Oқушылардың алған білімдерін тексеру, логикалық ой-өрісін дамыту, шапшандыққа, бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін тексеру,еліміздің экономикасына үлес қосушы білімді жастар болуына шақыру,сенімдерін ояту,сегіз қырлы бір сырлы жастарды тәрбиелеу.оқушылардың алған білімдерін тексеру, логикалық ой-өрісін дамыту, шапшандыққа, бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.
Ғылымға жетер жол.docx
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексеру, логикалық ойөрісін
“Ғылымға жетер жол”
дамыту, шапшандыққа, бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және математика,
информатика, физика, химия, биология, география пәндеріне деген қызығушылығын
арттыру.
Көрнекілігі: 1. Білімді азамат – ел ертеңі
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
3. Білім мен даналық – адам көркі.
1жүргізуші:Қайырлы күн, қадірменді көрермендер, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 89
10 сынып оқушылары арсында өтетін «Ғылымға жетер жол» атты интеллектуалдық
ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
2жүргізуші:
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Қазылар орнықтырар әділдікті
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.
Әділқазылар алқасының төрағасы _____________________
Мүшелері _________________________________________
_____________________________________________________________________________
_________________________
Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік, ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен,дей отырып, топтардың таныстыруына кезек
берейік.
Бағдарлап, сауалыңды, тұрған алда,
Жауабыңды айтылатын дұрыс таңда.
Ақылойың жеткізер мұратыңа,
Жеңіске жетер жарқын жолдан танба, деп, ойыншыларымызға ақ жол тілеп,
ойнымызды бастайық.
Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен, дей келе сайысымыздың І туры – “Бәйге”
“Менен сұрақ – сіздерден жылдам жауап”
Бұл кезеңде сайыскерлеріміз жаратылыстану пәндері бойынша сұрақтарға жауап
береді.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Дайын болсаңыздар сайысымызды
бастаймыз.Ал мұқият болыңыздар.
І топ.
1.Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сандар қалай аталады? (аралас сан.)
2. 25% санның қандай бөлігі? (1/4)
3.Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? (кесінді)
4.Бір жағы шектеулі түзудің бөлігіқалай аталады? (сәуле)
5.Егер дискриминант нөлге тең болса теңдеудің неше түбірі бар?(1)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар)
7. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэббидж)
8. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
9. Теріс және оң зарядталған атомдар қалай аталады? (иондар)
10. Протон саны бірдей атомдар түрі? (химиялық элемент) 11. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы?
(инерция)
12. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы?
(диффузия)
13. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
14. Қалталылардың мекені? (Австралия)
15. Д дәруменінің жетіспеушілігінен қандай ауру пайда болады? (рахит)
16. Ауа қоспасындағы ең көп газ ( Азот).
17. Семей атом сынақ полигоны қашан жабылды? ( 1991 жыл).
ІІ топ.
1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (дұрыс бөлшек )
2.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
3. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
4.Тікбұрышты үшбұрыштың тікбұрышына қарсы жатқан қабырға?(гипотенуза)
5.Сағаттың 1/4 бөлігі неше минут (15)
6. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
7. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
8. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
9. Электрон жұбы арқылы жүзеге асатын байланыс? (ковтік бс)
10. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама?
(жылдамдық)
11. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)
12. Тау хрусталі минералының латынша аты. (Кварц)
13. Молекулалары бейберекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі?
(газ)
14. Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология)
15. Ең алғаш географиялық карта жасаған адам? (Эратосфен)
16. Аксон және дендриттен тұратын жүйке жасушалары? (нейрон)
17. Кеуде бөлімі неден құралған? (12 жұп қабырға)
ІІІ топ.
1. Өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)
2.Минуттың 1/60 бөлігі? (секунд)
3.Белгісіз санды әріппен белгілеген теңдік қалай аталады? (Теңдеу)
4. Дәлелдеусіз қабылданатын математикалық сөйлем? (аксиома)
5.Бір нүктеден шығатын,екі сәуледен тұратын фигура?(бұрыш)
6. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
7. Дүниежүзілік желі? (интернет)
8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
9. Электрон беру процесі қалай аталады? (тотығу процесі)
10. Барометрдің ішіндегі сұйық? (сынап)
11. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
12. Оң зарядталған ион (Катион)
13. Ток күші өлшем бірлігі (ампер)
14. Ең үлкен арал (Гренландия)
15. Ең тұзды теңіз? (Қызыл теңіз)
16. Ми сауытындағы қозғалмалы сүйек? (самай сүйек)
17. Шығу тегі әртүрлі болып келетін жасушалар тобы? (ұлпа)
ІІ тур. «Капитандар сайысы»
Капитандар «Температура» деген сөзі бойынша ең көп сөз жазу. Ал команда мүшелері сол уақытта «Артық әріптер» сайысын орындайды. Әрбір
қатарда жемісжидектерге, дене мүшелеріне қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған.
Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастыру керек. Әрбір қатардан артылған бір
әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған жемісжидектің, дене мүшесінің атын
іздеп табады.
ІІІ тур. Суретті сканворд.
Суретті сканворд шешу.
ІV тур. «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай беріледі сол топқа.
Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған
сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
1. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (Мұз, лед, ice)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Сыйлап берген ... да тәтті (су, вода, water)
4. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
5. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
6. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга book)
7. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч ball)
8. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг friend)
9. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорғап жүретін досы. (ит – собака dog)
10.Жоқ өзінде бас та, құлақ, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, линейка, ruler)
11.Алдыартымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсінде. (Түзу, прямая, straight)
V тур «Ғажайып ұяшық»
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды.
2. Қатысушыларға төрт тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша
бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Әркім өзі
таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша
көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші топ дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші топқа өтеді. Ол
екінші топ тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
Химия: 10 ұпай Электртерістігі ең жоғары элемент? (фтор)
20 ұпай Заттың құрамын таңбалар және индекстер арқылы өрнектеу.
(химиялық формула) 30 ұпай Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш,
қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
Физика: 10 ұпай Молекуласы бейберекет қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі?
(газ)
20 ұпай Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама? (қуат)
30 ұпай Теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен неге
тең? (760мм сын.бағ.)
География: 10 ұпай Жер шарындағы ең биік тау? (Гималай)
20 ұпай Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспап? (Сейсмограф)
30 ұпай Қазақстандағы жеті ірі өзенді атаңыз? (Ертіс, Есіл, Тобыл, Іле, Шу,
Орал, Сырдария)
Информатика: 10 ұпай Мәліметті солға қарай өшіретін перне. (Backspace)
20 ұпай Курсорды сөздің немесе сөйлемнің басына әкелетін перне
(Home )
30 ұпай 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын
құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды? (Француз матиматигi
Блез Паскаль он тоғыз жасында)
VІ тур «Ребус шешу»
Ребусты шешіп мақалмәтелдерді жазу.
VІІ тур «Сөздерді табу»
Диаграммада оңнан солға, солдан оңға, жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға,
қиғашынан төменнен жоғары, жоғарыдан төмен орналастырылған тізімдегі сөздерді табу.
VІІІ тур «Сөздерді орналастыру»
Ұяшықтарға берілген сөздерді орналастырып жазып шығу.
Әділқазылар шешімін, ойынның қорытындысын тыңдайық.
Марапаттау.
Алдыңызды жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар.
Күтеді, бізді жарқын күндер әлі.
Осымен, ойынымыз аяқталды. Саусаламат болыңыздар.
"Ғылымға жетер жол"
"Ғылымға жетер жол"
"Ғылымға жетер жол"
"Ғылымға жетер жол"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.