«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
Оценка 4.7

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

Оценка 4.7
Мероприятия
воспитательная работа
Детсад
02.12.2018
«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
Тексерілді» «Балбөбек» жекеменшік шағын орталығының әдіскері ________ Г.К.Сагпазова « ___» ___ 2017ж «16-17желтоқсан- Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған мерекелік іс- шара Тақырыбы «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» Өткізген №3 «Жұлдыздар» ересек тобының тәрбиешісі Табинаева Ф.Н 2017-2018 оқу жылы. Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын! Менің байтақ Отаным, Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным. Тәуелсіздік –сәбиімнің күлкісі, Тәуелсіздік ақ батасы атамның.дей отырып, «Жұлдыздар» ересек тобының «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты мерекелік іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз. (Балалар ән ырғағымен залға кіреді.) Мерекелік іс-шараны бастамас бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранмен бастаймыз. (Балалар әнұранын айтады) «Тәуелсіздік» - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық. Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік-ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Ендеше тәуелсіз елімізге арнап тақпақтарымызды айтайық. Шұғыла Он алтыншы желтоқсан Ел мерейін тосыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Айкөрік Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған Билігім өз қолымда Еркіндігі – елімнің Нұрғалй Желтоқсанның ызғары – ай Жүргізуші:Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында еліміздің болашағы үшін жанын құрбан еткен көптеген аға-апаларымыз Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков болды.Олар ерен еңбектерімен көзге түсті. Айта кететін болсақ солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем -дей келе, Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, жайындағы көріністен үзінді көріңіздер. КӨРІНІС. Автор: Камера іші. Тергеуші үстел басында отыр. Ол әр адамды жеке - жеке тергеуге шақырады. Кезек Қайрат Рысқұлбековке де келді. Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі баланы алып кіреді). Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам! Қайрат Рысқұлбеков: Күнәдан таза басым бар 21 - де жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар Алам десең алыңдар, Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар! Автор:міне осылайша Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілген болатын. Жүргізуші: Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бас алаңда ел жосқан, Жастар қаны жуған түн. 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туған күн! -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз дегеніміз-еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыз Н.Ә.Назарбаевты елбасымыз етіп сайлады.Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Қазіргі таңда біздің өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз,яғни ту, елтаңба, әнұранымыз, елбасымыз бар, Егеменді Қазақстан - мемлекетіміз. Тудың, Елтаңбаның суреттерін көрсету, олардың мазмұнын балаларға әңгімелету, авторларын сұрау. Жүргізуші:Мерекеде сызылтып ән салады, Ән айтып, би де билеп жан салады. Бұл ұлы мерекеде ән салғанда, Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. Ән «Қазақстаным менің» Жүргізуші: Ендігі кезекті тағы да тақпақтарға берейік. Каусар Саят Айқын Ойын « Жалаушаны жалғастыр » Шарты: музыка әуеніне балалар шеңберге тұрып, жалаушаны бір – біріне жалғастырады. Әуен тоқтаған кезде, қай баланың қолында жалауша қалып қояды, сол бала отан туралы мақал мәтел айтады. Жүргізуші: Келесі кезекте өлеңімен Қуаныш Назерке, Мәлік Ферузаны ортаға шақырамыз. Назерке Жылғылмаймын, Жаудан қашып тасаға тығылмаймын. «Елім- айлап » «Алқакөл сұламада» Ағарғанша табаным шұбырмаймын Жылғылмаймын, Түгесіліп біткен- ау,сірә қайғым Сар далада сандалып баяғыша Ешкімнен бостандық сұраймын Сатылмаймын, Шекара асып қарамды батырмаймын. Қырылмаймын аштықтан кең далада, «Халық жауы» атанып атылмаймын. Феруза Айқын Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада – аспан әлемі. Құт, береке – шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген. Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған. Билігім – өз қолымда, Еркіндігім – елтаңбам. Ұлттық ойын: «Тенге алу» Барысы: музыкам әуеніне ойыншылар шеңбер бойымен атпен шапқылап жүреді, музыка әуені тоқтағанда жерде жатқан теңгені алып үлгеру керек. Теңгегем қолы жетпей қалған ойыншы, ойыннан шыға береді, соңында қалған теңгені бірінші болып алған ойыншы жеңімпаз атанады. Ойынға 6-8 бала қатыса алады. Жерде жатқан теңгенің саны ойыншылардың санына қарағанда 1 ге кем болады. Ойын «Жүректен шыққан жылы сөздер» Шарты: әр бала ортаға шығып Қазақстанға деген өздерінің жүректен шыққан сөздерін айтады. Жүргізуші: Құтты болсын ағайын, Тәуелсіздік мереке. Тілейміз біз сіздерге Ырыс ,бақыт,береке. Құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі мерекелік іс-шараны аяқтаймыз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!! № 3 «Жұлдыздар» тобы 1. Әнұран 2. Тақпақ 3. Көрініс(4бала қатысады) (1парта, 2орындық) 4. Ән «Қазақстаным менің» (5 баланың орындауында ) Феруза,Шұғыла,Саят, Арай,Назерке 5. Ойын «Қыз қуу» ( 2 ат, қамшы) 6. Мәнерлеп оқу –Назерке, Феруза 7. Ойын «Теңге алу.» 8. Ойын «Жүректен шыққан жылы сөздер» Тексерілді» «Балбөбек» жекеменшік шағын орталығының әдіскері ________ Г.К.Сагпазова « ___» ___ 2017ж Ұлттық ойын «Теңге алу» Өткізген №3 «Жұлдыздар» ересек тобының тәрбиешісі Табинаева Ф.Н 2017-2018 оқу жылы. Ұлттық ойын: «Теңге алу». Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту. Құралдар: теңгелер аттың бетперделері Ұлттық ойын: «Тенге алу» Барысы: музыкам әуеніне ойыншылар шеңбер бойымен атпен шапқылап жүреді, музыка әуені тоқтағанда жерде жатқан теңгені алып үлгеру керек. Теңгегем қолы жетпей қалған ойыншы, ойыннан шыға береді, соңында қалған теңгені бірінші болып алған ойыншы жеңімпаз атанады. Ойынға 6-8 бала қатыса алады. Жерде жатқан теңгенің саны ойыншылардың санына қарағанда 1 ге кем болады.
Публикация состоит из частей:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2018