Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері
Оценка 4.7

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
docx
экология
4 кл
24.01.2018
Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері
Ғылыми жобаның мақсаты: Күнделікті өмірде кездесетін барлық халық тұтынатын қарапайым киімдер жайлы зерттеу жүргізу. Киімнің бала денсаулығына, оның ішінде аяқ киімнің қасиеттері мен тиімділігін ұғындыру арқылы оны дұрыс пайдалануға бағыттау. Ғылыми жобаның міндеттері: 1. Киімнің, оның ішінде аяқ киімнің өзіндік ерекшеліктері, пайдасы, тиімділігі, қандай матадан жасалатыны туралы білу. 2. Аяқ киімнің дұрыс таңдалуы, ол туралы мәліметтер іздеу. 3. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы киім жасалу технологиясына көңіл бөлу.Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері
жоба киім.docx
Алматы облысы Талдықорған қаласы Алматы облысы Көксу ауданы Жапсарбаев атындағы орта  мектеп №16 орта мектеп ­ гимназиясы Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері Ғылыми  зерттеу  жұмыс  Секция: медицина   4 сынып оқушысы  Веснина Ирина                                     Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Байгереева Арай Болатбековна 1 2 Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім           2.1 Әр түрлі маталардан жасалған киімнің денсаулыққа әсері 2.2. Аяқ­киімнің баланың тірек­қозғалыс аппаратына әсері 2.3. Денсаулыққа зиянды аяқ киімдер ІІІ. Қорытынды бөлім  ІV. Пайдаланған әдебиеттер 3 КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Казіргі кезде бала болсын, жас болсын, қария болсын бас, бел, омыртқа, қан тамыр, аяқ ауруларымен бірдей ауырады. Кей оқушылар дене шынықтыру сабақтарынан да босатылып, кей қыз келіншектер жасына жетпей белім, аяғым деп тұрады. «Неліктен осылай?» деген сұрақ туады. Аталмыш зерттеу жұмысында жалпы киімнің, оның ішінде аяқ­киімнің адам өмірінде қаншалықты орны зор, денсаулығына қандай әсері бар екендігі туралы   сөз   қозғаймыз.   Казіргі   заман   ­   киімнің   түр­түрін   киюге   мүмкіндік береді.   Әрине   жұрттың   көп   бөлігі   пайдасы   мен   ыңғайлығына   қарап   емес, әсемдігіне қызығып сатып алады.  Киімді кию орнына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады . Мерекеге киетін   киім.   Жұмыс   (оқу   )   барысында   киетин   киім.   Жұмысқа   (оқуға) барардағы,   келердегі   киім.   Серуенге   шыққанда   киетін   киім.   Спортпен айналысқанда киетін киім т.б. Өкінішке орай адамзат баласы бұл киімдерді дұрыс   киюге   өзінен   талап   етпейді.   Осы   және   басқа   да   күнделікті   өмірде киімге   қатысты   кездесетін   қателіктер   мен   пайдалы   тұстарын   зерттеу   – тақырыптың өзектілігін тудырары һақ.   Ғылыми       жобаның     мақсаты:  Күнделікті   өмірде   кездесетін барлық халық тұтынатын қарапайым киімдер жайлы зерттеу жүргізу. Киімнің бала денсаулығына, оның ішінде аяқ киімнің   қасиеттері   мен   тиімділігін ұғындыру  арқылы  оны  дұрыс пайдалануға  бағыттау. Ғылыми  жобаның  міндеттері: 1.   Киімнің,   оның   ішінде   аяқ   киімнің     өзіндік     ерекшеліктері,   пайдасы, тиімділігі, қандай  матадан  жасалатыны  туралы  білу. 2. Аяқ киімнің дұрыс таңдалуы, ол туралы  мәліметтер іздеу. 4 3. Жетекшімен  бірге  тәжірибе  арқылы  киім жасалу технологиясына көңіл бөлу. Ғылыми  болжам: 1. Күнделікті   тұрмыста   қолданылатын киімнің бала денсаулығына әсерін танып, біледі. 2. Әр отбасында бала ерекшелігіне байланысты сапалы киім таңдау дәстүрі қалыптасады. Ғылыми   жаңалық:  Зерттеу   барысында   киімнің   бұрыннан   белгілі   бала денсаулығына пайдасы  мен  ерекшеліктеріне  қосымша   тағы  бір  жақсы  қырлары ашылды; 1. Киімнің бала денсаулығына әсері анықталды; 2.   Аяқ   киімнің   дұрыс   таңдалмауы   және   дұрыс   бағытта   киілм   еуі   түрлі ауруларға себеп екендігі дәлелденді.                                                             5 ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Әр түрлі маталардан жасалған киімнің денсаулыққа әсері                    Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері.   Киім   адамды   қоршаған   ортаның,   табиғаттың   түрлі   әсерлерінен қорғайды. Қазіргі уақытта табиғи маталардан жасалған сапалы киім кию сәнге айналған.   Көбіне   адамдар   зығырмен   жасалған   киім   кигенді   жөн   көріп, синтетикадан   жасалған   киімдерге   мән   бере   бермейді.   Көпшілік   табиғи маталардан жасалған киімдер сәнді емес деп ойлайды. Алайда, қазіргі заманда қарапайым   табиғи   маталардан   әдемі   киімдер   тігу   қолға   алынған.   Адам денсаулығына киім әсері  қандай екенін қарастырып көрейік.           Сәнгерлер табиғи маталардан жасалған ерекше туындыларын ұсынатын арнайы «эко­сән» деген ұғым бар. Эко­сән адам денсаулығына, салауатты өмір салтына және экологияны жақсартуға негізделген.           Киімнің адам денсаулығына әсер ететінін барлығы біледі. Мысалы, арзан синтетикадан   жасалған   бас   киім   немесе   мойынорағыш   тағар   болса,   ол денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ал, егер табиғи жүннен жасалған бас киім киер болса, табиғи  жүн суықта  жылытып  қана  қоймай, кей  аурулардан да айықтыруы мүмкін. Жүн және тағы басқа табиғи маталар емдік қасиетке ие. Табан   патологиясының   пайда   болу   себептерінің   бірі   –   дұрыс таңдалмаған   аяқ­киім   болып   табылады.   Статистика   бойынша   өкше 6 ауруларына шағым қатынасы келесідей көрінеді: 1:4 (еркектер, әйелдер). Сол себепті бұл мәселе көбінесе әйелдер қауымына қатысты. Қазіргі таңда сән әлемі өтім нарығына ұсынатын аяқ­киімдерді екі топқа бөліге болады: өкшесі биік және жайпақ табанды. Жасөспірім қыздар жайпақ табанды   аяқ­киім   мен   алмастыра   отырып   биік   өкшеге   өте   ерте   көшеді, сәйкесінше бұл тақырыптың маңыздылығы жоғары. Жүн:   жүнен жасалған киім жылытады және емдейді. Сонымен қатар жүннен жаслған киім бүйрек, бауыр, буын және сүйектерге жақсы әсер етеді. Жүннің   жануар   жылуын   денесіне   сақтауы,   адам   ағзасына   жағымды   әсерін тигізеді.  Денсаулығы   әлсіз   жане   түрлі   созылмалы   аурулары   бар   адамдарға жүннен жасалған киім кию пайдалы. Қыс мезгілінде түйе жүнінен тоқылған шұлық киген пайдалы.           Мақта. Мақтадан жасалған киім денеге қолайлы. Мақта өте жұмсақ, тегіс   болғандықтан   оны   іш   киім   тігуге   жиі   қолданады.     Бұл   мата   түрі барлығына   пайдалы,   әсіресе   балаларға   киюге   кеңес   етіледі.   Мақта   жан тыныштығын туғызады, жылытады жане адам бойындағы жағымсыз энергияны жояды. Денсаулық және көңіл күйді жақсарту үшін синтетикалық қоспасыз мақтадан жасалған іш киім киюді ұсынады.           Жібек. Жібек өзімен бірге ,,Сонымен қатар, жібектен жасалған көйлек пен іш киімдердің жүйке жүйесіне әсері зор. Жібек маталары ауа өткізгіш, су сіңіргіш және тез кебетін болыфп келеді.         Кендір матасы. Бұл мата өте берік және өз қалпын жоғалтпайды. Теріге дем   алуға   мүмкіндік   береді.   Сонымен   қатар,   кендір   матасынан   жасалған киімдер   антибактериялық   қасиеттерге   ие   және   ультракүлгін   сәулелерінен қорғайды. Жазда салқындатып, қыста жылытады. 2.2.Аяқ­киімнің тірек­қозғалыс аппаратына әсері 7 Дұрыс таңдалмаған аяқ­киім табан деформациялануының негізгі себебі екені мамандармен дәлелденген. Аяққа ауыр салмақ түсіру нәтижесінде пайда болатын   майтабан,   табан   деформациялануының   бір   түрі   болып   табылады. Әйелдер   еркектерге   қарағанда   майтабаннан   4   есе   жиірек   зардап   шегеді. Мұндай «дискриминацияның» басты себебі – сән үлгісі: биік өкше, жайпақ табанды   аяқ­киім   және   биік   өкшеден   бірден   жайпақ   табанды   аяқ­киімге ауысу. Майтабаннан   зардап   шегетін   адам   жұмыр   тастан   жасалған   өткелдің үстінен   жүріп   бара   жатқан   ауыр   дөңгелектен   құралған   механизмге   ұқсас. Табандағы   ойыспен   бәсеңдетілмеген   соққы   серпіні   қаңқа   арқылы   жоғары тарайды. Сөйтіп жүктеменің барлығы буын мен омыртқаға, кей жағдайларда бас миына да түседі. Басты амортизация (бәсеңдету) қызметін омыртқа өзіне алып,   соның   нәтижесінде   тез   тозады.   Адамдар   өздерін   нашар   сезінгенде, көбіне оның майтабанның кесірінен екенін білмейді де. Арқадан басқа бас және,   әрине,   аяқ   ауырады.   Майтабанды   асқындырып   жібергенде   табан деформацияланып,   үлкен   башпайдын   жанынан   сүйек   өседі.   Аяқта   қан айналымы   нашарлап,   адам   саны   ісініп,   ауырады.   Тізе   буындарында   өзгеріс байқалады. Жүру ауырлап, адам тез шаршайды. Медицинадағы   соңғы   зерттеулер   бойынша   жайпақ   табанды   аяқ­киім омыртқаға   биік   өкшелі   аяқ   киімнен   кем   түспейтін   зиян   келтіретіні анықталған. Сондықтан, алғашқы көзге сондай ыңғайлы болып көрінетін бұл аяқ­киімдер,   дәрігерлердің   айтуынша,   артрит,   омыртқа   деформациясы, буынның ауруы сияқты көптеген аяқ ауруларына әкеп соқтырады. Биік   өкшеден   бірден   жайпақ   табанды   аяқ­киімге   көші   де   өте   зиян. Себебі   екеуін   алмастырғанда   аяқ   бір   күйден   екінші   күйге   лезде   ауысуы нәтижесінде   үлкен   куйзеліске   ұшырайды.   Нәтижесінде   салмақтың   табанға түсіретін қысымын бәсеңдету қызметін толық орындай алмай қалады. 8 Жалпақ табан  ­ адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп,   жалпайып   кетуі.   Табан   ойысының   жалпаюына   байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың   5   бақайшақ   сүйегінің   алдыңғысы   ғана   тірек болып,   еденге   (жерге)   табанның   басы   ғана   тимей   тұрады.   Ал   екіншісінде аяқты   басқанда,   табан   толықтай   еденге   тиеді,   ал   ондай   жағдайда   табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табандылықтың 0­ден 3­ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі   болады.   Туа   біткен   жалпақ   табан   сирек   кездеседі,   себебі,   ол   табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі ­ жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні   бойы   тік   тұрып   қызмет   істейтін   (шаштараз,   сатушы,   т.б.),   ауыр   дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.   Жалпақ   табан   адам   жүргенде   тез   шаршап, балтыры, табаны,   белі ауырады.   Кешке   қарай   табаны   ісініп,   ертеңіне   қайтуы   мүмкін.   Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда   болып,   аяқтың   үлкен   башпайы   қисаяды.   Аурудың   белгісі   біліне бастағанда ортопед­дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген  пайдалы. Сондай­ақ,  аяқ киімді  дұрыс  таңдаудың маңызы  зор. Тар немесе   кең,   өкшесі   3   ­   4   см­ден   биік   аяқ   киім   киюге   болмайды.   Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.   Башпайдың   қисаюы   туралы   не   білеміз?   Табан   сүйегінің   өзгеруі әйелдермен қатар жас қыздарда кездесуде. Бұл томпақ сүйек не себепті пайда 9 болады? Оның әдемі жүріс пен аяқ киім формасын өзгертпеуіне қалай қол жеткіземіз? Заманауи медицинаның барлық сұраққа айтар жауабы бар. Үлкен башпайдағы сүйектің деформациялануын тек косметикалық мәселе деп қарай алмаймыз. Ол тек ұсқынсыз көрініс сыйлап қоймай, үнемі ісіп тұрады және ауырады.   Бұл   томпақ   ­   қыздардың   сұлулыққа   ұмтылуының   нәтижесі. Ұсқынсыз сүйекті медицинада табан сүйегінің деформациялануы деп атайды. Шындығында   ол   жерде   ешқандай   төмпешік   жоқ.   Бір   сүйектің   ішке, екіншісінің   сыртқа   қарай   өсуінен   туындаған   қисаю.   Оны   бірден   емдемесе, уақыт өте келе жағдай нашарлап, сүйек қаттырақ қисая түседі. Бұл жағымсыз көрініс қана сыйлап қоймай, жүрген сайын аяқты ауыртады. Мұнымен қатар аяқ  киім  сатып   алған  кезде   қиындық  тудырады.  Кейде  оны  артроз  немесе тұздың жиналып қалуы деп те айтады. Нақты диагнозды ортопед дәрігер ғана рентген мен анализ нәтижесін көрген соң қоя алады. Ең сорақысы – аталған аурумен әйел адамдар ауырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйел адамның бұл ауруға шалдығу саны ермен салыстырғанда 20 есе көп. Ал әйел адам биік өкше аяқ киім киіп, сымбаттысын көрсеткенін жақсы көреміз. Табан ауыртпалықты көтермей, өзгеріске ұшырайды. Бұдан өзге анадан қыз балаға жұғуы   мүмкін.   Мысалы,   әжеңіз   бен   анаңызда   дәл   осы   мәселе   қиындық тудырса, болашақта сіздің қиналуыңыз ғажап емес. Аяқтағы төмпешік адам жасына байланысты пайда болады деп ойламаңыз. Көп жағдайда 12­15 жас аралығындағы қызда кездеседі. Ал 25 жасқа келгенде сүйек өсуін тоқтатып, төмпешік сол күйінде қалып қояды. Артық салмақ, ұзақ жүру, буын ауруы және маймақтық осы ауруды тудырады. «Қате» бұрыш қалай пайда болады? Аяққа артық салмақ түссе, ол қалай өзгереді деп ойлайсыздар? Табанның екі байланыстырушысы   бар.   Бұл   байланыстырушылар   табиғи   амортизатордың қызметін атқарады. Яғни жүрген сайын сүйектің сынғыштығын төмендетеді. Егер   аяққа   түсетін   салмақ   бірдей   болмаса,   бұлшық   ет   әлсізденіп, байланыстырушы қызметін тоқтатады.  10 Егер аяқтың басы жалпайғанына қарамастан, тар аяқ киім киіп жүре беретін   болсақ,   келесі   жағдай   болады.   Табанның   бірінші   сүйегі   қалыпты орнынан жылжиды. Бұл жылжу «вальгусты бұрыштың» пайда болуына алып келеді.   Интернет   беттерінде   жазып   жүрген   халық   медицинасы,   ванна, компресс,   йод   жолақтары   сындылар   көмектеспейді.   Олар   бар   болғаны уақытша   ауырсынуды   басады.   Егер   аз   ғана   деформацияланған   болса, ортопедиялық   құрал   көмектеседі.  Мысалы,   түнгі   бандаж   сүйекті   қалпына келтіреді.   Онымен   күндіз   жүруге   болмайды,   бірақ   түнде   киіп   алсаңыз, ұйқыңызға кедергі жасамайды. Ал күндіз қолдануға арналған арнайы төсеме бар. Ол башпайдың аяқ киім ішінде дұрыс орналасуын қадағалайды. Аурудың кез келген кезеңінде ортопедиялық ұлтарақ кию қажет. Ол башпаймен қатар, буын мен омыртқаның дұрыс орналасуын қадағалайды. Заманауи ұлтарақтың қалыңдығы 2­3 милиметр ғана. Және небары 20­30 минуттың ішінде дайын болады.   Хирургия   жолымен   өзгерту   Хирургия   ­   сүйектің   қисаюын   орнына келтірудің   ең   әсерлі   әдісінің   бірі.   Бүгін   оның   30­ға   жуық   тәсілі   бар. Ауруханада   отаны   жабық  күйінде  өткізеді.  Яғни   бірнеше   тесудің   көмегіне жүгінеді. Отадан кейін бұрынғыдай гипс салмайды. Бастапқыда ортопедиялық аяқ киім киіп, балдақтардың көмегімен жүруге болады. Бұл ота тек сыртқы пішінін   өзгертеді,   жағдай   қайталанбас   үшін   дұрыс   аяқ   киім   киіп   жүруге мәжбүр   боламыз.   Бұл   ауруды   емдеу   үшін   ең   дұрысы   –   алдын   ала   емдеу шаралары. Яғни үнемі басы дөңгелек, ені кең, өкше биіктігі 4 сантиметрден аспайтын аяқ киім киіп жүру керек. Егер біз өкше аяқ киімді киіп үйреніп қалған   болсаңыз,   арнайы   ұлтарақты   ұмытпаңыз.   Ауырып   ем   іздегенше, адам ауырмайтын табан —     Жалпақ     жол   іздейік! табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай   жалпақ   табан   болып   ажыратылады.   Біріншісінде табанға аяқтың   5 11 бақайшақ   сүйегінің   алдыңғысы   ғана   тірек   болып,   еденге   (жерге)   табанның басы ғана тимей тұрады.  Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табандылықтың 0­ден 3­ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда   болған   екі   түрі   болады.   Туа   біткен   жалпақ   табан   сирек   кездеседі, себебі,   ол   табан   сүйектері   мен   жіліншіктің   жетілмеуінен   болады.   Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б.   жарақаттануынан   болады.   Жалпақ   табан   адам   жүргенде   тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы   мүмкін.   Асқынған   түрінде   табан   пішіні   мен   жүрісінде   өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед­дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын   алу   үшін   спортпен   айналысу,   әсіресе,   жүзумен   көбірек   шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру,   коньки   жарысы,   т.б.)   айналысуға   болмайды.   Жылы   кезде   құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай­ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см­ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады. 2.3. Денсаулыққа зиянды аяқ киімдер Қандай аяқ­киімнің қауіпті екендігі туралы сөз қозғайық. Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ­киімнің түр­түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан, өкшелі 12 немесе ашық аяқ киімдер. Ал олардың ішіндегі денсаулыққа зияндылары да бар екен.Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ киім түрі. Бұндай   аяқ­киім   адамның   денсаулығына   зиян.   Біріншіден,   оның   адамның аяғын   ұстап   тұратын   дұрыс   табаны   жоқ.   Ол   –   майтабандықаалып   келуі мүмкін. Екіншіден, қайта ­қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын   қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ киімдерден аулақ болған жөн.  Ал   екінші   кезекте­биік   өкшелі   аяқ   киімдер.   Олардың   аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің тиісті   өлшемдері   –   2­4   см.   Ал   максимальды   биіктік­   6   см.   болуы   керек. Сондай­ақ,   олар   да   аяқты   мықты   ұстап   тұруы   қажет..   Кішігірім   өкше башпайға түсетін күшті 22%­ға арттырса, 7 сантиметрлік өкше башпайға екі есе   салмақ   түсіреді   екен.   Қалай   болғанда   да,   дәрігерлер   8   сантиметрлік өкшені аптасына екі­үш рет киюге ғана рұқсат береді.  Ал   күнделікті   өкшемен   тарсылдап   жүретін   қыздар   мынандай қиындықтарды кездестіре алады. Башпай терісінің қатаюы. Өкше кигенде бар салмақ   башпайға   түсетіндіктен,   бұл   жерде   қан   айналымы   бұзылып,   тері қорғаныс   ретінде   қатайып   кетеді.   Үлкен   саусақтың   деформациялануы. Башпайға түскен күш табанның осы жерінің кеңеюіне әкеледі, үлкен саусақ  Башпай   саусақтарының кеңейіп,   қасында   сүйекше   пайда   болады. деформациялануы.   Өкше   шешпейтін   қыздардың   саусақтары   аяқ   киімнің ұшында   қысылып   тұрады.   Осыған   байланысты   башпай   саусақтары   пішінін өзгертуі   мүмкін.   Саусақ   ұштарының   ұйып   қалуы   және   жіліншек   бұлшық еттерінің   қақсауы.   Белдің   ауыруы.   Биік   өкшемен   жүрген   қыздың   салмақ ортасы   алдыға   қарай   ауытқиды.   Сондықтан   денені   тура   ұстап   қалу   үшін 13 беліміз қосымша жұмыс атқарады. Осының әсерінен арқамыз ауырып, беліміз шаршайды.  Қытай аяқ киімдері денсаулыққа аса зиян. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Қытай   тауарларында   адам   ағзасына   қатерлі   улы   химиялық   қоспалар   бар. Кейбір киімдердегі өткір иіс сол тауардағы улы заттардың  өте көп мөлшерде екендігін айғақтайды. Мамандар сапасыз киім­кешек, аяқ киімнің салдарынан адам   12   түрлі   кеселге   душар   болуы   мүмкін   екендігін   айтады.   Жасанды теріден   тігілген   аяқ   киім   буын,   аллергиялық   ауруларға   шалдықтырумен қатар, қатерлі ісік ауруларының асқынуына да себеп. Сарапшылардың зерттеу қорытындысы осыны дәлелдеп отыр. Еліміздегі   бүлдіршіндердің   75   пайызы   жалпақ   табан   дертіне шалдығыпты. Әскери борышын өтеуге жарамсыз жастардың басым бөлігі де майтабан ауруымен ауырады.  Мұның себебі — аяқ киімдердің анатомиялық параметрлері сәйкес келмейді. Сапалы   аяқ   киім   таза   былғарыдан   жасалуы   керек.   Талапқа   сай болғандықтан да, олардың бағасын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ең  «Baldinini», «Nando Muzi», сапалы өнім саналатын, нағыз итальяндық сапа  «Loriblu», «Marino Fabiani» кәсіпорындарының аяқ киімдерін ауқаттылар ғана ─ алмаса,  жалпы жұртқа қолжетімді баға емес.  Қазір елімізде тері өңдеу саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 5­еуі   ғана   аяқ   киім   өндірісінде   екен.   Олардың   өнімдері   еркін   саудаға шығарыла бермейді. Негізінен, арнайы тапсырмалармен ғана жұмыс істейді. Яғни   олар   қорғаныс   саласының   қызметкерлері,   әскерилер   және   басқа   да күштік құрылымдардағы мамандарға арнап аяқ киім тігеді. Жалпы, аяқ киім нарығында біздің өнімдердің үлесі  ─  3,5 пайыз. Отандық   тауарлар   өндірісін   жандандыру   қажет.   Мамандардың айтуынша,   жеңіл   өнеркәсіптің   бағын   ашу   үш   мәселеге   байланысты:   баға, салық,   кеден   қызметі.   Теріні   бояйтын   бояулардан   бастап,   аяқ   киімді 14 жөндейтін   материалдарға   дейін   шетелден   тасымалданады.   2001   жылы қосылған құнға салынатын салыққа нөлдік ставка тағайындалғаннан кейін аяқ киім өндірісі күрт өскені соншалық, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемдегі алдыңғы   қатардағы   елдердің   қатарында   тұрған   Қытайдың   өзі   біздің   жеңіл өнеркәсіптің  болашағы  зор  екендігін  мойындап  қалған  еді.  Дегенмен, 2002 жылы   жеңілдік   алынып   тасталғаннан   соң,   аталған   сала   бәз­баяғы   қалпына келді. Отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі шикізат өндіруді тиімді санауына салықтың артуы себеп болып отыр. Мәліметтерге   сүйенсек,   Қытайдың   әлемдік   аяқ   киім   шығару саласындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен. Дүние жүзінде шығарылатын 10 миллиард   жұп   аяқ   киімнің   6   милиардын   Қытай   өндіреді   екен.   Ал қазақстандықтар   тұтынатын   киімдердің   45­48   пайызы,   аяқ   киімдердің   75   14 пайызын  Түркия, Италия, Германия, Нидерландия және басқа елдер импорттайды пайызы — Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын  ─ екен. ─  Ресей, Гүлнар Сидашева терапевт­дәрігер: — Сапасыз аяқ киім денсаулыққа зиян. Себебі, анатомиялық параметрі сәйкес келмейді. Мысалы, кейбір аяқ киімнің табанында шұңқыр балады. Ол шұңқыр қатты   ұлтарақпен   жабылуы   тиіс.   Ал   сапасыз   аяқ   киімдердегі   ұлтарақ   өте жұмсақ.   Сондықтан   баланың   өкшесі   төмен   қарай   түсіп   кетеді.   Мұның кесірінен   майтабан,   буын   аурулары   пайда   болады. Жалпақтабан   болғанда аяққа көп күш түседі. Науқас тез шаршайды. Жасанды   теріден   тігілген   аяқ   киім   венерологиялық   аурулар жұқтырумен қатар, сыз өткізіп, аяққа суық тигізеді. Білуімше, аяқ киім әдемі көрінуі үшін тігушілер терінің астына паралон салады екен. Бұл материал ауа өткізбейтін болғандықтан, аяқ терлейді. Аяқ киімдердің табаны резеңкеден жасалатыны   белгілі.   Салқын   ауа,   тер,   резеңкенің   салдарынан   адам   ауруға 15 шалдығады. Сапасыз аяқ киімнің кесірінен адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді.   Сарапшылар қытай тауарларының көбінде формальдегидтің қоспасы бар екенін анықтаған. Ал ол қатерлі ісік ауруын асқындырады. Аяқ   киімде   зиянды   заттардың   бар   екенін   өткір   иіс   куәландырады. Неғұрлым иіс жағымсыз болған сайын, химиялық қоспа соғұрлым көп болады. Үйге   киетін   жеңіл   сүйретпелер   де   ағзаға   зиян.   Аяқ   киімнің   бұл   түрі жалпақтабандықпен қатар, қатерлі ісік, қан тамырлары мен тері ауруларына шалдықтырады. Жақсы   аяқ   киім,   ең   алдымен,   табиғи   былғарыдан   жасалынуы   керек. Сонымен   қатар,   ол   аймақтың   ауа   райы   ерекшеліктеріне   сай   болуы   тиіс. Аяқкиім алуға кешкісін немесе түс ауа бармаған жөн. Себебі бұл мезгілде адамның аяғы ісініп тұрады. Сондықтан, байқамай үлкен мөлшерлі аяқкиім алуыңыз мүмкін. Зиянды улы химиялық заттар адам ағзасына тез сіңеді және оны кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан, арзан аяқ киім аламыз деп, ең қымбат байлық — денсаулығымызға зиян келтіріп алмағанымыз жөн. Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ­киімнің түр­түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан,   өкшелі   немесе   ашық   сандали…   Ал   олардың   ішіндегі   денсаулыққа зияндылары да бар екен. Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ­киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ­киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да  ыңғайлы…  Алайда…  Дәл суреттегідей  аяқ­киім  адамның  денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – “плоскостопие”­ге әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта ­қайта сүйрете бергеннен аяқтың   табанына   зақым   тигізеді.   Үшіншіден,   адамның   арқасын   (осанка) қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы 16 жоқ,   аяқты   дұрыс   ұстамайтын   аяқ­киімдерден   аулақ   болған   жөн.   Ал   егер ыстық күнде ашық аяқ­киімсіз қалай жүреміз десеңіз, бұл “вьетнамка”­лардың да   дұрыс   түрін   таңдай   білген   абзал.   Ең   бастысы   аяқтың   формасын қайталайтын, дұрыс иілген табаны бар аяқ­киім алу керек. Ал   екінші   кезекте­биік   өкшелі   аяқ   киімдер.   Олардың   аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің оптимальды размерлері – 2­4 см. екен. Ал максимальды биіктік­ 6 см. болу керек.   Сондай­ақ   олар   да   аяқты   мықты   ұстап   тұруы   қажет.   Каблуктың қалыңдау болғаны жақсы. биік өкше кигенде, сіз бар салмақты башпайыңызға түсіресіз.   Кішігірім   өкше   башпайға   түсетін   күшті   22%­ға   арттырса,   7 сантиметрлік   өкше   башпайға   екі   есе   салмақ   түсіреді   екен.  Алайда   өкше кигенде,   аяқтары   ауырмай,   өзін   жақсы   сезінетін   қыздар   болады.   Мұны олардың табандарының анатомиялық құрылымымен түсіндірсе болады.  17 III. Қорытынды бөлім         Жалпы,   қазіргі   заман   жастары   көбіне   сапалы   киім   алуға   тырысады. Киімінің   тек   қана   әдемілігін   емес,   матасының   табиғилығына,   киімнің ыңғайлылығына назар аударады.   Қазіргі заман сәні де адамдардың қалауын тауып әрі әдемі, әрі ыңғайлы, табиғи, сапалы туындылар жасауда.        Ал, аяқ киім турғысы қалай? Биік өкшелі аяқ киімдердің санына жете алмассың. Олардың денсаулыққа зиян екенін де билеміз. Алайда, біз өкшелі аяқ   киімдер   әрдайм   алдыңғы   орындарда   болатын   сыңайлы.   Әдемілік   пен денсаулыққа тиімдісін қатар таңдау әрине әркімнің өз қолында. Біздің мектепте осындай проблемамен жүрген төрт адамның жағдайын салыстырдық. ­ Бірінші адамдікі: 20º­қа дейін жылжыған. Аса ауырмайды, тек эстетикалық жайсыздық тудырады. ­Екінші адамдікі: 20­30º­қа жылжыған. Ұзақ жүрген соң ауыра бастайды. ­Үшінші   адамдікі:   30­50º­қа  жылжыған.   Аяқ   киім   таңдау   қиындап,   жүрген сайын ауырады. ­Төртінші   адамдікі:   50º­тан   жоғары   өзгерген.   Тыныш   жатқанның   өзінде   де ауыра бастайды. Мұнымен қатар өзге саусақ деформациялана бастаған.    24   сағат   бойы   денемізді   жабатын   суықта   қорғайтын,   ыстықта салқындататын киімдер мен аяқ киімдердің денсаулыққа пайда алып келгені жақсы   әрине.   Сол   себептен   жоғарыдағы   сөздерді   ескере   отырып   әрі денсаулыққа пайдылы сәнге көніл бөлу ең дұрыс шешім. 18 Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. ­ Алматы, 1987 2. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957. 3. Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. ­Алматы: Жазушы, 1992.  4. Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Қазақстан сәндік өнері. ­ Алматы, 2002. 5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің этнографиялық коллекциясы   (серия)   Қазақтың   дәстүрлі   киім­кешегі   //   иллюстрацияланған ғылыми каталог// Алматы: Өнер, 2009., 1­т. 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі ­ Нұрсан Әлімбай; 6. Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. ­ Алматы, Алматы кітап, 2011.  384 б. 19

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері

Тақырыбы: Киімнің бала денсаулығына әсері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.01.2018