«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
Оценка 4.7

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

Оценка 4.7
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
02.12.2018
«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
Публикация является частью публикации:
тәуелсіздік (1).docx
Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 25жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!                Менің байтақ Отаным, Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным. Тәуелсіздік –сәбиімнің күлкісі, Тәуелсіздік ақ батасы атамның. «Аққу»   тобының  «Тәуелсіз   елім­Қазақстан!»  атты   ертеңгілігін   бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз. Балалар ән ырғағымен залға кіреді. Ертеңгілігімізді   бастамас   бұрын   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік Әнұранына кезек береміз. «Тәуелсіздік»   ­   ең   басты   құндылығымыз.   Тәуелсіздік   күні   еліміздің барлық   азаматтары   үшін   орны   ерекше   мереке   деп   білеміз,   себебі   осынау қуанышқа   толы   күнді   ата­бабаларымыз   ғасырлар   бойы   армандап,   күтумен өтті. Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді,   өз   елімізді   қадірлеуге,   сүюге,   қорғауға   тиіс   екендеріңді   естен шығармайық. Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.     Егемендік ­ ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Ендеше тәуелсіз елімізге арнап тақпақтарымызды айтайық. Ақмарал:                                                            Енді міне тәуелсіз ел болдық, Басқалармен терезесі тең болдық. Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай, Отан үшін болуғада құрбанбыз. Каусар:                                                          Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған. Тәуелсіздік таңдауы, Бақ береді баршаға. Жақсылық:                                                                           Туған жерде толамыз,  Ертең жігіт боламыз.  Отан ортақ үйіміз,   Інжу:                                      Мирас:                                                   Көңілді ән мен күйіміз. Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға, Қарсы ағып өзендей тасқындаған . Көк аспанда  тулардың Желбіреген күні – бұл Елім деген ұлдардың Елжіреген күні бұл Жүргізуші: Балалар,   біз   осы   тәуелсіздікке   оңайлықпен   қол   жеткізген жоқпыз.   Оның   бір   көрінісі   желтоқсан   оқиғасы.   Желтоқсан   оқиғасында еліміздің болашағы үшін жанын құрбан еткен  көптеген аға­апаларымыз Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова,   Сәбира Мұхаметжанова,   Қайрат Рысқұлбеков болды. Олар ерен еңбектерімен көзге түсті. Айта кететін болсақ солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.  Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,    Қайрат аға рухыңа мен иілем.          Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,                      Әділ жанның қазасына күйінем ­дей келе, Қазір   сіздердің   назарларыңызға   желтоқсан   оқиғасында   әділдік   үшін күрескендердің   бірі   –   Қайрат   Рысқұлбеков,   ендеше   Қайрат   жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.   КӨРІНІС. Автор: Камера іші. Тергеуші үстел басында отыр. Ол әр адамды жеке ­ жеке тергеуге шақырады. Кезек Қайрат Рысқұлбековке де келді. Тергеуші:  Кіргізіңдер!   Қайрат   Рысқұлбековты.   (Әскери   адамдар   Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі баланы алып кіреді). Тергеуші:  Ал,   Рысқұлбеков   әбден   ойланып,   ақылға   келген   шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам! Қайрат Рысқұлбеков: Күнәдан таза басым бар 21 ­ де жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар Алам десең алыңдар, Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар! Автор: міне осылайша  Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілген болатын. Жүргізуші: Осыдан   20   жыл   бұрын,   яғни   1986   жылы   Алматының   бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата­бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.       Бас алаңда ел жосқан, Жастар қаны жуған түн.     16 желтоқсан  ­ Тәуелсіздік туған күн! ­Міне,   балалар,   бүгінгі   таңда   Қазақстан   тәуелсіз   мемлекет.   Тәуелсіз дегеніміз­еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыз Н.Ә.Назарбаевты елбасымыз етіп сайлады. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл   25   жыл   толып   отыр.   Қазіргі   таңда   біздің   өзіміздің   мемлекеттік рәміздеріміз,яғни   ту,   елтаңба,   әнұранымыз,   елбасымыз   бар,   Егеменді мемлекетіміз. Қазақстан   Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,                      Ән айтып, би де билеп жан салады.                      Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,                      Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. Ән «Қазақстан» Тақпақтар: Алтынай:                                                             Азат:                                      Адия:  Он алтыншы желтоқсан, Елдің ұлы мейрамы. Жаңа шыққан көктемдей, Жаз күніндей жайдары. Отан­тарих, Отан­тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан­өлең, Отан­жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның, Болашағы бірлікте. Игілік:                                                               Еркіндігім – Елтаңбам Тәуелсіздік жолында  Талай­талай тер тамған Билігім өз қолымда  Ойын « Қыз қуу » Шарты:  атқа   мініп   қыз   қашады,  жігіт   оны   қуады.  Егер   жігіт   қуып  жетсе қыздың бетінен сүйеді, жете алмаса қыз қамшымен ұрады. Жүргізуші:  Көңілді өскен баламыз,                       Шырқатып әнге саламыз.                       Тойымызға сән берер                       Би де билеп аламыз. Би «Қамажай» Тақпақтар: Иясин:                 Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Мерей:                                                     Медина:                                                          Орынай:  Ғазима:  Тату­тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі. Он алтыншы желтоқсан, Ел мерейі тасыған. Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Көк аспандай көгілдір, Қазақстан байрағы. Тұрса күндей төгіп нұр, Жылдарыңыз жайдары. Я люблю тебя мой – Казахстан, Люблю я также свой народ. Люблю я маму и отца, Люблю я степи и гонца. Тәуелсіздік бас арманы болған екен, Атамыз бен бабамыздың сол ертеден. Арманына жету үшін күрескені, Тарихта шежіре боп қалған екен. Жүргізуші: Келесі кезекте өлеңімен Аманжол Азатты ортаға шақырамыз. Тақпақтар:  Марғұлан:                                              Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын. Бақытты боп өсірген, Отанамның гүлімін. Малика:                                        Ақниет:                                                     Бізбен бірге бар әлем, Қуанады балаша. Қуанышқа бөленген, Өмір қандай тамаша. Зеңгір аспан көгілдір, Алтын күні төрінде. Тамылжытып төгіп нұр, Шаттық сыйлар көңілге. Нұрбек:                                                     Рухия:                                                          Отанымның төрінде,. Әсем қалам­Астанам. Құтты болсын мерекең, Әсем қалам­Астанам. Моя Родина – Отан, Край любимый Казахстан. Горы, степи и поля, Это все моя Земля. Ән «Қазақстан"                           Ойын «Жүректен шыққан жылы сөздер» Шарты: әр бала ортаға шығып Қазақстанға деген өздерінің жүректен шыққан сөздерін айтады. Жүргізуші:  Құтты болсын ағайын, Тәуелсіздік мереке. Тілейміз біз сіздерге  Ырыс ,бақыт,береке. Құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі  ертеңгілігімізді аяқтаймыз.  Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!                                  № 11 «Аққу» тобы 1. Әнұран 2. Тақпақ 3. Көрініс   (4бала қатысады)     (1парта, 2орындық) 4. Ән «Қазақстаным менің» 5. Тақпақ 6. Ойын «Қыз қуу» ( 2 ат, қамшы) 7. Би «Қамажай»      (8 қыз) 8. Тақпақ 9. Мәнерлеп оқу –Азат 10. 11. Ән «Қазақстан» 12. Ойын «Жүректен шыққан жылы сөздер» Тақпақ

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2018