Сымсыз байланыс желілері
Оценка 5

Сымсыз байланыс желілері

Оценка 5
Образовательные программы
docx
другое
10 кл
21.10.2020
Сымсыз байланыс желілері
о безпроводной сети
Сымсыз байланыс желілері.docx

 

Қызылорда облысы Арал ауданы

Арал индустриалды- техникалық колледжінің информатика және арнайы пән оқытушысы Жұмаева Назира Қаршығақызы

Ашық сабақ

Пәні : Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамсыздандыру
Сабақтың тақырыбы: Сымсыз байланыс технологиялары

 Cабақтың мақсаты

 Білімділік: Білім алушыларға  сымсыз байланыс және оның түрлері мен қолданылуы бойынша алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, қоғамда тиімді қолдануға үйрету және  танымдық деңгейін арттыру. 

 Тәрбиелік: Білім алушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі жеткізуге, топ алдында еркін сөйлеуге өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың сымсыз байланыс технологиялары  туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, ой – өрістерін, логикалық -абстракциясын дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.  Пәнаралық байланыс: информатика, электротехника

Сабақтың түрі: аралас   сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Кэмбридж бағдарламасының  модулдері, ДжигСо, Хокку, топтастыру, сөздік әдістері

 Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, видеолар,тапсырмалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Білім алушылармен сәлемдесу
- Білім алушыларды түгелдеу
- Білім алушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
- Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

"Жедел" тест

Тестті  білім алушылар дайындап әкеледі. Тест 5 сұрақтан құралады. Білім  алушылар  бағалау өлшемімен танысады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Олар  дәптерлеріне бағандап 1-ден 5-ке дейін сандар жазып қояды.  Әр  топ мүшелері өзері дайындаған тестті оқиды.  Тапсырма орындалып болған соң, білім алушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады.Әр  тапсырманың дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан тексеріледі.  Оқушылар алдарындағы жұмысты бағалау өлшеміне сәйкес бағалайды.

 

І топ

1

Интернетке қосылу технологиясының неше түрі бар?

2 түрі

2

Сымдық қосылудың тәсілдері атаңыз...

Телефон желісі, коаксиалды, бұрамалы жұп және талшықты –оптикалық кабель арқылы

3

Телефондық таратушы өткізгіш кабелдің түрлері қандай?

2 және 4 тінді  кабель

4

Шыны немесе пластик сияқты  оптикалық мөлдір материалдан жасалған кабель?

Талшықты –оптикалық

5

Кабелді интернет дегеніміз не?

Кабелді телеарна каналдарын қолдану арқылы Интернетке қосылу

ІІ топ

1

Сымдық және сымсыз қосылу технологиясын атаңыз...

Интернетке қосылу технолгиясы

2

Коаксиалды кабель құрамы нешеге бөлінеді?

1-ішкі өткізгіш,2-изолоция,3-сыртқы өткізгіш,4-қабық

3

Коаксиалды кабель не үшін қолданылады?

Жоғарғы жиіліктегі  сигналдарды жіберу үшін

4

Сымдық байланыс технолгияның неше түрі бар?

7

5

Мәліметтер тасымалдаудың неше архитектурасы бар?

2, симметриялы, ассимметриялы

ІІІ топ

1

Интернет қосылу технолгиясының  түрлері атаңыз...

Сымдық, сымсыз

2

Сымдық қосылудың неше тәсілі бар?

3 тәсілі

3

Айырылған  бір немесе бірнеше өткізгіштен тұратын байланыс кабелі

Бұрамалы жұп

4

Сымдық байланыс технолгиясының түрлерін атаңыз

Dial-up, ISDN, xDLS, FTTx, Ethernet, DOCSIS,PLC

5

Қазақстанда қолданылатын  интернетке қосылудың танымал әрі таныс әдістері қандай?

Dial-up, ISDN, FTTH, Fast Ethernet

 

IІІ. Жаңа сабақ

«Джиг Со» әдісі: Білім алушыларға өткен сабақта  берілген тапсырма бойынша төмендегі тақырыптар  туралы ақпараттар жинап, әр мүшелері тақырыпты аша отырып, өзге топқа түсіндіріп, ортаға салып өзара талқылайды.  Сабақ соңында әр топ мүшелері бірін –бірі бағалайды.

І топқа – Сымсыз байланыс технолгиясы, қолданылуы  туралы

ІІ топқа – Сымсыз байланыс технолгияларының түрлері туралы

ІІІ топқа – Сымсыз байланыс технолгияларының елімізде қолданылатын түрлеріне сипаттама

Оқытушы: Білім алушыларды қосымша ақпаратпен толықтырады

«Li-Fi» желісі туралы, таралуы жөнінде  толық ақпарат беру.

Сөздікпен жұмыс

ISDN  –  қызметтердің интеграциясы бар сандық желі

DIAL-UP – коммутацияланатын қатынау

DSL – сандық абоненттік желі

FTTH – интернетке қатынау әдісі (оптоталшық технологиясына)

FAST Ethernet  -жылдам Ethernet

WI-FI – мәліметті сымсыз дәл жеткізу

ADSL – ассиметриялық сандық абоненттік желі

WI MAX – микротолқынды рұқсат алу арқылы өтетін дүниежүзілік әркеттестік

GPRS – жалпы қолданыстағы дестелік радиобайланыс

3G – үшінші   буын

EDGE – каналдың үлкен өткізгіштік қабілетін  бар мәлімет жөнелту технологиясы

COAXIS –коаксиал (бірге өстес)

MODEM – сигналдармен жұмыс жасайтын құрылғы

CMS- сайтты басқару жүйесі

USENET – телеконференциялар мен жаңалықтар тобы

 

ІV.Сабақты бекіту

«Хокку» әдісі: Жапондық бұл әдісте  әр топ 3 жолды өлең арқылы жаңа материалды бекітеді. З топ білім алушыларының шығарған  өлең жолдары.

І топ

Сымсыз желі сен болмасаң не етер ек,

Қандай жағдай болса да,

Мәңгілікке Интернет іздеп өтер ек.

ІІ топ

1)Аралды ұстап тұрған Шанхай,

Интернетті ұстап тұрған Wi-Fi,

Екеуінің жүрген жері айқай.

2)Қазіргі таңда сымсыз желінің түрі көп,

Оны айтатын  сымсыз желінің тілі жоқ,

Адамадардың оны байқайтын түрі жоқ.

ІІІ топ

Әлемде сымсыз желі түрі көп дейді,

Бола берсін, бола берсін көп мейлі,

Сонда да бірақ бұрынғы байланысқа жетпейді.

V.Үй тапсырмасы

«Талшықты -оптикалық» кабельді өндіруші елдер мен кеңінен қолданушы  мемлекеттер тақырыбында эссе жазу.

VI. Бағалау

«Қосу – алу — қызықты» стратегиясы:  Сабақ барысында белсенді болған, үй тапсырмасына дайындықпен келген оқушыларды  дұрыс жауабына «қосу», аздаған қатесі бар жауапқа «алу», қосымша ақпаратттық жауапқа «қызықты» смайлигімен бағалаймын.

 

 Пән оқытушысы :Жұмаева Н.Қ.

 

            

 


             

     

 

                                                               


 

Арал ауданы Арал индустриалды- техникалық колледжінің информатика және арнайы пән оқытушысы

Арал ауданы Арал индустриалды- техникалық колледжінің информатика және арнайы пән оқытушысы

Сымдық және сымсыз қосылу технологиясын атаңыз

Сымдық және сымсыз қосылу технологиясын атаңыз

V.Сабақты бекіту «Хокку» әдісі:

V.Сабақты бекіту «Хокку» әдісі:

Сымсыз байланыс желілері

Сымсыз байланыс желілері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.10.2020