Тәрбие сағаты Бақытты отбасы
Оценка 5

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Оценка 5
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
1 кл
03.04.2017
Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата- аналармен бірлесе отырып шешу. Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу. Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата- аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек? - Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек.Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата- аналармен бірлесе отырып шешу. Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу. Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер
Бақытты отбасы.docx
Тақырыбы: Менің бақытты отбасым Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,  достық қарым­ қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге  қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.  Баланың жан­ жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын,  ата­ анасын, жора­ жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар,  ұлттық тәрбиені насихаттау.  Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата­ аналармен  бірлесе отырып шешу.  Әдісі: Сұрақ­ жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.  Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер Отбасым менің  жүрегім Отбасым менің   тірегім Отбасым менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата­ аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы  мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын  мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі  тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы  керек?  ­ Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.  Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым ­ отбасы болса  керек. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар.  Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым ­ отбасы болса  керек.  Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған.  Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.  Отбасы ­ жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы,  ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.  Сондықтан да отбасы ­ барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.  Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі  де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін  алады.  . Сонымен, бүгінгі ата­ аналар мен балалар бірлескен «Менің бақытты  отбасым» атты  тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымыздың  ашылу құрметіне  Құрман Ерасыл  ән орындайды  қабыл  алыңыздар. Ендігі ойымызды осы Отбасы  тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай  жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру  беріледі) а) отбасы бақыты – ол…. ( ата­ аналар) ә) бақыт дегеніміз — ….. (окушыларга) б) борыш дегеніміз­…….( ата­ аналар) в) отбасы бақыты үшін мен……(ата.­аналар) г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……(окушыларга) 1 кезең   Ойын « Ата ­ ана мейірімі». Ата ­ аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, бояп, қиып, ватманға  жапсырады. Гүлдестеге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой ­  пікірлерін айтады. Окушылар ата­ аналары туралы такпактарын айтады. 2 кезең   Жағдаят. Ата ­ аналар әр  берілген жағдаятты оқып, өз ойларын айтады. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не  істер едіңіз?  Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 ­ 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге  тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?  Кейбір ата ­ аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай:  «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,­ деп айтып жататынын байқаймыз.  Бала іс ­ әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 3кезең  жұмбақ (окушыларға) Бұл кім?  Бала,бала, бала деп,                                          Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп  Түнде бесік таянған  Аялы қолда талпынтқан  Айналасына ас қойып  Өзенді көлдей шалқытқан  Қолын қатты тигізбей  Кірлі көйлек кигізбей  Иісін жұпар аңқытқан  Қаймақты сүттей қалқытқан  Суық болса жөргегі  Қорғасындай балқытқан  Бұл кім? (ана) Өзі салмақты,байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,   отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім?  (әке)  Айтары мол ғұлама,  Көп жасаған бұл адам.  Әкесі ол көкеңнің  Білер оны сұрағын.  Ол кім? ( ата)  Аймалайды күнім деп  Мейірімді жүзі күлімдеп  Тәтті­ақ дейді немере  Бал шырындай үнің деп  Ол кім?         (әже) 4 кезең “Бүгінгі менің ойым”   (окушыларға) 1.Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін  анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе? 2. отбасы бақыты кімның қолында(ананың, әкенің, балалардың) 3. – ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата –  анаға ауыр емес пе?) 5 кезең “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады. Бағана өздеріңіз сыныпқа кіріп келе жатқанда берілген жапырақарды пайдаланар сәт туды. “Отбасының  бақыты үшін не керек?” деген сұраққа байланысты ойларыңызды жасыл  жапыраққа, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы пікірлеріңізді сары  жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.  Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды,  қалай ойлайсыздар… (оқушылардың пікірін тыңдаймыз, болмаса жүргізушінің  өзі қорытындылайды) Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар  көп болса, сіздің отбасыңызды қауіп – қатер қорқыныш, бақытсыздық жайлай  бастағандығы. Ол мына өздеріңіз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің  балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі. Ал егер көк жапырақ көп болса, онда  сіздің отбасыңызды бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір –  біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баласының анаға, ананың  балаға жылуы. Ата ­ анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой ­ өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балаларыңыз сіздерге тек  қуаныш, шаттық әкелсін! Тәрбие сағатымызды  осы мектептің түлегі Аманкелді Назеркенің  орындауындағы «Ата ­анаға парыз» әнімен аяқтаймыз.  Оқушылар  ата­ аналарына жүрекшелерін сыйлайды. Амантоғай  жалпы білім беретін орта мектебі              Тақырыбы:  Менің  ­ бақытты  отбасым. Сынып :           1 Мұғалім:         Смағұлова Нұргүл Қабдешқызы 2016­2017  оқу жылы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты отбасы

Тәрбие сағаты Бақытты  отбасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017