Трансформатор
Оценка 4.9

Трансформатор

Оценка 4.9
Презентации учебные
doc
физика
9 кл
18.12.2018
Трансформатор
Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады,[1] мұндай Трансформаторларды автотрансформаторлар деп атайды. Бірінші реттік орамаларның шықпаларын (Трансформатордың кірісі) айнымалы кернеу көзіне, ал Екінші реттік орамаларның шықпаларын жүктемеге қосады. Бірінші реттік орамалардағы айнымалы ток магнитөткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал Екінші реттік орамалардағы өзара индукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады. Бірінші және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар санының қатынасына тең болады. Түрлендіретін ток түріне қарай 1 фазалы және 3 фазалы Трансформаторлар болады. Атқаратын қызметіне қарай олар күштік немесе қоректендіру Трансформаторлары (электр энергиясын таратуға арналған), жоғары кернеулі сынақ Трансформаторлары, ток немесе кернеу импульстерін түрлендіру үшін қолданылатын импульстік Трансформаторлар, үлкен токтар мен кернеулерді өлшеуге арналған өлшеуіштік Трансформаторлары, жоғары жиілікті кернеулерді түрлендіруге арналған радиожиілікті Трансформаторлар және радиоэлектрондық құрылғылардың қоректендіруші блоктарында қолданылатын радиотрансформаторларға, т.б. бөлінеді. Импульстік Трансформаторлар мен қоректендіру Трансформаторлары бірнеше Гц-тен 2 МГц-ке дейінгі жиілікте, радиожиілікті Трансформаторлар 500 МГц-ке дейінгі жиілікте жұмыс істейді. Трансформаторлардың магнитөткізгіштігі магниттік өтімділігі жоғары материалдардан (мысалы, электртех. болат таспаларынан, магнитодиэлектриктер мен фериттерден) жасалады. Электрмен жабдықтау жүйелерінде, негізінен майлы Трансформаторлар қолданылады. Күштік Трансформаторлар Қазақстанда Кентау трансформатор зауытында шығарылған. Қазіргі кезде электр-механикалық жабдықтар осы зауыттың негізінде құрылған Трансформатор ААҚ-да шығарылады.
ТРАНСФОРМАТОР.doc
Тақырыбы:  Пәні: Физика Сабақтың тақырыбы:    § 2.10. Трансформатор. Сабақтың мақсаты: а/ білімділік мақсаты: оқушыларға трансформатор ұғымын,                                           трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация                                           коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру.                                       ә/ Оқушылардың трансформатор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы                                           логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын                                             арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.                                       б/ қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын                                           толық жеткізе алуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту. Сабақтың түрі: компьютерлік сабақ Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ­жауап, есеп шығару, ассоциация, ойын элементтері Сабақтың пәнаралық байланысы: Автомобииль құрылысы Сабақтың көрнекілігі: «Трансформатор» тақырыбындағы презентация, плакаттар, домино,  суреттер,трансформатор, катушка, диапроектор Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 минут Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.    ІІ.Жаңа материалды меңгертуге дайындық. 8 минут ­ Оқушылар, біз физиканың қандай тарауын қарастырып жатырмыз? (Айнымалы ток. Электр  энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну) ­ Олай болса, алдыңғы өтілген материалдарды еске түсіру үшін «ДОМИНО» ойынын ойнайық. «ДОМИНО» ойынының сұрақтары: 1. Айнымалы ток дегеніміз не? (Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді  айнымалы ток деп атайды.) 2. Төменгі кернеуге қанша вольтқа дейінгілер жатады? (1000 В.төмен) 3. Жоғарғы кернеуге қандай вольттарды атаймыз? (1000 В. жоғары) 4. Электр тогын қайдан аламыз? (Ағын судан, желден, ЖЭС, АЭС) 5. Электр энергиясын механикалық энергияға ненің көмегімен айналдырады? (Электр  қозғалтқыштардың көмегімен) 6. Ток генераторы дегеніміз не? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі қандай?  (Ток  денераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын  қондырғыны айтады. Кез келген индукциялық генератордың  негізгі бөліктері мыналар: ­ Индуктор – магнит өрісін тудыратын қондырғы.  ­ Якорь – ЭҚК индукцияланатын орама; ­ Щеткалар мен сақиналар – айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты  шығарып алатын немесе электромагнитерге қоректенетін ток беретін қондырғылар;) ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. 20 минут      Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады.   Мысалы,   теледидарды   220   В­тық   ток   көзiне   қосқан   кезде   оның   iшiндегi   қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1­2 В, ал электронды­сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.       Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді.  Айнымалы   токтың   трансформациясын   жүзеге   асыратын   құрал   трансформатор   деп   аталады.   Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген.      Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагинжетілдірді. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады      Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2­ге тең.           Трансформатордың   жұмыс   iстеу   принципi   электромагниттiк индукция   құбылысына   негiзделген.   Бiрiншi   реттi   орамдар   арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны   пайда   болады.   Бұл   магнит   ағыны   өз   кезегiнде   екiншi   реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК­iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит   ағынын   кемiтедi,   бұл   өз   кезегiнде   бiрiншi   реттi   орамдардағы   өздiк   индукция   ЭҚК­iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК­iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да,   қоректендiрушi   кернеудiң   мәнi   өздiк   индукция   ЭҚК­iне   теңескенде   жүйеде   тепе­теңдiк орнайды. Орамдар санының бiр­бiрiне қатынасын трансформациялау коэффициентi  деп атайды. К>1 болғанда трансформаторлар төмендеткiш, ал K<1 болса жоғарылатқыш трансформаторлар болып табылады. Бiрiншi және екiншi орамдардағы ток күшi, кернеу мен орам сандарының арасында мынадай байланыс бар Энергияның сақталу заңына сәйкес                       Р2=P1­Pор­Pөз мұндағы Р2=I2U2cosφ2 – екiншi тiзбектен тұтынушылар пайдаланатын қуат, Р1 =I1U1cosφ1 – бiрiншi тiзбекке қоректену көзiнен берiлетiн қуат, ал Рор=I1 2r2  – актив кедергiлерi r1  және r2  – ге тең орамдардағы қуат шығыны да, Рөз– ферромагниттiк өзекшенiң магниттелуiмен байланысты қуат шығыны.       Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)  2r1+I2       Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК­i 97­98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi.           Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми­техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль­Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден­бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр   энергиясын   өндiретiн   жерде   кернеудi   трансформаторлардың   көмегiмен   400­500   мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi. Транс­ Транс­ форматордың  форматордың  түрлері түрлері IV. Жаңа материалды бекіту. 8 минут а/ Бекіту сұрақтары:  1. Трансформатор не үшін қажет? 2. Трансформатор құрылысы?  3. Трансформатордың шартты белгісі?  4. Трансформация коэффициентінің формуласы?  5. Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформатор дегеніміз не? № 976(Р)  Трансформатор кернеуді 220 – дан 660 В­қа дейін арттырады, оның бірінші реттік орамасы 840  орамнан тұрады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамада қанша орам бар?  Қай орамдағы өткізгіштің қимасы артық?   № 979(Р) Трансформатор төмендеуі 120 В болғанда 20 А ток береді. Алғашқы кернеуі 22000 В­қа тең. Онда  бірінші жүктеменің ПӘК 90 % болса, трансформатордың бастапқы ток күші мен кіріс­шығыс қуаты неге тең? V. Сабақты қорытындылау. 5 минут «Трансформатор» сөзжұмбағын құрастыру.  VI. Бағалау. 1 минут Сабақққа қатысқан оқушыларды білімі мен белсенділігі бойынша бағалаймын.  VII. Үйге тапсырма беру. 1 минут 1. § 2.10. Трансформатор тақырыбын оқып келу.  2. Оқулықтан №2.10.1 есепті шығару 3. П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагин туралы реферат жазу. 4. Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап беру.  Пайдаланылған әдебиеттер: жыл                Жаратылыстану – математика бағыты Алматы «Мектеп»  2007 жыл 1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев  ФИЗИКА 11 сынып  2. Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА Әдістемелік нұсқау 11 сынып Алматы «Мектеп»  2007 жыл 3. С.Тұяқбаев, Ш.Тынтаева, Ж.Бақынов   ФИЗИКА 11 сынып Есептер жинағы Алматы «Мектеп»  2007  4. Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА  11 сынып Дидактикалық материалдар Алматы «Мектеп»  2007 жыл 5. А.П.Рымкевич Физика есептерінің жинағы Алматы, “Рауан”, 1995 жыл

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор

Трансформатор
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.12.2018