Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабына шолу. «Бүгінгі қазақ қауымына аса қажет нәрсе – өзіміздің намысшылдық дәстүрімізді дамыту», «Кез-келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек» - деп келетін пайымды ойлар әр бір азаматтың жан-жүрегінен берік орын алса екен....
макала.docx
Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегіне шолу
Тәуелсіз елдің жаңғыруы
Көшпелілер өркениеті мен отырықшылық мәдениетінің тоғысындағы Ұлы дала
тарихын тәуелсіз санамен , ұлттық ұстанымда саралау тек тәуелсіздік кезеңінде ғана іске
асты. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңі еліміздің мыңжылдықтар тарихының
шын мәнісіндегі қайта өрлеу, яғни «ренессанстық» дәуірі болды.
Мемлекет тарихын көрнекті тұлғалар арқылы зерделеу қазақтың байырғы таным
түсінігінде ертеден қалыптасқан дәстүр. Қазақтың шежірелік зередсінде тарих ұдайы жеке
тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Ақиқатында ұлт болып
қалыптасуымыздағы ұлы тұлғалардың айырықша орын алатындығы сан ғасырлық тарих
парақтарында қатталып жатыр. Қазақстанның тарих ғылымы мектебі кеңестік кезеңде
қалыптасты десек те, тарихымызды ұлттық көзқараста қайта тұжырымдау , отандық
тәуелсіз тарих ғылымын қалыптастыру, Қазақстанның бірінші жаңғыруы кезеңінде , яғни
тәуелсіз мемлекетіміздің дүниеге келуімен жүзеге асқан үдеріс.
Елбасының тарихқа,саясатқа мемлекет дамуына, экономикаға байланысты еңбектері
ұлттық тарихты зерделеудің жаңа методологиялық базасы деуге болады. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдары жаңадан еңсе тіктеген жас мемлекет үшін сын сағаттар мен сындарлы
сәттерге , болашақты болжап болмайтын, бірақ тарих беттеріне қатталып жатқан тағдыр
шешті қадамға толы болды. Осындай сәтте мемлекеттің жауапкершілігін мойнына алатын,
тәуекелі жететін тұлғаның қолында болуы тиіс екендігін сол кезеңнің шындығы дәлелдеп
берді. Мемлекетті басқару жүйесін реформалау, президенттік биліктің өкілеттігін нығайту
– Елбасының тарихи күрделі кезеңде қолға алған нәтижелі шешімі.
Елбасының тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі дүниеге әкелген «Әділеттің ақ жолы»,
«Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында », «Қазақстан жолы», еңбектері шын мәнінде
отандық тарих ғылымына жаңа методологиялық серпін берді. Президент Отанымыздың
қазіргі замандағы аса күрделі, сонымен бірге нәтижелі дамуына қатысты тарихты кезінде
отандастарымыздан үлкен бағасын алған «Қазақстан жолы» еңбегінде тұжырымдады. Ал
бүгінгі қалың оқырманға , оның ішінде ел болашағы жастарға жол тартқан «Тәуелсіздік
дәуірі» туындысы – еліміздің бүгінгі дамуын жанжақты қамтыған, өзекті тұжырымдар
жасалған Қазақстанның қазіргі заман тарихы.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында Елбасы Н.Назарбаев азат елдің тарихын жасаушы һәм
жазушы тұлға. Мұның айқын дәлелі ретінде жоғарыда аталған мемлекетміздің қалыптасу
кезеңдеріне толғамды тұжырымдары мен оралымды ойлары кестеленген іргелі еңбектерін
айта кеткен абзал.
Әлемдік тәжірибеде өз елінің тарихына канондық негізде туынды арнаған ұлт
көшбасшылары жоқ емес. Мәселен, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және де тағы басқалары
әлемдік саясатта өз елдерін өрге сүйреген қайраткерлер ұлттық жетістіктерге тарих парағынан таңбалаған. Осы орайда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» туындысын
мемлекетшілдік ұстаным, елдік сана, ұлттық рух ұтымды үйлесім үйлесіим тапқан.
Қазақстанның тәуелсіздік шежіресіне көз жүгірткен әрбәр адамға бұл кітап жол бастаушы
болары сөзсіз. Мемлекетіміздің саси ойлары бағдары, дипломатиялық, халықаралық
байланыстар және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан беделі сынды маңызды мәселелер
тарихи танымдық тұрғыда айшықталған. Елбасының жолдаулары мен үндеулері,
мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар
және олардың орындалуы мен нәтижелі
көріністеріне осы еңбектен куә боламыз. Жаппай қарулануға бет бұрған жаңа орталықтар
пайда болып, геосаяси текетірес ушығып, этносаралық және конфессияаралық шиеленістер
өршіп, босқындарлегіарта түскен әлемде бейбіт өмірдің бесігі деп танылған Қазақстан
басшысының түрлі этностар мен діндер мекендеген елде қоғамдық келісімді сақтау
жөніндегі әр пікірі салмақты.
Сонымен бірге дербес мемлекттердің ішінде ел астанасын ауыстырып, жаңадан астана салу
сынды батыл қадамға барған елдер сирек. Ал елбасы бұл күрмеуі қиын күрделі істі сонау
90 жылдардың басында – ақ қолға алды. Бүгінде елімізідің жүрегі Астана барлық
жетістіктеріміздің бастауына айналды. Бұл – мемлекет Басшысының есімімен тікелей
байланысты тарихи шешім.
«Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы ( 19911995 жылдар)»,
«Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының бастауы (19961999 жылдар)», «Қияға
құлаш сермеу. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар) сынды төрт тараудан
тұратын еңбекте тәуелсіздік шежіресін айқындаушы деректер мен мәліметтер кеңінен
қамтылған. «Тәуелсіздік дәуірін» оқи отырып еліміздің өмірдегі ұлы өзгерістерге қосқан
еліміздің әрбір азаматының үлесі айшылықтала түседі. Сондықтан да білім алушыларыма
күнделікті сабақта , яғни қоғамтану, саясаттану пәндерінде Елбасының өмірі, сарабдал
саясаты, тарихи естеліктерге толы халқымыздың ұлы тарихи шежірелерін баяндап беремін.
«Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады», «Қазақтың ұлттық рухы оның
ерлігінде жатыр», «Намыссыз азамат өзгелердің түгілі өзінің көсегесінде көтере алмайды »,
«Бүгінгі қазақ қауымына аса қажет нәрсе – өзіміздің намысшылдық дәстүрімізді дамыту»,
«Кезкелген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу
керек» деп келетін пайымды ойлар әр бір азаматтың жанжүрегінен берік орын алса
екен....
Сейталина Инкар Болатовна – Ойыл аграрлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы,
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Тәуелсіз елдің жаңғыруы
Тәуелсіз елдің жаңғыруы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.