Тілашар мерекесі - 1 сынып оқушыларына арналған ертеңгілік.
Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Бүлдіршіндер мектепке келгелі қалай өзгергендерін айтады. Үйренгендерін көрсетеді. Сонымен бірге өлең жолдарын айтады, би билейді, ән шырқайды, қызықты көріністер көрсетеді. Ата-анлары балаларын құттықтайды.Документ в Word
ТІЛАШАР.docx
«Тілашар» мерекесі.
Мақсаты:1.Оқушылардың ойөрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қонақтарды қарсы алып, отырғызу.
2.Оқушыларды педагогикалықпсихологиялық тұрғыдан даярлау.
2.Кіріспе сөз.
Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар, атааналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана
білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1сынып оқушыларының
мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше,
сәтсапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз
Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.
1 Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.
«Балалық шақ» ән
«Кім тапқыр».ойыны
1Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. А әріпіннен басталатын бес ұлдың атын айт
3. Әкеңнің әкесін қалай атайды
4.. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
5Тудың түсі? (Көгілдір)
6. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
7. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
8. Сиырдың төлі? (Бұзау)
9. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
10. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
11. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
12. Екі өркешті жануар? (Түйе)
Мұғалім: «Сауат ашу» сенің алғашқы оқу кітабың,білімнің ғажайып әлеміне
жетелейтін ақылшын
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Айтатын жас – кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл – білім үйреткен.
2 Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.
«Білім еліне аттанамыз!» ойыны . Тақтада үлкен плакат ілулі тұр. Балаларға
тапсырмалары бар күн, ағаштар, бұлттар, гүлдер, поезд, вагондар таратылады.
Әр қайсысы тапсырманы орындайды да суретті плакатқа орналастырады.
Соңында үлкен сурет шығады.
«Достар әні»
Көрініс математика сабағынан.
Мұғалім:3+3 қанша болады?
Оқушы:үндемейді ….иығын көтереді.
Мұғалім:Мына жақтан үш ат шауып келеді. Мына жақтан тағы үш ат шауып
келеді.Барлығы қанша ат шауып келеді?
Оқушы:Уффф, мұғалім,Шаңнан түк көрінбейді ғой.
«Баға»
Әкесі:Балам сабағынан не алдың?
Баласы:күнделігін көрсетіпМіне, бес алдым!
Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .Бес алдым деп,сен неге айтасың
өтірік?
Баласы:Ой, папатай, есепті,
Білмеуіңді қарашы
Үшті қоссаң екіге
Бес болмай ма санашы.
«Бір санының жазылуы»
Мұғалім: Балалар, біз бүгін бір санын жазамыз. Бір санының басы терезе
жаққа қарап тұр.
Оқушы: Апай неге барлық сандардың басы терезе жаққа қарайды? Менің
саным есікке қарап тұрсыншы.
Еркесі едім атамның,
3 Еркесі едім апамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асыға
Мектепке барам асыға.
Міне сынып, мектебім
Құралдарым бар менің.
Партаға тұнғыш отырдым
Қалам алып қолыма.
Пайдаң тиіп Отанға
Риза болсын халқымыз
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
«Прорвемся, опера!» ұлдардың биі.
Қойылым: « Әже мен немере».
Немересі: Әже, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім ?
Мен білетін ертекті,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
Әжесі: Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
4 Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Немересі: Әже, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме ?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге ?
Әжесі: Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Немересі: Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды ?
Еркелікке, көнсе егер,
Күнде етем бе сонымды ?
Әжесі: Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған әжеңе.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Немересі: Әже, сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Әжесі: Әжесінің баласы –
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
«Айгөлек» би
Барына риза болсын көрермендер,
Байқадық білгенді де, білмегенін.
Осымен «Тілашарды» тамамдасақ,
Тағы үйренеміз аман болсақ.
Т – тәртіпті болайық
І – ілімді бойға жинайық
Л – лашындай биік самғайық
А – ақылды азамат болайық
Ш – шыншыл болайық
5 А – айбынды болайық
Р – рахат өмір сүрейік
«Далеко от мамы» би
Құттықтау сөз мектеп басшыларына, атааналарына беріледі.
( Ата – аналардың атынан оқушыларға сыйлықтар беріледі.)
6
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Тілашар. 1 сынып оқушыларына арналған мереке.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.