№11 технологиялық картасы
Өткізген: Карибаева К.С.
Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Бөлімі: «Қазақ тілі».
Тақырыбы: «Тазалық бұйымдары»
Мақсаты:
Қызметің кезеңдері |
Педагогтың іс - әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балалармен амандасып, Әдемі киінген қуыршақты көрсетіп, оның қонаққа келгенін хабарлайды. |
Мұғаліммен амандасып, қуыршақтың қонаққа келгеніне қуанады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Қуыршақ Алинамен балаларды таныстырып, оның алыс жаққа саяхатқа бара жатқанын айтып, оның жолға дайындалуына көмектесуді ұсынады. Сөмкесіне салатын тазалық бұйымдары және олардың маңызы туралы айтып өтеді. «Дүкенде» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Тазалық бұйымдарын атай отырып қорапшадан бір-бірден алып, ойыншық дүкеннің сөресіне тізіп қояды. Дүкеншіні тағайын дап, дүкенге кіргендегі, сатып алу кезіндегі айтылатын сыпайлылық сөздерін қайталатады. Қуыршақтың сөмкесін көрсетіп, сатып алған бұйымдарды соған салу қажеттілігін түсіндіреді. Қостілділік компонент: сабын –мыло-soap, сүлгі-полотенце-towel, Фонетикалық жаттығу ұйымдастырады. Ақ, ақ, ақ –тарақ Гі,гі,гі-сүлгі Са, са, са-сабын Сергіту сәтін ұйымдастырады. Ақ қоян-ау, ақ
қоян, «Дұрыс ата» ойынын ұйым- дастырады. Слайдтан тазалық бұйымдарын көрсетіп, балаларға оларды қазақ тілінде атауды ұсынады. Балаларға тазалық туралы өлеңді оқып, жаттатады. Тазалықты сүйемін, Таза киім киемін. Жуып беті-қолымды, Ұқыпты боп жүремін. «Сенде не бар?» сұрағы арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады. Бірінші балаға тазалық бұйымдарын таратып береді. Ал екінші баладан одан «Сенде не бар?» -деп сұрауды ұсынады. |
Мұғалімді тыңдайды.
Алинаға көмектесуге ниет білдіреді.
Ойыншық тазалық бұйымдарына қарап, олардың қазақ тіліндегі атауларын қайталап, естеріне сақтайды.
Сыпайлылық сөздерін естеріне түсіріп, ойынға қатысады. -Сәлеметсіз бе! Маған сабын беріңізші. -Мінеки, алыңыз. -Рахмет! Алған заттарын қуыршақтың сөмкесіне салады. Қайталап, тілдерін жаттықтырады.
Сергіту сәтінің мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Слайдтағы тазалық бұйымдарын қазақ тілінде атайды.
Өлеңді тыңдап, жаттайды.
Бір- бірінен «Сенде не бар?» -деп сұрап, жауап береді. |
Рефлексиялық – түзетушілік
|
Қуыршақтың кететін уақыты болғанын айтып, оған өздерінің дайындаған сөмкесіндегі заттарды алып, түгендеп, қазақ тілінде атап, сөмкеге салып, сыйлауды ұсынады. Қуыршақ балаларға алғысын білдіріп, қоштасады. |
Сөмкеден тазалық бұйымдарын алып, қазақ тілінде атап, қайтадан сөмкеге салып, қуыршаққа сыйлайды.
Қуыршақпен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тазалық сақтап, ұқыпты жүруді.
Игереді: тазалық бұйымдарының адам өміріндегі маңызы туралы түсінікті, оларды қазақ тілінде атауды.
Меңгереді: сөйлеу барысында үйренген сөздеді қолдана білуді.
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.