Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету,оқушыларды желтоқсан құрбандарымен аға –апаларының ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту.Елін,жерін сүюге,қастерлеуге тәрбиелеу.1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар»- деген кінә тағылды.Ашык тәрбие сагаты "Тәуелсіз елім тіркгім!"
тәуелсіздік.docx
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім тірегім!»
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы атабабаларымыздың ерлігін
паш ету,оқушыларды желтоқсан құрбандарымен аға –апаларының ерлігін үлгі етіп
көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту.Елін,жерін
сүюге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының әнұраны хормен.
Жүргізуші: Ельзада
Менқазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
дей келе бүгінгі 3 «Б» сыныбының «Тәуелсіз Қазақстан!» атты тәрбие сағатына
қош келдіңіздер.
Біз қандай елде тұрамыз? Тәуелсіз.
Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан.
Біз тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991жылы 16желтоқсанда.
Ельзада:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды
еске түсіріп өтейік.
17231725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
18361838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі
18371847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлтазаттық көтеріліс.
19321933 жылдар ашаршылық кезеңі.
19361938 жылдар репрессия кезеңі. 19411945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
Арайлым:
1986жылы 16 желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар
алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған»,
«Тәуелсіздік керек», деген ұрандар айтылды. Алматыға әр аймақтардан әскердің
арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан
жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар» деген кінә тағылды.
Ержан:
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік
жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы
басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік
көрсетіп құрбан болды.
Тәуелсіздікке арналған тақпақтар:
Жұлдыз, Перизат, Қажмұқан,Аяулым,Райхан.
Ельзада. Тәуелсіз еліміздің көк туы ешқашан төмен түспей жоғарыда желбірей
берсін.
Ән: «Көк тудың желбірегені!»
Ельзада
Көрініс:
Есік қағып тергеушілер келеді.
Тергеуші: Сәлеметсіздерме! Қайрат біз сені Совецкийді өлтіргенің үшін
тұтқындаймыз.
Анасы: Жоқ, менің балам кінәлі емес.
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар. Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар…
Қайрат: Ана, анашым мен ораламын.
Еркежан: 1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды.
Рәміздер: Елтаңба, Ту, Әнұран
Балжан:
Қазақстан Республикасының әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет
етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Рахман
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
Авторы:Шәкен Ниязбеков
Әбілқасым
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай ақ аңызға айналған қос
пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы
армандауды білдіреді.
Авторлары:Жандарбек Мәлібеков, ШотаАман Уәлиханов
Тақпақ: Олжас.
Би: «Жұмыр қылыш»
Али: 1998 жылы Қазақстан Республикасының Астанасы болып бұрынғы
Ақмола облысы болды.
Тақпақтар: Әди, Өркен.
Әділет: 1999 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
Республикасының президенті болып сайланды.
Тақпақ: Ельзада
Ән: «Астана»
Мұғалім: Елім барда мен бақытты ұланмын
Елім сүйсе сенімінен шығармын Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын
Бүгін біз тәуелсіз ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, еркін
мемлекет құрып Қазақстан Республикасы атанып көк байрағымызды желбіретіп
әлемге әйгілі болуымыз осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Елімізді
қорғау біздің міндетіміз.
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім тірегім!"
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім тірегім!"
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім тірегім!"
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім тірегім!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.