Көркем еңбек пәнінде оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
Оценка 4.6

Көркем еңбек пәнінде оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану

Оценка 4.6
docx
16.02.2022
Көркем еңбек пәнінде оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
Көркем еңбек пәнінде оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану .docx

Жоспар:

I.Кіріспе бөлім:

1.     Оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдері

II.Негізгі бөлім:

1.Қолөнер бұйымдарындағы ою- өрнектер

2.Ою түрлерін орынды пайдалану

III.Қорытынды.

 

Кіріспе

Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» – деген екен Әбу Насыр Әл-Фараби. Мектепке өзгерісті неден бастау керек?- дегенде ең алдымен ғалымның осы сөзі есіме түсті. Ендеше, өзгерту үшін, ең алдымен, тиісті бағдарламалар арқылы жоспар құру керек – деп ойлаймын.

Жаңартылған білім бойынша кез келген мұғалім оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана ала білуі қажет және сабақта қолдана білу керек.

Үштілді оқыту – заман талабы.   Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шет тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.

Оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдері:

·         бүкіл сынып орындайтын жұмыс;

·         шағын топтардағы жұмыс;

·         жеке жұмыс;

·         ширату жаттығулары;

·         жалпы сабақтар;

·         бүкіл топ орындайтын жұмыс.

Белсенді оқыту. Нұсқау беру жəне айту: Сыныпқа оқыту оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу.

Түсіндіру жəне сипаттау: Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру.

Сұрақ қою жəне талқылау: Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс. Шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады, түсініктеме беруін сұрап, оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек, оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету, оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.

Зерделеу жəне зерттеу: Оқушылардың проблемалы мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау, белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау, қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау, оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.

Бекіту жəне қолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну, оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын ңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы көркем еңбек, технология пәні бойынша дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.

Рефлексия жəне бағамдау: Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану, оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікір талас жүргізу, оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау, олардың жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.

Қорытынды шығару жəне есте сақтау: көркем еңбек сабағында жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; пəннің басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру, оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.

Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың басым бөлігінде оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың мұғаліммен қарым-қатынасын барынша арттырып, əр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді

«Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» – деген екен Елбасымыз Н.Назарбаев.

Осы мақсатта мен жаңартылған білім бойынша мен 1-сыныпқа бірнеше сабақ өттім. Соның бір үлгісін ұсынып отырмын. Ынтымақтастық атмосфераға «Шаңырақты» құрды. Оқушылар топқа бөлінді. Оқушыларды ою түрлері арқылы қошқар мүйіз, құс қанаты болып 2-топқа бөлінді.

·         Жан-жануарлар тектес ою-өрнек

·         Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

·         Өсімдік тектес ою-өрнек

·         Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек

·         Ғарыштық ою-өрнектер

·         Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

·         Геометриялық ою-өрнектер

·         Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

Оқушылар «Галереяға саяхат» жасады

Халқымыздың кигізден жасаған төсеніштері, кілемдері, текеметтері, үйімізге жылулық береді.

Сергіту сәті. «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» ойыны ойнатылып,үш тілде білім алушылар мақалды айтып шықты.

1….. үйрен де жирен (өнерді) өнер-искусствоhandicraft

2.            …… көп жерде өнер көп (ел)ел -народ-peopie

3.Үйренгенің өзіңе, істегенің өзіңе …… ( құт) құт-удача-luck,

4.            Шебердің қолы ……. ( алтын)алтын-золото-cold

5……. оя алмаған ойланбаған (оюды) ою-узор-pattern

6.Еріншектің ……. бітпейді (ертеңі) ертең-завтраtomorrow

7.            …………… мол өнер (қолөнер) қолөнер-ремесло-handicraft

8.Жеті рет өлшеп, …. рет кес (бір) бір-один-one

9.Қыз еркем, ……. көркем (кестесімен) кесте-вышывка-needlework

10…. ойғанның ойы ұшқыр (ою) ою-узор-pattern

11.          Өз үйінде ….оймаған, кісі үйінде сызу сызыпты (ою) ою-узор-pattern

12……. түбі береке (еңбек) еңбек-труд-work

Сарамандық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті: Ашықхат жасау. Әр топ кұс қанаты мен қошқар мүйіз оюларын жасайды. Ою-өрнектерді қағазды бүктеп, сызып, қырқып алады да ашықхатқа жапсырмалады.

«Көңілді күн» іс-қимыл арқылы сергіту жасаттым.

Қорытындылай келе: мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту бірден мүмкін емес. Бірақ, оқушыларға ұнаған секілді. Олар топта жұмыс істегенде мақсаттары бір болып, қалайда басқа топтардан озғысы келіп өз білімдерін көрсетуге тырысты.

АКТ-ны қолданғанда жиі орынсыз пайдалана бермей ең негізгі, қажетті бейнебаяндарды ғана көрсету керектігін, жаңа сабақты түсіндіруде тұсаукесерді тиімді қолдану  керектігін көшбасшылықты бүгінгі күнгі мұғалім міндетті түрде меңгеруі тиіс деп ойлаймын, себебі осы модульді меңгергенде ғана біз сыныптағы оқыту мен оқуды, оқушылардың өзара әрекеттесуін басқара аламыз. Сондықтан алдағы уақытта осы бағдарламаның жеті модулін сабақтарға ендіре отырып сабақ беру үдерісім мен әдіс-тәсілім өзгерсе, оқушыларға сапалы білім беруде үлкен көмегі тиеді деп ойлаймын.

Болашаққа жоспарым: әрқашанда шыдамдылық пен мұқияттылықты қажет ететін оқыту үдерісі кезінде әрбір тапсырманы нақты мақсатқа сай жоспарлауды қоя білу; кәсіби біліктіліктерін арттыруға үнемі қолдау алып отыру т.б;

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақ халқының ою-өрнектері М.Өмірбекова Алматы, -2004.

2.     «Көркем еңбек» пәні 2-сынып оқулығы, -2017.

3.     Үлестірме материалдар, 24-бет

4.     Ғаламтор желісі

5.Қазақ халқының ою-өрнегі . Ә. Нұрпейісов. Өнер. Алматы, -2002

6.Шебердің өзі – көненің көзі. Ғ.Иляев. Алматы. -1986.


 

Жоспар: I.Кіріспе бөлім: 1

Жоспар: I.Кіріспе бөлім: 1

Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор

Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор

Болашаққа жоспарым: әрқашанда шыдамдылық пен мұқияттылықты қажет ететін оқыту үдерісі кезінде әрбір тапсырманы нақты мақсатқа сай жоспарлауды қоя білу; кәсіби біліктіліктерін арттыруға үнемі қолдау алып…

Болашаққа жоспарым: әрқашанда шыдамдылық пен мұқияттылықты қажет ететін оқыту үдерісі кезінде әрбір тапсырманы нақты мақсатқа сай жоспарлауды қоя білу; кәсіби біліктіліктерін арттыруға үнемі қолдау алып…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.02.2022