Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында
Оценка 5

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
4 кл
31.05.2017
Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында
Бұл тәрбие сағатында оқушылар тəуелсіздік туралы толығырақ білді деп айтуға болады.Өйткені, тəуелсіздік алған уақыттарда елімізде қандай оқиғалар болғандығы толық баяндалады. Оқушылар өздері тəуелсіздік туралы не білетіндерін, тағы да не білгілері келетіндерін ортаға салды. Қазақтың ұлттық киімдерін киіп, түрлі əн шырқады.Тәрбие сағаты тəуелсіздік туралы
Тәуелсіздік - тұғырым.docx
Тақырыбы:  «Тәуелсіздік –тұғырым» Мақсаты:   ­Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.  ­Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.  ­Жас   ұрпақ   бойына   еліне,   жеріне,   ұлтына   деген   патриоттық   сезімін қалыптастыру.  ­Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін   арттыруға   дұрыс   бағыт­бағдар   беру,   өз   елінің   тарихын сыйлауға   үйрету,   оқушыларды   патриоттық   рухта тәрбиелеу. Өз   елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.  ­Тәуелсіздік бастауы­ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру. Көрнекіліктері: нақыл  сөздер,  еліміздің  рәміздері, желтоқсан  құрбандарының портреттері, шарлар               Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:  Кіріспе сөз. ­Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды   қастерлей   отырып,   күн   сәулелі   аспанымызда   әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз. Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар­ намысын,ата­баба  дәстүрін   жоғары   көтеру   жолында   ереуілге  шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. 1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып,  олардың  рухына  тағзым  ету  парызымыз.1986  жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап ­ жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. (1минут үнсіздік жариялаймыз.) Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары: Ислам Атамекен ақ үйдің Азат болған күні бұл. Құндақтағы сәбидің Қазақ болған күні­бұл. Дарина Көк аспанда тулардың Желбіреген күні­бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні­бұл. Әмір  Алты алаштың баласы Қауымдасқан күні­бұл. Бір­бірімен жарасып Бауырласқан күні­бұл. Нұрсәт Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлдүлі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл­күні! Толқын Жұпар шашқан гүлімнің Жаңа ашылған күні­бұл. Менің ана тілімнің Бағы ашылған күні­бұл. Асылхан Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер. Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы,келе берер! Е.Гүлайым Бақтың құсы әр адамға қонып бір, О,тәңірім бізді баққа жолықтыр! Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын, Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!  Жарайсыңдар, балалар! ­  Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал­мәтел білесіңдер? ­«Отан отбасынан басталады»,   ­«Туған жерге туынды тік»,   ­«Өз үйім – өлең төсегім», «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»,  ­«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»,  ­«Отан – оттан да ыстық»,  ­«Отан – елдің  анасы, ел – ердің  анасы».          ­Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек   берейік.   Олай   болса,  «Тәуелсіздік  жарығы»  атты   шағын   көрінісімізді тамашалаңыздар. (Немересі – Нұрсая, әжесі – Жаңагүл) Немересі:  Әже,   әже   далада   адамдар   салют   атып,   қуанып   жатыр,   ол   ненің мерекесі? Әжесі: Ол тәуелсіздіктің  белгісі ғой,балам. Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе? Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады. Немересі: Онда тынығып алайық. (Тынығып жатқан немересі түс көреді) Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім. Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой. Немересі: Онда мен достарымнан  сүйінші сұрап келейін . Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты! Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады. Ер намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Қандай бақыт қуаныш күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар, Елің   алды   егеменді   теңдігін,­   деп   жырлай   келе   тәуелсіздігіміз   жасай   берсін, еліміз тыныш болсын демекпіз. Сабина Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын  әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз  халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес  сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.  1986 жыл, 16­желтоқсан.  Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай  араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.  Асылжан Мұз жастанып азаттықтын жолында,  Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында.  Отан үшін жанын қиды ұлдарың,  Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,  Күйініштен ауырады жүрегім,  Естігенде желтоқсанның ызғарын.  Желтоқсан­ау, ұмытылмайсың жүректе,  Ұрпақ өсер айналатын тірекке,  Егемендік тиді бүгін еншіме,  Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.  Арна  Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып,  тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.  Егемендік иесі мен деген сөз,  Көптен бері естілмеген ерен сөз,  Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған  Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.  Егемендік ел болудың белгісі,  Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.  «Егемендік» деген сөзден естілер  Ата жұрттың арысы мен бергісі.  Аяулым 1991 жылы желтоқсанның 1­де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.  Шықты тарап ой данадан,  Бері қарады жұлдыз беті.  Өзі қалап сайлап алған,  Елімніңбар Президенті.  Шырақ етіп өмір нұрын,  Алыс жатты алдағы жол.  Ел намысын, елдің жүгін,  Арқалаған ардағым­ол.  Нұрайым 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен  Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.  Күнісіз қазақ көгінің,  Шуағын шашқан халқына.  Қазығы бостандығымның,  Қажымас қайсар нар тұлға,  Ұшырдың алыс айға адам  Халқымның мақсат арманын,  Түсінер сіздей қайда адам?!  Бес қару белге буынып, Қол бастар көсем өзіңсің,  Жаныңды қиып бересің,  Қазақтың байтақ жері үшін.  Ұлан 1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.  Рәмізім­елдігімнің белгісі,  Білу керек бала дағы ең кіші.  Рәміздерім­әнұран, ту, елтаңба,  Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.  Дархан Қазақстан Туы  Көк аспандай көкпеңбек  Қазақстан жалауы.  Көк емес ол тектен­тек­  Елдің ашық қабығы.  Ақ ниеті – алтын күн,  Асқақ арман­қыраны.  Жалауы бұл­халқымның,  Мәртебесі, мақтаны.  Бақытнұр Елтаңбасы елімнің  Елтаңбасы елімнің  Неткен әйбәт, әдемі!  Тұнығындай көңілдің  Ортада­аспан әлемі.  Құт, береке, шаңырақ,  Орын алған ол төрден.  Қанатты қос арғымақ.  Екі жақтан көмкеркен.  Тәуелсіздік жолында  Талай­талай тер тамған...  Билігім өз қолымда,  Еркіндігім­Елтаңбам.  Қ.Гүлайым Әнұран  Әнұраным­жанұраным,  Айтар әнім­сөйлер сөзім.  Туған жерім­сағынарым – Мың қайталап айтам мұны.  Би: «Қыз Жібек» қыздар тобы Медея: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Әли: Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,  Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.  Арайлап атқан күн мен батқан түннің,  Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.  Алина: Келді алдыңа алыстағы азат күн,  Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың.  Намысыма тиме менің адамзат,  Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын.  Әнуар: Тәуелсіздік! Балалардың ұраны, Бейуақытта, бойға таққан тұмары. Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып, Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. Арай: Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы. Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан, Шырағы мен пырағының тұрағы. Рамазан: Бабалар армандаған – тәуелсіздік,  Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.  Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.  Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.  Мұғалім: Қазақстан – қасиетті ұғым бұл Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл. Т­ білдіреді теңдікті, Ә­ әдептілік, әлдікті, У­уайымсыз уақытты, Е­ егемендік елдікті. Л­дейді лағып лепірме, С­сенімділік секілді, І­ілтипат пен ізетті З­ зиялылық тілек қой. Д­ шақырады достыққа, І­ ізденіс пен нәтиже К­ дейді күн боп көктегі Көз алартып, көршілерге қол сұқпа. Ән: «Көк тудың желбірегені» Хор Қорытындылау: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.          Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ­ тірегім» атты мерекелік кешіміз өз  мәресіне де келіп жетті. Біздің тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Сендердің  әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін  алатын, кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата­ бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан­байтақ жердің иесі, болашақ иесі  сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! ­ деген ниетпен ашық  тәрбие сабағымызды аяқтай келіп, қатысқандарыңызға көп­көп рахмет айтамын.  Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп,  самғай берсін!

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Тəуелсіздік- тұғырым!" тақырыбында
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2017