Мұғалімнің аты-жөні:Жаксымбетова Жанна Манатовна
Лауазымы:Бастауыш сынып мұғалімі
Пән: әдебиеттік оқу
Сынып: 2 “А”
Тақырып: Төрт түліктің кеңесі
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Сабақ мақсаты: Төрт түлік туралы білімдерін кеңейте отырып, мал өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру. Төрт түлікті қадірлеуге үйрету;
Міндеттері:
-Төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы мен маңыздылығын анықтау.- Төрт түлік малдың төлдері мен пірлерін ажырату
Психологиялық көңіл –күй тудыру Сол жақтағы көршіге Қайырлы таң дейміз Содан кейін баршаға Сәттілік біз тілейміз! |
Сынып ережесі
1.Тыңдай білу
2. Сөзді бөлмеу
3.Белсенділік
4.Шығармашылық
5. Сыйластық
6. Бірігіп жұмыс істеу
7.Түсіністік қарым- қатынас
Түйе атасы - Ойсылқара |
“Иә, жоқ” әдісі
|
1.Мәтінді мәнерлеп оқу, түсініп алу.
2.Мәтінді рөлге бөліп,мәнерлеп оқу.
3.Сөздікпен жұмыс:
Ну-қалың
Сор – құрғақ жер
Біту-қандай жерге барамын
Оқулықпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
1-топ «Құлыншақ» тобы - «Менің сүйікті төлім» тақырыбында шағын эссе жазу. |
2-топ «Ботақан» тобы- түйе сөзіндегі бас әріптерден заттың атын білдіретін сөздер құрап жаз. |
3-топ «Қошақан» тобы- «Ауылды қалай суреттесек болады?» тақырыбында аяқталмаған өлең жолдары беріледі, әрі қарай аяқтап жазу. |
4-топ «Бұзау» тобы – Сиыр сөзінің бас әріптерінен басталатын заттың қимылын білдіретін сөздер құрап жаз.
Берілген сөздер | Мәтіндегі осы сөздердің мәні |
Тұрмыс жағдайы төмен адам | 1.Қоры үзілген қуға бітем. |
Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге теріп жаз |
Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамытуға арналған өзіндік талдау жұмысы
Болжау(мұғалімің болжамы) | Дәлел(оқушы дәлелі) | Қорытынды (оқушының қорытынды ойы) |
1. Төрт түлік мал –қазақ халқының күн-көрісінің негізі. | «Қой», «Ешкі», «Торпақ», “Жылқы”, “Торы құлын” | Халық төрт –түлік туралы өлең –жырларда әр түліктің қасиетін, адамға тигізер пайдасын дәл басып айтқан |
2. Төрт түлік малдың иесі бар деп түсінген. | ” Қой атасы-Шопан”,”Түйе атасы -Ойсыл қара”, Жылқы атасы- Қамбар ата, “Сиыр атасы – Зеңгі баба”т.б | Әр мал иесіне жеке ат қойып,солардан көмек тілеген. |
3. Түлікті құрметтеп, қадір тұтқан | «Түлікті құрметтеу», «Төрт түлікке қатысты тиым сөздер», | Түйе –байлық,қой- мырзалық,жылқы -сәндік,сиыр- ақтық деп жырлайды. |
4. Халық -шебер суреткер | «Төрт түлік туралы өлеңдер» | Көркем сөздерді пайдалануы |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.