"Тапқыр достар" сайыс сабақ
Оценка 4.8

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

Оценка 4.8
Раздаточные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
20.06.2017
"Тапқыр достар" сайыс сабақ
«Тапқыр достар» сайысы Білім беру саласы: Таным. Коммуникация. Оқу қызметі: Математика. Сауат ашу. (Кіріктірілген сабақ) Мақсаты: 1) Ойын тапсырмаларына дұрыс нақты жауап алу арқылы білімдерін бекіту. Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. 2) Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлығын дамыту. Балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін ширату. 3) Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, дарынды озық ойлы болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздер мен сандар жазылған жазбалар. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.«Тапқыр достар» сайысы Білім беру саласы: Таным. Коммуникация. Оқу қызметі: Математика. Сауат ашу. (Кіріктірілген сабақ) Мақсаты: 1) Ойын тапсырмаларына дұрыс нақты жауап алу арқылы білімдерін бекіту. Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. 2) Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлығын дамыту. Балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін ширату. 3) Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, дарынды озық ойлы болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздер мен сандар жазылған жазбалар. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тапқыр достар.2017 корытынды.docx
«Тапқыр достар» сайысы Білім беру саласы: Таным. Коммуникация. Оқу қызметі: Математика. Сауат ашу. (Кіріктірілген сабақ) Мақсаты:  1) Ойын тапсырмаларына дұрыс нақты жауап алу арқылы білімдерін бекіту.       Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. 2) Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлығын дамыту. Балалардың      сөздік қорын молайту, тілдерін ширату. 3) Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, дарынды озық ойлы       болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздер мен сандар жазылған жазбалар. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын алайық, Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жылу салайық. Мейірімділік шоғын алайық. Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық. ІІ. Жаңа сабақ. ­ Балалар,   біз   осы   уақытқа   дейін   алған   білімімізді   ортаға   салып,   сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тапқыр достар» сайыс түрінде өткізіледі. Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз. 1 топ – «Ақылдылар» 2 топ – «Білімділер» Сайыс кезеңдері: 1­кезең. «Бәйге» 2­кезең. «Ұяшық таңдау» 3­кезең. «Ойлан тап» 4­кезең. «Полиглот» Осы   кезеңдегі   тапсырмаларды   дұрыс   орындағандардың   жауабы   бір­бір жұлдызшамен бағаланып отырады. Тәрбиеші: Мына ғасыр – білімдінің заманы, Балалардың таудай биік талабы. Тапқыр досты анықтайтын сайыста. Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы, ­ деген тілекпен 1­кезеңімізді бастайық. І­кезең. «Бәйге».  Бұл кезеңде сұрақтар қойылады, балалар болса толық жауап береді. Математика оқу қызметі бойынша сұрақтар: 1) Математика оқу қызметі нені үйретеді? (сандарды, геометриялық пішіндерді, шамаларды, кеңістікті бағдаулау) 2) 1­ден 10­ға дейін тура және кері санау. 3) Геометриялық   пішіндерді   ата...   (дөңгелек,   сопақша,   үшбұрыш,   төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, цилиндр, пирамида) 4) Кеңістікті бағдарлап айтып бер. (сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен, ортасы) 5) Бір күннің уақыттық қатынасын кім айтады? (таңертең, күндіз, түс, кеш, түн) 6) Бір   аптада   неше   күн   бар?   Ата...  (7   күн   бар.   Дүйсенбі,  сейсенбі,  сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі). Апта  туралы тақпақ сұрау. 7) Бір жылда неше мезгіл бар? Ата... (4 мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз) 8) Қасиетті сандарды ата... (3,7,9).  Санамақ сұрау. 9) Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп) Сауат ашу оқу қызметі бойынша сұрақтар: 1) Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп) 2) Әріп дегеніміз не? (әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз) 3) Дыбыс дегеніміз не? (дыбысты естиміз, айтамыз) 4) Дыбыс нешеге бөлінеді? (2­ге. Дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс) 5) Дауысты дыбысты қалай айтамыз? (созылып, әндетіп айтылады) 6) Дауысты дыбыс қандай текшемен белгілейміз? (Қызыл текшемен) 7) Дауыссыз дыбыс деген не? (тіл мен тіс кедергі жасайды) 8) Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгілейміз? (Көк текшемен) Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, балалар, 1­кезеңнен сүрінбей өттік. – Енді 2­кезеңімізді бастайық. – Балалар 2­кезеңіміз қалай аталады. ІІ­кезең. «Ұяшық таңдау» Балалар   бұл   кезеңіміз   математика   мен   сауат   ашу   оқу   қызметіне   арналған.   6 ұяшықтың бірін таңдап, ондағы тапсырмаларды орындаймыз. Есеп шығару Дыбыстық талдау Буынға бөлу Сана және жауапты жаз Әуенді тапсырма: «Сергіту сәті»  ІІІ­кезең. «Ойлан тап» Бұл кезеңде  экранда ребустар мен ертегілер суреттері беріледі. Көру арқылы сол суреттердің жауабын тез ойлап айту. ІУ­кезең. «Полиглот» Келді кезек тапсырманы шешуге Жауаптарды аударуға үш тілде Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз. Көп ұпай, сайыскер саған несібе. Бұл кезеңде балаларға жұмбақтары қойылады. Жұмбақтың шешуін тауып, оны үш тілде айту керек.  1. Қар мұз еріп, су көбейіп Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық шашып, Гүл бәйшешек басады Бұл қай мезгілде болады? (Көктем – весна – spring) 2. Бұлттар төніп, жерге төгіліп Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып. Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Бұл қай мезгілде болады? (Күз – осень ­ autumn) 3. Аяз қысып, өрнек сызып Терезені торлайды. Қарға омбығып  Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бұл қай кезде болады?  (Қыс ­ зима ­ winter) 4. Өрік ­ алма, Жидек – жүзім піседі. Қауын – қарбыз Қияр – сәбіз дүкендерге түседі Астық пісіп, орақ түсіп Қырман дәнге толады Бұл қай мезгілде болады? (Жаз ­  лето ­ summer)  5. Кезікті бір жануар  Үстінде екі тауы бар Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не, өзің тауып ал.  (Түйе – верблюд ­camel) 6. Кішкентай ғана бойы бар,      Айналдырып киген тоны бар. (Қой ­  овца ­sheep) 7. Өзі ширақ, өзі қу        Жүрген жері айқай­шу    (Түлкі – лиса ­ fox) 8. Тәтті көрсе бас салар      Айнымайды  баладан.  (Аю – медведь ­ bear) 9. Далада жүр шапқылап, Керемет бір саққұлақ  (Қоян – кролик ­ rabbit) ІІІ. Қорытынды Тәрбиеші:  Жарайсыңдар   балалар!   Енді   «Білімділер»   мен   «Ақылдылардың» жұлдызшасын санап, жеңімпазды анықтайық.  Жеңіске жеткен топты мақтап – марапаттау.

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ

"Тапқыр достар" сайыс сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.06.2017