Тура пропорционалдық және оның графигі 5

  • pptx
  • 16.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9. Тура пропорционалдық және оның графигі. Нұсқа 1.pptx

Сабақ тақырыбы:

Тура пропорционалдық
және оның графигі.

Оқу мақсаттары:

6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру.
6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу.
6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру.
6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу.
6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:
- тура пропорционал тәуелділіктерді таниды;
тура пропорционалдықтың формуласын біледі және
тура пропорционалдықтың графигін сала алады;
сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың
формуласын жаза алады;
тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы
тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп бере алады.

Психологиялық ахуал

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің
жан жылуын береді.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

«Миға шабуыл»

С-1: Тура пропорционал тәуелділіктер дегеніміз не?
С-2: Тура пропорционалдықтың формуласы қандай?
С-3: Тура пропорционалдықтың графигін салу алгоритмін сипаттаңыз.
С-4: Сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын қалай жазуға болады? Мысал келтіріңіз.
С-5: Тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне мысал келтірің, түсіндіріңіз.

Топтық жұмыс.
Әр топ кеспе қағаздарда жазылған шамалардың арасындағы тәуелділік тура пропорционалдық болады ма екендігін анықтау керек.
Егер тура пропорционалдық болса, онда шамалардың арасындағы тәуелділіктің формуласын жазып және пропорционалдықтың коэффициентін табу керек.

Жұптық жұмыс.
Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Жұптағы әрбір оқушыға бөлек тапсырма беріледі. Оқушы тапсырманың тек бірінші ғана бөлігін шығарады, содан кейін салған графигін көршісіне береді, ол оның екінші бөлігін шығарады. Содан кейін оқушылар тағы өздерінің шешімдерімен алмасады және дайын жауаптар арқылы тексеру жүргізіледі.

Үлестірме 1

Үлестірме 2

Сергіту сәті:

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.

Үйге тапсырма:

Рефлексия:

«Парталас көршіңе бір сөз таңда»

- Сен жарайсың.
- Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.
- Сенің мүмкіндігің оданда зор

Шамалардың арасында тура пропорционал тәуелділік болатын күнделікті өмірге негізделген есеп құрастырыңыз. Тура пропорционал тәуелділік берілген формуланы жазыңыз, кесте мен графикті салыңыз.
Мысалы, егер интернет қызметін 1 ай пайдалану 4 мың теңге тұратын болса, интернет қызметін пайдалану құнының интернетке қосылу айлар санына тәуелділіктің формуласын жазыңыз.

Посмотрите также