыңдаңдар! Менің тойға киетін 4 көйлегім, серуенге киетін 2 көйлегім, көрші хандыққа қонаққа барғанда киетін2 көйлегім бар. Сонда барлығы қанша көйлегім бар екенін тез есептеп айтыңдар!
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Неге айқайлайсыз?
Ханша: Мен Ханшамын, әкемнің сарайында әбден ішім пысты. Бүгіннен бастап сендердің тәрбиешілерің боламын!
Жүргізуші: Балалар сендер осындай тәрбиеші болғанын қалайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ! Қаламаймыз!
Ханша: Жарайды, жарайды. Онда мен тәрбиешінің көмекшісі –ақ болайын. Сыпырғы мен шүберектер сендер сияқты шуламайды ғой! Еден жуып, шаң сүрту, тамақ тасу қиын болып па? (Музыка ойналады, сыпыртқы алып сыпырады, шаң сүртеді. Бір кезде шаршап құлайды!
Экраннан хан көрінеді: «Әй, қызым-ай! Еңбектің үлкен кішісі болмайтынын енді түсінген шығарсың. Әр мамандықтың өз қызығы мен қиындығы бар. Үәзірлеріне. Үәзірлерім! Сиқырлы желбегеймен ұшып ерке ханшаны қайтадан ертегілер еліне алып келіңдер!
Ханшаны үәзірлер алып кетеді
Балаларға: -Балалар мен сендерді танимын. Ертегілермен дос екендеріңді де білемін. Мектепке бет түзеген қадамдарың оң болсын! 4-пен пен 5- ке оқыңдар! Жақсылыққа сене біліңдер!).
(Үйшік қою)
Жүргізуші: Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
К нам герои добрых сказок
В детский сад с утра спешат.
Чтоб в страну чудесных знаний
Проводить своих ребят!
Ағылшын тілінде көрініс «A little house”
Жүргізуші: Мінеки, балалар әр ертегі неге тәрбиелейді? Жақсылыққа, достыққа тәрбиелейді екен. Олай болса Асия мен Зере қыздарымыздың орындауында «Достар» әнін қабыл алаңыздар.
Ән: «Достар»
(Асия, Зере)
Айзере: Кадр төртінші «Тосын сый»
1-жүргізуші:Бүгінгі күні бізден де артық толқып, қуаныш пен тебіреніске бөленіп отырған тағы бір жанымызға жақын, аяулы жандар бар. Олар кімдер?
Балалар: Ата-аналар!
2-жүргізуші: Иә, әрине дұрыс айтасыңдар.
Ойын: «Сиқырлы сандар»
Ата-аналарымыз тебіреніп отырса да құр қол келмепті. Ата-аналардың орындауында
Оркестр, Флэшмоб
(Спорт биіне киінеді - Нұрай, Айзере, Айару, Зере, Асия, Ақмаржан)
Жүргізуші: Бүгін бізге тағы бір қонағымыз келіп отыр. Ол осы балабақшаның түлегі Алихан. Алиханның орындауында ән-шашу қабыл алыңыздар.
Ән:
Жүргізуші:
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Би «Спорт»
(Нұрай, Айзере, Айару, Зере, Асия, Ақмаржан)
Елхан би
Жүргізуші: Гүл ашылса аулада,
Бал арасы келеді.
Бал арадан кейін,
Көбелектер келеді деп, - біздің әнші қыздарымыздың орындауында
Ән: «Гүл көбелек»
(Алима, Айару, Ж.Аружан, Шырын)
Айзере: Кадр бесінші «Қоштасу»
Жүргізуші:
Үлкен сенім жүктеп алып
Мектепке кетіп барамыз
Балабақшам өзіңмен
Қоштасу әнін саламыз
Ән «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Ал, құрметті балалар, қонақтар! Енді назарларыңызды экранға аударыңыздар. Балалардың балабақшада өткен өмірлерін еске түсірейік.
Видео: «Балалардың бал мекені»
Жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.
Би: «Вальс»
Айзере: Кадр алтыншы «Алғыс айту»
Жүргізуші:
Оқимыз
білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз – деп, енді балаларымыз балабақшадағы апайларына
өз ризашылықтарын білдірмек
(Балалардың қолдарына гүл беру)
Тақпақтар
Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңді барлық жақындарыңмен, дос – құрбыларыңмен тойлаудасыңдар. Осы залға жиылған әр жан сендерге қызыға, қуана қарап сәт сапар тілейді. Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Дилдаш Секенқызына береміз.
Марапаттау.
Қызыл дорожка жаю.
Тілек шарларын ұшыру.
Ақ дорожка жаю.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.