туған жер ,туған өлке туралы тәрбие Мақсаты: Қазақ халқының тарихы және даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз жайлы қысқаша тоқталу.
Оқушыларға жылқы малы,оның шығу тарихы, жылқының пайдасы және оның ат-әбзелдері туралы жан-жақты түсінік беру.
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, ұлттық рухты сіңіру.
Көрнекіліктер: Слайд, видео,көрме, ертоқым, ат әбзелдері,буклет, нақыл сөздер, суреттер, шар т/б
тәрбие.docx
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп
«Туған өлке тарихыұрпаққа мұра»
Сыныбы: 4 «В»
Сынып жетекшісі: Аксакалова М.С
2018 – 2019 оқу жылы Тақырыбы:«Туған өлке тарихыұрпаққа мұра»
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкеміз жайлы түсінік бере отырып, өлкеміздегі ұлттық
құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз жайлы қысқаша тоқталу.
Әдісі: сұрақжауап
Көрнекілігі: шар, интертақта,суреттер, нақыл сөздер
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жеріңтүп қазығың...», «Жаңа астана
жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан
жоқ, жалғыз Отанмекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. (Туған өлкеміз туралы слайд жүріп тұрады)
1Жүргізуші: Арайлым
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жердеқұрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам,
Айналайын! Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!
2жүргізуші:Ұлықбек
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Мұғалім:
Балалар, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі
мүмкін. Суретшілердің тілі бояу, музыканттардың тілі музыка, ақындар өлең
жырларымен жеткізеді.
Мұғалім: Балалар, адамның бақытты өмір сүруі Отанға деген махаббатына
байланысты. Олай болса, Туған өлке дегеніміз не?
Туған өлке – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Туған өлке – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның.
Туған өлке бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Біз Туған
өлкемізді, сүйеміз.
Балалар, біздің Туған өлкеміз қалай аталады екен?
Қызылорда қаласы
І.Қызығушылығын ояту слайд №1
Слайдта не көріп тұрсыңдар?
Мүғалім :Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз
ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер намысты
ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен
еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы,
өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ. Олай болса қ
барлығымыз сүйікті қаламыз Қызылорданың көрнекті жерлеріне саяхат жасайық.
(слайдта көрсетіледі)
2жүргізуші: Келесі кезегімізді «Өз қалаңды білесің бе?» айдарына береміз.
Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана
бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан
Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының
әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде
салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт
деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генералгубернаторы В.А.Перовский Сыр
қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп,
қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол
Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты,
жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.
1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал
үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа
үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа
жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.
19221925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 19251929 жылдары
Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары
сахналанып, М.Әуезовтың “ЕңлікКебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы
Қызылорда облысы құрылды. 196070 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім,
механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып,
жаңадан салынған Гагарин, Титов елдімекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті. Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл
гидромелиоративтікқұрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу
орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды.
198090 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде
сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді
Бейнематериал көрсету
Ал балалар, мына бейнежазбадан не түсіндіңдер? Не көрдіңдер?
Қызылорда – Сырдария өзенін жағалай қонған елдің ортақ отаны, қасиетті мекені.
Қызылорда қаласының алғашқы атауы Ақмешіт, одан кейін Перовск, Перовск
қаласынан кейін қайтадан Ақмешіт қаласы болып өзгертілді
Қызылорда қаласы атауы берілген соң 19251929 жылдары Қазақстанның тұңғыш
астанасы болды.
Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры ашылды. Денсаулық сақтау, білім
беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды.
Байқоңыр ғарыш айлағы бар.Ұшқыштарды білемізбе?
Қорқыт ескерткіші Қармақшыда орналасқан.
а)Оқу орындары:
Қызылорда мемлекеттік университеті
Қызылорда гуманитарлық университеті
Қызылорда инженерлікэкономикалық институты
Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті
Қызылорда гуманитарлық заң колледжі
Қызылорда медицина колледжі
Қызылорда музыка колледжі
Ә)Мәдениеті:
Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
Қызылорда қаласындағы жастар саябағы
Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві
Қызылорда облыстық филармониясы
Қызылорда облыстық радиосы
Қызылорда облыстық тарихиөлкетану музейіне саяхат жасай отырып таныстыру
Топтық жұмыс
Мына Сыр сүлейлері аллеясына қандай өзгерістер енгізер едің? Ол үшін не істейміз№
( гүлдермен, шарлармен, ағаштармен, құстармен безендіру)
Сурет бояу. жабыстыру
Кері байланыс
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Не үйрендік? Биыл қаламызға неше жыл
толып отыр?Қандай көрікті жерлерді білесіңдер?
Бағалау бармақпен Өзімізге шапалақтап қояйық
Қорытынды:
Біз тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз
елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,тарихымызды
құрметтеп келешек ұрпаққа аманат етіп қорғауға тиісті екенімізді естен
шығармайық дегім келеді
Туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра
Туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра
Туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра
Туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра
Туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.