Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып
Оценка 4.6

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Оценка 4.6
Аудио +1
docx
чтение
1 кл
27.01.2017
Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып
Берілген сабақ әзірлемесі өткен дыбыстар мен әріптерді қайталай отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу. Оқушылар үшін қызықты әдіс-тәсілдерге толы. «Бауырсақ» ертегісі желісінде оқушылар кейіпкерлерді сомдай отырып, кейіпкерлердің тапсырмаларын белсенді орындады. Берілген сабақ шығармашылығын арттырып,еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа тәрбиелейді. Сабақтың мақсаты: 1. Өткен дыбыстар мен әріптерді пайдаланып жұмыс жасай алу, олардың түрлерін ажыратуды бекіту. 2. Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын, сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
сабақ әзірлемесі.docx
Бейсенбина Гульжан Кайырберлиевна Астана қаласы, №3мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі «Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау» Ашық сабақ әзірлемесі Берілген сабақ әзірлемесі өткен дыбыстар мне әріптерді қайталай отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу. Оқушылар үшін қызықты әдіс-тәсілдерге толы. «Бауырсақ» ертегісі желісінде оқушылар кейіпкерлерді сомдай отырып, кейіпкерлердің тапсырмаларын белсенді орындады. Берілген сабақ оқушылардың шығармашылығын арттырып,еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа тәрбиелейді. Жұмыстың негізгі мәтіні Сабақтың тақырыбы:  Өткен дыбыстарды, әріптерді қайталау.  Сабақтың мақсаты:  1. Өткен дыбыстар мен әріптерді пайдаланып жұмыс жасай алу, олардың түрлерін  ажыратуды бекіту. 2. Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын, сөздік қорын, сөйлеу  тілін дамыту.  3. Мектепке деген қызығушылықтарын түрлі ойындар арқылы оята отырып, эстетикалық,  адамгершілік, патриоттық, дене тәрбиесін беру.  4. Көру мүшесін аялау, күту, қастерлеу; көлем, түс, пішінмен жұмыс.  Сабақтың көрнекілігі: кеспе суреттер, интерактивті тақта, слайдтар,  флипчарт,  фонетикалық карталар, кеспе текшелер, әріптер, жұлдызшалар.  Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру: Психологиялық сәт Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн келді! Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Бүгінгі сабақ.......(оқу, білу, салауат) Бүгінгі мақсат.....(ұғу, ұғыну, ұлағат) Бүгінгі тәрбие.......(Отанға деген махаббат) ІІ. Өткенді пысықтау Топқа бөліну Өткен әріптер бойынша топқа бөліну. Ітоп Дауыстылар ІІ топ Қатаң дауыссыздар ІІІтоп Ұяң дауыссыздар ІҮ топ Үнді дауыссыздар ­Балалар бүгінгі әліппе сабағымыз ерекше қызықты болып өтпек. Қандай ертегілерді  Осы ертегіні тыңдай отырып, осы  білеміз? Ендеше «Бауырсақ» ертегісін тыңдайық.  ертегідегі кейіпкерлерінің тапсырмаларың орындауға көмектесеміз.           Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға  қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып  тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа,  орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі  домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян жолығып:­   Бауырсақ, Бауырсақ!  Мен сені жеймін! – дейді.­   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің  атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».    Қоянның тапсырмасы:    Үй тапсырмасын тексеру  Біз қандай дыбыстар мен әріптерді білеміз?  ­Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?   ­Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар ше? «Адасқан әріптер» ойыны: әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға жіктеу.  Ұяшыққа орналастыру (флипчарт)  ­ Балалар, біздің мына әріптеріміз адасып кетіпті. Оларға өз үйлерін табуға көмектесеміз  бе?  «Жұмбақтар шешейік» ойыны 1 топ Шалада бар,  Айда жоқ.  Салада бар,  Шарда жоқ.(Л)  2 топ Сағатта бар,                        3­топ Қарада бар,  Жанатта жоқ.                                       Балада жоқ.  Сәлемде бар,                                        Қалада бар,  Болатта жоқ.(С)                                    Далада жоқ.(Қ)  4­топ Инеде бар Жіпте жоқ Киімде бар Түймеде жоқ (И) Топтастыру әдісі (Л С Қ И) Ітопқа                                        ІІ топқа                               ІІІ топқа И С Л Қ                                         ІҮ топқа               Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі  келеді.     Қасқырдың тапсырмасы    1­тапсырма «Шашылған буындар мен сөздер» 1­2­топ И дыбысына байланысты буындарды еске түсіріп, сөздер құрастырайық. 3­4­топ Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау 2­тапсырма Оқулықтан  мәтінді кезек – кезек оқыту. (80­81 – бет) Мәтінмен жұмыс (мәтінді оқыту).  Мәтінді мазмұндау ІІІ.«Сәйкестендіру» тесті (флипчарт) Жәндік ­­­­­­­­­­­­­­­­­ Адамның аты (инелік) ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ (Ислам) Жануар ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Зат (Тиін) ­­­­­­­­­­­­ (Сиыр) Жеміс – жидек ­­­­­­­­­­ Төрт түлік (шие) ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ (ине) Адамның досы                          (Ит) ­Жақсы балалар. Қасқырдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Бір кезде Аю жолығады:  ­  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.   Аюдың тапсырмасы  ІҮ.Семантикалық карта толтыру сөздер жуан жіңішке Сиыр Киім Киік иық Ү.Сергіту сәті  Ән Әліппе   Сергіту сәті.webm Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады: ­  Бауырсақ, Бауырсақ,  қайдан домалап барасың? ­ дейді ол. ­  Жолмен домалап барамын.­  Бауырсақ, Бауырсақ,  маған өлең айтып берші!...  Ендеше түлкінің тапсырмасын орындайық.   VІ. Дәптермен жұмыс . Ии әрпін жазу ­ Сөздік диктант Ине биік жиек  мәсі тәулік  ­ Оқушыларға бауырсақтың  суретін тарату. ­ Әр бауырсақтың артында суреттер жапсырылған. Сол суреттердің атауына дыбыстық  талдау жасау, дәптерге жазу.  Бауырсаққа көмектесіп түлкіден құтқарып қалдық. Бауырсақ сіздерге риза болып жатыр. ҮІІІ.Сабақты бекіту.  «Адасқан әріптер» ойыны. Ба...а, а...ба, ба...апан, бо...а, ас...абақ ІХ. Сабақты қорыту. Рефлексия.  Өзіңе ұнаған жұлдызша таңдау.  Ән Әліппе      Х.Қорытынды.  ­ Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2017