Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.
Оценка 4.6

Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
2 кл
01.05.2017
Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы.
оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; 3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру; Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! -деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар «Тіл – менің мәңгі тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
Тіл білгірі сайысы..docx
Тақырыбы: Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы. Мақсаты:1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  білімдік  деңгейлерін байқау, саралау;  2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар­ұят секілді адами  қасиеттерге тәрбиелеу;  3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін  арттыру; Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!     ­деп Мағжан ақын  жырлағандай,  құрметті ұстаздар мен оқушылар «Тіл – менің мәңгі  тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!                       Ана тілі  қазағымның қаймағы,                       Тілің сенің өміріңнің айғағы.                       Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,                       Әр сыныптың білгірлері шығады.  ­Бүгінгі біздің сайысымыз 3 бөлімнен тұрады:  1.Сұрақ­жауап бөлімі.  2.Сөйлем құрау.  3. Ойтолғау. 4. Мақал­мәтелдер.  І бөлім. Сұрақ­жауап:      – Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден   әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.  Қ .  Қазақ тілі  1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)  2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік,  езулік)  3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік,  Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.) А. Қазақ  әдебиеті  1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.  2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата  (5 дос­ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;  5 дұшпан­өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)  3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)  З. Қазақстан тарихы 1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)  2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)  3. «Алтын адам» қайдан табылған   (Есік обласынан (курган)) А. Дүниетану  1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)  2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 – Ресей, Қытай, Өзбек,  Қырғызстан, Түрікменстан)  3. Қазақстанда қанша облыс бар (14)  Қ. Халық ауыз әдебиеті  1. Мақал  мен мәтелдің айырмашылығы неде?  (мақал 2­3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)  2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.  3. Жаңылтпаш айт. Т. Қасиетті сан  1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)  2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен  Сейфуллин)  3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан  Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов) І. Сен білесің бе?  1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)  2. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)  3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім,  Мұхтар)  Л. ”Полиглот” жұмбақ жасыру  (Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде айтады.)  1) Асқар тауда,      қара орман        (шаш – волосы –hair     хеия )  2) Қимылдаса қос шебер,      Қыруар –қыруар іс өнер  (қол – рука –  hand    ханд)  3) Жүзіне салсаң көзіңді,      Көрсетеді өзіңді.               (Айна­зеркало­mirror   мирроу) І. Математика  1. Алғашқы есептеу құрылғысы …..  (саусақ).               2.               3.  ІІ бөлім. Сөйлем құрау. Берілген сөздер:  Бейбітшілік. Ит. Ермегім. Бет. Күз. Шырмауық.  Қарға. Қой. Орман. Ешкі. Сиыр. Тиін. Жүрек. Оқу. Тіл.  Жылқы.  Кітап. Білім.(әр  оқушыға 2 сөзден) Көркем әдебиеттің бірінші құралы.  Егінге зиянды шөп.  Кітап оқу.  Біздің  жеріміз бен еліміздің көркі. Қойдың бір нәсілі. Терісі бағалы аң.  Күйіс  қайратын ірі қара.  Қан тамырларының орталығы.  Инемен құдық қазғандай.   Қымбат дос. Сүйеді баласын «қоңырым» деп. Ер қанаты. Жанып тұрған  шырақ. Баласын  «аппағым»  дейді. Ел тілегі. Болып, дымқыл тұман жерді  басқан. Арқасы қиянда.  Қарауға  шыдамай,  теріс  айналды.  ІІІ бөлім. Ойтолғау. (оқушылар мына тақырыптың кез­келгенін таңдап  алуына болады)  Тақырыптар:   Мейірімді  ана                            Доссыз өмір – тұл                            Менің  елім – Қазақстан                            Кітап – білім бұлағы                            Тіл – асыл ойдың бұлағы  Әр топ шығармаларын жазып болғанша көрермендерге «Қызықты  граматикадан» сұрақтар қойып шешкіземін. 1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – он бірінші ай  2. Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады? ( күн көзінен ) 3. Жылдан құр қалған жануар /Түйе/  4. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн  5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы  6. Ауа қоспасындағы ең көп таралған газ (азот )  7. 8­наурыз  қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні  8.Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран     бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы  9. Абайдың анасы ( Ұлжан )  10.Ақмешіт қаласының қазіргі атауы – Қызылорда  11. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі  /Карта/  12. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға/Президент/  13. Оян, қазақ! өлеңінің авторы /Ахмет Байтұрсынов/  14. Сиырдың пірі /Зеңгібаба/  15. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы  16. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..  17. 30 тамыз қандай мереке? – ҚРсының Конститутциясы күні  18.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол,  ден, екі аяқ  19. Заттың қимылын білдіретін сөз табы   /Етістік/ 20.  Ең үлкен уақт өлшемі   /Ғасыр/ ІV бөлім.Мақал­мәтелдердің екінші сыңарын табу: 1.Батырды намыс өлтіреді (Қоянды қамыс өлтіреді).  2.Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі).  3.Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы).  4.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей).  5.Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады).  6.Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ).  7.Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді).  8.Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі).  9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады).  10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас).  11.Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен).  12.Батыр майданда шынығады (Құрыш қайнауда шынығады) Қорытынды:  ­Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп  жетті.Келесі сөз кезегін  қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын  анықтайық. Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің  міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің  ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым. Тіл білгірі сайысы.

Тіл – менің мәңгі тақырыбым.   Тіл білгірі сайысы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.05.2017