Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
Оценка 4.7

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Оценка 4.7
Образовательные программы
docx
воспитательная работа
6 кл—11 кл +1
07.11.2017
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
Мен ,Жумагалиева Алтын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімімін.2016-2017 жылы Кембриж бағдарламасы бойынша білім алдым. Сол уақытта жазған есебімді ұсынып отырмын. Бізге Рсалиева Көңіл сабақты жақсы өткізді.Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдар ЖУМАГАЛИЕВА А ЕСЕП.docx
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі  яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.       «Блум таксономиясы – сапалы оқытудың тиімді жолы». Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу ­ білімнің, соның ішінде  болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің  әлеуметтік ­ экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой ­ пікірі бар жан ­ жақты  дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел  тұтқасын жан ­ жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір  мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да  елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын  түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар  бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде.  Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке  тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең  кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан  өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі ­  жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін  құрал тек қана ­ білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім ­ қоғамды  әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам  үшін де жоғары құндылық. Химияны оқыту мен үйретуде  оқушылардың білім ­ біліктілігін, танымдық жағын және олардың  коммуникативтік  дағдысын қалыптастыру үшін, оқу бағдарламасында жаңа оқыту  технологияларын тиімді қолдануды үйрену үшін педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  мақсатында деңгейлік курстан өту – оңтайлы іс  деп есептеймін. Химияны тереңдетіп, жүйелеп әрі  жан­жақты оқытуды қоғам, уақыт, заман қажет етіп отыр. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру ­ әр  ұстаздың міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында білім беру саласында көптеген өзгерістер  өрістеуде. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған  деңгейлік  курс осы өзгерістердің бірі десем де болады. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді.  Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан ­ жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп  емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,  жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында  оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық  жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді.  Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту  саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт  көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын. Қоғамымыз өте тез дамып отырған мына заманда педагог қызметкерлеріне түсер салмақтың ауыр  екені анық. «Курстан не аламын?», «Бұл курстың маңыздылығы не?», «Қалай оқимын?» сияқты  сұрақтар мазалап, бойымда қорқыныш үрей болды. Себебі мен  жасым  50 ден асқан ұстазбын.  Тренеріміз алғашқы күннен бастап  бірден өзінің асқан шеберлігімен біздің әр күнімізді сыни  ойлауға, білімнің жаңа тәсілдері оқуды және оқу нәтижелерін сыни бағалауға, ақпараттық­ коммуникациялық технологияларды пайдалануға, дарынды және талантты балалармен жұмыс  жасауға,топпен жұмыс істеудің тәсілдерін меңгертті. Тренеріміз күнде жаңа ресурстар ұсынып,  қызықты сергіту сәттерін ұйымдастырып, заманауи технологияларды оқытқан кезде өзімді оқушы  сезіндім. Түрлі тапсырмалар, оқулықтар секілді ресурстарымен бөлісіп отырды. Идеяларын топта  курс әріптестерімен талқылап, топтық жұмыстарға бейімделдім. Флипчартқа тақырыптық сурет  салу арқылы, оны топ алдында қорғап көшбасшылыққа да үйрендім. Тренеріміздің тиімді  тренингтері арқылы бойымда өзіме деген сенімділік қалыптасты. Өз білімімді жетілдіру үшін  деңгейлік курсқа келгеніме қатты қуанамын. Заманауи технологияларды, жаңаша оқыту тәсілдерін  оқып, меңгеру ­  менің ойымша қазіргі заманның қажет етіп тұрған азығы. Осы азығымды өз  сабақтарымда қолдана бастадым. Мектептегі тәжірибеде өту кезінде алға қойған мақсатымның бірі құрылған  орта мерзімдік   жоспарды  бағдарламада  көрсетілгендей оқыту мен  оқудағы  жаңа  әдіс ­ тәсілдер,  модульдерді  қолдану арқылы сабақ өткізу болды. Қазіргі уақытта мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапты  міндет – оқушыға тиянақты білім беру. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға  ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің  маңызы ерекше. Жоспарланған мақсатыма  қол  жеткізу  үшін  мен үйренген бағдарламаның  жеті  модулін өз іс ­  тәжірибемде қолдану барысында «Оқыту мен оқудағы  жаңа әдіс тәсілдер» модулі  бойынша «Блум таксономиясы»  тәсілін таңдауда  оқушыларымның барлық жұмыстарында көрініс  тапқан кезеңдерінің куәсі болдым. Осы бағытта Блум таксономиясы – жеке тұлға  шығармашылығын дамытушы  құрылым болып  табылады. Жұмыстар дегенім, оқушыларымның   тақырыпқа сай өзіндік идеялары, түйінді ойлары, бір­біріне деген көзқарастары, бір­бірлерінің  пікірлерін тыңдап, сұхбаттасып, арнайы фактілермен дәлелдеп, ортақ шешімге келулері олардың  өмірінде ерекше орын алатындығы айрықша көрініп тұрғандығын түсіндім. Түсіндім де осы «Блум  таксономиясы» тәсілін таңдағаныма еш өкінген жоқпын. Мен  таңдаған модульдің  мақсаты  ­ оқыту үрдісінде  және  бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы білім беріп қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, оны  өз бетінше меңгеруіне, теориялық білімін іс жүзінде  пайдалануға, өз бетінше ізденуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, өз білімін бағалай білуге үйрету еді. Бұл  мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым:  Жаңа технологияның әдіс­тәсілдерін меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге  дағдыландыру;  Жеке  тұлғаны  және оның шығармашылық қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту; Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа техникаларды меңгере білуге дағдыландыру, оны оқу  үрдісінде кеңінен қолдану; Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.  Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы  Пенсильван университетін бакалавр  және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін  қорғады.  «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген  сыни  тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын  иерархиялық моделі Блум таксономиясын тәжірибеме енгіздім. Таксономия (грекше. táxis —  орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір  құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір  өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Мен өз оқушымды пікірін ашық айта алатын, білімді  жеке тұлға ретінде көру үшін әр сабақты осы жүйеде жоспарлаудан бастауды жөн көрдім. Сабақты  Блум таксономиясымен құрылымдаудағы мақсатым оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы  алған білімін талдап, пікірін өмірмен байланыстыра, ашық айтуға бағыттау болды. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін,  шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей: Блум таксономиясы Мақсаттар жүйесі Оқушылардың  когнитивтік  іс ­ әрекеті 1. 2. 3. 4. 5. 6. Білу Оқушы  меңгеретін және берілетін білім негіздері. Түсіну Оқушы  білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді. Қолдану Алған білімді қолданады. Талдау Алған білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады. Жинақтау Алған білімінен  жаңа өнім жасап шығарып, жинақтайды.  Бағалау Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды. Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық  іс­ әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда  көрсетілген блум таксономиясын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма  тоқталайын.           Осы аталған блум таксономиясын іске асыру барысында  «Бейнеу ауданының Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі  тренер А Рсалиевадан тәлім алып ,тәлім  алушысы  ретінде 6 «Ғ» сыныбында сабақ өткіздім. Бұл сабақтың  жоспары Блум таксономиясы  негізінде құрылды, әрине тәлімгерімнің  басшылық  жасауымен. 6 сыныптың қазақ әдебиет пәнінен  тізбектелген орта мерзімді жоспар жасадым.Сол жоспар негізінде, сабақтың  тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары»повесі. Сабағымның негізгі мақсаты – Мұхтар  Мағауиннің  өмірі мен   шығармашылығын түсіндіру.  Шығарманың  мазмұнын меңгерту,   шығарманың тақырыбы мен  идеясын  ашу    Шығарманың  мазмұнымен  таныстыра  отырып, өз  бетімен  жұмыс жасауға, көркем шығарманы  қызыға  оқуға  деген ынтасын дамыту    Оқушыларды топ болып жұмыс  жасауға, өз   ойын жеткізе  білуге  баулу. Осы сабақта қолданған әдіс – тәсілдеріме тоқталсам:    1.  Блум  таксономиясы 2.  Сыни тұрғыдан  ойлау ( Болжау  стратегиясы) 3.  Кубизм әдісі 4.  Жұптық  жұмыс (Екі жақты түсіндірме  күнделігі) 5. Түсініктеме  күнделігі 7.  Оқушыларды формативті бағалау    Жиынтық бағалау     Модульдер:  АКТ                          Бағалау                          Сыни тұрғыдан ойлауга уйрету                          Көшбасшылық                          Оқытудың жаңа әдістері                                 Жас ерекшелі сын тұрғысынан ойлау, топтық және жеке жұмыс,                          АКТ, қалыптастырушы  бағалау, Оқушылармен сәлемдесемін, сабаққа қатысуын тексеремін. Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастырамын. парақшаларымен танысады,                                  Оқушылар сәлемдеседі, кезекшілер мәлімет береді. Бағалау  Қорапшадан оқушылар өздеріне ұнаған заттарды алады. Заттар топтамасы бойынша «шар, әуе  шары, гүлдер, қолдан жасалған гүлдер)  4 топқа бөлінді. Өткенді еске  түсіреді, сұраққа  жауап   береді  Жаңа сабақ Блум токсономиясы  1.Білу: "Болжау" стратегиясы 1. Ұлы Отан соғысы туралы ролик  көру.  2. «Жетімдер»  кинофильмінен  үзінді  көру Проблемалық сұрақ. Екі  бейнежазба  туралы  сұрақтар  қою. Осы сұрақтың жауабы негізінде  сабақтың  тақырыбын шығару. 3. Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәлімет Бейне жазбаларды  көріп,  өз  ойларын  білдіріп, жаңа сабақпен  байланысын анықтады.  2.Түсіну:   Оқулықпен жұмыс   1­топ. 244­247­  беттер 2­топ. 247­250­беттер 3­топ. 250­254­беттер 4­топ. 254­258­беттер     Үзінділерді  жұптасып,  содан  соң    топ ішінде талқылады.  Өз  пікірлерін  ортаға  салды.   Әр  топ  бөліп  берілген  беттер  бойынша  жұптасып  оқып,  ойларын  4­5 сөйлеммен  жеткізді. Өз  топтарына  берілген  тапсырма  бойынша топта  талқылап,  ойларын  постерге  түсірді,  қорғады.  Түсініктеме  күнделігі   3.  Қолдану: «Кубизм»  стратегиясы 1.Зертте. Ауыл  адамдарының тұрмыс –тіршілігі, өмірге  көзқарасы  2.Суретте. Ауылға  келген  алты  бала  3.Салыстыр. Ауыл  адамдары  мен  алты  жетім  бала 4.Қолдан. Шығарманың  мазмұнына  жоспар  құр  Текстте берілген үзінділерді оқып, әр топ берілген мәтінді өздігінен талдады 4.  Талдау:   Жұппен  жұмыс                                                      «Екі жақты түсініктеме күнделігі» І тапсырма Үзінді    Пікір     ­Сіздерден  жасыратын  несі   бар,  тегі жаман неміс.Бұл  баланың  орны  детдом  емес  еді, әке­ шешеден  бірдей  айырылып,  панасыз  қалған  соң  алынған  екен.      Шал  тізгінді   тартып солға  қарай  бұрды  да, қатты  тебініп  қап,бұрын  өзінде  жоқ,  тіпті   қазақта  болмаған  әдетпен  ауылды  қақ  жарып  шаба  жөнелді.   Әр  топ  бөліп  берілген  беттер  бойынша  жұптасып  оқып,  ойларын  4­5 сөйлеммен  жеткізді 5 Жинақтау:  Шығарманың құрылысына  композициялық  талдау Шығарманың композициясы          Дәлелдеме Оқиғаның басталуы  Оқиғаның байланысы   Оқиғаның шиеленісі   Шарықтау шегі    Шешімі     Не  білдім?  Не білгім келеді? Өз  топтарына  берілген  тапсырма  бойынша топта  талқылап,  ойларын  постерге  түсірді,  қорғады. 6  Бағалау:                                                                 Сабақ  барысында  оқушының жауаптарын, атқарған жұмысын мадақтап формативті бағаладым.  Шығарма  мазмұнына  сәйкес  мақал­мәтел айту және «Біз  соғысқа  қарсымыз» ... эссе жазуға  тапсырма бердім.    Оқушыларға стикерлер толтыруды ұсындым.     Тапсырманы уақытында  дұрыс орындаған оқушыларға «Жарайсың», «Тамаша», «Керемет»  сөздері және смайликтер арқылы формативті бағалауды жүргіздім. Шығарма мазмұнын қайталай  отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына  мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым ­ қатынасты талдау, оқушыларды  адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, қолданылуы және алынуы туралы мәліметпен, логикалық   ойлауға, ойлау қабілетін  дамытуБұл тапсырманы берудегі  мақсатым  оқушылардың  жаңа білімді  қай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру еді. Зерттеуге алған С деңгейдегі І оқушым  есепті шығару барысында жаңа тақырыпты  меңгергендігін  ауызекі сөйлеуде  өз ойын толық жеткізе алғанын   байқадым. Әр сабақта  флипчартпен  жұмыс  жасағанда  балалар  зор қызығушылық  танытты.  Себебі, дәстүрлі сабақта оқушылар тек жұмыс дәптерінде  жазу арқылы  шектеліп  қоятын.  Флипчартпен жұмыс  барысында топ ішінде ұйымшылдық орнап, пікір алмасып, енжар  оқушыларымның белсенділігі байқала бастады. Бірақ, алғашқыда  жаңа  модуль арқылы өтілген  сабаққа  ену, бірден  бейімделу оқушыларға қиыншылық тудырғандай кей тапсырмаларды баяу  орындап, уақыт жетіспеушілігі кедергісіне ұшыраған болатынмын. Келесі сабақтарда  әр  тапсырманы уақытқа бөліп, кедергіні жеңдім. Сабақ соңында топ басшылары бағалау парақтарына  қойған бағаларын айтты. Мен топ басшыларының пікірлерін ескере отырып жиынтық баға қойдым.  «Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?», «Бұл мен үшін неге қиын болды?» және «Бүл сабақты ненің көмегімен еңсердім?» деген үш бағандағы жазулары бар кері байланыс парағын тараттым,  сабақта нені меңгергендігі туралы рефлексия алдым.   Қорыта келе, сабақ барысында мен оқушыларды тапсырманы өзінің  орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күші, шама ­ шарқын бағалай білуге,  топта өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуға жетеледім. Жас  ерекшеліктеріне сай оқытуда мен іс ­ әрекеттің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелеу  түрлерін қолдандым. Іс ­ әрекеттің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте  отырып, оқытудың жаңа тәсілін пайдаландым. Олар:          Жеке жұмыс; Жұптық жұмыс;  Топтық жұмыс; Топаралық жұмыс . Сабақ барысында әр  “оқушы ­ оқушымен (жұппен) – топпен ­ ұжыммен­мұғаліммен» қатынаста  болдық. Жұмысымның әр кезде нәтиже беруі үшін үнемі  ізденіс үстінде болуым шарт. Қажетті  кезде порталға шығып, өзіме тиесілі мәліметтерді алып, білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын. Өз тәжірибемде көргенімдей сабақ процесінде мұғалім көшбасшылық танытып, тек бағыт  беріп жүреді. Сондай ақ топ басшылары да көшбасшы қатарына қосылатынын байқадым. Олар да  «мұғалім» сияқты сабақ бойы топтағы оқушылардың тапсырма барысындағы әрекеттерін бақылап,  бағалап отырады. Тәжірибе барысындағы  үлкен өзгерістің бірі ­ оқушыларға оқыту үшін бағалау  және оқуды бағалауды үйрету. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарады. Топ басшылары өзін де, өзгелерді де тиімді бағалай алуға үйренді. Жалпы жаңаша бағалауға оқушылар қызыға қарады.  Дәстүрлі сабақтарымда тек өзім ғана әмір жүргізіп оқушылар пікірін ескермей бағалайтынмын.  Оқушылар бір бірлерінің жұмыстарына талдау жасап, толықтырулар енгізіп, оның жақсы жаманын  айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Бағалау кезінде  оқушылар өз­өздерін, бірін бірі, жұптық, топтық бағалау түрлерін меңгерді. Сабақта оқушылардың  білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді болды. . «Оқушыларым білімді болу үшін тағы қандай әдіс­ тәсілді меңгерсем екен?» деген сұраққа жауапты осы курс бағдарламасынан тапқан сияқтымын.  Курсты ұйымдастырғандарға да, өзінің идеясы мен тәжірибесін бөлісіп, оқуға деген көзқарасты  өзгертуші Рсалиева Көңіл  тренерге де ризамын, рахметімді айтамын. Мен өз жүрегімнің   қалауымен  оқушы ынтасын  биіктен тұтандырып, білім биігінің асқарынан көрсем деймін. Пайдаланылған әдебиеттер: 1) ҚР Білім туралы заңы 2)

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.11.2017