Су моншақпен тігу өнері
Оценка 4.9

Су моншақпен тігу өнері

Оценка 4.9
docx
31.03.2021
Су моншақпен тігу өнері
СУ МОНШАҚПЕН КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІ.docx

 

             Су моншақпен кестелеу өнері.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейдің 9 Е  сынып оқушысы :Талғатқызы Ақыл

 Жетекшісі :көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ержанова Арай Аманбаевна

 

              Зерттеудің басты мақсаты:

   Қолданбалы өнерді, соның ішінде сумоншақ өнерін үйретіп, әрі қарай түрлендіріп дамыту.

        Ғылыми болжам:

   Қолданбалы өнердің түрлері көп.Солардың ішінде сумоншақ өнерін қолданудың тәрбиелік мәні үлкен.Осы өнер арқылы елін, халқын сүюге өнерді құрметтеуге мүмкіндік зор.

        Зерттеудің барысы , кезеңдері:

1.     Жетекшімен жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалды.

2.     Кітапханамен байланыс.

3.     Баспасөз ақпараттары, керекті материалдар қоры жинақталды.

4.     Зерттеу объектісінеде жұмыс жүргізілді.

5.     Зерттелген материалдар жинақталып, нәтижесі жасалды.

Зерттеу әдістері: нақты талданды, салыстырмалы талданып, бақыланды.

Суреттермен жұмыс жүргізілді. Сумоншақтың қандай да бір бейнесінің, түсінің танымдық, өзіндік мәні бар екені анықталды.

Жаңалық: сумоншақтан панно жасау жөнінде сумоншақ бисер өнерінің тәрбиелік мәні

 барекенін білу.

        Жұмыстың нәтижесі:

1.     Өнерлі халық қолданбалы өнер арқылы сұлулық іздеуге деген құштарлығын танытқан.

2.     Сумоншақ өнерін көркем, эстетикалық талғаммен нақышына келтіре өрнектеп,

әшекейлеген.

         Қорытынды.

         Мен сумоншақ (бисер) өнерін зерттей келе, бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екеніне көзімді жеткіздім. Сол себепті бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез-құлқын, өзінің тілін, дәстүрін жоғалтпау керек деп түсінемін.

                                                                                                       «Еңбек – өнер  өрісі,

                                                                                                         Өнер – өмір жемісі»

 

         Әрбір мемлекеттің болашағы оның мектебінен, отбасынан шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның мемлекеттің назарында. Өйткені барлық қазақстандық мектептердің ішінде сан жағынан болсын, алдыңғы орында және мемлекеттік тілде білім беретін бұл мектептер еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде айрықша орынға ие. Осы жерде біз алдымен, бүгінгі қазақ мектептеріндегі технология  сабағының ұлттық қолөнер дәстүріне, жалпы этномәдениетінің даму жайына ерекше тоқталғымыз келеді.Өйткені бұл сабақтағы қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату арқылы білім беру мәселесі тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениетін нығайтуға себеп бола алады.Ал бұл салаға байланысты қазақ мектептерінде білім беру сапасын арттыру оған қатысты сандық  көрсеткіштердің өсуіне тікелей байланысты.

       Қазіргі кездегі іскерлік, еңбек заманында технологияның тез ауысуына  байланысты адам өз кәсібін еріксіз өзгертуіне тура келетініне әлемдік тәжірибе куә. Осыған орай, еңбек пәні арқылы оқушылар, адамдағы әр түрлі бағыттағы іскерлікпен біліктілік және технология әлемінен, оның мәдениетімен жан-жақты танысуына тура келеді.Жалпы технологиялық өзгерістер және қоғамдық индустрияның әсері кәзіргі кездегі жұмысшыларға  жаңа функционалды талаптарды қоюға мәжбүр етті, ал одан алынған өнім бөліктеріне қойылатын талаптар күшейіп, жұмысшылардың іскерлігін жобалап, шығармашылық жұмыстарына жол ашылып отыр. Жұмысшылардың бұл қасиеті ерте жастан қалыптасып, оқу және еңбек мерзімінде де қатарласып дамуы тиіс.Соңғы жылдары технология пәнінің  мазмұнын қолдану аймағы, оның түсінігі күрт өзгерді. Қазіргі өзара тығыз байланыстағы кезде  ол адамның материалды, көтеріңкі, сол сияқты әлеуметтік, бір-бірімен байланыс деңгейінің іскерлігін қамтиды. Технология пәнінің біз әдістемелік және жүйелік білім аймағы деп анықтаймыз. Оның ішінде адам баласының ынтасындағы материалдар қуат және анықтамалар, қоғамды, табиғатты қорғау, т.б. Технология бұрынғы әдістемелік мазмұнды жаңа талаптарға сай бағыттап оқытады. Оның негізгі оқыту бағыты сана сезімді дамыту,ондағы жаңа талаптарды қабылдауға және іске асыруға кең жол ашу.

Олар:

-         аймақты, кешенді ойлау;

-         қажетті хабарларды өз бетінше іс жөнінде айқындау;

-         тың білімдерден үздіксіз хабарлар болу, олардың әдістемелік құрамдас бөлігін қайта

жаңғырту іскерліктері, т.б.

       Батыс Еуропадағы көптеген елдерде оқушыларды еңбекке баулуға  дайындау саласы 1988 ж бері өте кең көлемде өріс алған. Ұлыбританияда мемлекет аралық  экономикалық одақтың құрылуына байланысты бес оқу құралдары бар. Олар:

-         дизайн және технология;

-         өнер және дизайн;

-         ақпараттық технология;

-         бизнесс;

-         үй үнемі кәсіпкері.

       Бұлар Батыс Еуропадағы технология, мемлекеттік пәнге жаңадан енгендер. Оның басты мақсаты оқушылардың өмірлік еңбек жолына дайындау, тәрбиелеу. Болгарияда еңбек және технологиялық дайындықта 9-10 сынып оқушыларын оқытудың өте қызықты тәжірибесі жұргізілген . Ал ең негізгі роботты техника әдістемесі германияда қарқынды дамуда. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ҚР жалпы мектеп оқушыларын  технологиялық дайындықтан өткізуде. Оныі негізгі білім беру мақсаты оқушыларды еңбектегі іскерлікке дербес даярлау,    ой-өрісі дамыған, білімді, мәдениетті, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсат мыналарды көздейді:

-         жастардың дүниетанымын дамыту, техника негіздерімен, жаңа жетістіктер технологияларымен, экономикалық және кәсіпорындық білімін жетілдірумен таныстыру;

-         қолөнер материалдарын көркемдеп өңдеуде, соның ішінде еңбек мәдениеті, отбасында, ұжымда келіспеушілікті болдырмау.

       Бұл үшін  оқушылар қажетті мүмкіндіктерін анықтау қажет. Олар:

-         туындаған ойларды іске асыру;

-         технологияны талдау, өнімді, істі құрастыруды ойластыру;

-         жұмысты жоспарлау;

-         ұйымдастыру және орындау;

-         жұмыстың әрбір кезеңіне баға бере білу;

-         өзіңнің іскерлігіңді болжау;

-         шығарған өнімдеріңді саутты тарату.

       Әр заманның өз уақытындағы белгілі бір талаптары мен сұранысына сай  көкейтесті мәселелері туындап, олардың дер кезінде шешуін табуы келешекте нақты да батыл қадам жасауға негіз болатыны айқын.

       Қазіргі заманда халықаралық, экономикалық, әлеуметтік қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, рухани даму, мәдениет пен өнер, білім мен тәрбие саласындағы ізденістер бүкіләлемдік дәрежеде талқылануда. Глобализация дәуірі ұлттық бет бейнені жоғалтпай жан-жақты дамуды қажет етеді. Осындай көкейтесті мәселелерді көтеріп, оны шешуде нақты дәйекті жұмыстар жүргізіп жүрген ғалым аға-апаларымызда аз емес. Олар жалпы білім беретін мектептің технологиялық оқулықтарының авторлық ұжымы: К.Өстеміров, Н.Адамқұлов, Г.Шымекеева, Д.Алмағамбетова. Бұлар әлемдік деңгейде өз тұғырымызды жоғалтпауды мақсат еткен, ұлттың ұлт болуының негізгі-тіл, дәстүр, өнер, жаңашылдық, біліктілік пен жан-жақтылық екенін нақты түсінген, өз ісінің кәсіби мамандары.

       Бүгінгі таңда ҚР-да өскелең ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу мәселесіне үлкен назар аударылуда. Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері, қолөнері, музыка, әдебиет, тарих салаларының жетістіктері мен  жақсы дәстүрлері негізінде тәрбиеленуі тиіс.Рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құнерлығын арттыруда халықтық педагогиканы қолдануды теориялық-практикалық  тұғырдан қарастыру қажеттідігі туындап отыр.

       «Эстетика» - герк сөзі, «әдемілік», «әсемдік», «сұлулық» деген мағыныны береді екен.

        Эстетика деген сұраққа бірінші болып жауап берген ғалым біздің заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасырда өмір сүрген – Пифагор. Әрі астроном, әрі математик ғалым, әсемдік мәселесін гармониялық тепе-теңдік деген ұғыммен байланыстырып, оны сан арқылы белгілеген. Мектептегі эстетикалық тәрбие әр пәннің түрлі мүмкіншіліктеріне қарай жүзеге асырылады. Классиктердің айтуынша, өнер адамның эстетикалық қызметінің ең жоғары түрі.

         Оқытушының оқытатын пәні негізгі қарауы болғандықтан, біз де қолөнердің қыздарға тән бөлігін негізгі қаруымыз ете отырып, оқушылырғы эстетикалық тәрбие берудегі тәжірибемізді көпшілік назарына ұсынбақпыз.

        Әрбір сабақтың тиімді формалары мен эстеикалық тәрбие берудің әсерлі тәсілдерін табу біздің негізгі міндетіміз. Оқушы әр сабақ сайын есейіп, жаңа білім үйренуі керек. Әр оқушының көздейтін мақсаты оқу барысында өзінің белсенділігін арттырып, алған білімдерін өмірде, күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйрену.

       «Қайнардың көзі басында» дегендей – ақ, «Өнер көзі халықта». Алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыруы перзенттік парызымыз деп түсіну керек. Осыған орай, қазіргі қоғамымыздың талабы – қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұтыну.

        Бүгінгі таңда жас ұрпаққа эстетикалық  тәрбие ісіне  ерекше мән беріліп отыр.

        Себебі, қазір жасөспірімдердің  ой - өрісі тарылып, ешнәрсеге мән бермей, қызықпай, қылмыс жасауы көбейіп отыр. Шындығында, сұлулыққа жаны құмар жастардан қылмыскер адамның шығуы мүмкін емес сияқты. Біздің қазақ халқы «Қыз үйдің құты» - деп, ерте дәуірден – ақ қызды ес білгеннен бастап, әр түрлі өнерге баулып, ерекше тәрбиелеп өсіру дәстүр тарихынан мәлім.

        Осы дәстүрді жалғастыру мақсатында, сабақ өткізудің тиімділігін жоғарылатып, тақырыпқа байланысты әр түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, қолөнердің даму тарихын оқыдық.

       Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер.

       Қолөнер – қол  еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Қолөнер бұкіл әлем халықтарының тамашалайтын көрмесі. 1876 ж Петербург қаласында өткізілген үшінші ориенталстер съезіне көрмеге қойылатын халықтардың тізіміне қолөнер туындысы торсық енгізілген. Торсықтың тамаша үлгілері Эрмитажда сақталуы.

       Қолөнер – бұл  кәсіп, экономикада еңбек күшін тауарға айналдыру арқылы еңбекақы алу жолы.

       Қолөнер – ата-бабамызыдң ұшқыр қиялынан шыққан, үлкен даналық ойынан, қажеттілігінен туындаған өнер өнер туындысы.

       Қолөнер – атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра.

       Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып,белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыс – тіршілігінде қолданылатын өнермен тығыз байланысты болды.Барлық заттар көшпелі халық тұрмысына бейімделіп жасалды. Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп, түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер.Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тәлім алып,өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірді, сол дәуірде өмір сүрген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген.Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.

        Тіл арқылы кез келеген халықтың даму дәрежесін, оның даму тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Мәселен сол тілді сақтап дамыта білуде. Ал біздің тіл қорымызды мал шаруашылығы мен егін шарушылығына, аңшылық, саяхатшылық, балықшылық, т.б. кәсіптерге, қолөнерінің сан алуан түріне байланысты мыңдаған ұғым мен заттардың  атаулары бар және кез келген атаудың сыртында тұрған, соған байланысты этнографиялық ұғым, наным-сенім, әдет-ғұрыптар тағы бар. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұамттардың бәрі де кейінгі туындарға тән тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері – фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы жетуі мүмкін екен.Кез келеген тілдің қоғамда өзара байланысты өзара  байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бірін-бірі түсінуі, пікір алысу үшін қажетті қызметі.

        Оның екінші қызметі  көркем шығарма тіліне тән, тілдің бұл қызметі, әрине  қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәнеріне байланысты.Ал тілдің үшінші бір қызметі ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивтікқызмет деп аталады. Яғни, ол тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап,  оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті.

          Бұл салада игілікті бастамаларымызда жоқ емес.Осы ретте кәсіптік-этнографиялық ұғымдар жөнінде этнолингвистикалық қорымызды толықтырып, нақты этнографиялық тағылымдар жазып қалдырған халық қолөнері, шебері, этнограф Дәрмекбай Шоқпарұлы. Ол кісі ата-кәсіп түрлерін, олардың тәрбиелік мәнін, этнографиялық ұғымдарын поэзия тілімен шебер суреттеген.

Зергердің сәндеп соққан сырғасы бар,

Қырында құсбегінің шырғасы бар.

Құлын кезден өрелеп төрт аяғын,

Баулысаң жай жылқыдан жорға шығар:

-         деген шумақтардың этнографиялық ұғымдары:

Зергер – қымбатғ бағалы материалдармен (күміс, алтын, платина), асыл тастардан

(гаухар, алмас, жақұт, інжу т.б.), әр түрлі әшекейлі, сәндік бұйымдар жасайтын ұста-зергер.

       «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» - дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума білім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі моншақпен кестелеу өнері. Моншақпен кестелеуде басты көрсеткіш моншақтың түстерінің әсері мен оның бұйымда атқаратын рөлі.

        Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «Сегіз қырлы,  бір сырлы»,  өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып насихаттап үйретіп келген.

        Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін орта мектептерде жүргізілетін технология пәні. Олай болса, «Ат көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда,қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дің, өнер, үлгі-өнеге) орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де ерекше маңызды.

       Бұл көзқарасты халық педагогикасы (Этнопедагогик)  мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдардың еңбектері дәлелдеп отыр.

       Қолөнер оқушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз қалайды.

       Халық педагогикасы – оқушыларды қолөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазақ халқының қолөнеріоның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес Орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді.

       «Өнер көзі - халықта», халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ , оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз.

        Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнерге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы.

        Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өнерге, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.

       Осылардың ішінде бисер өнеріне тоқталайық.

       Ежелден келе жатқан өнердің бірі – бисер (сумоншақ).

       Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғашқы құпиясын Франция елі ашқан деген аңыз бар.Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемеден силитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан силитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

        Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны  Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ІҮ Ү ғасыр ескерткіштерінен табылған.Әйнектік массаға кобольт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен.

        Ең алғашқы бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жасалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік дауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге «Бисер» атауы әйгілі бола бастады.

        Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, таңылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі. Халық тұрмысында үлкен атқаратын рөлі бар. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шетелдерде өте жоғары бағаланады.

        Нақ қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың жаңа сатысында .

        Бисер тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамылықты және  фантазиямен шеберлікті талап етеді. Әр адамның бисер тоқуымен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жақсы, түстерді жақсы айыра білу керек.

        Қазір бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәнді киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдері, сөмкелер тағы басқа жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі талғампаз адамдардың көңілінен шығып, үлкен сұраныстарға ие болып отыр. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін жіппен (мықты болып келетін жібек, т.б.), лескімен орындалады.Бисерден тоқылған бұйымдардың түрлері өте көп, Бисермен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін, тұмарша, өңіржиек (алқа), бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау, т.б. өте сәнді әшекейлер: сырғалар, брошкалар, мойынға тағатын алқалар жасауға болады.

        Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 5-10 минут үзіліс жасау тиімді.

         Бисермен тоқудың ең көп тараған түрі – параллельді тоқу.

         Бисерді таңдау - үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды, қандай түсін алуды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті таңдай білу қажет.

         Бисермен кестеленетін мата тым қатты немесе жұмсақ емес, орташа қалыңдықта болуы керек.Жібек матаға қарағанда табиғи қатқылдау матаны қолданған өте ынғайлы. Өйткені жібек мата жылтыр болғандықтан моншақтар сырғып түсе береді.

         Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн.Жуан инені қолданған кезде моншақ екіге бөлініп жарылып кету мүмкін.

         Бисер тігуге әр түрлі жіп түрлерін қолдана беруге болады. Тек олардың жуандығы бірдей әрі мықтылау, сонымен қатар моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек.

        Жоғарыда айтылған жабдықтардан басқа өткір қайшы, арнайы кергіш немесе жақтауыш қажет болады.

        Моншақтарды шыныдан жасалған қауашақтарға немесе қораптарда сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан бисердің түрі, түсі көрінеді.

   

 Пайдалы кеңестер.

     1.Сыртқы көрінісін жақсарту үшін: бисер – айтарлықтай салмақты материал, кейбір күрлі немесе көлемді бұйымдар салып, салбырап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұталарын қатайту үшін арнайы диаметрі 0,6-1,2 мм болатын флористикалы сымды пайдаланған жөн. Мұндай сым өзінің жуандау диаметріне қарап гүлге қажетті пішін бере алады.

      Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың барысында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып төменде көрсетілген екі тәсілмен бекітуге болады:

      Бірінші тәсіл-әр сымның әр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру, бұл егер сым жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайда.Егер моншақ өте ұсақ немесе сым жуан болса сымның ұштарын бұйымның шеткі шалуларының арасынан кейін қайтып бекітеміз.

     Екінші тәсіл – компазицияны құрастыру кезінде гүлдердің үйлесімділігін ескеру маңызды рөл атқарады.Егер бисерден тірі гүлге ұқсас тоқылса, онда дала гүлдері мен бақша гүлдерін қатар қоюға болмайды. Сонымен қатар, көктемгі гүлдер мен күзгі жапырақ араластырған өрескел қателік.

      Қорытынды.

      Жалпы сумоншақ (бисер) өнерін зерттеу барысында, оның түрлері, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін сумоншақ өнерінің жасалуын айта келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Сол себепті сумоншақ өнері арқылы мен осы жұмысты әрі қарай жалғастыру өзімнің міндетім деп, зерттеп,оны әрі қарай жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіремін деген мақсатты алдыма қойдым.

        Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Этнопедагогика Авторы: З.Ә.Әбілова

2.     ЭХО...Ө.Жәнібеков

3.     В.П.Кузнецов, Я.А.Рожков.Методика трудового обучения.

4.     «Мектептегі технология. Технология в школе» журналы.

5.     Технология Авторы : Б.Момынбаев, Н.Адамқұлов, Ә.Құтпанбаев, С.Асанова, Д.Әлмағанбетова.

6.     Энциклопедия рукоделия. М. 200                                                                                                                                                                                                                         Бисер «Народное творцество» 2001 И.В.Б


 

7.    

Су моншақпен кестелеу өнері. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейдің 9

Су моншақпен кестелеу өнері. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейдің 9

Осы жерде біз алдымен, бүгінгі қазақ мектептеріндегі технология сабағының ұлттық қолөнер дәстүріне, жалпы этномәдениетінің даму жайына ерекше тоқталғымыз келеді

Осы жерде біз алдымен, бүгінгі қазақ мектептеріндегі технология сабағының ұлттық қолөнер дәстүріне, жалпы этномәдениетінің даму жайына ерекше тоқталғымыз келеді

Бұлар Батыс Еуропадағы технология, мемлекеттік пәнге жаңадан енгендер

Бұлар Батыс Еуропадағы технология, мемлекеттік пәнге жаңадан енгендер

Эстетика» - герк сөзі, «әдемілік», «әсемдік», «сұлулық» деген мағыныны береді екен

Эстетика» - герк сөзі, «әдемілік», «әсемдік», «сұлулық» деген мағыныны береді екен

Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы қолөнер

Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы қолөнер

Зергер – қымбатғ бағалы материалдармен (күміс, алтын, платина), асыл тастардан (гаухар, алмас, жақұт, інжу т

Зергер – қымбатғ бағалы материалдармен (күміс, алтын, платина), асыл тастардан (гаухар, алмас, жақұт, інжу т

Жалынның ыстық температурасынан силитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен

Жалынның ыстық температурасынан силитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен

Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн

Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн

Энциклопедия рукоделия. М. 200

Энциклопедия рукоделия. М. 200
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2021